"Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 08 қазандағы N 159 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 97 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1393. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 (V032574) қаулысымен.

      Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн бiрегейлендiру мақсатында " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 17-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 13 ақпанда 460 нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын, Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 159 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ережеде (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, II том, 1998 ж., 66-703-беттер):

      1) 3.1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Акцияларға ҰБН беру тәртiбi БҚҰК Директоратының бекiтуiне жататын жеке нұсқаулықпен белгiленедi. Басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген акциялар эмиссиясы Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген жағдайда осы акцияларға ҰБН берiлмейдi; оларда осы акциялар эмиссиясын тiркеу кезiнде берiлген бiрiздендiру нөмiрi (бiрiздендiру нөмiрлерi) сақталады.";

      2) 3.2 және 3.3 тармақтары алып тасталсын;

      3) 4 және 5 тараулар алып тасталсын.

      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.

      3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.

Ұлттық комиссияның Төрағасы


Ұлттық комиссияның мүшелері



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады