Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30 желтоқсан 1999 жылғы N 715 бұйрығына N 42 өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы 2001 жылғы 13 ақпандағы N 70. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1408

                           Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30 желтоқсан 1999 жылғы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджет жіктемесін бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
      бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесінде:
      "1.1.120.126 Құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыруға арналған жарналар" келесі редакцияда жазылсын:
      "1.1.120.126 Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жеке мемлекеттік міндетті сақтандыру жарналары";
      "1.1.130.134 Жұмсақ мүкәммал мен киім-кешек сатып алу" жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "1.1.130.134 Заттық мүліктік және басқа да формалық және арнаулы мүкәммалар заттарын сатып алу және тігу";
      "1.1.130.139 Тауарларды сатып алуға арналған басқадай шығындар" жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "1.1.130.139 Басқада тауарларды сатып алу";
      "1.1.140.146 Ғимараттарды ұстауға қызмет көрсетуді төлеу" жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "1.1.140.146 Ғимараттарды, үй-жайларды, құрал-саймандарды және басқада негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету және ағымды жөндеу";
      "1.3.340.342 Жоғарғы деңгейге ағымдағы трансферттер" жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "1.3.340.342 Бюджеттік алымдар";
      "2.4.410.411 Негізгі құралдарды сатып алу" жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "2.4.410.411 Активтерді сатып алу";
      "2.4.430.431 Ғимараттарды, құрылымдарды, негізгі құралдарды күрделі

жөндеуден өткізу" жолы келесі редакцияда жазылсын:
     "2.4.430.431 Ғимараттарды, құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізу";
     "3.5.540 Ішкі акционерлік капиталдағы үлестік қатынас" жолы келесі 
редакцияда жазылсын:
     "Заңды тұлғаның акционерлік капиталына инвестицияны білдіретін 
басқару органдарының төлемдері"; 
     "4.6.610.612 Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік құнды 
қағаздарды өтеу" жолы келесі редакцияда жазылсын:
     "4.6.610.612 Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік құнды қағаздар 
бойынша қарыздарды өтеу";
     2. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономикалық жіктемесінің келесі 
ерекшеліктері бойынша шығыстар жүргізілмейді деп белгіленсін:
     "114 Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары";
     "133 Ағымдағы шаруашылық мақсатында материалдар мен заттарды сатып 
алу";
     "147 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік 
қызмет көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану";
     "151 Инвентарь мен құрылымдарды ұстау және ағымдағы жөндеу";
     "152 Ғимараттарды, үй-жайларды, құрылымдарды ағымдағы жөндеу";
     "162 Қаржы мекемелерімен көрсетілген қызметтер";
     "339 Басқа да ағымдағы трансферттер";
     "419 Басқа да активтерді сатып алу";
     "429 Басқа да күрделі активтерді құру";
     "439 Басқа да жөндеу";
     "462 Қаржы мекемелеріне капиталдық трансферттер".
     3. Заң қызметі департаменті (Әбдіқалықов. Қ) және Бюджет департаменті 
(Бахмутова. Е) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы 
бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және есеп 
кезеңіндегі аяқтаушы операцияларға қолданылмайды.

    
     Министр 
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады