Кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін қайтару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1416. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1.Ұсынылып отырған кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін қайтару тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіндегі Кеден комитетінің 1995 жылы 11 қыркүйекте шығарған N 106-Б "Кеден төлемдерін өндіріп алу туралы" Нұсқаулықты қолданысқа енгізу туралы" бұйрығы  күшін жойды деп танылсын.
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпаратта жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д. Құнанбаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Келісілген       
Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік кіріс министрлігі
2001 ж. "09" ақпан    

Келісілген      
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі  
2001 ж. "08" ақпан  

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің   
2001 жылғы 9 ақпандағы  
N 45 бұйрығымен бекітілген

Кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін
қайтару тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдеде шыққан "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" (бұдан әрі - кеден ісі туралы Заң) Заңына  сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, кеден режимі өзгеретін тауарларға, Қазақстан Республикасының кеден заңнамалары белгілеген, Қазақстан Республикасының кеден органдарында тауарларды мәлімдеудің басқа жағдайларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензия берген кезде, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берген кезде, тауарларды сақтаған кезде, тауарларды кедендік алып жүрген кезде, алдын ала шешім қабылдаған кезде кедендік төлемдер салудың тәртібін айқындайды.

      2. Кеден ісі туралы Заңның 109-бабына сәйкес кеден төлемдерінің келесі түрлері қолданылады:
      кеден бажы;
      Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензия үшін алым;
      кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін алым;
      кедендік ресімдеу үшін кеден алымы;
      тауарларды сақтағаны үшін кеден алымы;
      тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы;
      алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем.

      3. Кеден төлемдері келесі жағдайларда алынбайды:
      кеден ісі туралы Заңда көзделген жағдайларда және осы Нұсқаулықтың 2-тарауына сай жүргізілгенде;
      Қазақстан Республикасы бекіткен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енгенге дейін жасалған және заңдық күшіне енген, сондай-ақ кеден төлемдерін салудан босатуды қарастыратын шарттарға сәйкес.

      4. Кеден төлемдерінің ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:
      адвалорлық - салық салынатын тауарлардың кеден құны пайызымен есептелетін төлем;
      ерекшелігі бар - салық салынатын әрбір тауар үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін төлем (салмағының, көлемінің бірлігінен);
      құрамдас - кедендік салық салу түрлерінің алдыңғы екеуін ұштастыратын төлем.

      5. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар, осы Нұсқаулықтың 3 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кеден тарифіне сәйкес ставкалар бойынша кеден бажын салуға жатады.
      Кеден тарифі - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін және сол аумақтан әкетілетін, Бүкілдүниежүзілік Кеден ұйымының тауарларды шартты белгілеу мен сипаттаудың үйлесімді жүйесіне негізделген, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден бажы ставкаларының жиынтығы.
      Кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді, ол бірыңғай болады және кеден заңнамаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткізетін тұлғаларға, мәмілелердің түрлері мен басқа да факторларға орай өзгертілуге тиіс емес және олар ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.
      Олармен арадағы сауда-саяси қатынастарға барынша қолайлылық туғызу көзделмеген елдерде өндірілген немесе шығарылған елі анықталмаған тауарларға қатысты, осы Заңның негізінде белгілеген әкелу кеден бажының ставкасы екі есе ұлғайтылады, бұған кеден ісі туралы Заңның тиісті ережелері негізінде Қазақстан Республикасының тариф жеңілдіктерін (артықшылықтарын) беретін жағдайлар қосылмайды.
      Адвалорлық ставка бойынша есептелетін кеден бажының сомасы мына формула бойынша есептеледі:
                        КҚ х АС = КБ мұнда:
      КҚ - қолданып жүрген кеден заңнамаларына сәйкес анықталатын тауарлардың кедендік құны;
      АС - кеден бажының адвалорлық ставкасы;
      КБ - кеден бажының сомасы;
      Ерекшелігі бар ставка бойынша есептелетін кеден бажының сомасы мына формула бойынша есептеледі:
                         М х ЕС = КБ, мұнда:
      М  - салық салынатын  тауар бірлігінің мөлшері;
      ЕС- кеден бажының ерекшелігі бар ставкасы;
      КБ- кеден бажының сомасы.
      Кеден бажының құрамдас ставкасын:
      кеден төлемінің адвалорлық және ерекшелігі бар ставкаларды бір мезгілде қолданған кезде, кеден төлемдерінің төленуге жататын сомасы кеден баждарының адвалорлық және ерекшелігі бар ставкалары бойынша есептелген қосындыдан тұрады (мысалы: 10% + 1 ЕВРО/кг);
      мейлінше көбірек есеп айырысу сомасын іріктеу түрінде қолданған кезде, (мысалы: 10%, алайда 1ЕВРО/кг-нан төмен емес) бұл жағдайда, төленуге жататын кеден бажының сомасын анықтау үшін адвалорлық және ерекшелігі бар ставкалар бойынша кеден бажының сомасын есептеу жүргізіледі және алынған соманың барынша көбірек бөлігі төленеді.

      6. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы көлік құралдарын қоса алғанда, тауар ретінде өткізілетін тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғалардың өткізген тауарлары, алып жүрмейтін теңдеме жүктерді, халықаралық почта жөнелтімдері мен жүктерді кедендік ресімдегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп пен мөлшерде кеден алымдары алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары осы үшін белгілеген орындарынан тыс және жұмыс уақытынан тыс тауарлар ретінде өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден алымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алады.
      Кедендік ресімдеуді жүргізудің орны мен уақыты кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

      7. Қазақстан Республикасының кеден органдары иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша кеден алымдары алынады.
      Отандық тұлғалар иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген мөлшерлер бойынша кеден алымдары алынады.

      8. Кеден органдары кеден қоймасын, еркін қойманы, уақытша сақтау қоймасын, бажсыз сауда жасайтын дүкенді құруға, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия бергені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша, алым алынады.

      9. Кеден делдалы ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шамада алым алынады.

      10. Кедендік алып жүру үшін кеден алымдарының сомасын есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекіткен айлық есептік көрсеткіштердегі қашықтыққа байланысты жүргізіледі.

      11. Кеден органдарының нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты сыныптауға, кедендік құнына, шығарылған еліне байланысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша алым алынады.

2. Кеден төлемдерін салу бойынша жеңілдіктер
мен артықшылықтар

      12. Кеден ісі туралы Заңның 149-бабына сәйкес кеден бажын салудан босатылады:
      1) жүктерді, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемі халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлік және жол жүру кезінде, аралық аялдама мекендерінде оларды пайдалануға қажетті немесе сол көлік құралдарының авариясын (ақауын) жою үшін шетелдерден алынған басқа да мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшер шегінде;
      2) қазақстандық немесе қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар жалдаған (кіреге алған) кемелердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетілетін материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлік және басқа мүлік, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін кәсіпшілік өнімдері, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшер шегінде;
      3) ұлттық валюта, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, коносаменттер, варранттар, ипотекалық куәліктер, "бір ізге салынған астық варранты", қоймалық коносаменттер және заңнама актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте, бағалы қағаздар қатарына жатқызылған құжаттар);
      4) акцизделген тауарлардан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының кеден аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінген немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар. Бұл жағдайда акцизделетін тауарлардың тізімдемесі салық заңнамаларымен айқындалады.
      Ізгілік көмек ретінде ресімделетін тауарларды кеден бажынан босату үшін, кеден органына келесі құжаттар ұсынылады:
      әкелінетін тауардың мәртебесі көрсетілген көліктік және (немесе) тауарға ілеспелі құжаттар мен (немесе) халықаралық ұйымның Елшілігі, Консулы немесе Өкілдігі растаған қағазы;
      тауарларды іс жүзінде өтеусіз берілгенін растайтын, сонымен бірге шетел тілінде толтырылған құжаттар;
      1999 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің N 243 бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларға қатысты қосымша құн мен акцизге салынатын салықты қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықтың N 4-қосымшасында белгілеген нысан бойынша толтырылған, тек халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайын жақсарту үшін ғана тауарларды белгілі бір мақсатта пайдалану туралы алушының міндеттемесі;
      5) акцизделген тауарлардан өзге, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан, техникалық көмек көрсетуді қоса алғанда, өтеусіз көмек ретінде, қайырымдылық мақсатында, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.
      Бұл орайда, кеден органдарына ұсынылуы қажет:
      шетелдік мемлекеттер, үкіметтер және халықаралық ұйымдар тарапынан қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:
      әкелінген тауардың мәртебесі көрсетілген көліктік және (немесе) тауарға ілеспелі құжаттар мен (немесе) халықаралық ұйымның Елшілігі, Консулы немесе Өкілдігі растаған қағазды;
      қайырымдылық мақсатында әкелінгенін анықтайтын тиісті келісімдер (шарттар);
      техникалық жәрдем ретінде тиісті бағдарлама шегінде әкелінетін тауарлар үшін - көліктік және (немесе) тауарға ілеспелі құжаттар мен (немесе) халықаралық ұйымның Елшілігі, Консулы немесе Өкілдігі растаған қағаз, олардың орындалуы үшін әкелінуі жүзеге асырылған тауарлардың бағдарламасы мен жоба реквизитінің атауы көрсетілуі тиіс; орындалуы үшін жеткізілген тауарлардың жобасы (техникалық жәрдем жөнінде шарт). Бұл орайда, техникалық жәрдем бағдарламасының орындалуын бақылайтын қазақстандық жақтың құзыретті органы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне тиісті ақпаратты ұсынады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кедендік ресімдеуді қамтамасыз ету үшін қол қойылған жобалар туралы Қазақстан Республикасының кеден органдарын дер кезінде хабарлауды қамтамасыз етеді.
      Ұсынылған жобаларда әкелуі көзделіп әкелінген тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында, жобадағы тауарлардың құны жеке жолда көрсетілуі тиіс.
      6) шетелдік инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын тауарлар, атап айтқанда шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталына шетелдік инвестордың салымы ретінде Қазақстан Республикасына әкелінетін жабдықтар мен оның құрастырылмалы қосалқы бөлшектері, сондай-ақ шетелдің қатысуы бар кәсіпорынның, филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігіндегі шетелдік қызметкердің жеке басының мүлігі.
      Шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталына шетелдік инвесторлардың салымы ретінде Қазақстан Республикасына әкелінетін жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектеріне қатысты кеден баждарын төлеуден босату мына жағдайда беріледі, егер:
      жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерінің жалпы құны шетелдік құрылтайшының, кәсіпорынның құрылтайшылық құжаттары айқындаған шетелдің қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салым мөлшерінен аспаса;
      жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектері, жарғылық капиталды құру үшін құрылтайшылық құжаттарда белгілеген мерзімде әкелінеді.
      Шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталын құру мерзімі аяқталғаннан кейін әкелінген және жарғылық капиталдың шамасын мөлшерлес арттырусыз, өндірістің ұлғаюы үшін арналған жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерінен кеден баждары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен алынады.
      Жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектеріне қатысты әкелу кеден баждарынан босату үшін кеден органдарына келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
      нотариалдық расталған көшірмелер (құрылтайшылық шарттың; шетелдік қатысуы бар кәсіпорын жарғысының; шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәліктің; статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тіркеу карточкасының көшірмелері), олар алғашқы өтініш жасағанда ұсынылады;
      шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталын құру үшін жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін әкелгені туралы жазбаша растау қағазы (кәсіпорынның бастығы мен бас бухгалтердің қолы қойылған);
      құжаттар, оның ішінде шетелдік құрылтайшы шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталын құру үшін жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін іс жүзінде бергенін растайтын шетел тілдерінде толтырылған құжаттар;
      осы Нұсқаулықты қосымшасында көрсетілген нысанда толтырылған шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылық капиталына жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін тек қана салым ретінде белгілі бір мақсатта пайдалану туралы алушының міндеттемесі, сондай-ақ жарғылық капиталының толық көлемде құрылған сәтте аудиторлық қорытындыны ұсынғаны туралы міндеттеме;
      жабдықтар мен олардың құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін алғашқы әкелген сәтте құрылған жарғылық капиталдың сомасы туралы аудиторлық қорытынды.
      Шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның, сондай-ақ филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігіндегі шетелдік қызметкерлердің жеке басының мүлігін әкелгенде (әкеткенде), келесі құжаттарды ұсынған жағдайда, кеден баждары салымынан босатылады:
      кеден бастығының атына, шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның, сондай-ақ филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдігіндегі шетелдік қызметкерлердің жеке басының мүлігін әкелгені (әкеткені) туралы жазбаша өтініш;
      алғашқы рет өтініш жасағанда ұсынылатын нотариалдық расталған көшірме (шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлігі; статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тіркеу карточкасы);
      шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның, (филиалдар мен шетелдік заңды тұлғалардың) қызметінде тұрған шетелдік жеке тұлғаның төлқұжаты, осы тұлға, аталмыш кәсіпорынның (филиал не болмаса өкілдігінің) штаттық құрылымында тұрғаны туралы бірінші бастық пен бас бухгалтердің қолы қойылған құжаттың көшірмесі, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар кәсіпорын мен шетелдік қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдарынан жазбаша рұқсат қағазы;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жеке басының мұқтаждары үшін әкелінген тауарлар. Бұл орайда, осындай босату мына шартпен беріледі:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, не болмаса Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымдық бірлігі болып табылатын оның аумақтық ведомствоға қарасты бөлімшелері шарт жасасқанда;
      көліктік және (немесе) көлікке ілеспелі құжаттарда, жүкті алушы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, не болмаса Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бірлігі ретіндегі оның аумақтық ведомствоға қарасты бөлімшелердің белгісі болса;
      8) келесі кеден режимдер шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар кеден ісі туралы Заңға сәйкес кеден бажының салымынан босатылуы көзделген:
      тауарлардың кері импорты;
      тауарлар транзиті;
      кеден қоймасы;
      бажсыз сауда жасайтын дүкен;
      кеден бақылауымен тауарларды ұқсату;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізімдемеге орай, кеден бажының салымынан толық және ішінара босатылатын тауарларды уақытша әкелу(әкету);
      еркін кеден аймағы: тауарларды импорттаушы кәсіпкершілік қызметтің субъектісі ретінде тіркелген болса немесе еркін кеден аймағында, не болмаса арнайы экономикалық аймақта тұрақты тұратын тұлға болып табылса; осындай аумаққа әкелінген тауарлар еркін кеден аймағының режимінде орналастыруға жатады және осы режимде мәлімденеді. Бұл орайда, аталған кеден режимінде, кеден ісі туралы Заңның  142-бабымен бекітілген жеткілікті ұқсату өлшемдеріне сәйкес ұқсатуға (спиртті қоспағанда) арналған жабдықтар, сондай-ақ тауарлар жайғастырылады;
      еркін қойма, бұл орайда, аталған режимде ұқсатуға арналған жабдықтар, сондай-ақ тауарлар жайғастырылады (спиртті қоспағанда);
      тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату. Бұл орайда, ұқсату өнімдері, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсатуға рұқсат алған тұлға, не оның кеден делдалы бұл өнімдердің еркін айналысқа түсетінін мәлімдеген жағдайда, әкелу кеден бажынан толық және ішінара босатылады;
      тауарлардың кері экспорты, осы кеден режімінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамалары белгілеген өзге де талаптардың сақталу шартымен;
      тауарларды жою;
      мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
      9) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бажсыз алып өту нормалары шегінде өткізетін тауарлары;
      10) Алынып тасталынды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 28 бұйрығымен .
      11) Қазақстан Республикасының аумағына тарату үшін әкелінетін шетел мемлекеттерінің лотореялары;
      12) жер қойнауын пайдаланушылардың жеке басының қажеттілігі үшін (одан әрі сатусыз), мұнай операцияларын өткізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі, не болмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құзыреттік орган мен отандық немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар жасаған шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарлар.
      Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған Қазақстан Республикасының құзыретті органының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне ұсынған шарттар, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамалары белгілеген тәртіпте тіркеліп, көрсетілген шарттар шеңберінде қызметке салық салу жөніндегі арнайы нұсқаулықтар негізінде босату қолданылады;
      13) инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажет жабдықтардың, шикізат пен материалдардың импорты (спирт, алкогольдық және темекі өнімдерін, сондай-ақ ұқсатусыз өткізілімге арналған тауарлардың импортын қоспағанда) инвестиция жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен инвестордың арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, кеден бажынан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
      Кеден баждарынан босатудың осындай түрлерін қолдану, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Келісім-шартты тіркелгені туралы Келісім-шарт пен Куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Инвестиция жөніндегі уәкілетті орган, Келісім-шарт пен Куәлікті, жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдықтарға, шикізат пен материалдарға кедендік ресімдеу жүргізетін кеден органына береді. Бұл орайда, кеден бажын салудан толық не ішінара босатуға рұқсат, Келісім-шартта көрсетілген атаулары бойынша және құны мен көлемінің шегінде әкелінетін жабдықтар, шикізат пен материалдарға (спирт, алкогольдық өнімдер, сондай-ақ ұқсатусыз өткізуге арналған тауарларды қоспағанда) қатысты осындай босату, тек қана тиісті қарастырылған және көзделген Келісім-шарт және Куәлік бойынша беріледі;
      14) салық заңнамаларына  сәйкес айқындалған мемлекеттер, мемлекет үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар тарапынан берілген грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
      Бұл орайда, босату кеден органына берілетін келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      грант туралы шарттың нотариалдық расталған көшірмесі;
      грант туралы шартқа сілтемесі бар тауар-көлік немесе тауарға ілеспелі құжаттар.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына грант шегінде әкелінген және кеден бажын төлемей еркін айналысқа шығаруға арналған тауарлар, оларға берілген кеден жеңілдіктері бойынша, сол мақсаттарда ғана қолданылуы тиіс.
      Көрсетілген тауарларды импорттаушы өзге мақсатта қолданған жағдайда, әкелінген тауарларға кедендік ресімдеу жүргізген кезде төленбеген кеден төлемдері төленуге жатады.
      Егер, тауар тікелей уәкілетті органға немесе атқарушы агентке грант шегінде әкелінсе, кеден бажының төлемінен босату үшін, импорттаушы уәкілетті органнан әкелінген тауардың мәртебесі туралы растайтын қағазды кеден органына ұсынуы қажет;
      Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы атынан грант туралы шартқа кірген және атқарушы агентті тағайындайтын мемлекеттік орган, егер шартта грант туралы өзгеше көзделмеген болса.
      15) Қазақстан Республикасының кеден аумағына, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындау үшін, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде өткізілетін бітімгершілік, не өзге жаттығулар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізімдеме бойынша әкелінетін тауарлар;
      16) шетелдің дипломатиялық және соған теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық жеке құрамының, солармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдерге сәйкес жеке пайдалануы үшін әкелінген тауарлары дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясының 36-бабына сәйкес кеден бажын төлеуден босатылады.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 28 бұйрығымен .

      13. Осы Нұсқаулықтағы 12-тармақтың 1), 3), 4), 5), 7), 14), 15) тармақшаларында көрсетілген тауарлар кедендік ресімдеу үшін салынатын алымдардан босатылады.
      Кеден органдарының осы үшін белгілеген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс кедендік ресімдегені үшін салынатын кеден алымдарын қоспағанда, кеден ісі туралы Заңның  223-225-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, кедендік ресімдеу үшін кеден алымдарынан босатылады:
      шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін әкелінген тауарлар; шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдігінің басшылары, өкілдіктің дипломатиялық жеке құрамының мүшелері, сондай-ақ солармен бірге тұратын отбасы мүшелері бастапқы жайғастыруға қажет тауарларды қоса, өздерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген тауарлары;
      шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік-техникалық жеке құрамының қызметкерлері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын болса, бастапқы жайғастыруға арналған тауарларын қоса алғанда, әкелінген тауарлар;
      шетел мемлекеттерінің консулдық өкілдіктері ресми пайдалануы үшін әкелінген тауарлар; консулдық өкілдік басшысы, консулдық қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің, бастапқы жайғасуға арналған тауарларын қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген тауарлары.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 28 бұйрығымен .

      14. Осы Нұсқаулықтағы 12 тармақтың 1), 4), 5), 6), 7), 12), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілген тауарлар, кеден төлемдері мен салықтарын төлегеннен кейін, олар шартпен шығарған кезде босатылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де талаптарды орындағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өткізілуі мүмкін. Сақталуы кеден төлемдері бойынша жеңілдіктер берудің шарты болып табылатын шектеуліктерді, талаптар немесе шарттарды бұзған кезде, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілік шаралары мен өсімақыны қолданып, кеден төлемдері мен салықтарының сомасын өндіріп алады.
      Қазақстан Республикасының аумағында, оларды ұқсату бойынша әрекетті жүзеге асырмай, кеден бажы мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өсімақыны төлегеннен кейін, осы Нұсқаулықтағы 12-тармақтың 13)-тармақшасында көрсетілген тауарлар өткізілу мүмкін.

      15. Қазақстан Республикасының кеден тарифі бойынша артықшылықтар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес баж ставкаларын кеміту түрінде кеден бажын төлеуден босатылады не болмаса тауарларды артықшылықты әкелуге квоталар белгілейді.
      Қазақстан Республикасында артықшылықтың ұлттық жүйесін пайдаланушы дамыған елдерден шыққан және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден бажы салынады.
      Қазақстан Республикасында артықшылықтың ұлттық жүйесін пайдаланушы неғұрлым аз дамыған елдерден шыққан және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден бажы салынады.
      Қазақстан Республикасында артықшылықтың ұлттық жүйесін пайдаланушы-дамыған және неғұрлым аз дамыған елдердің тізімдемесін, сондай-ақ кеден бажының ставкаларын кеміту шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Дамыған және неғұрлым аз дамыған елдерден шыққан тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тариф бойынша артықшылықтары келесі талаптарды бір мезгілде орындаған кезде беріледі:
      тауардың дамыған және неғұрлым аз дамыған елдерден шыққанын дәлелдейтін тауардың шыққан жері туралы "Аң нысанында толтырылған сертификаттың түпнұсқасын кеден органына табыс еткенде. Бұл орайда, дамыған және неғұрлым аз дамыған елдердің тауарларына тарифтік артықшылық режимі, тауарлардың "Аң нысанда толтырылған тауардың шыққан жері туралы сертификаттарды растайтын құзыретті уәкілетті органдардың аталуын, мекен-жайын және мөрлерінің таңбасын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне ұсынбаған жағдайда, қолданылмайды;
      тікелей сатып алудың шартын орындағанда, бұл орайда тауар әдеттегідей, тура сатып алынған болып қаралады, егер Қазақстан Республикасының резиденті тарифтік артықшылық режим қолданылатын елде белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде тіркелген тұлғадан сатып алса;
      тікелей жеткізілімнің шартын орындаған кезде, бұл орайда тауардың тура жеткізілімі тарифтік артықшылықтар қолданылатын елден тікелей тасымалданатын тауарды Қазақстан Республикасына жеткізу болып есептеледі. Тікелей жеткізілімнің ережесі олардың сол елдердің аумағында уақытша жинақталған кезде кеден бақылауында болу шартымен географиялық, техникалық, көліктік немесе экономикалық себептердің салдарынан бір не бірнеше елдердің аумағы арқылы жеткізілетін тауарларға да жүреді. Сонымен қатар, тікелей жеткізілімнің ережесі импортшының аталған тауарларды көрсетуші елде өзгермеген күйінде кеден бақылауында тұрған қалпында, көрмеден, жәрмеңкеден сатып алған тауарларға да жүреді.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құрған ТМД елдерінен шыққан тауарларға, кеден органына "СТ-1" нысанда толтырылған тауардың шыққан жері туралы сертификаттың түпнұсқасын берген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті белгілеген тәртіпте өзге құжаттардың (сапалық, қауіпсіздік сертификаттары, фактура-шоттары, бұйымның төлқұжаты, тауарға ілеспелі жөнелтпе құжаттар т.б.) негізінде Қазақстан Республикасы Кеден тарифының ставкалары бойынша артықшылықтар беріледі.

      16. Қолданып жүрген Кеден одағына қатысушы елдермен жасасқан Келісімдерде, кедендік ресімдеу үшін салымдардан босатылады:
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кеден одағына қатысушы елдерден үшінші елдерге транзит режимінде тасымалданатын; үшінші елдерден Кеден одағына қатысушы елдерге тасымалданатын;
      Кедендік ресімдеу үшін кеден салымдарын төлеуден босату мақсатында тауарлардың шыққан жері өзге құжаттардың (сапалық, қауіпсіздік, сандық сертификаттардың - фактураларды, бұйымның төлқұжаты, тауарға ілеспелі жөнелтпе құжаттардың т.б.) негізінде анықталады.
      Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 28 бұйрығымен .

3. Кеден төлемдерін төлеудің мерзімдері мен тәртібі

      17. Кеден баждары, Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден декларациясын қабылдаған күні, не оған дейін төленеді, өнеркәсіптік ұқсатуға арналған шикізат импорты мен материалдарының кеден бажын төлеуден босату немесе кеден органы кеден ісі туралы Заңның  137-бабына сәйкес кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынған жағдайларды қоспағанда.
      Тауарларды кедендік ресімдеу үшін кеден салымдары, Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден декларациясын қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді. Кедендік ресімдеу үшін кеден салымдарын кейінге қалдыруға, не бөліп төлеуге болмайды.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар тауарларын өткізген кезде кедендік ресімдеу үшін салынатын кеден бажы мен салымдары, кеден органының кеден декларациясын қабылдауымен бір мезгілде төленеді.
      Егер кеден декларациясы белгіленген мерзімде берілмесе, онда кедендік ресімдеу үшін салынатын кеден бажы мен салымдарын төлеу мерзімдері кеден ісі туралы Заңның 195-бабына сәйкес айқындалған кеден декларациясын беру мерзімі өткен күннен бастап есептеледі.

      18. Кеден органдары құрған қоймаларда тауарларды сақтағаны үшін кеден салымдарын төлеу, тауарларды қоймадан әкеткен сәттен бастап жүргізіледі.

      19. Тауарларды алып жүру үшін кеден алымдарын төлеу, кеден органының кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, алайда кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірмей жүргізіледі.

      20. Лицензияны, кедендік ресімдеу бойынша мамандықтың біліктік аттестатын бергені үшін кеден алымдарын төлеу, алдын ала шешім қабылдау үшін төлеу, кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңнамалары белгілеген және осындай лицензияны, кедендік ресімдеу бойынша мамандықтың біліктік аттестатын, ресімдеуге қажет құжаттарды, алдын ала шешім қабылдаған күні, не болмаса оған дейін жүргізеді.
      Кеден қоймасын, еркін қойманы, уақытша сақтау қоймасын, бажсыз сауда жасайтын дүкенді құру үшін, кедендік тасымалдаушы, кеден делдалы ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензияны қайтарып алу немесе күшін тоқтата тұру, сондай-ақ, кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктік аттестатын қайтарып бергенде, не қызметін тоқтата тұрған кезде, лицензияны не аттестатты бергені үшін салынған алым қайтарылмайды.

      21. Тауарларды кедендік ресімдеу үшін салынатын кеден баждары мен салымдарының сомасын есептеу, кеден органының кеден декларациясын қабылдаған күнгі ставка бойынша, келесі жағдайларды қоспағанда, жүргізіледі:
      егер, тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауды кеден ережелерін бұзып жүргізсе, кедендік ресімдеу үшін салынатын кеден баждары мен салымдарының сомасы тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты тасымалдаған немесе кеден ережелерінің бұзылғаны анықталған күнгі ставка бойынша жүргізіледі, егер нақты өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса;
      Қазақстан Республикасы "Шетел инвестициясы туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, акцизделетін және (немесе) шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың ұқсатусыз өткізуге арналып әкелінген тауарларын қоспағанда, олардың жағдайлары қолданылып жүрген заңнамалардың өзгеруіне байланысты төмендесе, инвестицияны жүзеге асыру сәтінде қолданыста болған заңнамалар 10 жыл бойы қолданылады, бұл орайда, кедендік ресімдеу үшін салынатын кеден баждары мен салымдарының сомасын есептеу, инвестиция жүзеге асырылған сәтте қолданылған ставкалар бойынша жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті қорытындысы заңнамаларды осылай қолдануды қуаттауы болып табылады.
      Инвестицияны жүзеге асыру сәтінде қолданыста болған кеден заңнамаларын қолдануды қуаттайтын қорытындыны даярлау үшін шетелдік қатысуы бар кәсіпорын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне келесі құжаттарды табыс етеді:
      бірінші рет жүгінген кезде нотариалдық расталған көшірмелер (статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тіркеу карточкасы; шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркелгені туралы куәлігінің; шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның жарғылығы);
      шетелдік инвестордың инвестицияларды жүзеге асыру сәтін қуаттайтын аудиторлық қорытынды.

      22. Кеден төлемдері әдеттегідей, Қазақстан Республикасының валютасы-теңгемен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі белгілеген бағам бойынша шетел валютасымен төленеді, егер осындай төлем тек шетел валютасымен төленуі тиіс болған жағдайларды қоспағанда.
      Шетел валютасын теңгеге қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің:
      кеден декларациясын қабылдаған күні;
      төленуі тауарлардың кедендік ресімдеуіне байланысты емес кеден төлемдері үшін төленген күні және кеден органына кеден декларациясын берген күні қолданған бағаммен жүргізіледі.
      Шетел валютасын қайта есептегенде, егер теңгенің бағамы шетел валютасының бір бірлігі үшін тұлғаланса, келесі формула пайдаланылады:
                         ТНГ = Ев х Кв, мұнда:
      ТНГ-теңге түріндегі сома;
      Ев - шетел валютасының сомасы;
      Кв  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің валюта бағамы.
      Шетел валютасын қайта есептеген кезде, егер теңгенің бағамы шетел валютасының стандарттық бірлігі үшін тұлғаланса (10, 100, 1000), келесі формула пайдаланылады:
                       ТНГ = Ев : Ест х Кв, мұнда:
      ТНГ - теңге түріндегі сома;
      Ев - шетел валютасының сомасы;
      Ест - валютаның стандарттық бірлігі;
      Кв - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің валюта бағамы.
      Егер контракты немесе шарттың құны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі ресми бағамды белгілеуді жүргізбейтін шетел валютасы түрінде берілсе, онда қайта есептеу экспортшы/импортшыға қызмет көрсеткен банкінің хабарламасы бойынша осы валютаның АҚШ долларына қатысты ағымды нарықтық бағам бойынша жүзеге асырылады. Шетел валютасын теңгеге қайта есептеу, декларацияны кедендік ресімдеуге қабылдаған күні қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің бағамымен жүргізеді.

      23. Тауарды тасымалдаушы кеден төлемдерін төлеуші тұлға болып табылады. Төлеуші кеден төлемдерін дұрыс есептеп, уақытында төлеу үшін кеден органдарының алдында жауапкершілікте болады.
      Кеден заңдары белгілеген мерзімдерде төлеушінің төлемеген кеден төлемдері, Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден ісі туралы Заңның 140-бабына сәйкес төлеушінің шотынан даусыз тәртіппен берешек уақыты үшін өсімақы есептеліп берешек сомасы төленген күнгі қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе шамасында өндіріп алынады.
      Өсімақыны есептеу екі кезеңде жүргізіледі:
      Бірінші кезеңде берешек сомасы төленген күнгі қолданылған қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша кеден төлемдерінің мезгілсіз төлемінің (қарызының) әр күніне пайыз мына формуламен есептеледі:
                            ҚҚст х 1,5
                           П1кн = 365, мұнда:
      П1кн - кеден төлемдерінің мезгілсіз төлемінің (қарызының) әр күніне салынатын пайыз;
      ҚҚст - берешек сомасы төленген күнгі қолданылған Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
      1,5 - коэффициент;
      365 - бір жылдың ішіндегі күн саны;
      Екінші кезеңде кеден төлемдерінің мезгілсіз төлемінің (қарызының) әр күніне пайыз мына формуламен есептеледі:
                       П = Сз х П1кн х К1кн, мұнда:
      П - кеден төлемдерін мезгілсіз төлегені үшін өсімақы сомасы;
      С - кеден төлемдері бойынша берешегінің сомасы;
      П1кн - кеден төлемдерінің мезгілсіз төлемінің (қарызының) әр күніне салынатын пайыз;
      К1кн - кеден заңдары белгілеген мерзімге сәйкес төленуге тиісті кеден төлемдері төленетін күннен бастап есептелетін күндердің саны, кеден төлемдері нақты төленуге тиіс күн бойынша (қоса алғанда).
      Кеден органдары кеден ісі туралы Заңның 140-бабына сәйкес:
      Банкілік операциялардың жекелеген түрлерін іске асырып жүрген банкілер мен өзге де ұйымдар үшін төлеушілер кеден төлемдері мен өсімақыны төлеуден бас тартқан кезде нақты төленетін сәтке дейін төлеушінің шоты бойынша операцияларды тоқтату туралы міндетті шешімді қабылдайды;
      Төлеушінің қарызын өтеуге қажет ақшасы болмағанда не болмаса жетпеген жағдайда, кеден төлемдері мен өсімақы төлейтін төлеушінің мүлкіне иелік етудің шектелгені туралы шешім қабылданады.
      Бұл орайда, төлеушінің шотынан төленбеген кеден төлемдері мен өсімақыны өндіріп алу, төлеушінің шотынан шығын операцияларын тоқтату туралы шешім қабылдау, сондай-ақ кеден төлемдері мен өсімақы төлейтін төлеушінің мүлкіне иелік етудің шектелгені туралы шешімді қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен іске асырылады.

      24. Кеден төлемдері қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз тәртіпте төленеді.
      Барлық Банкілік ақша аударымдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі белгілеген тәртіпке сәйкес төлем тапсырмасы немесе басқа төлем құжаттарының нысанында ресімделуі тиіс.
      Шетел валютасымен төленетін кеден төлемдерін аударған жағдайда, ақшалай қаражатты аударғаны үшін банк төлеушінің есебінен комиссия өндіріп алады. Төленуге жататын кеден төлемдеріне қарағанда кеден төлемдерінің аз мөлшерде шотқа келіп түскен кезде, кеден органдары кеден төлемдерін төлеудің есебіне тек нақты түскен ақшаны есептейді.

      25. Тауарларға кедендік ресімдеу тек кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - шот) немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен бірлесе отырып белгілеген кеден төлемдерін мемлекеттік бюджеттің есебіне алу және оларды мемлекеттік бюджеттен қайтару тәртібіне (бұдан әрі - Тәртіп) сәйкес мемлекеттік бюджетке ақша нақты түскен жағдайда жүргізіледі. Кеден төлемдерін кеден органының кассасына қолма-қол төлеген кезде, ақшаның нақты түскенін дәлелі ретінде кіріс кассалық ордері болады. Кеден төлемдерін шот арқылы немесе кеден органының кассасына төлеген кезде, мемлекеттік бюджетке кеден төлемдері тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу жүргізген кеден органының шоты немесе кассасы арқылы төленеді.
      Кеден органының лицензия, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін алымдарды, қызмет аймағында кеден төлемдерін төлейтін төлеуші тіркелген кеден органының шотына немесе кіріс кассасына не Тәртіпке сәйкес мемлекеттік бюджетке енгізіледі.
      Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары кедендік алып жүруді іске асырып жүрген кеден органының шотына не кассасына не болмаса Тәртіпке сәйкес мемлекеттік бюджетке енгізіледі.
      Тауарларды сақтағаны үшін кеден алымдары, әкелінген (әкетілетін) тауарлар сақталынған кеден қоймасы мен уақытша сақтау кеден қоймасына иелік ететін кеден органының шотына не кассасына не болмаса Тәртіпке сәйкес мемлекеттік бюджетке енгізіледі.
      Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем, алдын ала шешім қабылдаған кеден органының шотына не кассасына не болмаса Тәртіпке сәйкес мемлекеттік бюджетке енгізіледі.
      Кеден органының кассасына кеден төлемдерінің сомасын ақшалай салған кезде, төлемді растайтын кіріс кассасының ордері, кеден декларациясының бірінші данасымен бірге кеден органының архивінде сақталады.

      26. Кеден төлемдерін төлеуші кедендік ресімдеу үшін кеден баждары мен кеден алымдарын болашақ кеден төлемдері жөніндегі міндеттеменің есебіне авансалап енгізуге құқығы бар. Бұл жағдайда, "Төлемді тағайындауын төлем құжатының бағанында "Авансалық төлемнің________(сомасы)" көрсетілуі тиіс.
      Кеден төлемдерін төлеуші аванстық төлемді әдеттегідей, кеден төлемдерінің түрлеріне қарай жекелеп бөліп, сондай-ақ болашақ кеден төлемдерін төлеу үшін арналған, яғни ақшалай жалпы сомасын бөлмей, тұтас төлеуіне болады, осы туралы "Төлемді тағайындау" бағанында жазылуы тиіс.
      Кеден төлемдерінің түрлері бойынша авансты бөлмей ақшалай төлеген кезде, кеден органы ресімделген кеден декларациясына сәйкес ақшаны аванспен енгізген төлеушіге есептелген кеден төлемдерінің түрлері бойынша ақшаны, сондай-ақ оның бұрынғы болған кеден төлемдері бойынша берешегін есептен шығаруды іске асырады.
      Төлеушіден жазбаша сұрау салу қағазы түскен кезде, кеден органы оған кеден төлемдерін төлеу ретінде аванспен салған ақшасының жұмсалғаны туралы ақпарат етеді.
      Аванстық төлемдер кеден органының есеп шотында жұмсалмаған күйінде бір жылдан аспай болуы мүмкін. Көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін төлеуші аванстық төлем есепшотына түскен кеден органына баруға міндетті. Бұлай болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім аяқталысымен, аванспен түскен ақша тиісті кеден төлем түрі бойынша салынған аванс Қазақстан Республикасының кіріс және шығыс бюджеттік сыныпталу кодының бюджетіне аударылады. Егер аванстық төлемнің сомасы, кеден төлемдерінің түрлері бойынша бөлінбей, тұтас салынған болса, аванстық төлем сомасы "Кеден бақылау мен кеден процедурасынан түсімдердің" кодына сәйкес Қазақстан Республикасының кіріс және шығыс бюджеттік сыныпталу кодының бюджетіне аударылады.
      Бұл орайда, төлеушінің есеп шотына аванстық төлем салынған кеден органына аванстық төлем салынған күннен бастап бес жыл өтпей тұрып, оны қайтару туралы жазбаша өтінішпен барған кезде, аванстық төлем қайтарылуы тиіс не болмаса төлеушінің келісімімен болашақ кеден төлемдерінің есебіне жатқызылады. Аванспен салынған кеден төлемінің нақты түрі бойынша кеден органының есеп шотына жиналған ақшаның шамасы бойынша қайтарылу жүргізіледі.

4. Түрлі кеден режимдері кезінде кеден баждарын
төлеудің ерекшеліктері

      27. Кері импорттың кеден режимінде өткізілетін отандық тауарларына кеден баждары салынбайды.
      Кері импорт режимінде ресімделген не ресімделетін тауарлар бойынша тауарлардың кері импортын жүргізген тұлғаға төлеген күннен бастап санағанда 5 жылдан кешіктірмей, әкетілген кезде төленген әкету кеден баждары қайтарылады.
      Тауарларды әкеткен кезде берілген төлеу ретінде немесе өзге жеңілдіктер нәтижесінде алынған соманы қайтаруды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша осындай сомадан пайыздар өндіріп алумен тауарларды өткізетін тұлға жүргізеді. Бұл орайда, көрсетілген сомалар мен пайыздар кеден төлемдері үшін белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының кеден органына төленеді.

      28. Транзиттің кеден режимінде тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы кеден бақылауымен, сондай-ақ шетел мемлекетінің аумағы арқылы кеден баждары өндіріп алынбай өткізіледі. Кеден ісі туралы Заң белгілеген жағдайларда, кеден заңнамаларында көзделген тәртіпте жүзеге асырылатын кеден баждарын төлеуді қамтамасыз ету шартында транзитке рұқсат беріледі.

      29. Әкелінген тауарлар сақтау кезеңінде кеден баждары алынбай, кеден қоймасының режимінде кеден бақылауымен сақталады.
      Экспорт кеден режиміне сәйкес әкету үшін арналған кеден қоймасының режимінде тауарларды жайғастырған кезде, осындай тауарлар кеден бажынан босатылады, не болмаса төленген сома қайтарылады, егер осындай босату, не қайтару, тауарларды іс жүзінде әкеткен кезде қарастырылса. Кеден баждарынан босатылған кезде немесе төленген соманы қайтарғанда, тауарлар іс жүзінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетілуге тиіс не болмаса кеден қоймасының режиміне жайғастырылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өзге кеден режиміне мәлімденуі тиіс.

      30. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режимінде жайғастырылған тауарлардан кеден баждары алынбайды.

      31. Шетел тауарларын Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кеден режиміне жайғастырылған кезде, декларанттың қалауымен әкелу кеден баждарын төлеу, не болмаса олардың төленуін қамтамасыз ету уәкілетті банкінің кепілдігі, немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне аудару түрінде жүргізіледі.
      Кеден баждарының төлемдерін немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне аударылған тиесілі соманы қайтару жүргізіледі, не болмаса уәкілетті банкінің кепілдігі мынадай шартта өзінің әрекетін тоқтатады:
      кеден ісі туралы Заңның ережелері сақталғанда;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізген күннен бастап, екі жылдан кешіктірмей тауарларды, не ұқсату өнімдерін экспортталса;
      әкелінген тауарлар мен ұқсату өнімдерін Қазақстан Республикасынан тысқары әкетілгенін іс жүзінде дәлелдесе. Қайтарылған кезде қайтарылған сомаға пайыз есептелмейді.
      Әкелінген тауарларды не болмаса олардан ұқсатылған өнімдерді Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркін айналысқа шығарған жағдайда, кеден бажының сомалары төленеді, егер ұқсатуға әкелген кезде төленбеген болса. Әкелу кеден бажының ставкалары, әкелінген тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыруға байланысты, ұқсату өнімдеріне немесе әкелінген тауарларға қатысты қолданылады.
      Көрсетілген сомадан тысқары, олардан, кеден баждарын төлеген күні қолданылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша пайыздар өндіріп алынады. Көрсетілген пайыздар тауарлардың ұқсату кеден режимінде тұрған уақытына, әкелу кеден баждарын төлеген күнді қоса есептеледі.

      32. Кеден бақылауының тауарларды ұқсату кеден режимінде жайғастырылатын шетел тауарларына әкелу кеден баждары салынбайды.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкетілетін шетел тауарларының ұқсатылған өнімдері әкету кеден бажынан босатылады.
      Шетел тауарларын немесе олардан ұқсатылған өнімдерді Қазақстан Республикасының кеден аймағына еркін айналысқа шығарған кезде, әкелу кеден баждарының сомасы төленеді. Әкелу кеден бажының ставкалары, әкелінген тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыруға байланысты, ұқсату өнімдеріне немесе әкелінген тауарларға қатысты қолданылады.
      Бұл орайда, осы сомаларды төлеген күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша 1,5 - еселенген мөлшерде өсімақы есептеледі. Көрсетілген өсімақы тауарлардың ұқсату кеден режимінде тұрған уақытына, әкелу кеден баждарын төлеген күнді қоса есептеледі.

      33. Уақытша әкелу не уақытша әкету кеден режимінде жайғастырылған тауарлар кеден баждарынан толық немесе ішінара босатылады.
      Кеден баждарынан толық босатылатын, сондай-ақ уақытша әкелу мен әкетуге тыйым салынған тауарлар санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Көрсетілген тізімдемеге енгізілмеген тауарлар, кеден баждарынан ішінара босатылады. Бұл орайда, төлемекші болған соманың үш пайызы, егер тауарлар еркін айналысқа немесе экспортқа шығарылмақшы болса, әрбір толық немесе толымсыз ай үшін төленеді.
      Өндіріп алынатын кеден баждарының жалпы сомасы, уақытша әкелінетін не уақытша әкетілетін тауарларды ішінара босатқан кезде, әкелу немесе әкету сәтінде төленуге жататын кеден баждарының сомасынан аспауы тиіс, егер тауарлар еркін айналысқа немесе экспортқа шығарылмақшы болса.
      Егер көрсетілген сомалар тепе-тең болса, осы тауарға қатысты салық төленіп, бейтарифтік реттеу шаралары қолданылмаса, тауарлар еркін айналысқа шығарылған немесе экспортталған болып есептеледі. Тауарларды уақытша әкелу/әкету мерзімдерін ұзартқан кезде, кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары алынбайды.

      34. Ұқсатуға арналған тауарларға (спиртті қоспағанда), тауарларды жеткілікті ұқсату критериіне сәйкес, сондай-ақ еркін кеден аймағының кеден режимінде жайғастырылған жабдықтарға кеден баждары салынбайды.
      Еркін қойманың кеден режимінде жайғастырылған ұқсатуға арналған тауарларға (спиртті қоспағанда) және жабдықтарға кеден баждары салынбайды.
      Шетел тауарларын еркін кеден аймағының аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде, кеден баждары, мәлімденген кеден режимінің шартына сәйкес өндіріп алынады.
      Отандық тауарларды еркін кеден аймағының аумағына Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігінен әкелгенде және отандық тауарларды еркін кеден аймағының аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде, кеден төлемдері алынбайды.
      Тауарларды еркін кеден аймағы мен еркін қоймалардың аумағынан Қазақстан Республикасынан тысқары әкеткен кезде, кеден баждары мына тауарларға қолданылмайды:
      шетелдік;
      еркін кеден аймағының аумағында және еркін қоймаларда өндірілсе;
      еркін кеден аймағының аумағында және еркін қоймаларда ұқсатуға жатса;
      Еркін қойманы құруға берілген лицензияның күші тоқтатылған кезде, шетел тауарларын қоймаларға жайғастыру кеден баждарын төлегенде іске асырылады, ал жайғастырылатын отандық тауарларға қатысты кеден баждарынан босату не болмаса кеден баждарын қайтаруға рұқсат берілмейді.
      Тауарлардың еркін кеден аймағының аумағынан және еркін қоймалардан шыққанын шығарылған жерінің сертификаты растайды. Сертификат болмаған кезде тауар қаралады:
      әкету кеден баждарын өндіріп алу мақсатында отандық тауарлардан - Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкеткенде;
      әкелу кеден баждарын өндіріп алу мақсатында шетелдік тауарлардан - Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкелгенде;
      Экспорт кеден режиміне сәйкес, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспорттауға арналған тауарларды еркін кеден аймағына әкелгенде не болмаса оларды еркін қоймаларға жайғастырғанда, осындай тауарлар кеден баждарынан босатылады немесе төленген сомалар қайтарылады, егер осындай босату тауарлардың нақты экспорты кезінде қарастырылған болса. Кеден баждарынан босатылған кезде не төленген соманы қайтарған кезде тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге нақты түрде әкетілуі тиіс немесе осындай тауарларды еркін кеден аймағына әкеткен не болмаса еркін қоймаларға орналастырған күннен бастап есептегенде алты айлық мерзімнен кешіктірмей өзге кеден режиміне мәлімделуі тиіс

      35. Отандық тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде тауарларды ұқсатудың кеден режимінде жайғастырылса, декларанттың қалауымен:
      кеден аумағынан тысқары жерде тауарларды ұқсатудың кеден режиміне декларацияны қабылдаған күні қолданылған әкету кеден баждарын төлеу іске асырылады;
      не болмаса әкету кеден баждарын уәкілетті банкінің кепілдігі ретінде немесе тиісті соманы Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне аударуды іске асырады.
      Кеден ісі туралы Заңның ережелерін сақтау шартымен ұқсату өнімдері Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркін айналысқа шыққан кезде, төленіп қойған әкету кеден баждарын немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне салынған тиісті соманы қайтару жүргізіледі не болмаса уәкілетті банкінің кепілдігі күшін тоқтатады. Қайтарылатын сомадан пайыздар есептелінбейді.
      Ұқсату өнімдері Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркін айналысқа шыққан кезде, осындай тауарлар әкелу кеден баждарынан толық немесе ішінара босатылады.
      Ұқсату өнімдері Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтарылмаған кезде, кеден ісі туралы Заңның 92-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату режимінде жайғастырған тұлғаға немесе кеден төлемдерін төлеуге жауапты өзге тұлғаға, ұқсатуға әкетілген тауарлар үшін әкету кеден баждары сомасын төлеудің қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі (табыс етіледі). Бұл орайда, Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден ісі туралы Заңның 140-бабында белгіленген тәртіпте берешекті өтеу шараларын қолданады. Көрсетілген сомадан тыс, олардан әкету кеден баждарын төлеген күні қолданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша пайыздар өндіріп алынады. Көрсетілген пайыздар тауарлардың ұқсату кеден режимінде тұрған уақытына, әкету кеден баждарын төлеген күні қоса есептеледі. Әкету кеден баждарын депозитке аударған кезде немесе уәкілетті банкінің кепілдігін берген жағдайда, депозитке түскен әкету кеден баждарының сомасын бюджетке аудару жөнінде немесе кепілдік бойынша міндеттемені орындау шаралары қолданылады.
      Ұқсату өнімдерін әкелу кеден баждарынан толық не ішінара босату, егер осы өнімдер еркін айналыс үшін кеден аумағынан тысқары жерде тауарларды ұқсатуға рұқсат алған тұлға не болмаса оның кеден делдалы мәлімдеген жағдайда беріледі.
      Әкелу кеден баждарынан толық босатуға, егер Қазақстан Республикасының кеден органы заңнамаларда немесе шарттағы ереженің күшіне сай өтеусіз жүзеге асырылатын әкетілген тауарды жөндеу ұқсатудың мақсаты болғанын дәлелдесе, рұқсат беріледі, егер еркін айналыс үшін бастапқы шығарылған кезде жетіспеушіліктің болғаны ескерілген жағдайды қоспағанда.
      Әкелу кеден баждарынан ішінара босату, әкетілген тауарларға өтелетін жөндеу кезінде және ұқсату бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде беріледі. Әкелу кеден бажының сомасы, ұқсату өнімдеріне қолданып жүрген мөлшерлемені жөндеу немесе ұқсатудың құнына көбейткенде шыққан сомадан айқындалады. Кеден баждарының сомасы есептеледі:
      1) адвалорлық ставканы мына формула бойынша қолданған кезде:
                         ТҚұ х БСа = КБ, мұнда:
      КБ - кеден бажы;
      ТҚұ - тауарды ұқсатудың құны;
      БСа - баж ставкасы (адвалорлық);
      2) ерекшелігі бар ставкасын мына формуламен қолданған кезде:
                        ТҚұ  х Сө  х БСе 
                        _________________ = КБ, мұнда:
                            ӨҚт
      ТҚұ - тауарды ұқсатудың құны;
      Ұт - кеден баждары салынатын нақты бірлікте белгіленген ұқсатылған өнімнің заттай көрінісінің саны;
      ӨҚт - ұқсатылған өнімнің құны;
      БСе - баж ставкасы (ерекшелігі бар);
      Қазақтан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерде тауарларды ұқсатқаны үшін есеп айырысу, кеден баждарының сомасын есептеу үшін шикізат (материалдар) немесе ұқсату өнімінің бөлігінен ұқсату үшін төлем болып табылатын ең алдымен тауардың құны есептеледі.
      Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату кеден режимінен экспорттың кеден режиміне өзгергенде, әкеткен кезде салынатын кеден төлемдері ұқсатылған өнімдерге не болмаса тауарларға қолданылады, егер олар ұқсатылмаған болса.

      36. Экспорттың кеден режимінде ресімделген тауарлардан әкету кеден баждары алынады.

      37. Кері экспорт режимінде жайғастырылған тауарлардан әкелу кеден баждары алынбайды.
      Тауарларды нақты кері импорты екі айдың ішінде жүзеге асырылмаған кезде не болмаса оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркін айналысқа шығарған кезде, әкелу кеден баждарының сомасы, осы сомаларды төлеген күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы бойынша 1,5 - еселенген мөлшерде есептелген өсімақымен төленеді. Көрсетілген өсімақы тауарлардың кері экспорт кеден режимінде тұрған уақытына, төленген күнді қоса есептеледі.
      Кеден органы төлеген әкелу кеден баждары, тауарларды еркін айналысқа шығаруға байланысты төленген төлемді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге іс жүзінде әкетілгені расталғаннан кейін, мынадай жағдайларда, егер:
      әкетілген кезде кері экспортталатын тауарлар, табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде кемуі салдарынан болған өзгерістерден басқа, әкелінген кездегі күйде болса;
      тауарлардың кері экспорты әкелінген кезден бастап екі жыл ішінде жүргізілсе;
      кері экспортталатын тауарлар табыс табу мақсатында пайдаланылмаса қайтарылуға жатады.
      Кері экспортталған тауарларды әкеткен кезде әкету кеден бажы салынбайды.

5. Артық төленген кеден төлемдерін қайтару тәртібі

      38. Егер кеден төлемдерінің төленген сомасы есептелген сомадан асып кетсе, Қазақстан Республикасының кеден органы:
      артық (қалдық) төленген сома, төлемшінің келісімімен, болашақ төлем бойынша міндеттеме есебіне кіргізіледі;
      төлемшінің жазбаша өтініші бойынша, өтініш берілген күннен бастап, жиырма күндік мерзімде қайтарылады.

      39. Артық төленген кеден төлемдерді қайтаруды, не болмаса оларды болашақ төлем есебіне жатқызуды, осы ақшаның сомасын есепшотына енгізген кеден органы, егер ол таратылып кетсе, оның құқықты иеленушісі, ал ол жоқ болған кезде, Кеден комитетінің шешімі бойынша, басқа кеден органы жүргізеді, бірақ кеден органының есепшотына енгізілген күннен бастап, бес жылдан кешіктірмей қайтарылады немесе Тәртіпке сәйкес мемлекеттік бюджетке енгізіледі.

      40. Кеден төлемдерін қайтарған кезде, оларға пайыздар төленбейді, ақшалай сома индекстелінбейді, ал банкілік комиссия - аударылған ақша есебінен өндіріп алынады.

      41. Кеден органының есепшотына ақша аударған кеден төлемдерін төлеушінің есепшотына кеден төлемдерінің қайтарылған сомалары, егер төлемшінің өтінішінде өзгеше айтылмаса, төлем жасалған валютамен салынады.

      42. Кеден төлемдерінің сомасын қайтару үшін, кеден төлемдерін төлеуші келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
      артық төленген кеден төлемдері туралы төлемшінің өтініші;
      кеден органы толтырған және ресімдеген, соған сәйкес кеден төлемдері есептелген және енгізілген кеден декларациясының көшірмесі (кеден декларациясы ресімделген кезде беріледі);
      кеден органдары ресімдеген, соған сәйкес кеден төлемдері есептелінген және енгізілген өзге құжаттар (егер тауарлардың кедендік ресімдеуіне байланысты болмаған кеден төлемдерін төлеген жағдайда және кеден органына кеден декларациясын берген кезде);
      кеден төлемдерінің төленгенін растайтын, атқарылғаны туралы банкінің белгісі бар төлем құжатының көшірмесі.

6. Кеден төлемдерін төлеу бойынша берешекті
 есептен шығару

      43. Кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін, не болмаса кеден декларациясын ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап, егер тауарлар мәлімденбесе, кеден төлемдері бойынша берешегі бар төлеушіден кеден төлемдерін төлеу, не өндіріп алу туралы кеден органының талап құқығы тоқтатылады. Бұл жағдайда, кеден төлемдері бойынша берешек есептен шығарылуға жатады.

      44. Бес жыл ішінде (қоса алғанда) өтелмеген берешекті есептен шығару үшін, кеден органы бұйрықтың негізінде комиссия құрады. Комиссияның төрағасы болып кеден органының бастығы тағайындалады. Комиссия құрамына міндетті түрде кеден төлемдері басқармасының, (бөлім) бухгалтерияның мамандары кіреді.
      Кеден төлемдері бойынша берешекті есептен шығару, екі данада
ресімделіп, төраға мен комиссия мүшелері қол қойған есептен шығару
актісінің негізінде жүргізіледі. Кеден төлемдері бойынша есептен шығару актісін кеден органының бастығы бекітеді.
      Бекітілген кеден төлемдері бойынша берешекті есептен шығару актісінің даналары кеден органында қатаң есеп берудің құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіпте сақталады:
      Біріншісі - кеден төлемдерінің бөлімінде;
      Екіншісі - архивте.

     

Кеден төлемдерін салу
және кеден төлемдерін
қайтару тәртібі туралы
Нұсқаулыққа N 1 қосымша

Шетелдік қатысуы бар кәсіпорынның
фирмалық бланкісінде ресімделеді

                                    __________________________ кеден
                                    басқармасының (кеден) бастығына                                     ________________________________
                                               (аты-жөні)

Жарғылық капиталға салым ақша ретінде әкелінген
жабдықтар мен оның құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін
мақсатты пайдалану туралы
МІНДЕТТЕМЕ

___________________________________________________________________
         (тіркеу органы, тіркеме құжаттың күні мен номері)
_________________________________________________ аумақта тіркелген
         (тіркелген жері: облыс, қала, район)
___________________________________________________________________
_____________________________________________шетелдік қатысуы бар
                (кәсіпорынның аталуы)
кәсіпорын осы кәсіпорынның ________________________________________
                                   (аты-жөні)

бірінші бастығының атынан жабдықтар мен оның құрастырылмалы қосалқы
бөлшектері, атап айтқанда (әкелінетін жабдықтар мен оның
құрастырылмалы қосалқы бөлшектердің толық аттары мен тұрпаты):
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
              (тауар-көлік құжаттарының номері мен күні) бойынша
әкелінгендерді тек өндірістік мақсаттарда пайдалануға, оны (оларды)
иеліктен шығармауға, оны (оларды) басқа адамның пайдалануына,
иелігіне бермеуге міндеттенеді.
      Жабдықтар мен оның құрастырылмалы қосалқы бөлшектерін иеліктен
шығару, басқа адамның пайдалануына беру, жалға беру туралы кеден
ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікпен таныстым.
      Жоғарыда айтылған жолсыздықтар болған жағдайда, Қазақстан
Республикасының кеден органына кеден баждарының сомасын, сондай-ақ
айыппұл мен өсімақыны даусыз есептен шығаруға құқық беріледі.

     Кәсіпорынның бастығы _______________________ /қолы/

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады