"Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2042. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 290 бұйрығымен

      ----------Бұйрықтан үзінді---------

Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының
тiзбесi

      6. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 5 наурызда N 1416 тiркелген "Кеден төлемдерiн салудың және кеден төлемдерiн қайтарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Mинистрлiгiнің Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 28 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 14 қарашада N 2042 тiркелген, 2002 жылы "Нормативтiк құқықтық кесiмдер бюллетенінде" жарияланған N 48).

      Төраға

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзумен байланысты, сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi туралы (Мәскеу қаласы, 1995 жылдың 20 қаңтары) Келiсiмдi және Кеден одағы туралы (Мәскеу қаласы, 1995 жылдың 20 қаңтары) Келiсiмдi орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45  бұйрығына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      12-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      13-тармақтың бiрiншi абзацындағы "10)" саны алынып тасталсын;

      16-тармақтың екiншi, бесiншi абзацтары алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспа қызметi (Г.Т.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады