Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010.10.15 № 479 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1825 P001825_ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 P991018_ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының 3-тармағын жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған студенттік мемлекеттік несиені беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы студенттік мемлекеттік несиені берудің тәртібі туралы Нұсқаулықты белгіленген мемлекеттік тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы Білім Келісілді
және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 29 қаңтар Қаржы министрлігі
N 42 бұйрығымен Вице-министр
бекітілген 26 ақпан 2001 ж.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігі
26 ақпан 2001 ж.
Мемлекеттік студенттік несиені берудің тәртібі туралы
Нұсқаулық
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік студенттік несиені беру мен төлеу тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 P991018_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу органдарында мамандарды дайындауды несиелендірудің Ережесіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік студенттік несиені берудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік студенттік несие-ол пайызсыз мақсатты несие. Ол студенттер мен магистранттарға (бұдан әрі - Қарызгер) тамақтану, үйде тұру және оқу кезеңінде оқу әдебиеттерін алу үшін беріледі.
3. Мемлекеттік студенттік несие тұрақты табыс көзі бар немесе заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматын қарызгер кепілгері ретінде ұсынған жағдайда бөлініп, теңгемен төленеді. Қарызгердің жекелеген санаттарына (жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар) мемлекеттік студенттік несиелер көрсетілген кепілгерсіз, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен беріледі.
4. Өзге мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне мемлекеттік студенттік несие алуға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқық беріледі.
5. Несие қаражаттарын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттік студенттік несие 10 (он) жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несиенің есептеу мерзімі Үшжақты (бұдан әр і- Үшжақты) несие келісімін жасасқан күннен басталады.
6. Қарызгер несиені жоғары оқу орнын бітірген соң алты айдан кейін және жылына екі рет жиілігі аралығымен республикалық бюджетке теңгемен қайтара бастайды.
7. Арал экологиялық апат аймағына және Семей ядролық сынақ полигонының ядролық сынақтары зардабына ұшырағандар үшін төленетін аудандық коэффициенттер мен үстеме ақылар мемлекеттік студенттік несиені қайтаруда қолданылмайды.
Мемлекеттік студенттік несиені беру мен төлеу тәртібі
8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік студенттік несиені төлеу қорының лимиттерін жоғары оқу орындарына жеткізеді.
9. Жоғары оқу орны білім алушылар және қайтарым негізінде мемлекеттік студенттік несие алуға бейілі барлардың қатарынан мемлекеттік студенттік несиені алуға іріктеуді жүзеге асырады. Мұндай жағдайда мемлекеттік студенттік несие білім алушыларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасылардан шыққан студенттерге, сондай-ақ өзге үміткерлермен салыстырғанда емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған студенттерге білім алушыларға мемлекеттік студенттік несие бірінші кезекте беріледі.
10. Қарызгер, жоғары оқу орны мен Қаржы орталығы арасында Үшжақты несиелік келісім жасалады. Онда бір жылғы оқуға теңгемен жоспарланатын несиенің мөлшері, несиені берудің шарттары және одан құтылудың мерзімдері, оның ішінде қарызгердің несиені қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі (тұрақты кіріс көзі бар, немесе заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматының кепілгерлігі) көрсетіледі.
11. Қаржы орталығы жасалған Үшжақты келісімдерге және оған Қосымша келісімдерге сәйкес мемлекеттік студенттік несиеге бөлу үшін жоғары оқу орнына аударуға тиісті бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лимиттерді ашу мүмкіндігіне қарай жүзеге асырады.
12. Қаржы орталығы қарызгерлердің тізіміне сәйкес жоғары оқу орнының тікелей есебіне мақсатты бағыты бойынша қолма-қол ақшасыз несие қаражаттарын аударуды жүзеге асырады.
13. Жоғары оқу орны Үшжақты келісімнің шарттарына сәйкес мемлекеттік студенттік несиенің қаражатын қолма-қол, ақшамен немесе оны қарызгердің карт-есебіне аудару жолымен беруді жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік студенттік несие алған білім алушы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысқан кезде осы несиені алу құқы Үшжақты келісімді дер кезінде қайта ресімдегенде ғана сақталады.
15. Қарызгердің академиялық демалыста жүрген кезінде Үшжақты келісімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Қарызгер академиялық демалыстан шыққаннан кейін Үшжақты келісімнің күші осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қайта қалпына келтіреді.
16. Қарызгер несиені республикалық бюджетке қайтаруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы мемлекеттік мекемесінің депозиттік есебі арқылы қолма-қол немесе қолма-қолсыз түрде сол есепке өтелген несие қаражаттың беру жолымен жүзеге асырады.
17. Нақты себептермен (ауырса) оқуын мерзімінен бұрын тоқтатса
қарызгер берілген студенттік несиенің сомасын белгіленген тәртіппен осы
Ереженің 3 және 6-тармақтарын ескере отырып қайтаруға міндетті.
18. Дәлелді себепсіз (академиялық үлгермеу, оқу тәртібін, ішкі
ережені бұзғанына байланысты) білім алушы - қарызгер жоғары оқу орнынан
шығарылған жағдайда немесе өз еркімен кеткен кезде қарызгер оның оқуына
жұмсалған ақшаны оқуды тоқтатқан күнінен бастап бір жыл ішінде қайтаруға
міндетті.
19. Жоғары оқу орынан шығарылған Қарызгерді оқытуға жұмсалған сома
18-тармаққа сәйкес біржылға дейін қайтарылмаған болса, онда аталған сома
Қарызгерден немесе оның кепілгерінен заңнамада белгіленген тәртіппен
қайтарылатын болады.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.