Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 43 толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1439

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
      "1.1.103.30 Депутаттық қызмет" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "1.1.103.31 Мәслихат аппаратының материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
      "1.1.105.23 Өкілеттік шығыстарға арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "1.1.105.74 Әкімшілік аппаратының материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
      "5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелердің экономикалық және клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске қосу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "5.9.254.55. Коммуналдық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін

күрделі жөндеу".
     2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) 
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қаржы министрі
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады