Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктемесі туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1445. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен

      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктемесі кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "СЭҚ ТН-на сәйкес тауарлар жіктемесі туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 243-Б бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.А.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Кедендік кіріс бас басқармасы (Жұмабеков Б.А.) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
      5. Баспасөз қызметі (Исахан Г.) бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д.А. Құнанбаевқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік кіріс министрі     Мемлекеттік кіріс министрлігі
      2001 жылғы                     Кеден комитетінің
      Келісілген                     2001 жылғы 22 қаңтардағы
                                     N 22 бұйрығымен
                                     Бекітілген

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелері

      1. Осы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы ауыстырылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу тауарларына шараларды қолдану мақсатында әзірленген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі Тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес кеден органдары тауарлар жіктемесінің ережесін (бұдан әрі - СЭҚ ТН) белгілейді.

2. Тауарлар жіктемесі

      2. Тауарлар жіктемесі оларды айыратын мынадай қағидаттарды ескеріп жүргізіледі:
      - тауар жасалған материал;
      - тауар орындайтын функция.
      Бұл орайда, СЭҚ ТН түсіндірудің негізгі ережелерін қолданумен өңдеудің дәрежесін және бөлімдерге, топтарға (оның ішінде тауар позицияларына ескерулер бар), қосалқы позицияларға, сондай-ақ олар арнайы жүктемелік мәселелерді шешуге қызмет ететін қосымша ескерулерді ескере отырып жіктемелік қосалқы бағыныстағы позицияларға тауарларды бірыңғай жатқызу қағидаты қатаң сақталады.
      3. Тауарлар жіктемесі техникалық паспорттар, тауарлар суреттемесі, фото суреттер, сызбалар, коммерциялық және осындай шешімді қабылдау, оның ішінде тауарлардың берілген үлгілері мен нысандары үшін қажетті өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
      4. Материалтанулық және тауартанулық сараптаманы жүргізу қажеттігі туындаған жағдайда кеден органдары кеден органдарындағы кеден лабораторияларына немесе сараптама бөлімдеріне (қызметіне), сондай-ақ тауарлардың тәуелсіз сараптамасын жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға жүгінуге құқылы. Сараптама өткізу мерзімі сұрау салуды жіберу күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      5. Олар бойынша сараптама жүргізілген тауарлар негізінде жіктемелік шешім Тауарларды зерттеу нәтижелері туралы актіні (анықтаманы) ескеріп қабылданады.

3. Алдын ала жіктемелік шешімдерді қабылдау

      6. Алдын ала жіктемелік шешімді Кеден төлемдерінің басқармасы (мұндай) басқарма жоқ болған жағдайда - кеден төлемдерінің бөлімі) қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің (бұдан әрі - Кеден комитеті) атынан алдын ала шешімді Кеден комитетінің Кедендік кіріс бас басқармасы (бұдан әрі - ККББ) қабылдамайды.
      7. Алдын ала жіктемелік шешім тауарды ауыстыратын тұлғаның сұрау салуы бойынша қабылданды.
      Аталған тұлға кедендік ресімдеу басталудың күтілетін күнінен дейінгі 20 күн үшін кем емес уақытында тиісті кеден органына жазбаша сұрау салу жібереді.
      8. Сұрау салуда алдын ала жіктемелік шешім қабылдау үшін қажетті деректері болуы тиіс: химиялық құрам, тауар жасалған материалдың түрі және жіктелетін тауардың функциональдық бағыты.
      Сұрау салуға фото суреттер, суреттер, сызбалар, кескіндер, тауарлардың суреттемесі, коммерциялық және өзге де құжаттар, оның ішінде ауыстырылатын тауарларға байланысты тауарлардың үлгілері мен нысандары қоса берілуі тиіс.
      9. Алдын ала жіктемелік шешім СЭҚ ТН тауар қосалқы бағыныстағы позициясына бір 9-белгілі жіктелетін тауарлардың тобына немесе бір тауар атауына беріледі.
      Алдын ала жіктемелік шешім ресми бланкіде ресімделеді және осы шешімді берген кеден органының басшысы қол қояды.
      Алдын ала жіктемелік шешімнің қолданылу мерзімі - оны беру сәтінен бастап 1 жыл.
      10. Алдын ала жіктемелік шешім екі данада ресімделеді. Бірінші данасы өтініш берушіге жіберіледі және беріледі, екінші данасы оны берген кеден органында сақталады.
      11. Мүдделі тұлға осы Ереженің 8-тармағына көрсетілген қосымша ақпаратты, құжаттарды және материалдарды беруден бас тартқан кезде кеден органдары сұрау салуды қараусыз қалдыруға құқылы.
      12. Егер мүдделі тұлғаларға алдын ала шешім шығаруға берілген ақпарат негізінде мүмкін болмаған жағдайда сұрау салудан бас тартылады.
      13. Алдын ала жіктемелік шешім Қазақстан Республикасы кеден органдары үшін міндетті болып табылады.
      Егер келісім-шарт, тасымалдау, қозғалыс маршруты және т.б. жағдайларға сәйкес бір және сол тауарды жеткізу әртүрлі уақытта және/немесе әртүрлі кеден мекемелері партиялармен жүзеге асырылған жағдайда алдын ала жіктемелік шешімді тауардың бірінші партиясын кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл орайда, осы келісім-шарт бойынша ұқсас тауардың одан кейінгі партияларын ресімдеуге осындай шешімді қабылдаған кеден органы ресми растаған алдын ала жіктемелік шешімнің көшірмесі пайдалануға жіберіледі.
      Кеден органы қабылдаған алдын ала жіктемелік шешім Қазақстан Республикасының барлық кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
      14. Жоғары тұрған орган егер осындай шешім өтініш беруші берген толық емес немесе анық емес ақпарат негізінде қабылданса, сондай-ақ тауарлар жіктемесінің ережелерінің бұзылғаны белгіленген жағдайда төмен тұрған кеден органы қабылдаған алдын-ала жіктемелік шешімді қайтарып алуға, өзгертуге немесе кідіртуге құқылы.

4. Алдын ала жіктемелік шешім қабылдау үшін төлемақы

      15. Алдын ала жіктемелік шешім қабылдау үшін тапсырыс берген күнге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген көлемде төлемақы алынады.
      Алдын ала жіктемелік шешім қабылдау үшін төлемақыны Қазақстан Республикасы кеден органының есебіне мүдделі тұлға енгізеді.
      16. Алдын ала жіктемелік шешім қабылдау үшін төлемақының енгізілгенін куәландыратын төлем құжаты тапсырыспен бірге кеден органына беріледі.

5. Алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жою, өзгерту
немесе қайтарып алу

      17. Кеден органдары өздері қабылдаған алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жоя, өзгерте немесе қайтара алады.
      18. Егер мұндай шешім өтініш беруші ұсынған толық емес немесе сенімсіз ақпарат негізінде қабылданса, сондай-ақ алдын ала жіктемелік шешімге қатысы бар Қазақстан Республикасының заңдары өзгерген жағдайда алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жою немесе өзгерту жүргізіледі.
      19. Алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жою немесе өзгерту туралы шешім мұндай шешімді Қазақстан Республикасы кеден органдарының өтініш иесіне ресми тапсыру күннен бастап күшіне енеді.
      20. Егер өтініш беруші мұндай шешімді пайдаланса болмаса толық емес немесе сенімсіз ақпарат берсе, алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жою, өзгерту немесе қайтарып алу кезінде оны қабылдағаны үшін қайтарылмайды.
      21. Алдын ала жіктемелік шешім мынадай жағдайларда:
      1) ерте қабылданған алдын ала жіктемелік шешім негізіндегі тауар жіктемесіне қатысты шешімді Қазақстан Республикасында міндетті қолдану үшін Бүкіл әлемдік кеден ұйымдарының қабылдауына байланысты;
      2) СЭҚ ТН-ның жаңа редакциясын бекіту немесе СЭҚ ТН-ның қолданылып жүрген редакциясына ескертулер мен толықтырулар енгізуге қатысты шешімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдауына байланысты;
      3) барлық кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызмет үшін міндетті мұндай тауар қатысында ерте қабылданған алдын ала жіктемелік шешімнен ерекшелеу тауар жіктемесі туралы шешімді Кеден комитетінің қабылдауына байланысты;
      4) алдын ала жіктемелік шешім қабылдау кезіндегі қателіктерді анықтауға байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
      22. Ерте қабылданған алдын ала жіктемелік шешімді қайтарып алу кезінде кеден органы жаңа алдын ала жіктемелік шешім қабылдайды және мүдделі тұлғаға төлемақысыз береді.
      23. Алдын ала жіктемелік шешімнің күшін жою, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешіммен мүдделі тұлға құлақтандырылады.

6. Қорытынды

      24. Мүдделі тұлғаның тапсырысымен алынған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын ақпарат, сондай-ақ құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды есептемегенде, мүдделі тұлғаның келісімінсіз үшінші тұлғаға және мемлекеттік органға жарияланбайды, берілмейді.
      Мүдделі тұлға тапсырыста берілген ақпараттың жоғарыда көрсетілген сипаты туралы кеден органын арнайы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      25. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мақсаты үшін алдын ала жіктемелік шешімнің түпнұсқасы не мұндай шешімді берген кеден органы растаған көшірмесі пайдаланылады.
      26. Жіктемелік шешім кеден органына жүк кеден декларациясы және кедендік ресімдеу үшін қажетті басқа да құжаттармен қоса беріледі.
      27. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 3 шілдедегі N 2357 Жарлығымен  бекітілген ТМД қатысушы мемлекеттердің Кеден заңдары   негіздерінің 206-бабына, сондай-ақ Кеден ісі туралы заңының 238-бабына сәйкес тауарлар жіктемесі туралы кеден органдарының шешімі міндетті болып табылады. Тауарлар жіктемесі жөнінде басқа да ұйымдар мен мекемелердің шешімі кедендік мақсатта пайдаланылмайды.
      28. Кеден лабораториялары немесе өзге де сараптама ұйымдары беретін тауарлардың қауіпсіздік сертификаттары, лицензиялар, қорытындылар, анықтамалар, сараптама актілерінде көрсетілген СЭҚ ТН-на сәйкес тауарлар кодтары көмекші (ақпаратты) сипат жеткізуші ретінде қаралуы тиіс және тауарларды кедендік ресімдеу мақсатында кеден органдарының пайдалануы үшін міндетті болып табылмайды.
      29. Кедендік ресімдеу мақсатында СЭҚ ТН-на сәйкес тауарлар жіктемесі бойынша жауапкершілік тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асыратын кеден органының лауазымды тұлғасына жүктеледі. Тауар жіктеу кезінде қиындықтар не жіктелген шешім қабылдау қажеттігі туындаған жағдайда, тауарлар жіктемесі жөніндегі шешімді Кедендік кіріс басқармасы (кедендік төлемдер бөлімі) қабылдайды.
      30. Тауарлар жіктемесінің дұрыстығы үшін бақылауды Кедендік кіріс басқармасы (кедендік төлемдер бөлімі) жүзеге асырады.
      31. Тауарлар жіктемесі бойынша келіспеушілік пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Кедендік кіріс бас басқармасы түпкілікті шешім енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады