Алдын-ала жасалатын операциялар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 15 ақпандағы N 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 наурызда тіркелді. Тіркеу нөмірі 1449. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Кедендiк алып жүру ережесi;
      Тауарлар мен көлiк құралдары уақытша сақталатын орындар мен оның рәсiмi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Заң департаментi (А.Б. Байназарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Мыналардың:
      "Кедендiк алып жүру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 266 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 152 бұйрығының ;
      "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың рәсiмi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1325 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы М.О. Нүкеновке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 10 күн өткен соң күшiне енедi.

      Министр

Келісілді                                    Бекітілді
Қазақстан Республикасы                   Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі                               Мемлекеттік кіріс
                                             министрлігінің
2001 жылғы "___"_____________                2001 жылғы 15 ақпандағы
                                             N 149 бұйрығымен    

Кедендiк алып жүрудiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер
 

        1. Кедендiк алып жүрудiң Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру және кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдарды төлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Кедендiк алып жүру - бұл Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрi - кеден наряды) тауарлар мен көлiк құралдарын және олардың құжаттарын алып жүруі.
      3. Кедендiк алып жүру Кеден iсi туралы Заңға, осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кедендiк алып жүру туралы шешiм

      4. Егер жеткiзу орнына дейiн тауарлар мен көлiк құралдарының транзитi мен жеткiзу бойынша Кеден iсi туралы заң ережелерiн немесе халықаралық шарттарды сақтау Кеден iсi туралы заңмен (Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi, заң актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар Кеден iсi туралы заңның ережелерiнiң тек қана басқа да қамтамасыз ету шараларын қолдану көзделген жағдайдан басқа) көзделген оны қамтамасыз етудiң өзге шараларына кепiлдiк берiлмеген жағдайда кеден органы осындай тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылдайды.
      5. Қазақстан Республикасының кедендiк алып жүру туралы шешiмi тауарларды тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады.
      6. Тасымалдаушының кедендiк алып жүрумен байланысты туындаған шығыстарын Қазақстан Республикасының кеден органдары өтемейдi.
      7. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi немесе тағайындаушы кеден органының басшысы болмаса оларды алмастыратын тұлғалар қабылдайды.
      8. Кедендiк алып жүру мен алып жүрудi тiкелей ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау тауарларды тасымалдаудың кеден заңдарымен белгiленген мерзiмдерiн ұзартпауы тиiс.
      9. Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүрудi тасымалдаушы, жөнелтушi немесе алушы Кеден iсi туралы заңына сәйкес өзiне жүктелген барлық мiндеттемелердi орындайтын және кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлейтiн шартпен кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
      10. Кедендiк алып жүру:
      1) тиiстi көлiк құралдарының жабдықтары;
      2) кеден баждары мен салықтарды төлеуге тиiстi сомаларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiктерi түрiнде немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзумен қамтамасыз етiлген жағдайларда;
      3) халықаралық шарттармен келiсiлген басқа да жағдайларда қолданылмайды.
      11. Кедендiк алып жүру:
      1) кеден төлемдерi және (немесе) салықтары салынатын тауарларға;
      2) акцизделетiн тауарларға;
      3) тарифтiк емес реттеу шаралары қолдану көзделген әкелуге қатысты тауарларға;
      4) бұрын орын алған кеден ережелерiн бұзушылықтары, соның iшiнде 1975 жылғы ХЖТ кiтапшаларын пайдаланумен жүктердiң халықаралық тасымалдаулары туралы Кеден конвенциясына сәйкес өткiзiлетiн тауарлардың жетiспеушiлiк фактiлерi туралы ақпарат бар тасымалдаушы немесе оның иесiне қатысты тауарларға;
      5) 1998 жылғы 8 желтоқсандағы Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердiң кеден органдары арасындағы кедендiк алып жүру туралы Хаттамаға (бұдан әрi - Хаттама) сәйкес кедендiк алып жүрiлетiн тауарларға қолданылады.

3. Кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын
төлеу тәртiбi

      12. Қазақстан Республикасының кеден органы кедендiк алып жүру үшiн алымдарды кедендiк алып жүру басталғанға дейiн кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тасымалдаушыдан алады.
      13. Кедендiк алып жүру үшiн алымдар Кеден iсi туралы  заңның 120-бабына сәйкес тауарларды кедендiк алып жүру жүзеге асырылатын қашықтыққа Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде алынады.

4. Кедендiк алып жүру кезiнде құжаттарды ресiмдеу
 

        14. Кедендiк алып жүрумен тасымалданатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органында жөнелтушi және тағайындалған кеден органында ресiмдеу Кеден iсi туралы заңның талаптарына сәйкес осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
      15. Кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданған жағдайда мына құжаттар міндетті түрде жасалады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша кедендiк алып жүру туралы шешiм;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша кеден нарядына жоспар-тапсырма, онда кедендiк алып жүрудi жүзеге асырушы инспекторлардың тегi, қарудың маркасы мен нөмiрi не арнайы құралдардың атауы, қозғалыс бағыты, алып жүретiн көлiк құралдарының атауы мен мемлекеттiк нөмiрлерi, тауарға iлеспе құжаттардың нөмiрлерi (кеден жүк декларациясының, iшкi транзит құжатының);
      3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi;
      4) iссапар куәлiгi;
      5) көлiк құралын қайта қарау актiсi.
      16. Кедендiк алып жүру туралы шешiм осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша тiркеу нөмiрi берiлiп тауарлар мен көлiк құралдарын Кедендiк алып жүрудi есепке алу журналына тiркеледi.
      17. Тауарлар мен көлiк құралдарын қабылдау-беру актiсi екi данада ресiмделедi. Бiр дана қол қойылғаннан кейiн жөнелтушi кеден органында, ал екiншiсi алушы кеден органында сақталады. Актiде мiндеттi түрде барлық бағандар толтырылады, тауарлар мен көлiк құралдарын берген және қабылдаған кеден нарядының тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Қолдар тағайындалған және жөнелткен кеден органының немесе аға нарядтардың жеке нөмiрлi мөрлерiмен сүргi салынады.
      18. Кедендiк алып жүрудi жүзеге асыруды бастағанға дейiн белгiленген тәртiппен қайта қарау актiсi жасалып және пломбаланып көлiк құралын комиссиямен қайта қарау жүргiзiледi.
      19. Iссапар куәлiктерi барлық кеден нарядына берiледi.
      Iссапар куәлiктерiнiң бағандарын толтыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      20. Нұсқаулықты жүргiзу нұсқаулықтың арнайы журналында көрсетiледi.
      21. Тағайындалған кеден органына тауарларды жеткiзудi бақылау, тағайындалған кеден органына аталған құжаттар табыс етiлгеннен кейiн аяқталады.

5. Кедендiк алып жүру тәртiбi

      22. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру тасымалдаушының, жөнелтушiнiң немесе алушының алып жүретiн көлiк құралында немесе кеден органының автокөлiгiнде жүзеге асырылады.
      23. Кедендiк алып жүру жөнелткен кеден органынан бастап тағайындалған кеден органына дейін үздiксiз жүзеге асырылады.
      24. Алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдары тасымалдау жолында орналасқан кеден органдарында кеден нарядының ауысуымен бiрге қабылдау алынған-берiлген жағдайда, аталған кеден органдары транзиттiк декларациялардың, тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау құжаттарының барлық беттерiне тауарларды жеткiзудiң белгiленген ережелерiнің талаптарына сәйкес белгiлер қояды.
      25. Алып жүретiн көлiк құралдарының кеден нарядын ауыстыру қабылдау-беру актiсi мiндеттi түрде жасалып және кедендiк алып жүру туралы жаңа шешiм қабылдаумен кедендiк алып жүру бекеттерiнде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте кедендiк алып жүру үшiн алымдар алынбайды. Кедендiк алып жүру бекеттерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi белгiлейдi.
      26. Авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде кеден наряды тасымалдаушыға оның мiндеттемелерiн орындауға жәрдемдеседi. Көлiк оқиғасы туралы хаттама аға кеден нарядының қатысуымен жасалады.

6. Тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiнде
кедендiк алып жүрудiң ерекшелiктерi

      27. Көлiк құралдарымен тасымалданатын тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде тасымалдау жағдайлары мен тауардың сипатына байланысты бiр кеден наряды 10-нан аспайтын автокөлiк құралын алып жүредi.
      Кеден нарядының жеке құрамы бас және соңғы жолкөлiк құралына орналасады. Алып жүретiн көлiк құралы қозғалған және тоқтаған уақытта кеден наряды колоннаның екi жағын бақылайды.
      28. Көлiк құралдарының бiрi ақаулы болған кезде жөндеу аяқталғанға дейiн бүкiл колонна кiдiредi. Аварияның немесе көлiк құралының бұзылуы салдарынан тауар басқа көлiк құралына қайта тиелген кезде көлiк құралының жүк бөлiгiне мүмкiндiкке орай пломба салынады. Бұл ретте, кеден наряды тауардың басқа көлiк құралына қайта тиелгенi туралы екi данада акт жасайды, онда тауарды қайта тиеу себептерi, тауардың мөлшерi мен басқа да ерекшелiктерi, ескi және жаңа пломбаның нөмiрлерi көрсетiледi. Пломба салудың мүмкiндiгiнiң болмауы актiде көрсетiледi. Актiге аға кеден наряды мен тасымалдаушы қол қояды. Актiнiң екiншi данасы тағайындалған кеден органына табыс етiледi.
      29. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiптi болып табылатын тауарларды (химикаттарды, радиоактивтiк және жарылғыш заттарды және т.б.) кедендiк алып жүру жағдайында, кедендiк алып жүру жеке көлiк құралмен күшейтiлген кеден наряды ретiмен қауiптi болып табылатын тауарларды алып жүру және қауiпсiздiк шараларымен белгiленген ережелер талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады.

7. Кедендiк алып жүру кезiндегi тасымалдаушының
құқықтары мен мiндеттерi

      30. Тасымалдаушының:
      1) кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн, осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген құжаттармен танысуға;
      2) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру туралы кеден органының шешiмiмен келiспеген жағдайда, жоғары сатыдағы кеден органына немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
      31. Тасымалдаушы:
      1) Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға тауарларды тасымалдаудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге;
      2) жөнелтушi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген транзиттiк және жеткiзiлетiн тауарларды тасымалдаудың мерзiмдерi мен қозғалыс бағытын сақтауға;
      3) авария немесе тежеусiз күш әрекетi кезiнде тауарлардың сақталуын және оларды қалай да пайдалануына жол бермеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға;
      4) кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру үшiн кеден нарядына қажеттi жағдайлар мен жеке орындар беруге және қызметтiк мiндеттердi орындауда оған жәрдем көрсетуге мiндеттi.

8. Кедендiк алып жүру кезiнде кеден нарядының
құқықтары мен мiндеттерi

      32. Кеден нарядын аға наряд басқарады. Егер кеден наряды бiр адамнан тұратын болса, ол бiруақытта аға кеден наряды болып табылады.
      Аға кеден наряды мен оның жеке құрамы Кеден iсi туралы заң мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң мiндеттерiн мүлтiксiз орындауға тиiс.
      33. Кеден наряды тауарлар мен көлiк құралдарын тағайындалған кеден органына жай-күйiн өзгертпей белгiленген мерзiмдерде және белгiленген бағыттар бойынша жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      34. Аға кеден наряды:
      1) кеден нарядының жеке құрамын және тасымалдаушының өкiлдерiн кедендiк алып жүру тәртiбi туралы, сондай-ақ тауарларды кедендiк алып жүру кезiндегi олардың құқықтары мен мiндеттерi туралы нұсқаулық өткiзуге;
      2) тауарларды тасымалдау бағытының ерекшелiктерiн зерттеуге, бағыттағы ықтимал жағдайларды болжауға және тұтқиыл жағдайлар туындаған кезде нарядтың жеке құрамының iс-қимыл тәртiбiн айқындауға;
      3) кедендiк алып жүру уақытында кеден нарядының жеке құрамының орналасу орнын және алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарына қадағалау жүргiзу тәртiбiн айқындауға;
      4) кедендiк алып жүру кезiнде қауiпсiздiк шараларымен қамтамасыз етуге;
      5) кеден нарядының жеке құрамының жарақтануын, оның байланыс құралдарымен жарақтандырылуын тексеруге;
      6) кедендiк алып жүрумен тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау кезiнде кеден заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      35. Кеден нарядының жеке құрамы кедендiк алып жүру кезiнде:
      1) алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдарына қадағалау жүргiзуге;
      2) көлiк құралдарының жүк бөлiмшелерiне салынған кедендiк қамтамасыз ету құралдарының жағдайын, сондай-ақ тасымалданатын тауарларды теңестiрудiң басқа да құралдарын тексеруге;
      3) қолдануға тұрақты түрде даяр қару мен арнайы құралдар болуға;
      4) қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтауға;
      5) алып жүретiн көлiк құралдарында бөгде адамдардың жүруiне жол бермеуге мiндеттi.
      36. Кедендiк алып жүрудi жүзеге асырған кезде кеден наряды қажет болған жағдайда Кеден iсi туралы заңға сәйкес жеке күшiн, арнайы құралдары мен атыс қаруларын қолдануға құқылы.
      37. Адам өмiрiне қауiп төндiретiн, алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуына немесе жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкiн тежеусiз күш әрекетi туындаған жағдайларда кеден нарядының жеке құрамы зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, кедендiк алып жүруге барлық қатысушылардың өмiрiнiң қауiпсiздiгi мен денсаулығына, аталған тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi өзiне байланысты барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
      38. Кедендiк алып жүру нарядын басқа бақылаушы органдар ұстаған кезде аға кеден наряды жөнелткен кеденге және тағайындаған кеденге арнайы хабарламаны дереу жiбередi. Хабарламада нарядты ұстаған орган туралы нақты деректер, ұстау себептерi, лауазымды адамдардың тегi болуға тиiс. Алып жүретiн тауарлар мен көлiк құралдарын жөнелткен кеден басшылығының нұсқауларын алғанға дейiн кеден наряды күзетедi.

9. Кеден нарядын қалыптастыру

      39. Кеден наряды көлiк құралдары санының, тасымалдау мерзiмi мен шарттарының, тасымалданатын тауардың сипаты, сондай-ақ наряд құрамына әсер ететiн басқа да факторлардың түрлерiнен қалыптастырылады.
      40. Кеден нарядының жеке құрамын атыс құралдарымен, арнайы құралдармен және жеке қорғаныс құралдарымен жарақтандыру алып жүру бағытындағы жедел жағдайдан туындап айқындалады.
      41. Кеден нарядында, сондай-ақ:
      1) кедендiк алып жүру үшiн осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар;
      2) пломбылайтын құрылғы;
      3) қажет жағдайларда - екi жаққа жүру жолына арналған азық-түлiк немесе азық-түлiктiк-жолдық ақша, тамақ iшуге және оны даярлауға, сондай-ақ ауыз суды сақтауға арналған ыдыс-аяқ, күзет киiмiнiң жинақтары, жолда бiр тәулiктен астам болған кезде нарядтың барлық құрамына арналған төсек орын, медициналық қобдиша, ракетницалар, дабыл беретiн қызыл жалаушалар мен қызыл түстi жарық сүзгiлi шамдар, байланыс құралдары болуға тиiс.
      42. Егер тағайындалған кеден органы кедендiк алып жүрген жағдайда осы кеден наряды осындай шешiм қабылданып келiсiлгеннен кейiн 24 сағаттың iшiнде барынша қысқа мерзiмдерде жөнелтуші кеден органына келiп кедендiк алып жүру жөнiндегі өзiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiсуге мiндеттi. Жөнелтушi кеден органы кеден нарядын қарсы алуды және оларға нұсқаулық өткiзудi қамтамасыз етуi керек.
      43. Кеден нарядын жiберер алдында кеден нарядының жеке құрамына нұсқаулық өткiзiледi, олардың денсаулық жағдайы, жасақталуы, қызметтiк мiндеттерiн бiлуi, қару мен арнайы құралдардың жай-күйi тексерiледi. Кеден наряды кедендiк алып жүрудi белгiленген үлгiдегi нысанды киiм киiп жүзеге асырады.

                                              Кедендік алып
                                            жүрудің Ережесіне
                                                1 қосымша    

Кедендік алып жүру туралы
N  Шешім

"___"________________ 200__ ж.                    (жасалған орны)  ___________________________________________________________________
кеден органының лауазымды тұлғасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________ қарап белгіледі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жоғарыда айтылғандар негізінде "Қазақстан Республикасындағы
кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан
Республикасы МКМ N бұйрығын (күні және бұйрықтың нөмірі) басшылыққа
ала отырып Шешті
1.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                                     ______________________________
                                        (лауазымды тұлғаның қолы)
      Шешіммен таныстым:
                              ________________________
                               (аты-жөні, күні, қолы)

                                                   Кедендік алып
                                                жүрудің Ережесіне
                                                    2 қосымша

                                                  "Бекітемін"
                                   Аумақтық кеден органының бастығы
                                     ___________________ аты-жөні
                                      "___"______________ 2000 ж.

                      N Жоспар-тапсырма

1. Кеден нарядының құрамы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Қару-жарақ, арнайы құралдар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Жұмыс уақыты 200__ жылғы "___" бастап 200__ жылғы "___" дейін
4. Кеден органының қозғалыс бағыты:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Іссапар тапсырмасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(кедендік алып
жүру қызметінің
бастығы)                                            аты-жөні
 

                                                    Кедендiк алып
                                            жүрудiң Ережесiне
                                                3 қосымша

                       Кедендік алып жүрудің
                         қабылдау-беру
                               Актісі

_______________________              "___"______________ 200__ ж.
(елдi мекеннiң атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                     (көлiк құралының атауы)

мем. нөмiрi N_______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
iлеспе тауар құжаттары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                 (КЖД, УКД, iлеспе құжаттардың NN)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тасымалданатын тауарды (көлiк құралын) кедендiк алып жүрудi
тапсырған ________________________________________________аға наряд
                (кеден органының атауы, қызметi, аты-жөнi)
ал қабылдаған ___________________________________________ аға наряд
                (кеден органының атауы, қызметi, аты-жөнi)
Тауар (көлiк құралы) өзгерiссiз жағдайда, жүк бөлiктерi
N _________________________________________________ пломба салынды.
Қосымша N _________________________________________ пломба салынды.
Аға наряд ________________________      ___________________________
           (кеден органының атауы,                (ЖНМ N, қолы)
             қызметi, аты-жөнi)
Аға наряд ________________________      ___________________________
           (кеден органының атауы,                (ЖНМ N, қолы)
             қызметi, аты-жөнi)

                                           Кедендік алып жүрудің
                                           Ережесіне
                                           4 қосымша    

           Алып жүретін тауарлар мен көлік құралдарын
                           есепке алу
                            Журналы

--------------------------------------------------------------------
N! Кедендік алып !Күні! Алып жүретін!Тауардың атауы,!Төлем!Жіберуші.
! жүру туралы   !    !автокөлік құ.!тауардың көлемі!құжат!нің дерек
! шешімнің      !    !ралының мемле!көлік құралының!ының !тері
! нөмірі,       !    !кеттік нөмірі!   мемлекеттік !нөмір!(мекен-
! Тапсырма      !    !             !      нөмірі   !     !жайы,
! жоспары       !    !             !               !     !атауы, 
!               !    !             !               !     !есеп шоты
!               !    !             !               !     !жәнет.б.)
--------------------------------------------------------------------
таблицаның  жалғасы:
----------------------------------------------------------------
Алушының деректері  !  Нысаналы  ! Аға нарядшы ! Аға нарядшының!
(мекен-жайы, атауы, !кеден органы!  (аты-жөні) !      қолы     !
есеп шоты және т.б.)!            !             !               !
----------------------------------------------------------------
     Журнал іс номенклатурасында тіркелуі, жіп өткізілуі, нөмірленуі
және Қазақстан Республикасы кеден органының мөрімен мөрленуі керек.

                                     Қазақстан Республикасы
                                 Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
                                     2001 жылғы 15.02.
                                     N 149 бұйрығымен бекiтiлген

Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау
орындары мен рәсiмi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 170-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк органына ұсынған сәттен бастап және кеден режимiнiң таңдауына сәйкес оларды босатқанға не белгiлi бiр адамның қарамағына бергенге дейiн кедендiк бақылаудың уақытша сақтауында болады.
      2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындары мыналар болып табылады:
      1) көлiк құралдары - тауарларды тасымалдауға және уақытша сақтауға пайдаланылатын көлiк құралдары;
      2) ашық алаңдар - тауар иелерiнiң алаңдары, олар:
      осы тұлғалардың уақытша сақтау үшiн арналған тауарларын, әуежайлардың, теңiз және өзен айлақтарының, темiржол станцияларының аумақтарында;
      меншiктi тауарларын уақытша сақтау осы адамдарға арнайы бөлiнген және қорғалатын аумақтарда;
      кеден бақылауындағы уақытша сақтау үшiн арналған тауарлар мен көлiк құралдарын, кеден органдары орналасқан орындарға iргелес жатқан аумақтарда болады;
      3) арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайлар - меншiктi тауарларын уақытша сақтау үшiн арналған тауар иелерiнiң үй-жайлары немесе үй-жайдың арнайы бөлiнген және жабдықталған бiр бөлiгi;
      4) уақытша сақтау қоймалары (бұдан әрi - УСҚ) - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн арнайы бөлiнген қоймалар;
      5) кеден қоймалары және бос қоймалар - кеден қоймасының және бос қойманың кедендiк режимдерiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру үшiн арнайы бөлiнген қоймалар, олардың бiр бөлiгi уақытша сақтау үшiн пайдаланылады.
      3. Құрылысына, жабдықталуына және орналасқан (болатын) орнына қатысты мiндеттi талаптарды қоса алғанда, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарының талаптары уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптарға сәйкес белгiленедi.
      4. Уақытша сақтаудың орны мен рәсiмi тауарлардың мақсатына және кедендік ресiмдеудiң мерзiмiне байланысты белгiленедi.
      5. Тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендік органына ұсынылған сәттен бастап уақытша сақталуға жататын мәртебе алады.
      Тауарлар мен көлiк құралдарын әкелген кездегi ұсыным олардың жеткiзiлiм орнына келгендiгi туралы тауарларды алып жүретiн адамның, не тасымалдаушының, не олар уәкiлеттiк берген адамдардың кеден органына жазбаша хабарламасынан көрiнедi.
      6. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына жеткiзудiң орны кедендiк ресiмдеудi жүргiзудiң, орны немесе тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орны болуы мүмкiн.
      7. ХЖТ кiтапшасын пайдалана отырып жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кедендiк конвенцияға сәйкес тауарларды автокөлiкпен тасымалдау кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына жеткiзу орны тауарларды алып жүретін адам қысқаша декларацияда көрсеткен орын болып табылады. Бұл орайда уақытша сақтау орны кедендiк бақылау аймағы ретiнде қаралатын автокөлiк құралы не оның жүк тиейтiн бөлiктерi болуы мүмкiн.
      Тауарлармен қандай да бiр жүк операцияларын жүргiзудiң (тауарларды түсiру, олардың салмағын, санын нақтылау, зерттеу (сараптама) және басқа да мақсаттарда сынама және үлгiлер алу) қажеттiлiгi жағдайында олар ұқсастыру құралдары (пломбылар қою, мөрлер басу, таңбалар белгiлерiн салу, мөртабандар басу) пайдаланыла отырып, кеден органының лауазымды адамының қатысуымен болмаса тауарларды уақытша сақтаудың өзге орындарына (УСҚ, кедендiк және бос қоймалар, арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайлар немесе ашық алаңқайлар) орналастыру шарттары кезiнде тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
      8. Сақтаудың айрықша шарттарын талап ететiн тауарларды (валюталық құндылықтар, қару-жарақ, радиоактивтi, жарылғыш заттар және басқалары) өзге орындарға жеткiзуге тауарлардың сипатынан шыға отырып, осы орындарда кедендiк ресiмдеудi жүргiзу орынды болатын жағдайларда тауарларды алып жүретiн адамның қызмет аймағындағы кеден органының рұқсатымен ғана жол берiледi.
      9. Кедендiк ресiмдеудiң бiр кезеңi ретiнде уақытша сақтау тауарлар мен көлiк құралдары кеден органына ұсынылғаннан кейiнгi жұмыс күнi бiр тәулiк ішінде кедендік ресiмдеу аяқталған жағдайда қолданылмайды, бұл орайда осы тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауда болуы тиiс.
      Мұндай жағдайда қысқаша декларация кеден органына ұсынылмайды.
      10. Уақытша сақтау орны уақытша сақтау орнына қойылатын талаптарға сәйкес кез келген орындарда құрылуы мүмкін.

2. Уақытша сақтау орындарын құрудың тәртiбi

      11. Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптарға сәйкес жабдықталған және жайғастырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды танудың нысаны - УСҚ-ны, кеден қоймасын, бос қойманы құруға арналған тиістi түрде ресiмделген лицензиялар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кіріс министрлiгiнiң Кеден комитетi берген (бұдан әрі - Кеден комитетi) өзге де орындарды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешiмдер (бұдан әрi - Шешімдер) болып табылады.
      12. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайлар немесе ашық алаңқайлар осы орындар бiрыңғай және бөлiнбейтiн кешен болып табылған жағдайда және бір мекен жайда орналасқан жағдайда уақытша сақтау орны деп танылады
      13. УСҚ ашық және жабық үлгiлерде болуы мүмкін. УСҚ үлгісi УСҚ-ны құруға арналған лицензияда көрсетіледi.
      14. Жабық үлгiдегі УСҚ-лар УСҚ иегерлерi лицензия алған кезде белгілеген адамдардың тауарлары мен көлiк құралдарын орналастыруға арналады.
      15. УСҚ-ны құруға арналған лицензияның беру тәртiбiн Кеден комитетi белгiлейді.
      16. Шешiм басқаруында немесе қарамағында тиiстi үй-жайы немесе ашық алаңқайы бар адамға берiледi.
      17. Үй-жайдың немесе ашық алаңқайдың иегерi Шешiм алу үшiн тұлғаның атауы және үй-жайдың немесе алаңқайдың орналасқан орны туралы мәліметтерді көрсете отырып, Кеден комитетіне еркін нысанда өтініш береді.
      18. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) үй-жайдың немесе ашық алаңқай иегерiнiң құрылтайшылық және тіркеу құжаттарының нотариалдық сипатта куәландырылған көшiрмелерi;
      2) уақытша сақтау орындарына арналған аумақтардың жоспарлары, үй-жайдың немесе ашық алаңдардың жоспарлары мен сызбалары;
      3) уақытша сақтау үшiн арналған үй-жайды немесе ашық алаңқайды меншiктену немесе иемдену құқығын растайтын нотариалдық сипатта куәландырылған құжаттар;
      4) уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптардың олардың жабдықтарына және жайғастырылуына сәйкестiгi туралы қызмет аймағында үй-жай немесе ашық алаңқай орналасқан кеден органының қорытындысы;
      5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тiркеу үшiн жауапты кеден органындағы лауазымды адамның жеке нөмiрi бар мөрiмен куәландырылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушының тiркеу карточкесiнiң көшiрмесi.
      19. Өтiнiштi Кеден комитетi оны алған күнiнен бастап 30 күн iшiнде қарайды.
      Кеден комитетi қарау үшін ұсынылған мәлiметтердi растайтын қосымша құжаттарды мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға құқылы.
      20. Шешiм 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы бланкiде ресiмделедi және Шешiмдердi тiркеудiң арнаулы журналына қолын қойғызып, үй-жайдың немесе ашық алаңның иегерiне ақысыз негiзде берiледi.
      21. Шешiмдердiң, уақытша сақтау орны деп танылған үй-жайдың немесе ашық алаңқайдың жоспарларының, сызбаларының көшiрмелерiн Кеден комитетi қызмет аймағында үй-жай немесе ашық алаңқай орналасқан кеден органына жiбередi.
      22. Егер осы Нұсқаулықпен және уақытша сақталу орындарына қойылатын мiндеттi талаптармен айқындалатын талаптарға үй-жайдың немесе ашық алаңқайдың жайғасуына және жабдығына қатысты айтылған мәлiметтер сәйкес келмеген жағдайда Шешiмдердi беруден бас тартылуы мүмкiн. Шешiмдi беруден бас тартқан кезде Кеден комитетi бұл туралы бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда өтiнiш берушiге хабарлайды.
      23. Кеден комитетi шешiмдi керi қайтарып алуы немесе оның қолданысын тоқтатуы мүмкiн. Шешiмдi керi қайтарып алу немесе оның қолданысын тоқтату туралы шешiм Кеден комитетiнiң бұйрығы түрiнде қабылданады және Шешiмдi керi қайтарып алу немесе оның қолданысын тоқтату туралы тиiстi шешiмдi қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
      24. Шешiмдi қолдану төмендегiдей жағдайларда тоқтатылады:
      1) жөндеу жұмыстарын жүргiзу туралы, уақытша сақтау орнының иегерi белгiлеген мерзiмге уақытша сақтау орнының алаңын ұлғайту немесе азайту туралы уақытша сақтау орны иегерiнiң өтiнiшi бойынша;
      2) қызмет аймағында тиiстi уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының уақытша сақтау орындарына қатысты кедендiк заңдардың талаптарын уақытша сақтау орнының иегерi сақтамайтындығы туралы ұсынысы бойынша - мерзiмi бiр айға дейiн.
      25. Шешiмдi қолдану мынадай тәртiппен қалпына келтiрiледi:
      1) өтiнiште көрсетiлген мерзiмнен кеш емес мерзiмге - осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 1) тармақшасының негiзiнде тоқтатылған жағдайда және де өзгерген алаңын ескере отырып, қойылатын талаптарға оның жабдықтары және жайғасуы сәйкес келетiндiгi туралы қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының қорытындысы Кеден комитетiне ұсынылған жағдайда;
      2) тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кеш емес мерзiмге - осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 2) тармақшасының негiзiнде тоқтатылған жағдайда және де қойылатын талаптарға оның жабдықтары және жайғасуы сәйкес келетiндiгi туралы қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының қорытындысы Кеден комитетiне ұсынылған жағдайда.
      26. Шешiм мынадай жағдайларда керi қайтарылынып алынады:
      1) Қазақстан Республикасының кеден заңдары белгiлеген, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың рәсiмiне қатысты талаптарды уақытша сақтау орнының иегерi сақтамаған жағдайда, сондай-ақ кеден ережелерiн бұзған жағдайда қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының ұсынысы бойынша;
      2) осы Нұсқаулықтың 24-тармағы 2) тармақшасында белгiленген мерзiмде оның жабдықтары мен жайғасуына қойылатын талаптардың сәйкес келетiндiгi туралы қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының қорытындысы ұсынылмаған жағдайда;
      3) уақытша сақтау орны ретiнде үй-жайды немесе ашық алаңқайды пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн уақытша сақтау орнына қатысты мүлiктiк құқықтар тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда;
      4) уақытша сақтау орны иегерiнiң өтiнiшi бойынша.
      27. Шешiмнiң қолданысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) Шешiмдi керi қайтарып алғанда;
      2) уақытша сақтау орны иегерiнiң кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда.
      28. Уақытша сақтау орны иегерiн қайта тiркеген жағдайда Шешiм өзiнiң күшiн сақтайды. Мұндай жағдайда уақытша сақтау орны иегерi қайта тiркеу фактiсi туралы Кеден комитетiне хабарлауға мiндеттi. Қажет кезде Кеден комитетi Шешiмге қайта тiркелген күнiн көрсетiп тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
      29. Шешiм керi қайтарылынып алынған жағдайда уақытша сақтау орнының иегерi керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап 15 күннен кешiктiрместен Шешiмнiң түпнұсқасын Кеден комитетiне кейiнiрек беруi үшiн қызмет аймағында уақытша сақтау орны орналасқан кеден органына беруi тиiс.
      30. Шешiм беру туралы екiншi қайтара өтiнiштi Кеден комитетi керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң жалпыға ортақ белгiленген тәртiппен қарайды.

3. Уақытша сақтау орны иегiрiнiң мiндеттерi

      31. Уақытша сақтау орнының иегерi:
      1) кеден бақылауын айтпағанда, уақытша сақтау орнынан тауарлар мен көлiк құралдарын алып қоюды болдырмауға;
      2) кеден бақылауын жүзеге асыруға кедергi жасамауға;
      3) осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен тауарлар мен көлiк құралдарының жеткiзiлуi, сақталуы және босатылуы туралы есеп жүргiзуге және кеден органына есеп беруге;
      4) үшiншi адамдардың сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарына араласу мүмкiндiгін жоққа шығаруды қамтамасыз етуге;
      5) УСҚ-ны, кедендiк немесе бос қойманы құруға арналған лицензиялардың, сондай-ақ Шешiмнiң шарттарын сақтауға, кез келген уақытта және олардың талап етуi бойынша кеден органдары лауазымды адамдарының сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарына бақылау жасауын қамтамасыз етудi қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
      6) кедендiк ресiмдеуге жататын және кедендiк бақылауға алынған тауарларды кеден органының талап етуi бойынша тасымалдауға, өлшеуге немесе тауарлардың санын өзгеше түрде белгiлеуге, тиеуге, түсiруге, қайта тиеуге, бүлiнген орамасын түзеуге, ораманы ашуға, тауарларды орауға немесе қайта орауға, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары орналасуы мүмкiн үй-жайды, сыйымдылықтарды және басқа да орындарды ашуға;
      7) УСҚ-ны, кедендiк немесе бос қойманы құруға арналған лицензиялардың қолданысы уақытша тоқтатылған немесе тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ Шешiм тоқтатылған немесе керi қайтарылынып алынған жағдайда осындай орындарда уақытша сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарын, қажет болған жағдайда, өзге сақтау орындарына жайғастырып, олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      32. Кеден органдары аталған операцияларды жүргiзуге байланысты шығындарды уақытша сақтау орнының иегерiне өтемейдi.
      33. Уақытша сақтау орнының иегерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз мiндеттерiн орындауға жауапты болады.

4. Тауарлар мен көлiк құралдарын
уақытша сақтауға орналастыру

      34. Уақытша сақтау орындарына тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырған кезде белгiлi бiр кедендiк режимдi мәлiмдегенге дейiн есепке алу және бақылау жасау мақсатында қысқаша декларация қолданылады.
      35. Қысқаша декларация уақытша сақтауға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырудың айғағы болып табылады.
      36. Қысқаша декларацияның нысаны және онда көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердiң тiзбесi қысқаша декларацияны толтыру тәртiбiн белгiлейтiн Кеден комитетiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген.
      37. Қысқаша декларация кеден органына тауарлармен, көлiк құралдарымен және оларға арналған құжаттармен қатар бiр мезгiлде ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен қысқаша декларация ретiнде қысқаша декларацияда белгiленген барлық қажеттi мәлiметтерi бар өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкiн.
      Декларант жүк кеден декларациясын ұсынған кезде (оның iшiнде алдын ала декларация жасаған кезде), сондай-ақ декларация жасалған тауарларды және кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттарды тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялайтын кеден органына ұсынғаннан кейiнгі келесi жұмыс күннен кешiктiрмей қысқаша декларация берiлмейдi.
      38. Уақытша сақтау орындарына тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру тауарлар мен көлiк құралдарын идентификациялауды қамтамасыз ететiн, тауарлармен iлесiп жүретiн құжаттарды кеден органдарына ұсынумен бiрге жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қысқаша декларация тауарлар мен көлiк құралдары уақытша сақтауға орналастырылғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлместен ұсынылады.
      39. Басқа тауарлар мен көлiк құралдарына зиян келтiруi мүмкiн немесе сақтаудың айрықша талаптарын талап ететiн тауарлар мен көлiк құралдары сақтау орындарына қатысты талаптарға сәйкес арнайы бейiмделген және жабдықталған орындарда сақталуы тиiс.
      40. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтпейтiн тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарында орналастыруға жол берiлмейдi.
      41. Жеткiзу орындарына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелу Кеден iсi туралы заңның 167-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      42. Ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың өзге де түрлерiн жүргiзу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, уақытша сақтау орындарына тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру жоғарыда аталған алдын ала мемлекеттiк бақылау жүргiзу қажеттiлiгiне байланысты болмауы қажет. Уәкiлеттi органдардың уақытша сақтау орындарынан тыс жерлерде мемлекеттiк бақылау жүргiзуi кедендiк бақылаумен бiрге жүзеге асырылады.
      43. Егер темiржол, теңiз, өзен немесе авиакөлiк арқылы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтетiн тауарларды жеткiзу орны темiржол станциясынан, теңiз, өзен айлақтарынан немесе әуежайдан тыс жерде орналасқан болса, уақытша сақтау орындарына тауарларды ауыстыру, тауарларды жеткiзуге бақылау жасау тәртiбiне сәйкес тауарларды тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiкке қайта тиеу арқылы жүргiзiледi.

5. Уақытша сақтауға орналастырылған тауарлармен және
көлiк құралдарымен операциялар жасау

      44. Кеден iсi туралы заңның 180-бабына сәйкес уақытша сақтауға орналастырылған тауарлардың бүлiнген орамаларын жөндеудi қоса алғанда, олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажетті операциялар жүргізiлуi мүмкiн.
      УСҚ иегерлерi, тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар адамдар және олардың өкiлдерi УСҚ-да орналасқан тауарларды қарауға және өлшеуге құқылы. Сондай-ақ кеден органының рұқсатымен кедендiк ресiмдеудiң мақсаттары үшiн осындай тауарлардан сынамалар мен олардың үлгiлерiн ала алады.

6. Уақытша сақтаудың мерзiмдерi

      45. Уақытша сақтаудың мерзiмдерi Кеден iсi туралы заңның 179-бабына сәйкес белгiленедi.
      46. Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдарын сақтаудың шектi мерзiмi Кеден iсi туралы заңның 20-бабына сәйкес УСҚ-да үш тәулiк құрайды.
      47. Кеден заңдарын бұзу туралы iс бойынша заттай айғақтар болып табылатын және УСҚ-да кеден органдары орналастырған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталу мерзiмi олар алынған адамға тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап алты ай мерзiмнен аспауы тиiс.
      48. Тауарлар мен көлiк құралдарын босатқаннан кейiн немесе кеден режимiнiң таңдауына сәйкес олар белгiлi бiр адамның қарамағына берiлгеннен кейiн уақытша сақтау орындарында үш тәулiкке дейiн сақталынады, кеден органының рұқсатымен бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн.
      49. Егер уақытша сақтау орны деп танылған үй-жайларда немесе ашық алаңқайларда кедендiк бақылаумен уақытша сақтауда орналасқан өзге тауарлар немесе көлiк құралдары болмайтын болса, онда осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген талаптар босатылған немесе белгiлi бiр адамның қарамағына берiлген тауарларға қолданылмайды.

7. Уақытша сақтау орындарына тауарларды
орналастыруды шектеу

      50. Көлiк құралдарында, ашық алаңда және арнайы бөлiнген, сондай-ақ жабдықталған үй-жайларда төмендегiдей тауарларды уақытша сақтауға жол берiлмейдi:
      1) Акцизделген болып табылатын тауарлар;
      2) сақтаудың айрықша шарттарын талап ететiн тауарлар;
      3) Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылатын тауарлар.
      51. Сақтаудың айрықша талаптарын талап ететiн тауарлар мен көлiк құралдары сақтаудың айрықша шарттарына сәйкес жабдықталған көлiк құралдарына және арнайы бөлiнген, сондай-ақ жабдықталған үй-жайларда уақытша сақтауға орналастырылады.

8. УСҚ-да, кеден қоймалары мен бос қоймаларда
тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау

      52. Уақытша сақталуы кеден органдары құрған УСҚ-да ғана жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, УСҚ, кедендiк және бос қоймаларда кез келген тауарлар орналастырылады.
      53. УСҚ, кедендiк және бос қоймалардың иегерлерiмен осындай қоймаларға тауарлары мен көлiк құралдарын орналастыратын адамдардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
      54. Кеден органдары құрған УСҚ болмаған жағдайда кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша заттай айғақ болып табылатын тауарларды уақытша сақтау - сақтаудың ерекше талаптары қажеттiлiгi ескерiле отырып, кеден органдары белгiлеген уақытша сақтаудың өзге де орындарында жүзеге асырылады.

9. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк
құралдарын есепке алу

      55. Уақытша сақтау орындарының иегерлерi уақытша сақтау орындарына iс жүзiнде жеткiзiлген, сақталуда тұрған және босатылатын тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi және есеп берiп отырады.
      56. УСҚ-да, кедендiк қоймалар мен бос қоймаларда сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу нысанын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi. Бұл орайда есепке алу жүйесi төмендегiлердi қамтиды:
      1) есепке алу кiтабы;
      2) есепке алудың кедендiк құжаты.
      57. Есепке алу кiтабы есепке алудың автоматтандырылған жүйесiне қарамастан 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жүргiзiледi. Есепке алу кiтабын жүргiзудiң тәртiбiн кеден органдары белгiлейдi.
      58. Есепке алудың кедендiк құжаттары тауарлармен және көлiк құралдарымен бiр мезгiлде ұсынылатын қысқаша декларация немесе жүкке қатысты кеден декларациясының көшiрмелерi немесе тауарға iлесiп жүретiн құжаттар болып табылады.
      59. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының есепке алу құжаттары: есепке алу кiтабы үшiн - есепке алу кiтабындағы соңғы жазба бойынша тауар босатылған күннен бастап; есепке алудың кедендiк құжаттары үшiн - тауар босатылған күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
      60. Кеден органының жазбаша талабы бойынша уақытша сақтау орнының иегерi кеден органы белгiлейтiн уақыттың бүкiл кезеңiнде уақытша сақталуда тұрған және/немесе сонда бар тауарлар мен көлiк құралдары туралы есеп беруге мiндеттi.
      61. Көлiк құралдарында сақталатын тауарларды есепке алуды осындай көлiк құралдары кедендiк бақылауда тұрған және уақытша сақтау орны болып табылатын ашық алаңқайлардың иегерлерi, ал МДП рәсiмi бойынша автомобиль көлiгiмен тауарларды тасыған жағдайда - осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша кеден органдары жүргiзедi.
      62. Егер уақытша сақтау орнында тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесi пайдаланылатын болса, онда оның иегерi осындай жүйенi кеден органдарының тексеруiне мүмкiндiк беруге мiндеттi.
      63. Кеден iсi туралы заңның 218-бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындарында сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарын түгендеудi жүргiзуге құқылы.

10. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу
жауапкершiлiгi

      64. Уақытша сақтау орнына тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырғанға дейiн кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудi қоса алғанда, жоғарыда аталған тауарлар мен көлiк құралдарының бүкiл жауапкершiлiгi тасымалдаушыға жүктеледi.
      Кеден органдары УСҚ иегерлерi болып табылатын жағдайларды қоспағанда, УСҚ-да сақталатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу жауапкершiлiгi УСҚ иегерiне жүктеледi. Соңғы жағдайда жауапкершiлiк тауарлар мен көлiк құралдарын УСҚ-ға орналастырған адамға, ал ол болмаған жағдайда тауарлар мен көлік құралдарының меншiк иесi болып табылатын адамға жүктеледi.
      65. Кеден қоймасына немесе бос қоймаға уақытша сақтауға тауарларын орналастырған адам уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салықтарды төлеудiң жауапкершiлiгiн өзiне алады. Заңның 43 немесе 78-баптарында белгiленген кедендiк немесе бос қойманың иегерi мiндеттемелерi сақталмаған жағдайда, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi жауапкершiлiк кедендiк немесе бос қойманың иегерiне жүктеледi.
     66. Арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайларда, ашық алаңқайларда және көлiк құралдарында уақытша сақтаулы тұрған тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге қатысты жауапкершiлiк осындай уақытша сақтау орындарының иегерлерiне жүктеледi.

11. Кеден органдарының УСҚ-ны құру ерекшелiктерi
және олардың жұмыс iстеуi

      67. Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған УСҚ УСҚ-ның құрылымы мен жабдықталуына қатысты ортақ талаптарға жауап беруге тиiс.
      68. УСҚ-ны құратын кеден органының ұсынысы бойынша Кеден комитетiнiң бұйрығының негiзiнде УСҚ лицензия алынбастан құрылады және ол Кеден комитетiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Ұсынысқа осы Нұсқаулықтың 18-тармағының 2), 3), 4)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қоса тiркеледi.
      69. Кеден органдары құратын УСҚ ашық үлгiдегi УСҚ болып табылады.
      70. Кеден органы құрған УСҚ-да тауарларды сақтағаны үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде кедендiк алымдар өндiрiлiп алынады.
      71. УСҚ иегерi болып табылатын кедендiк орган осы Нұсқаулықтың 9-бөлiмiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралының есебiн жүргiзедi.
      72. УСҚ иегерi болып табылатын кеден органы жұмыс режимiн көрсете отырып, УСҚ-ның жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

12. Қорытынды ережелер

      73. Өтiнiште, сондай-ақ УСҚ-ны құруға лицензия берудi қарауға арналған өтiнiшке немесе Шешiмге қоса тiркелетiн құжаттарда көрсетiлген кез келген мәлiметтер өзгерген жағдайда, осындай уақытша сақтау орындарының иегерi бұл туралы 7 жұмыс күнi iшiнде Кеден комитетiне жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      74. Уақытша сақтау орнының алаңы ұлғайған немесе азайған жағдайда, уақытша сақтау орнының иегерiн қайта тiркеген жағдайда енгiзiлген өзгерiстер туралы деректер УСХ-ны, кедендiк қойманы, бос қойманы құруға арналған лицензияның, Шешiмнiң сыртқы бетiнде көрсетiледi. Аталған өзгерiстер Кеден комитетi төрағасының қолымен және мөрiмен бекiтiледi.
      75. Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiлеген тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      76. Уақытша сақтау рәсiмiне байланысты кеден органдары қабылдаған шешiмдерге Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен шағым түсiрiлуi мүмкiн.

Тауарлар мен көлiк   
құралдарын уақытша сақтаудың
орындары мен рәсiмi туралы
Нұсқаулыққа 1-қосымша 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң

Кеден комитетi
Уақытша сақтау орнын тану туралы
N________ шешiм

2001 жылғы "___"_________                            N_____

     Осымен үй-жай/ашық алаң,
     (керек еместер сызылады) 

_______________________________________________________ иелiгiндегi
          (иегердiң заңдық мекен-жайы)
__________________________________________________________________,
                 мына мекен-жайда орналасқан
жалпы алаңы (ш/м) __________________________________________________
                          (керек еместер сызылады)
осы үй-жай, ашық алаңқай иегерiнiң тауарлары мен көлiк
құралдарының уақытша сақтау орны болып танылады.
      Иегердiң иелiгiне жатпайтын тауарлар мен көлiк құралдары
уақытша сақтау орнына орналастырылған жағдайда, осы шешiмнiң күшi
кедендiк органдарда танылмайды.

Төраға _______________________             ______________________
              (қолы)                            (Аты-жөнi)

Тауарлар мен көлiк    
құралдарын уақытша сақтаудың
орындары мен рәсiмi туралы
Нұсқаулыққа 2-қосымша 

Уақытша сақтау қоймасында тауарлар мен көлік
құралдарын есепке алу кітабы

--------------------------------------------------------------------                                  Кіріс
--------------------------------------------------------------------
N!Орналас.!Есептің!Тауар мен !Тауарлар!Орындар !Брутто!Қойма !Тауар
!қан күні! кеден !  көлік   ! атауы, !дың саны!салмақ!орнала!қа.
!        !құжаты.!құралдарын! көлік  !        ! (кг) !стыру !был.
!        !ның N  !орналасты.! құралы !        !      !орны  !даушы
!        !       !рушы тұлға! туралы !        !      !(бокс !адам.
!        !       !          ! мәлімет!        !      !Nт.т.)!ның
!        !       !          !        !        !      !      !қолы
--------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-------------------------------------------------------------
                    Шығыс                         ! Ескерту
------------------------------------------------------------- 
Қоймадан іс ! КЖМ ! Орын ! Брутто ! Тауар немесе   !        !
жүзінде беру!  N  ! саны ! салмақ ! көлік құралын  !        !
күні        !     !      !  (кг)  ! берген адамның !        !
            !     !      !        ! қолы           !        !
-------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады