Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау рәсімі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 3 қараша N 1325 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 972. Күші жойылды - Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 2001.03.30. N 149 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бұйырамын:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау орындары және рәсімі туралы нұсқаулық (1-қосымша)

      2) Уақытша сақтау қоймасындағы (кеден қоймасындағы, еркін қоймадағы) тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу кітабы (2-қосымша)

      2. Заң департаменті (Райханова К.А. ) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Кеден комитеті (Нүкенов М.) осы бұйрықтың жариялануын және жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кеден комитетінің Төрағасы М. Нүкеновке жүктелсін.

      5. Бұйрық мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

     

      Министр

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 ж. 03.11. N 1325 бұйрығына 1-қосымша

     

      Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың орындары

      мен рәсiмi туралы нұсқаулық

     

      1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 170-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органына оларды тапсырған сәттен бастап және оларды босатқанға дейiн не таңдап алынған кеден режимiне сәйкес адамның билiгiне берiлгенге дейiн кедендiк бақылауда уақытша сақтауда болады.

      2. Тауарлар мен көлiк құралдарын сақтаудың уақытша орындары мыналар болып табылады:

      1) арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жай тауарларды иеленушiнің өз тауарларын уақытша сақтауға арналған үй-жайы;

      2) көлiк құралдары - тауарларды тасымалдау және уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары;

      3) ашық алаңдар - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға арналған кеден органдары аумақтары орналасқан жерлерге қанаттас әуежайлардың, теңiз және өзен айлақтарының, темiр жол станцияларының аумағында орналасқан алаңдар;

      4) уақытша сақтау қоймалары (бұдан әрi - УСҚ) - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға арналған арнайы қоймалар;

      5) кеден қоймалары мен еркiн қоймалар - кеден қоймасының кеден режимдерiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыруға арнайы арналған, бiр бөлiгi уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын қоймалар;

      3. УСҚ конструкциясына, жайғастырылуы мен орналасқан жерiне қойылатын арнайы талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - Кеден комитетi) бұйрығымен белгiленедi.

      4. Уақытша сақтаудың орны мен рәсiмi тауарлардың арналуына және кедендiк ресiмдеу мерзiмдерiне байланысты айқындалады.

     

      2. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға

      орналастыру

     

      5. Тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр кеден режимiне орналастырғанға дейiн қысқаша декларация қолданылады. Қысқаша декларацияның нысаны мен онда көрсетiлетiн мәлiметтердің тiзбесi Кеден комитетiнің бұйрығымен бекiтiледi.

      6. Уақытша сақтау мақсаттарына арналған қысқаша декларация тауарларды, көлiк құралдары мен тауарларға қосымша құжаттарды бiр мезгiлде тапсырумен жүргiзiледi.

      7. Қысқаша декларация, әдетте, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарында уақытша сақтауға қою үшiн негiз болып табылады.

      Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға орналастыру тауармен бiрге жүретiн құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда қысқаша декларация тауар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға орналастырғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi.

      8. Тауарлар мен көлiк құралдарын УСҚ-ға орналастыру тауарлар мен көлiк құралдарын сәйкестендiру үшiн жеткілiктi құжаттар кедендiк органдарға тапсырылған жағдайда жүзеге асырылады.

     

      3. Уақытша сақтауда орналасқан тауарлармен және

      көлiк құралдарымен жасалатын операциялар

     

      9. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайларда, ашық алаңдарда уақытша сақтауда тұрған тауарларды өкiлеттi адамдар оларды бүлiнбейтiндей жағдайда сақтауды, бүлiнген құндақтарды түзетудi қоса алғанда, қамтамасыз ету үшiн қажеттi операцияларға қамтуы мүмкiн. УСҚ иелерi, тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар адамдар мен олардың өкiлдерi кеден органының рұқсатымен кедендiк Ресiмдеу үшiн тауарлардың нұсқалары мен үлгiлерiн сынауға алуы мүмкiн.

     

      4. Уақытша сақтау мерзiмi

     

      10. Уақытша сақтау мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын, тауар мен пайдаланылатын көлiк құралының сипаттамасын беруге қажеттi уақытқа байланысты белгiлейдi. Белгiленген мерзiмдердi ұзарту кеден декларациясы берiлмеуiне немесе кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың болмауына байланысты кеден органы жүзеге асыруы мүмкiн.

      11. УСҚ-дағы, кедендiк немесе еркiн қоймалардағы тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың жалпы мерзiмi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, екi айдан аспауы керек.

     

      5. Тауарларды уақытша сақтау орындарында орналастыруды шектеу

     

      12. Мынадай тауарларды:

      1) сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн;

      2) Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған;

      3) акциздеуге жататын көлiк құралдарында уақытша сақтауға жол берiлмейдi.

      13. Ашық алаңдарда мынадай тауарларды:

      1) акциздеуге жататын;

      2) сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететiн;

      3) Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған;

      4) тез бұзылатын;

      5) бұзылмайтын жағдайы климаттық және ауа-райы жағдайларына байланысты болып келетiн тауарларды уақытша сақтауға жол берiлмейдi.

      14. Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайларда уақытша сақтауға жол берiлмейдi.

      Сақтауға ерекше жағдайларды талап ететiн тауарлар сақтаудың ерекше жағдайларына сәйкес жабдықталған, арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайларда уақытша сақтауға орналастырылады.

     

      6. Тауарлар мен көлiк құралдарын УСҚ-да, кеден

      қоймалары мен еркiн қоймаларда уақытша сақтау

     

      15. УСҚ кеден комитетінің лицензиясы алынғаннан кейiн тағайындалуы мүмкiн. Егер УСҚ-ны Қазақстан Республикасының кеден органдары тағайындаған болса, көрсетiлген лицензияны алуға талап қойылмайды.

      16. УСҚ ашық және жабық түрлерде болуы мүмкiн. УСҚ-ның түрi УСҚ-ны тағайындауға арналған лицензияда көрсетiледi. Кеден органдары тағайындайтын УСҚ ашық түрдегi УСҚ болып табылады.

      Жабық түрдегi УСҚ-ның иелерi белгiлейтiн адамдар оларда тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру үшiн арналады.

      17. УСҚ-да (кеден қоймалары мен еркiн қоймаларда) кеден органдары тағайындаған УСҚ-да уақытша жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардан басқа, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкiн.

      18. УСҚ (кеден қоймалары мен еркiн қоймалар) иелерi мен УСҚ-да тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырушы адамдардың қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

      19. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылуға жататын;

      2) кедендiк ережелердің бұзылғаны туралы iс бойынша заттық дәлел болып табылатын тауарларды уақытша сақтау Қазақстан Республикасының кеден органдары тағайындаған уақытша сақтау қоймаларында жүзеге асырылады. Бұл ретте 1) тармақшада көрсетiлген тауарларды уақытша сақтаудың шектi мерзiмi - үш тәулiктен, 2) тармақшада Заңның 323-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдары өндiрiп алынған адамдарға құлақтандыру жiберiлген күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Кеден органдары тағайындаған УСҚ болмаған кезде кедендiк ережелердiң бұзылғаны туралы iс бойынша заттай дәлел болып табылатын тауарларды уақытша сақтаудың ерекше қажеттi жағдайларын ескере отырып, кеден органдары белгiлеген уақытша сақтаудың өзге орындарында жүзеге асырылады. 7. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу 20. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдары міндеттi түрде есепке алынуға жатады. 21. УСҚ, кеден қоймалары мен еркiн қоймалардың иелерi сақтауға түскен және қоймалардан босатылған тауарлар мен көлiк құралдарына есеп жүргiзедi және есеп берiп отырады. 22. УСҚ-да, кеден қоймалары мен еркiн қоймаларда сақтаулы тауарлар мен көлiк құралдары есебiнiң нысанын Қазақстан Республикасының кеден органы айқындайды. Бұл ретте есепке алудың жүйесiне мыналар: 1) есеп кiтабы; 2) кедендiк есеп құжаты енгiзiледi. 23. Есеп кiтабы автоматтандырылған есеп жүйесiне қарамастан, белгiлеген нысанға сәйкес жүргiзiледi. Есеп кiтабын жүргiзудің тәртiбiн кеден органдары айқындайды. 24. Кедендiк есеп құжаттары тауарлармен және көлiк құралдарымен бiр мезгiлде тапсырылатын қысқаша декларация, тауардың жеткiзiлгендiгi туралы хабарлама, тауармен бiрге жүретiн құжаттар болуы мүмкiн. 25. Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының есеп құжаттары кемiнде бес жыл сақталады. 8. Кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн жауаптылық

      26. Белгiлi бiр кедендiк режимде тауарлар мен көлiк құралдарын орналастырғанға дейiн кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн жауапкершiлiктi, тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары шығарып әкететiн жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын тасушы адам көтередi. Бұл жағдайда кеден органдарының алдында тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға, ал тауарлар мен көлiк құралдарын әкету ниетi туралы кеден органдарына хабарламаған адам - тасымалдаушы жауаптылықта болады.

      27. УСҚ-да сақтаулы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу үшiн жауапкершiлiктi, УСҚ-ның иесi кедендiк орган болып табылатын жағдайды қоспағанда, УСҚ-ның иесi көтередi. Көрсетiлген жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын УСҚ-ға орналастырған адам, ол болмаған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын жеке меншiктенушi адам немесе иесi жауап бередi.

      28. Кеден қоймасына немесе еркiн қоймаға тауарларды уақытша орналастырған адам уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiндегi жауапкершiлiктi көтередi. Заңның 43-бабында белгiленген мiндеттемелердi кеден қоймасының иесi сақтамаған жағдайда кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу жөнiндегi жауаптылықты кеден қоймасының иесi көтередi. 9. Уақытша сақтау рәсiмiн бұзғаны үшiн жауапкершiлік 29. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың тәртiбiн бұзған адамдар Заңға сәйкес кедендiк ережелердi бұзғаны үшiн жауапқа тартылады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады