Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылатын, мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты мен гранттардың есебiнен қаржыландырылатын Инвестициялық жобалардың арнайы шоттары жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 20 наурыздағы N 149 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1480. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 100 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі  N 100  (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________

      Мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты мен гранттардың есебiнен қаржыландырылатын Инвестициялық жобалардың арнайы шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбiн регламенттеу және мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылатын, мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты мен гранттардың есебiнен қаржыландырылатын Инвестициялық жобалардың арнайы шоттары жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 
      2. Мемлекеттiк қарыз алу департаментi (А.Ғ.Дунаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. "Мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты және Халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың гранттарының есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылатын арнайы шоттары жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 178 және 2000 жылғы 28 маусымдағы N 304 бұйрықтар жойылсын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

    "Келісілген"                          Қазақстан Республикасы 
     Қазақстан Республикасы               Қаржы министрлігінің
     Ұлттық Банкінің Төрағасы             2001 жылғы 20 наурыздағы
     2001 жылғы 18 қаңтардағы                 N 149 бұйрығымен
                                                 бекітілген         

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде
ашылатын мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты
есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың арнайы
есепшоттары жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктерде мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаты мен гранттар есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша арнайы есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерiн белгiлейдi. 
      2. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты - мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатынан аванстық төлемдер арқылы жаңартылатын және бюджеттiк бағдарламаның әкiмi инвестициялық жоба бойынша заем/грант туралы келiсiмге сәйкес инвестициялық жобаны қаржыландыру үлесiн мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатынан мөлшерлi шығынмен өтеу үшiн ашатын банктiк валюта есепшоты. Инвестициялық жобалардың арнайы есепшоттарын пайдалану мемлекеттiк сыртқы заемдар/гранттар бойынша жедел төлемдердiң жүзеге асырылуын және олардың ұдайы толықтырылуын көздейдi. 
      3. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотының негiзгi мақсаты қолма-қол ақша ағынына байланысты проблемаларды және бiлу және инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатын төлеудi жүзеге асыруға әзiр тұру болып табылады. 
      4. Инвестициялық жоба бойынша бюджеттiк бағдарламаның әкiмi - заем/грант туралы келiсiм бойынша* Атқарушы Агенттiк болып табылатын, бюджеттiк бағдарламаны мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жоба бойынша іске асыратын мемлекеттiк мекеме (бұдан әрі - Әкім) ------------------------- 
      * - Осы жерде және бұдан әрі жобаларды дайындауға аванстар беру туралы келісім-хаттар да заем туралы келісім деп айтылады 

 
      5. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына мемлекеттік сыртқы заемның/гранттың қаражатын авансылаудың ең жоғары лимиті Заем/грант туралы келісімде айтылатын санкцияланған сома деп аталады. 
      6. Мөлшерлі шығыстар - тауарларды, қызметті, жұмысты сатып алуға арналған және инвестициялық жобаға әкімшілік жүргізуге арналған шығыстар оны қаржыландыру заем туралы тиісті келісімде көзделген. 
      7. Шетелдік несие беруші/донор - Қазақстан Республикасының Үкіметіне заем/грант қаражатын ұсынатын Халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдар, шет мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік банктер. 
      8. Қойылатын қолдардың бiрiншi тобы - республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік сыртқы заем/грант қаражатын пайдалануды реттеу мақсатында мемлекеттік сыртқы заемның/гранттың есепшотынан қаражат алуға арналған өтінімдерге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалардың қолдары. 
      9. Қойылатын қолдардың екінші тобы - мемлекеттік сыртқы заемның/гранттың есепшотынан қаражат алуға арналған өтінiмдерге қол қоюға уәкілеттік берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мақсатты пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлғалардың қолдары. 
      Бұл анықтамалар тек осы Нұсқаулыққа ғана қатысты қолданылады. 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ЕСЕПШОТЫН АШУ 

      10. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын тек заем/грант туралы келісімнің және осы Нұсқаулықтың шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен ғана ашуға болады. 
      11. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын Әкiм Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің бірінде ашады. Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржы министрлiгі) белгілеген өлшемдер бойынша Инвестициялық жобалардың арнайы есепшоттарын ашу үшін Қаржы министрлігіне екінші деңгейдегі банктердің тізімдерін ұсынады. 
      12. Инвестициялық жобалардың арнайы есепшоттарын ашу үшiн екiншi деңгейдегi банктердiң тiзiмiн Қаржы министрлiгi Әкiмге ресми түрде сұрауы бойынша 30 күн iшiнде бередi. 
      13. Екiншi деңгейдегi банкте Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) екiншi деңгейдегi банкте Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашу үшiн Әкiмге берген рұқсаттың негiзiнде екiншi деңгейдегi банк пен Әкiм арасындағы банктiк есепшоттың шарты (бұдан әрi - шарт) бойынша жүргiзiледi (1-қосымша). Бұл ретте шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалған болуы тиiс. 
      14. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашуға арналған рұқсат бiр жыл мерзiмге берiледi. Рұқсат берудi, сондай-ақ рұқсаттың қолданылу мерзiмiн ұзартуды Әкiмшiнiң ресми түрде сұрауы бойынша Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнiң (бұдан әрi - Мемлекеттiк қарыз алу департаментi) өтiнiш-хаты негiзiнде 20 күн iшiнде Қазынашылық комитетi жүргiзедi. Бұл ретте өтiнiш-хат мынадай ақпаратты қамтуы тиiс: 
      Әкiмнiң толық атауы; 
      мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың атауы; 
      заем/грант туралы келiсiмнiң нөмiрi, сомасы және қол қойылған Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашу заем/грант туралы келiсiмнiң шарттарында көзделгендiгi туралы растама; 
      Әкiмдi қаржыландыруға жұмсалатын бюджеттiң түрi; 
      осы Нұсқаулықтың 19-тармағына қатысты ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттар Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ашылатындығына растама; 
      рұқсаттың қолданылатын мерзімін ұзартуға қатысты - ұзарту қажет болатын себептер. 
      15. Шарт жасасу үшiн Әкiм екiншi деңгейдегi банкке: 
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген қолдары мен мөртаңбаларының үлгiлерi бар құжатты; 
      Әкiмнiң салықтық есепке тұру фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген белгiленген нысандағы құжатты; 
      Әкiмнiң мемлекеттiк тiркеуден өту (қайта тiркелу) фактiсiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесiн; 
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген Әкiм туралы ереженiң көшiрмесiн; 
      Қазынашылық комитетiнiң Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашуға берген рұқсатын; 
      осы Нұсқаулықтың 19-тармағына сәйкес Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттар ашқан кезде Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшоттар ашуға берiлген рұқсатты ұсынуы тиiс. 
      16. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты заем/грант туралы келiсiмде айтылған шетелдiк валютамен жүргiзiледi. 
      17. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашқан кезде Әкiм есепшоттың арнайы сипаты туралы және ашылатын банктiк есепшот мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатынан қаржыландырылатын Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты болып табылатындығы туралы екiншi деңгейдегi банктi хабардар етуi тиiс. 
      18. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты жүргiзiлетiнiнен өзгеше ұлттық валютамен және шетелдiк валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн Әкiм сол екiншi деңгейдегi банкте:
      ұлттық валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк есепшот;
      Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты жүргiзiлетiнiнен өзгеше шетелдiк валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына валюталық есепшот аша алады.
      19. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшот ашу екiншi деңгейдегi банкте Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшот ашуға Қазынашылық комитетi берген рұқсаттар негiзiнде ғана осы Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес жүргiзiледi (2 және 3-қосымшалар). Мұндай рұқсаттарды беру осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес жүргiзiледi.

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ЕСЕПШОТЫН ЖYРГIЗУ

      20. Екiншi деңгейдегi банкте Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын ашқаннан кейiн Әкiм мемлекеттiк сыртқы заемды/грантты авансылау қаражатын Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотының бастапқы авансы және кейiнгi аванстық толықтырулар санкцияланған сома шегiнде жүзеге асырылады. 
      21. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотының бастапқы авансын және кейiнгi толықтыруларды, сондай-ақ Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан мемлекеттiк сыртқы заемды/грантты авансылау қаражатын жұмсау жөнiндегi есептi тiркеу үшiн Әкiм шетелдiк несие берушiге/донорға қолдардың бiрiншi тобында Қаржы министрлiгi, ал қолдардың екiншi тобында Әкiм куәландырған заем/грант туралы келiсiмде айтылған нысан бойынша және рәсiмдерге сәйкес тиiстi өтiнiм жасауы тиiс. 
      22. Толықтыруға арналған немесе Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан мемлекеттiк сыртқы заемды/грантты авансылау қаражатын жұмсау туралы есеп бойынша өтiнiмдерде бiрiншi топтың қолдарын алу үшiн Әкiм Қаржы министрлiгiне заем/грант туралы келiсiм бойынша қабылданған рәсiмдерге сәйкес шетелдiк несие берушiге/донорға мiндеттi түрде берiлетiн құжаттарды, сондай-ақ Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан есептi сома бойынша Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшоттың қаражатын есептен шығаруға арналған төлем тапсырмаларының көшiрмелерiн екiншi деңгейдегi банкке беруi тиiс. Бұл ретте Қаржы министрлiгi Әкiмнен есептi сома бойынша кез келген басқа құжаттарды беруiн сұрауға құқылы. 
      23. Толықтыруға берiлген өтiнiмдердi немесе Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан мемлекеттiк сыртқы заемды/грантты авансылау қаражатын жұмсау туралы есеп бойынша өтiнiмдердi Әкiм шетелдiк несие берушiге/донорға кемiнде үш айда бiр рет немесе заем/грант туралы келiсiмде көзделген өзге мерзiмде жiберiп отыруы тиiс. Әкiм осы шартты бұзған жағдайда Қаржы министрлiгi ол жағдай жөнделгенге дейiн мемлекеттiк сыртқы заемның есепшотынан қаражат алуды тоқтата тұруға құқылы. 
      24. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына осы есепшоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк сыртқы заемның/гранттың қаражатынан авансыланатын толықтырулардан өзге қаражатты есепке алуға болмайды. 
      25. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшотқа осы есепшоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан ұлттық немесе шетелдiк валютамен инвестициялық жоба бойынша шығыстарды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк сыртқы заемды авансылаудың айырбасталынған қаражатынан өзге қаражатты есепке алуға болмайды. 
      26. Әкiмнiң Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшоттан төлемдердi жүзеге асыруы тек заем/грант туралы келiсiмде айтылған шарттарға және мақсаттарға сәйкес жүргiзiлуi тиiс. 
      27. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшот бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың негiзiнде екiншi деңгейдегi банк жүргiзедi. 
      28. Шартқа сәйкес екiншi деңгейдегi банк Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы немесе Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшоттағы қалдыққа есептелетiн сыйақыларды (мүдделердi), сондай-ақ шартқа сәйкес екiншi деңгейдегi банк төлейтiн өсiмақыларды тиiсiнше 201204 және 203109 кодтар бойынша екiншi деңгейдегi банктiң республикалық бюджетке есепке алуы тиiс. Бұл ретте екiншi деңгейдегi банктiң республикалық бюджетке мұндай төлемдердi жасау мiндетi шартта көзделуi тиiс. 
      Қаржы министрлiгi кемiнде тоқсанына бiр рет Әкiмнiң атынан шартта белгiленген тәртiппен республикалық бюджетке тиесiлi төлемдер жасалатын шарттың ережелерiн екiншi деңгейдегi банктiң орындауы бойынша тексерудi жүзеге асыруға құқылы. 
      29. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты бойынша, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына теңгелiк немесе валюталық есепшот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе осы есепшоттардағы ақшаға тыйым салу банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұруға немесе екiншi деңгейдегi банк клиентiнiң банктiк есепшоттағы ақшасына тыйым салу құқығын иеленетiн уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерiнiң (қаулыларының) негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. 
      Әкiмге Қазынашылық комитетi осы есепшоттарды ашуға берген рұқсаттардың қолданылу мерзiмi аяқталған жағдайда, екiншi деңгейдегi банк шартта көзделген тәртiппен Арнайы есепшот бойынша, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына теңгелiк немесе валюталық есепшоттар бойынша операцияларды тоқтатады. 
      30. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты бойынша, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына теңгелiк немесе валюталық есепшот бойынша шығыс операциялары тоқтатылған жағдайда Әкiм үш күндiк мерзiмде мұндай жазалау шаралары қолданылатыны туралы Қаржы министрлiгiн хабардар етуге мiндеттi. 
      31. Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк немесе валюталық есепшот бойынша операцияларды жаңарту уәкiлеттi органдардың осы есепшоттардағы ақшаға тыйым салу немесе осы есепшоттардағы шығыс операцияларын тоқтату туралы шешiмдердiң (қаулылардың) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде жүргiзiледi. 
      Әкiм екiншi деңгейдегi банкке Қазынашылық комитетiнен шартта көзделген тәртiппен осы есепшоттарды ашуға арналған рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша хабарлама ұсынған жағдайда, екiншi деңгейдегi банк Инвестициялық жобаның арнайы есепшоты бойынша, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына теңгелiк немесе валюталық есепшоттар бойынша жаңартады 

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ЕСЕПШОТЫН ЖАБУ  

      32. Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттарды екiншi деңгейдегi банк Әкiмнiң осы есепшоттарды ашуына Қазынашылық комитетi берген рұқсат қайтарып алынған жағдайда шартта көзделген тәртiппен жабады. 
      33. Қазынашылық комитетiнiң Инвестициялық жобаның арнайы есепшотын, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттарды ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуы Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнiң өтiнiш-хатының негiзiнде мынадай жағдайларда жүргiзiледi: 
      заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн Әкiм таратылған немесе қайта ұйымдастырылғанда; 
      мемлекеттiк сыртқы заем/грант жабылғанда. Бұл ретте Әкiм шетелдiк несие берушi/донор алдында Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан мемлекеттiк сыртқы заемды/грантты авансылау қаражатының заем/грант туралы келiсiмде көзделген рәсiмдерге сәйкес жұмсалуы жөнiнде есеп беруге, ал Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттардағы пайдаланылмаған қалдықты мемлекеттiк сыртқы заем/грант есепшотына аударуға мiндеттi; 
      шарттың қолданылуы тоқтатылғанда; 
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi. 

5. ЕСЕП БЕРУ  

      34. Ай сайын есеп берiлетiн кейiнгi айдың онына дейiн Әкiм Қаржы министрлiгiне Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы қаражаттың қозғалысы туралы (4-қосымша) екi данада есеп беруi тиiс, оның бiреуi Мемлекеттiк қарыз алу департаментiне, ал екiншiсi Қазынашылық комитетiне жiберiледi. Бұл ретте Әкiм Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы қаражаттың қозғалысы туралы есеппен бiрге мыналарды: 
      Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы қаражаттың қозғалысы туралы есеппен байланыстырылатын, дәл сол нысанда Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және/немесе валюталық есепшоттардағы қаражаттың қозғалысы туралы есептi (5 және 6-қосымшалар); 
      Әкiмнiң банктiк есепшоттарынан есептi кезеңнiң аяғында Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және/немесе валюталық есепшоттағы қалдықтарды растайтын көшiрмелердi беруi тиiс. 
      35. Қаржы жылы аяқталған соң келесi жылдың оныншы қаңтарына дейiн Әкiм Қаржы министрлiгiне осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көзделген тәртiппен Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы қаражаттың қозғалысы туралы жылдық есеп бередi (4-қосымша). 
      36. Қаржы министрлiгiне Инвестициялық жобаның арнайы есепшотындағы, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелiк және валюталық есепшоттардағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп берудiң алдында осы Нұсқаулықтың 34 және 35-тармақтарына сәйкес, есептi деректердегi ықтимал алшақтықтарды реттеу мақсатында Әкiм осы есепшоттарға қызмет көрсетiлетiн екiншi деңгейдегi банкпен бiрге оларға салыстыру жүргізуі тиіс. Бұл ретте мұндай салыстыру екінші деңгейдегі банктің белгілерімен расталуы тиіс.
      37. Әкім шарт жасасқан кезде екінші деңгейдегі банктің әрбір айдың 15 және 30-күндеріндегі жағдай бойынша Қазынашылық комитетіне Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан, Инвестициялық жобаның арнайы есепшотына ағымдағы теңгелік және/немесе валюталық есепшоттан есепті кезеңде Әкім жүргізген барлық операциялар көрсетілетін көшірмелерді беру міндетін көздеуі тиіс.

6. ЖАУАПКЕРШІЛІК

     38. Әкім мемлекеттік сыртқы заем қаражатын Инвестициялық жобаның арнайы есепшотынан жұмсаған немесе оны толықтырған кезде оның мақсатты пайдалануы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.

1-қосымша

 

                ----ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң бланкiсi----

                                       ________________________________

                                            (Қазақстан Республикасының

                                         екiншi деңгейдегi банкiнiң атауы)

                                РҰҚСАТ

 

____________________________________________________бюджетте ұсталатын

______________________________________________________________________

                      (мемлекеттiк мекеменiң атауы)

______________________________________________________________________

                     (қаражаттың түсу көзi мен түрi)

_______________________________________________________есепке алу және

__________________________________________________инвестициялық жобаны

        (инвестициялық жобаның атауы)

iске асыру мақсаттарына жұмсау үшiн Инвестициялық жобаның арнайы 

шотын ашуға (Инвестициялық жобаның арнайы шотының әрекет ету мерзiмiн 

ұзартуға) рұқсат етiледi. Көрсетiлген қаражаттың түсуі және жұмсалуы

______________________________________________________________________

(Заем/грант туралы келісiмнiң немесе осы қаражатты алу мүмкiндiгiн

қамтамасыз ететiн басқа да құқықтық кесiмдердiң нөмiрi мен күні)

негiзiнде жүргiзiледi.

 

 

     ҚР Қаржы министрлiгi

     Қазынашылық комитетiнiң басшысы                 ____________ 

                                                        (қолы)

     Қаржылық болжамдар және

     үкiметтiк борыш пен резервке                         М.О.

     қызмет көрсету басқармасының 

     бастығы                                          ____________

                                                         (қолы)

 

               ҚР ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКIНIҢ БЕЛГIЛЕРI

 

    Рұқсат 200__ жылғы "___"_________алынды.

 

    Шот N _________________________________

 

    Операциялық басқарманың бастығы                    ____________

                                                          (қолы)

2-қосымша  

 

                  ----ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң бланкiсi----

                                        ________________________________

                                             (Қазақстан Республикасының

                                         екiншi деңгейдегi банкiнiң атауы)

                                  РҰҚСАТ

 

_______________________________________________________бюджетте ұсталатын

_________________________________________________________________________

                       (мемлекеттiк мекеменің атауы)

_________________________________________________________________________

                      (қаражаттың түсу көзi мен түрі)

__________________________________________________________есепке алу және

_____________________________________________________инвестициялық жобаны

                 (инвестициялық жобаның атауы)

 

iске асыру мақсаттарына жұмсау үшiн Инвестициялық жобаның арнайы 

шотына ағымдағы теңгелiк шот ашуға (Инвестициялық жобаның арнайы шотының 

әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етiледi. Көрсетiлген қаражаттың түсуi 

және жұмсалуы

_________________________________________________________________________

(Заем/грант туралы келiсiмнiң немесе осы қаражатты алу мүмкiндiгiн

қамтамасыз ететiн басқа да құқықтық кесiмдердiң нөмiрi мен күнi)

негiзiнде жүргiзiледi.

 

 

     ҚР Қаржы министрлiгi

     Қазынашылық комитетiнiң басшысы              _______________ 

                                                       (қолы)

     Қаржылық болжамдар және

     үкiметтiк борыш пен резервке

     қызмет көрсету басқармасының                       М.О.

     бастығы                                       ______________

                                                       (қолы)

 

                ҚР ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКIНIҢ БЕЛГIЛЕРI

 

    Рұқсат 200__ жылғы "___"_________алынды.

 

    Шот N _________________________________

 

    Операциялық басқарманың бастығы                    ____________

                                                          (қолы)

                                                          М.О.

 

 

                                                            3-қосымша

 

                ----ҚР ҚМ Қазынашылық комитетiнiң бланкiсi----

                                        ________________________________

                                             (Қазақстан Республикасының

                                         екiншi деңгейдегi банкiнiң атауы)

                                  РҰҚСАТ

 

_______________________________________________________бюджетте ұсталатын

_________________________________________________________________________

                       (мемлекеттiк мекеменің атауы)

_________________________________________________________________________

                      (қаражаттың түсу көзi мен түрі)

__________________________________________________________есепке алу және

_____________________________________________________инвестициялық жобаны

                 (инвестициялық жобаның атауы)

 

iске асыру мақсаттарына жұмсау үшiн Инвестициялық жобаның арнайы 

шотына (валютаның атауы) шот ашуға (Инвестициялық жобаның арнайы шотының 

әрекет ету мерзiмiн ұзартуға) рұқсат етiледi. Көрсетiлген қаражаттың түсуi 

және жұмсалуы

_________________________________________________________________________

(Заем/грант туралы келiсiмнiң немесе осы қаражатты алу мүмкiндiгiн

қамтамасыз ететiн басқа да құқықтық кесiмдердiң нөмiрi мен күнi)

негiзiнде жүргiзiледi.

 

     ҚР Қаржы министрлiгi

     Қазынашылық комитетiнiң басшысы              _______________ 

                                                       (қолы)

     Қаржылық болжамдар және

     үкiметтiк борыш пен резервке

     қызмет көрсету басқармасының                       М.О.

     бастығы                                       ______________

                                                       (қолы)

 

                ҚР ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКIНIҢ БЕЛГIЛЕРI

     

    Рұқсат 200__ жылғы "___"_________алынды.

 

    Шот N _________________________________

 

    Операциялық басқарманың бастығы                    ____________

                                                          (қолы)

                                                           М.О.

     

     

                                                           4-қосымша

     

     ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ШОТЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ    

                                   ЕСЕП

                          200___жылғы __________

     

     ЗАЙМ N:

     БАНК:

     ӘКІМШІ:

     

___________________________________________________________________________

NN        Кіріс қалдық        !                  Түсімдер   

___________________________________________________________________________

   шот валю.!бағамы !теңгемен ! Күні! Жөнелтуші! шот валю.!бағамы!теңгемен 

   тасында  !       !         !     !          !  тасында !      !

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ     

___________________________________________________________________________

  

 

 

 

 

Таблицаның жалғасы

___________________________________________________________________________

       Шығыс                                   !     Шығыс қалдық     

___________________________________________________________________________

Күні! Бенефи.!Төлемнің ! шот   !бағамы !теңге. ! шот   ! бағамы !теңге.    

    ! циар   !тағайын. !валюта.!       ! мен   !валюта.!        ! мен

    !        ! дауы    ! сында !       !       !сында  !        !

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ     

___________________________________________________________________________

     

     

Ескертулер: - Осы есепке инвестициялық жоба бойынша

              бюджеттік бағдарлама әкімшісінің

              бірінші басшысы не оның орынбасарларының

              бірі қол қоюы тиіс;

            - Есепте ҚР Ұлттық Банкінің операция күнгі

              бағамы қолданылсын

     

                              Екінші деңгейдегі банктің белгілері

                       

                              Шот:________________

 

                              Операциялық басқарманың бастығы  _________

                              

                              Жауапты орындаушы                  _________

                                                                    М.О.

     

     

                                                            5-қосымша

     

                 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ШОТЫНА ТЕҢГЕМЕН         

             N _________ ШОТТАРЫ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

                          200___жылғы __________

     

     ЗАЙМ N:

     БАНК:

     ӘКІМШІ:

     

___________________________________________________________________________

NN        Кіріс қалдық        !                  Түсімдер   

___________________________________________________________________________

   теңгемен!бағамы !АҚШ долл. ! Күні! Жөнелтуші!теңгемен!бағамы!АҚШ долл.  

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ     

___________________________________________________________________________

  

 

 

 

 

Таблицаның жалғасы

___________________________________________________________________________

               Шығыс                           !     Шығыс қалдық     

___________________________________________________________________________

Күні! Бенефи.!Төлемнің ! теңге. !бағамы ! АҚШ  ! теңге. ! бағамы ! АҚШ

    ! циар   !тағайын. !  мен   !       !долл. !  мен   !        ! долл.

    !        ! дауы    !        !       !      !        !        !

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ     

___________________________________________________________________________

     

     

Ескертулер: - Осы есепке инвестициялық жоба бойынша

              бюджеттік бағдарлама әкімшісінің

              бірінші басшысы не оның орынбасарларының

              бірі қол қоюы тиіс;

            - Есепте ҚР Ұлттық Банкінің операция күнгі

              бағамы қолданылсын

     

                              Екінші деңгейдегі банктің белгілері

                       

                              Шот:________________

 

                              Операциялық басқарманың бастығы  _________

                              

                              Жауапты орындаушы                  _________

                                                                    М.О.

 

 

 

                                                            6-қосымша

     

     ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АРНАЙЫ ШОТЫНА (ВАЛЮТАНЫҢ АТАУЫ) N _________     

               ШОТТАРЫ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

                          200___жылғы __________

     

     ЗАЙМ N:

     БАНК:

     ӘКІМШІ:

     

___________________________________________________________________________

NN        Кіріс қалдық          !                 Түсімдер   

___________________________________________________________________________

   шот   !АҚШ  ! АҚШ !тең. !тең.!Күні!Жөнел.! шот  !АҚШ  !АҚШ  !тең. !тең. 

   валю. !долл.!долл.!геге !ге. !    !туші  !валю. !долл.!долл.!геге !гемен

   тасын.!бағам!     !бағам!мен !    !      !тасын.!бағам!     !бағам!

   да    !     !     !     !    !    !      !да    !     !     !     !

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ     

___________________________________________________________________________

                   

     

 

 

Таблицаның жалғасы

___________________________________________________________________________

               Шығыс                         !     Шығыс қалдық     

___________________________________________________________________________

Күні!Бене.!Төлем.!шот. !АҚШ  !АҚШ  !тең. !тең!шот  !АҚШ  !АҚШ  !тең. !тең. 

    !фици.!нің   !валю.!долл.!долл.!ге.  !ге.!валю.!долл.!долл.!ге.  !ге.  

    !ар   !тағай.!та.  !бағам!     !бағам!мен!та.  !бағам!     !бағам!мен

    !     !ындауы!сында!     !     !     !   !сында!     !     !     !  

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ЖИЫНЫ

___________________________________________________________________________

     

 

Ескертулер: - Осы есепке инвестициялық жоба бойынша

              бюджеттік бағдарлама әкімшісінің

              бірінші басшысы не оның орынбасарларының

              бірі қол қоюы тиіс;

            - Есепте ҚР Ұлттық Банкінің операция күнгі

              бағамы қолданылсын

     

                              Екінші деңгейдегі банктің белгілері

                       

                              Шот:________________

 

                              Операциялық басқарманың бастығы  _________

                              

                              Жауапты орындаушы                  _________

                                                                    М.О.

     

    Мамандар:

       Икебаева А.Ж.

       Жұманазарова А.Б.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады