Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1507. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N  2335  және "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N  2732  заң күшi бар Жарлықтарын iске асыру мақсатында 
                               БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 2000 жылғы 1 маусымдағы N  266  бұйрығымен бекiтiлген қоса берiлiп отырған 
"Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлігiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесi" енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
      2. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған Ережеге өзгерiстер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырсын. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Е.А.Досаевқа жүктелсiн. 
      4. Ережеге осы өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Министр 

Қазақстан Республикасы         
Қаржы министрлігінің          
2001 жылғы 28 ақпандағы        
N 104 бұйрығымен           
бекітілді               

  Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде 
мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар 

       2-тарауда "Кiрiстер мен шығыстарды есепке алу": 
      7-тармақта "қаражатты" деген сөз "соманы" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қаражаттың түсуi" деген сөздер "ақшаның түсуi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      10-тармақтың бiрiншi абзацында: 
      бiрiншi сөйлем мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Қосылған құнға салынатын салық сомасына 331 "Өтеуге ҚҚС" шотының дебетi және 671 "Берушілермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 441 "Есеп шот" шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзіледi және тағы сол сияқты"; 
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "12-1. Есепке алынуға жататын ҚҚС-тың сомасы 633 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының дебетi және 331 "Өтеуге қосылған құнға салынатын салық" шотының кредитi бойынша көрсетiледi"; 
      3-тараудағы "Есептiлiк": 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14. Кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiнiң көлемiне бухгалтерлiк баланспен, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеппен, ақша қозғалысы туралы есеппен және қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбамен бiрге "Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп", "Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы есеп" (1, 2-қосымшаларға сәйкес) мамандандырылған нысандары енгiзiледi.". 
      Мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын: 
      "4. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi толтыру тәртiбi 
      16. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген түсiмдер мен шығыстар туралы ақпаратты пайдаланушыға беру болып табылады. 
      17. 1-бағанда "Көрсеткiш" бюджеттен бөлiнген ақша түсiмдерiнiң көрсеткiштерi, оларды шығыстардың түрлерi бойынша пайдалану, сондай-ақ бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасы және жұмсалмаған ақша сомасы қалдықтарының немесе оның соңғы есептi кезеңдегi жұмсалу көрсеткiштерi келтiрiлдi.
     18. 2-бағанда "жолдың N" жолдардың нөмiрлерi келтiрілген.
     19. 3-бағанда "Смета бойынша бекiтiлгенi" мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi уәкiлеттi органның сметасы бойынша бекiтiлген бюджет қаражатының сомасы көрсетiледi.
     20. 4-бағанда "Iс жүзiндегi түсiмдер мен шығыстар" бюджеттен бөлiнген ақшаның iс жүзiндегi түсуi және жұмсалуы көрсетiледi.
     21. 5-бағанда "Ауытқуы" 3-баған мен 4-бағанның арасындағы айырмашылық ретiнде анықталатын смета бойынша бекiтiлген iс-жүзiндегi түсiмдер мен шығындар сомасының ауытқуы көрсетiледi.
     22. 001 жол бойынша бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасының қалдығы көрсетiледi.
     23. 010 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен алынған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
     24. 020 жол бойынша 030 бастап 260-жолдардың сомасына тең мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген жұмсалған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
     25. 270 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған сомасы немесе мынадай түрде анықталған оның артық жұмсалуы көрсетiледi: 001-жол + 010-жол - 020-жол."
     Сол сияқты, мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
     "5. Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған 
         кредиторлық берешек туралы есептi толтыру тәртiбi    

      26. Есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген пайдаланушыларға мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы ақпаратты беру болып табылады. 
      27. 1-бағанда "Кредитордың атауы" мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде туындаған алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн есептемелер бойынша еңбекақы төлеу және төленген салық және басқа да мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туындаған заңды және жеке тұлғалар көрсетiледi. 
      28. 2-бағанда "Бастапқы есептi кезеңдегi қалдық" бастапқы есептi кезеңдегi кредиторлық берешектiң қалдығы көрсетiледi. Осы бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы бухгалтерлiк есептiң деректерiн белгiленген тәртiппен түзеткен жағдайларды қоспағанда, есептi кезең iшiнде өзгермеуi тиiс. 
      29. 3-бағанда "Есептi кезеңдегi берешек" есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi.
      30. 4-бағанда "Есептi кезеңде өтеу" есептi кезеңдегi кредиторлық берешектi өтеу сомасы көрсетiледi.
      31. 5-бағанда "Берешектiң барлығы" 4-бағанды шегергенде 2 және 3-бағандардың сомасын көрсететiн соңғы есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      "Мемлекеттік тапсырысты орындауға бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп" қосымшасында:
     "Қосымша" деген сөздің алдынан "1" деген санмен толықтырылсын;
     001 деген жолмен толықтырылсын және ол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бастапқы есепті кезеңдегі ақша сомасының қалдығы";
     010 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Мемтапсырысты орындауға бюджеттен бөлінген ақшаның түсуі";
      2-бағандағы "080" деген саннан кейінгі "190" деген саны "090" деген санмен ауыстырылсын;
     270-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Пайдаланылмаған ақша сомасының қалдығы немесе оның есепті кезең аяғындағы артық жұмсалуы (001-жол + 010-жол - 020-жол)".     

 2-қосымша         

             МЕМЛЕКЕТТIК ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРIНДЕ ПАЙДА 
              БОЛҒАН КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ТУРАЛЫ ЕСЕП 

Ұйымның атауы______________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________жылға арналған
Ұйым қызметiнiң түрi________________________________________________
____________________________________________________________________

Уәкiлеттi орган_____________________________________________________
____________________________________________________________________  Мемтапсырыстың атауы________________________________________________
____________________________________________________________________  Өлшем бiрлiгi_______________________________________________________
____________________________________________________________________
Кредитордың атауы   Бастапқы     Есептi     Есептi     Берешектiң
                     есептi     кезеңдегi  кезеңдегi     барлығы
                    кезеңдегi    берешек     өтеу        (2+3-4)
                     қалдық 
____________________________________________________________________        1                2           3          4            5
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________  Жиыны:
____________________________________________________________________       Басшы      _____________          _____________
                   (қолы)               (қолдың иесi)
     Бас бухгалтер  _____________        _____________
                      (қолы)              (қолдың иесi)     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады