Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1524. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 57 қаулысымен (V042858).

      Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, ережеге өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
N 109 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 
1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi 
қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар  

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Ереженiң 1-тармағы: 
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "3-1) уәкiлеттi бөлiмше - Ұлттық Банктiң атынан бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есептеу жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ қайта есептелген вексельдерге байланысты басқа да операцияларды жүзеге асыратын Ұлттық Банктiң бөлiмшесi;"; 
      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: 
      "3-2) бiрiншi сыныпты эмитент - Қазақстан Республикасының аумағында вексель шығаратын, қаржылық жағдайы тұрақты және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бiрiншi сыныпты эмитенттер қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары.". 
      2. Ереже мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "15-1. Ұлттық Банк вексельдердi қайта есептеген кезде банктен вексельге "шығынсыз айналым", "қарсылықсыз" деген ескертпелер немесе Ұлттық Банктiң керi талап ету құқығын жүзеге асыру үшiн акцептемеуде немесе төлем жасамауда оны қарсылық жасаудан босататын ескертпелерге тең кез келген басқа да ескертпелердi енгiзудi талап етуге құқылы.". 
      3. Ереженiң 16-тармағындағы: 
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) банктiң тиiстi сенiмхаты бар банктiң уәкiлеттi адамы және Ұлттық Банктiң вексельдердi қайта есептеуге жауапты бөлiмшесiнiң қызметкерi (бұдан әрi - жауапты қызметкер) қол қойған, екi дана етiп жасалған вексельдердi қабылдау-өткiзу актiсi және вексельдердiң тiзiлiмi. Вексельдердiң қабылдау-өткiзу актiсi мен тiзiлiмi сондай-ақ электронды жазбада берiледi (осы Ережеге NN 2, 2-1) қосымша)."; 
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4) вексельдi пайдаланып тауарға төлем жасау көзделген шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;"; 
      5) тармақша алынып тасталсын. 
      4. Ереженiң 18-тармағы алынып тасталсын. 
      5. Ереженiң 19-тармағы ", вексельдiң мiндеттi түрде болуға тиiстi деректемелерiнiң тiптi бiреуiнiң болмауына немесе бүлiнуiне әкеп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және басқа) ақаулары бар вексель болса, мұндай вексель қайта есептеуге қабылданбайды." деген сөздермен толықтырылсын.
     6. Ереженiң 20 тармағындағы "15" саны "10" санымен ауыстырылсын.
     7. Ереженiң 21-тармағындағы "Ұлттық Банк органының тиiстi шешiмiнiң көшiрмесiн бередi" деген сөздер "вексельдердiң сараптамадан өткiзiлгенi және вексельдердiң қайта есептеуге қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны бередi (осы Ережеге N 2-2 қосымша)." деген сөздермен ауыстырылсын.
     8. Ереженiң 5 және 6-тараулары алынып тасталсын.
     9. Ереженiң 42-тармағы алынып тасталсын.
     10. Ереженiң N 2 қосымшасы осы Өзгерiстер мен толықтырулардың N 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
     11. Ереже осы Өзгерiстер мен толықтыруларға N 2, 3 қосымшалардың редакциясына сәйкес NN 2-1, 2-2 қосымшалармен толықтырылсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

"Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкi Басқармасының     
1999 жылғы 15 қарашадағы      
N 395 қаулысымен бекiтiлген    
Қазақстан Республикасы Ұлттық   
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне" Қазақстан     
Республикасының Ұлттық Банкi   
Басқармасының 2001 жылғы 20   
сәуiрдегi N 109 қаулысымен    
бекiтiлген өзгерiстер мен    
толықтыруларға          
N 1 қосымшаға:        

"Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкi Басқармасының     
1999 жылғы 15 қарашадағы      
N 395 қаулысымен бекiтiлген     
Қазақстан Республикасы Ұлттық    
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен 
толықтыруларға          
N 2 қосымша          

__________________________________________Қазақстан Республикасының
           (есеп кеңсесiнiң атауы)

Ұлттық Банкiне қайта есептеуге берген вексельдерiнiң қабылдау-өткiзу актiсi

200__жылғы "___" __________    Алматы қаласы 

  

_________________________________________________________________
N  Вексель.  Вексель.  Вексель  Вексель  Вексель  Вексель бойынша  Авалист
    дің        дің      жасау   беруші   сомасы     белгіленген    (егер
   сериясы   нөмірі     күні                       төлем мерзімі    болса)
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
                 Жалпы номиналдық сомасының барлығы:
                 Вексель санының барлығы (дана):

Құжаттарды өткізді:__________       Құжаттарды қабылдады:____________

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне" Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20
сәуiрдегi N 109 қаулысымен
бекiтiлген өзгерiстер мен
толықтыруларға 
N 2 қосымшаға:
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен
толықтыруларға
NN 2-1 қосымша

________________________Қазақстан Республикасының 
(есеп кеңсесінің атауы)
Ұлттық Банкіне қайта есептеуге берген вексельдерінің тізілімі

_________________________________________________________________________
N  Вексельдің   Вексель.   Вексель  Вексель   Төлем  1-вексель  2-вексель
   сериясы мен   ді жасау   беруші,  сомасы   мерзімі  ұстаушы,   ұстаушы,
     нөмірі      күні       оның    (теңге)            оның       оның
                            мекен-                    мекен-      мекен- 
                            жайы                      жайы        жайы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
      Таблицаның жалғасы  
_______________________________
  3-вексель       4-вексель 
ұстаушы, оның   ұстаушы, оның 
 мекен-жайы      мекен-жайы 
_______________________________
_______________________________

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне" Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының 2001 жылғы 20
сәуiрдегi N 109 қаулысымен
бекiтiлген өзгерiстер мен
толықтыруларға 
N 3 қосымшаға:
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен
толықтыруларға
NN 2-2 қосымша

ХАБАРЛАМА

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банктің қайта есептеуге берген 
вексельдеріне сараптама жүргізу қорытындысы бойынша,
     NN________________________________________________ вексельдерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге қабылдайтынын;    
    NN________________________________________________ вексельдерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге
қабылдамайтынын хабарлайды.
     Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге 
қабылдайтын вексельдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
пайдасына иноссамент қоюға тиіс.    

     Уәкілетті бөлімшенің
        директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады