Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiн бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 395. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 желтоқсанда N 1014 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 57 қаулысымен (V042858).

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдерді қайта есептеу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есептеу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есептеуі туралы ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкінде вексельдермен операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету ережесінің жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің қарауына ұсынсын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.     

      Ұлттық банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi
қайта есептеу ережесi

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) коммерциялық аударым және жай вексельдердi (бұдан әрi - вексельдер) қайта есептеу тәртiбiн реттейдi.     

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
     1) вексельдердi қайта есептеу - Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктерден - есеп кеңсесiнен (бұдан әрi - банк) олар есепке алған вексельдердi төлем мерзiмi басталғанға дейiн есеп кеңсесiне вексель сомасын төлей отырып және оның белгiлi бiр бөлiгiн ұстап қала отырып (дисконт) индоссамент бойынша қабылдау; 
      2) бланктiк индоссамент - вексель берiлетiн адам көрсетiлмеген немесе индоссанттың қолы ғана бар индоссамент; 
      3) вексель көшiрмесi - бұл вексельде бар индоссаменттермен және барлық басқа да белгiлерiмен қоса, оның түпнұсқасының дәл түсiрiлген көшiрмесi. Онда сондай-ақ қолында вексельдiң түпнұсқасы бар адам көрсетiледi. 
      Ұлттық Банк вексельдердi қайта есептеудi ақша-кредит саясаты мақсатына сәйкес жүзеге асырады және жүргiзiлетiн операциялар көлемiн дербес анықтайды; 
      3-1) уәкiлеттi бөлiмше - Ұлттық Банктiң атынан бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есептеу жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ қайта есептелген вексельдерге байланысты басқа да операцияларды жүзеге асыратын Ұлттық Банктiң бөлiмшесi;  
      3-2) бiрiншi сыныпты эмитент - Қазақстан Республикасының аумағында вексель шығаратын, қаржылық жағдайы тұрақты және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бiрiншi сыныпты эмитенттер қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары. 
       Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109  қаулысымен .
      2. Ұлттық Банк вексель сомасының бiр бөлiгiн Ұлттық Банктiң ресми есептiк (дисконт) ставкасына сәйкес ұстайтын болады. 
      3. Ұлттық Банк ресми есептiк (дисконттық) ставканы ақша рыногының жалпы жай-күйiне және кредит бойынша сұраныс пен ұсынысқа байланысты анықтайды. Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясаты шеңберiнде банктердiң есептiк (дисконт) ставкасына ықпал ету үшiн есептiк (дисконт) ставканы жүзеге асырады. 
      4. Вексельдердi қайта есептеудi Ұлттық Банктiң уәкiлеттi бөлiмшелерi жүзеге асырады. Ұлттық Банктiң филиалдары қайта есептеуге байланысты операцияларды Ұлттық Банк Төрағасының не Ұлттық Банктiң уәкiлеттi бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн Төраға орынбасарының жазбаша тапсырмасы бойынша жүзеге асыра алады. 
      5. Ұлттық Банк банктерге - есеп кеңсесiне арналған вексельдердi қайта есептеу лимиттерiн белгiлеуге құқылы. 
      6. Ұлттық Банк банктердiң - есеп кеңсесiнiң бұрынғы есепке алған вексельдерiн қайта есепке алады. 
      7. Егер бұрынғы индоссамент бланктiк болса, сондай-ақ индоссаменттердiң бiрiздiлiгi бұзылған болса, Ұлттық Банк вексельдi қайта есептеуге қабылдаудан бас тартады. 
      8. Егер вексельде "қайта есептеуге ұсынуға және ақша алуға сенемiн" (вексель жөнiндегi құқықтарды жүзеге асыруға байланысты қандайда бiр iс-қимылды орындауға тапсырма берудi бiлдiретiн кез келген жазба) деген жазу болса немесе вексельдi қайта есептеуге ұсынуды және ақша алуды бiлдiретiн басқа да жазба болса, онда ол адамның (вексель ұстаушы - осындай түрде құқығын басқаға беру жазбасы бар вексель ұстаушы) вексельдi қайта есептеуге беруге байланысты барлық рәсiмдердi жүзеге асыруға құқығы бар. Ұлттық Банк вексельдi қайта есептеуге қабылдау туралы шешiм қабылдағаннан кейiн, вексель Ұлттық Банктiң пайдасына басқаға тапсырылатын индоссаменттi жасаған адам қол қойған индоссамент болса ғана қайта есептеуге қабылданады. 

2-тарау. Вексельдердi қайта есептеуге
қабылдау шарттары

     9. Вексельдердi қайта есептеу операцияларын жүргiзу үшiн Ұлттық Банк пен банк вексельдердi қайта есептеу туралы Бас келiсiм жасасады.
     Вексельдердi қайта есептеу туралы Бас келiсiм болса, банктер өздерi есептеген векселдердi қайта есептеу туралы Ұлттық Банкке өтiнiш беруге құқылы.
     Ұлттық Банк:
     1) қорғау дәрежесi бар вексель қағазына шығарылған;
     2) 100 мың теңгелiк номиналы бар;
     3) өтеу мерзiмi алты айдан аспайтын;
     4) бiрiншi сыныпты эмитенттер вексельдерiн;
     5) қолданылымдағы вексельдердi;
     6) төлеу орны Қазақстан Республикасының аумағы деп көрсетiлген вексельдердi қайта есептеуге қабылдайды. 
      Ұлттық Банк қайта есептеуге берiлген вексельге аваль беруiн банктен талап етуге құқылы. Авальды қаржы жағдайы тұрақты екiншi деңгейдегi банк беруге тиiс. Ұлттық Банк оның қаржы жағдайының тұрақтылығын дербес анықтайды. 
      10. Ұлттық Банк ұсыну бойынша мерзiмге немесе ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр мерзiмге берiлген вексельдердi қайта есептеуге қабылдамайды. 
      11. Бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiне мынадай вексельдер жатады: 
      1) төлем жасаушысы - тұрақты қаржы жағдайы бар Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, сондай-ақ қаржы жағдайы тұрақты адамдардың екiден кем емес басқаға беру жазбасы (индоссаменттерi) бар вексельдер. Ұлттық Банк мұндай адамдардың қаржы жағдайының тұрақтылығын дербес анықтайды; 
      2) вексель берушiнiң, акцептанттың (төлем жасаушының) және авалистiң ол бойынша соңғы есеп беру кезеңi iшiнде мерзiмi өткен кредиторлық борышы жоқ вексельдер; 
      3) төлем жасаушының немесе ол тағайындаған адамның акцептi бар (аударым) вексельдер; 
      12. Егер вексельдiң деректемелерi "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес болса, ол заңды деп саналады. Ұлттық Банк қабылдайтын вексельдер мазмұнына қойылатын талаптар осы Ереженiң 4-тарауында айқындалған. 
      13. Қола, достық (үстеме), қаржы вексельдерi, сондай-ақ төлем жасай алмайтын төлем жасаушының векселi қайта есептеуге қабылданбайды. 
      14. Гербтiк алым төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiмен белгiленедi. 
      15. Ұлттық Банк: 
      1) егер вексель бойынша төлем жасау күнiне дейiнгi мерзiм вексельдердi төлем жасалатын жерге жiберуге жететiндей мерзiм болса; 
      2) егер оның мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша мiндеттi адамдардың төлем жасау қабiлетi туралы бiржақты қорытынды жасау мүмкiн болмаса немесе вексельдiң мәтiнiнде вексель жөнiндегi құқықтарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн кемiстiктер болса, банктен вексельдердi қайта есептеуге қабылдаудан бас тартуға құқылы. 
      15-1. Ұлттық Банк вексельдердi қайта есептеген кезде банктен вексельге "шығынсыз айналым", "қарсылықсыз" деген ескертпелер немесе Ұлттық Банктiң керi талап ету құқығын жүзеге асыру үшiн акцептемеуде немесе төлем жасамауда оны қарсылық жасаудан босататын ескертпелерге тең кез келген басқа да ескертпелердi енгiзудi талап етуге құқылы. <*> 
       Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .  

3-тарау. Вексельдердi қайта есептеуге қабылдау тәртiбi 

      16. Вексельдердi қайта есептеуге тiлек бiлдiрген банк Ұлттық Банкке құжаттар пакетiн бередi, онда: 
      1) вексельдердi қайта есептеуге қабылдау жөнiнде өтiнiш (N 1 қосымша); 
      2) вексельдiң түпнұсқасы (егер бар болса, аллонажбен бiрге); 
      3) банктiң тиiстi сенiмхаты бар банктiң уәкiлеттi адамы және Ұлттық Банктiң вексельдердi қайта есептеуге жауапты бөлiмшесiнiң қызметкерi (бұдан әрi - жауапты қызметкер) қол қойған, екi дана етiп жасалған вексельдердi қабылдау-өткiзу актiсi және вексельдердiң тiзiлiмi. Вексельдердiң қабылдау-өткiзу актiсi мен тiзiлiмi сондай-ақ электронды жазбада берiледi (осы Ережеге NN 2, 2-1) қосымша); <*> 
      4) вексельдi пайдаланып тауарға төлем жасау көзделген шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi; <*> 
      5) <*> 
      6) вексельдi қайта есептеуге ұсынатын адамға берiлген сенiмхат; 
      7) осы вексель бойынша заңға сәйкес гербтiк алым төленгенiн растайтын құжат болады. 
       Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      17. Егер Ұлттық Банкке қайта есептеу үшiн вексельдiң көшiрмесi берiлсе, онда вексельдi қайта есептеуге ұсынушы банк сонымен қатар Ұлттық Банкке вексельдiң түпнұсқасын беруге мiндеттi. 
      Егер Ұлттық Банкке қайта есептеу үшiн бiрнеше данада шығарылған аударым векселiнiң акцептелмеген данасы берiлсе, онда аударым векселiн қайта есептеуге берген банк сондай-ақ Ұлттық Банкке аударым векселiнiң акцептелген данасын (даналарын) беруге мiндеттi. 
      Ұлттық Банкке вексельдiң түпнұсқасы немесе аударым векселiнiң акцептелген данасы (даналары) берiлмеген жағдайда, Ұлттық Банк вексельдiң көшiрмесiн немесе аударым векселiнiң акцептелмеген данасын (даналарын) қайта есептеуге қабылдаудан бас тартады. 
      18. <*> 
       Ескерту: 18-тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен
      19. Жауапты қызметкер вексельдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттарды қабылдағанға дейiн қайта есептеуге қабылданатын әрбiр вексельдiң жасалу дұрыстығын, сондай-ақ вексельдегi индоссаменттердiң ресiмделуiн тексеруге мiндеттi, вексельдiң мiндеттi түрде болуға тиiстi деректемелерiнiң тiптi бiреуiнiң болмауына немесе бүлiнуiне әкеп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және басқа) ақаулары бар вексель болса, мұндай вексель қайта есептеуге қабылданбайды. <*> 
       Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен
      20. Ұлттық Банк вексельдi қайта есептеу туралы немесе қайта есептеуден бас тарту туралы шешiмдi тiзiмi осы Ережеде белгiленген құжаттардың толық пакетiн алған күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қабылдайды. <*> 
       Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .
      21. Ұлттық Банк вексельдi қайта есептеу немесе қайта есептеуден бас тарту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жауапты қызметкер банкке вексельдердiң сараптамадан өткiзiлгенi және вексельдердiң қайта есептеуге қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны бередi (осы Ережеге N 2-2 қосымша). 
       Ескерту: 21-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен
      22. Вексельдi қайта есептеуге қабылдау туралы оң шешiм қабылданған жағдайда банк Ұлттық Банктiң пайдасына индоссамент ресiмдеп, жауапты қызметкерге өткiзедi. Ұлттық Банктiң пайдасына табысталатын индоссаментке индоссантты вексель бойынша төлем жауапкершiлiгiнен босататын шарттар енгiзуге болмайды. 
      23. Ұлттық Банктiң пайдасына индоссамент жасайтын адамдардың өкiлеттiгiн растау үшiн банк (есеп кеңсесi) вексельдi өз атынан Ұлттық Банктiң пайдасына индоссамент жасауға уәкiлеттi адамдардың қол қою үлгiлерi бар құжатты, сондай-ақ осы адамдардың вексель индоссаментiн жасау өкiлеттiгi бар екенiн растайтын құжаттарды Ұлттық Банкке бередi. 
      24. Ұлттық Банктiң пайдасына индоссаментi бар вексельдiң түпнұсқасын алғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ұлттық Банк дисконт, пошта және басқа шығыстарды алып тастай отырып банктiң пайдасына вексель сомасын аударады.

4-тарау. Вексельдердi ұстауға қойылатын талаптар 

      25. Егер вексельде осы Ереженiң 26, 29-тармақтарында көрсетiлген деректемелер болмаса, онда Ұлттық Банк вексельдердi қайта есептеуге қабылдаудан бас тартады.
      26. Ұлттық Банкке қайта есептеуге берiлген аударым векселдерiнде осы Ереженiң 27, 28-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа мынадай деректемелер болуға тиiс:
      1) Құжат мәтiнiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде жазылған "вексель" деген атау;
      2) белгiленген ақша сомасын төлеу жөнiндегi ешнәрсеге негiзделмеген бұйрық;
      3) төлем жасауға тиiстi жақтың (төлем жасаушының) атауы;
      4) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;
      5) төлем жасалуға тиiс мекен-жайдың көрсетiлуi;
      6) төлем жасалуға тиiстi жақтың атауы немесе бұйрығы;
      7) вексель жасалған күн және орын;
      8) вексель берушiнiң (вексель берушi) қолы;
      27. Төлем жасаушының атауымен қатар ерекше көрсетiлген орын 
белгiленбесе, сол орын төлем жасайтын орын және төлемшiнiң
мекен-жайы (тұрған жерi) деп саналады.
      28. Егер аударым векселiнде оның жасалған жерi көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң жанынан белгiленген жерде жасалған деп танылады.
      29. Ұлттық Банкке қайта есептеуге берiлген жай вексельдерде осы Ереженiң 30, 31-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа мынадай деректемелер болуы тиiс.
      1) құжаттың мәтiнiне енгiзiлген және осы құжат жасалынған тiлде жазылған "вексель" атауы;
      2) белгiленген соманы төлеу жөнiндегi ешнәрсеге негiзделмеген бұйрық;
      3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;
      4) төлем жасалуға тиiс мекен-жайдың көрсетiлуi;
      5) төлем жасалуға тиiстi жақтың атауы немесе бұйрығы;
      6) вексель жасалған күн және орын;
      7) вексель берушiнiң (вексель берушi) қойған қолы;
      30. Құжат жасалған жер айырықша көрсетiлмеген болса, сол жер төлем жасайтын жер және сонымен қатар вексель берушiнiң мекен-жайы (тұрған жерi) деп саналады.
      31. Егер аударым векселiнде оның жасалған жерi көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар белгiленген жерде жасалған деп танылады.
      32. Ұлттық Банк вексель бойынша мiндеттi вексель берушiнiң, төлем жасаушының және басқа адамдардың бар екендiгiн тексеруi мүмкiн, бiрақ алдындағы индоссанттардың қойған қолдарының растығын тексермейдi.
       33. Егер вексель бойынша төлем мерзiмi өтiп кеткен болса, онда Ұлттық Банк векселдердi қайта есептеуден бас тартады.

5-тарау. Вексель бойынша мiндеттi адамдардың
төлем жасау қабiлетiн бағалау

      Ескерту: 5-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен

6-тарау. Ұлттық Банктiң қайта есептеуге қабылдаған
вексельдердi тiркеу және сақтау тәртiбi <*>

      Ескерту: 6-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен

7-тарау. Ұлттық Банктiң портфелiндегi вексельдермен
Ұлттық Банк жүргiзетiн операциялар

      40. Ұлттық Банк өзiнiң портфелiндегi вексельдермен мынадай операциялар жүргiзуге:
      1) индоссамент бойынша вексельдер беруге, оның iшiнде берешектi өтеу үшiн вексельдi пайдалануға;
      2) төлем мерзiмi аяқталған кезде вексель бойынша төлемдi алуға құқылы.
      41. Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген талаптарға сәйкес векселдiң көшiрмесiн алуға құқылы. 

8-тарау. Вексельдердi төлемге уақытылы өткiзу
немесе вексель бойынша төлемдi алу барысы

      42. <*>
       Ескерту: 42-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен
      43. Егер төлем жасайтын жер Ұлттық Банктiң орталық аппаратының тұрған жерiмен сәйкес келсе:
      1) Ұлттық Банктiң жауапты қызметкерi төлем жасаушының нақты тұрған жерiн анықтайды, оның вексельде көрсетiлген мекен-жайға сәйкестiгiн тексередi; 
      2) жауапты қызметкер вексель бойынша төлем мерзiмi аяқталғанға дейiн 5 (бес) банктiк күн iшiнде төлем жасаушы вексельде көрсеткен төлем жасаушыға немесе тұлғаға төлем жасаудың қажеттi деректемелерiн көрсете отырып төлем мерзiмiнiң аяқталғаны жөнiнде жазбаша хабарлайды; 
      3) жауапты қызметкер вексель бойынша төлем жасау күнi төлем жасайтын жер ретiнде вексельде көрсетiлген жерде, төлем жасаушы вексельде көрсеткен төлем жасаушыға немесе тұлғаға вексельде көрсетiлген соманы және басқа соманы, заңға сәйкес алуға өтiнiш жасайды. Төлем жасайтын жерде төлем жасаушы немесе ол белгiлеген адам келмесе, сондай-ақ вексельдi төлеуден бас тартса, жауапты қызметкер төлем жасамағанына наразылық ретiнде нотариалдық кеңсеге өтiнiш бередi. 
      4) жауапты қызметкер төлем жасамағанына наразылық бiлдiргеннен кейiн төлем жасаушының келiсiмiнсiз-ақ вексель бойынша соманы өндiрiп алу үшiн заңға сәйкес тиiстi шаралар қабылдайды. Вексель бойынша төлем жасаушының есепшотында ақша жеткiлiксiз болса немесе болмаса, Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем жасаушының мүлкiнiң есебiнен төлеттiрiп алу не вексель бойынша мiндеттi басқа тұлғалардан регрестiк талап ету жөнiнде сот органдарына өтiнiш беруге құқылы. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47 және 48-баптарында көзделген наразылық бойынша шығыс, өсімпұл және комиссия төлем жасаушыдан көрсетілген ақшаны төлеттіру туралы акті негізінде ғана төлем жасаушыдан өндіріліп алынады. Төлем жасаушының ақшасы (мүлкі) болмағандықтан вексель бойынша төлем жасату мүмкін болмаған жағдайда вексель бойынша міндетті басқа адамдарға, оның ішінде вексельді Ұлттық Банктің пайдасына инкассо жасаған банкке шағым беріледі. 
      44. Егер төлем жасайтын жер Ұлттық Банктің орталық аппаратының тұрған жерімен сәйкес келмесе: 
      1) жауапты қызметкер вексельді Ұлттық Банктің филиалдарына инкассоға жібереді; 
      2) филиалдың жауапты қызметкері вексельді алғаннан кейін вексельді төлемге ұсынуға қажетті іс-әрекеттің бәрін жүзеге асырады. 

       Төраға

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есептеу ережесіне 
N 1 қосымша

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

 
Вексельдерді қайта есептеуге қабылдауға 
өтініш

     ----------------------------------------------------------------
                (вексель беруші есеп кеңсесінің атауы)
     ----------------------------------------------------------------
      ____________________________________________________
     (вексельдің сомасы және валютасы санмен және жазумен)
      ____________________сомаға вексельді қайта есептеуіңізді сұрайды. 
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
           (вексель берушінің атауы және мекен-жайы/тұрған жері)
      индоссанттар
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
           (индосанттардың атауы және мекен-жайы/тұрған жері)
      вексель бойынша міндетті басқа адам______________________________
      ________________________________________________________________
      (вексель бойынша міндетті адамдардың атауы және 
                                        мекен-жайы/тұрған жері)
      вексель бойынша төлемнің мерзімі________________________________
      Төлем жасалған жер______________________________________________

      
"Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкi Басқармасының     
1999 жылғы 15 қарашадағы      
N 395 қаулысымен бекiтiлген     
Қазақстан Республикасы Ұлттық    
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен 
толықтыруларға          
N 2 қосымша   

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .       

__________________________________________Қазақстан Республикасының
           (есеп кеңсесiнiң атауы)

Ұлттық Банкiне қайта есептеуге берген вексельдерiнiң қабылдау-өткiзу актiсi

200__жылғы "___" __________    Алматы қаласы 

  

_________________________________________________________________
N  Вексель.  Вексель.  Вексель  Вексель  Вексель  Вексель бойынша  Авалист
    дің        дің      жасау   беруші   сомасы     белгіленген    (егер
   сериясы   нөмірі     күні                       төлем мерзімі    болса)
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
                 Жалпы номиналдық сомасының барлығы:
                 Вексель санының барлығы (дана):

Құжаттарды өткізді:__________       Құжаттарды қабылдады:____________

 
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен
толықтыруларға
NN 2-1 қосымша

       Ескерту: 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

________________________Қазақстан Республикасының 
(есеп кеңсесінің атауы)
Ұлттық Банкіне қайта есептеуге берген вексельдерінің тізілімі

_________________________________________________________________________
N  Вексельдің   Вексель.   Вексель  Вексель   Төлем  1-вексель  2-вексель
   сериясы мен   ді жасау   беруші,  сомасы   мерзімі  ұстаушы,   ұстаушы,
     нөмірі      күні       оның    (теңге)            оның       оның
                            мекен-                    мекен-      мекен- 
                            жайы                      жайы        жайы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
      Таблицаның жалғасы  
_______________________________
  3-вексель       4-вексель 
ұстаушы, оның   ұстаушы, оның 
 мекен-жайы      мекен-жайы 
_______________________________
_______________________________

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 395 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу
ережесiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта
есептеу ережесiне өзгерiстер мен
толықтыруларға
NN 2-2 қосымша

       Ескерту: 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109   қаулысымен .

ХАБАРЛАМА

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банктің қайта есептеуге берген 
вексельдеріне сараптама жүргізу қорытындысы бойынша,
     NN________________________________________________ вексельдерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге қабылдайтынын;    
    NN________________________________________________ вексельдерді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге
қабылдамайтынын хабарлайды.
     Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге 
қабылдайтын вексельдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
пайдасына иноссамент қоюға тиіс.    

     Уәкілетті бөлімшенің
        директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады