Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталын есептеу және есеп беруi жөніндегi нұсқаулықты бекiту туралы және осы мәселе бойынша бұрын қабылданған кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 118. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1527. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310 қаулысымен (V032514).

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншіктi капиталын есептеу және есеп беруi жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн ол 2001 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енгiзiлсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiледi.
      3. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап:
      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуын тоқтату туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 482 қаулысының ;
      2) "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының ;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысымен бекiтiлген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың күшi жойылды деп есептелсiн .
      4. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталын есептеу және есеп беруi жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталын есептеу және есеп беруi жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.   

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуiрдегi
N 118 қаулысымен   
бекiтiлдi       

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталын
есептеу және есеп беруi жөнiндегi
нұсқаулық

      1. Осы нұсқаулық "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталын есептеу және есеп беру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Меншiктi капиталдың ең төменгi мөлшерiнiң болу талаптарын сақтау iсi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы тұрақтылығы көрсеткiштерiнiң бiрi болып табылады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталы сақтандыру резервтерiнiң және өзге де мiндеттемелердiң сомасын шегерiп тастағандағы оның барлық активтерiнiң құны ретiнде белгiленедi.
      Сақтандыруды қадағалайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы тұрақтылығының деңгейiн анықтаған кезде ең төменгi меншiктi капиталдың мөлшерiн қосқанда активтердiң құны олардың сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша жiктеу ескерiле отырып есептеледi.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталының көлемiн есептеген кезде қолданылатын активтерге мыналар кiредi:
      1) ақша және ақша баламалары:
      кассада (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 18.11.1996 ж. N 6 қаулысымен бекiтiлген Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi есепшоттарының бас жоспары 45 есепшот), - кассадағы соманың 100% көлемiнде;
      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi ұлттық валютамен банктiк есепшоттарда (44 есепшот), - есепшоттардағы соманың 100% көлемiнде;
      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi шетел валютасымен банктiк есепшоттарда (43 есепшот), - есепшоттардағы соманың 100% көлемiнде;
      Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi арнайы есепшоттарда (42 есепшот), - есепшоттардағы соманың 100% көлемiнде;
      жолдағы ақша аударымдары (41 есепшот), - аударымдардағы соманың 100% көлемiнде;
      2) ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының (41 есепшот) мынадай бөлiгiнде:
      халықаралық қаржы ұйымдарының осы Нұсқаулықтың 5-тармағында анықталған бағалы қағаздарының тiзбесi - есептеу кезiнде сатып алу құнының 100% көлемiнде есептелетiн;
      кредиттiк рейтингтiк бағасы "АА-" ("Stаndаrd&Рооr's" және "Ғitсh" рейтингтiк агенттiктердiң жiктеуi бойынша) немесе "Аа3"-тен ("Мооdу's Investors Service" рейтингтiк агенттiктiң жiктеуi бойынша) төмен емес шетел мемлекеттерiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздары - сатып алу құнының 100% көлемiнде;
      Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес эмиссия жасалғандары) - сатып алу құнының 100% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiнде айналымға шығарылған және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат еткен Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар - сатып алу құнының 100% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiнде айналымға шығарылған Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар - сатып алу құнының 95% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының "А" санаты бойынша ресми тiзiмiне кiретiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарының депозитарлық қолхаттары (АDR, GDR)) - құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының 100% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының "В" санаты бойынша ресми тiзiмiне кiретiн мемлекеттiк емес бағалы қағаздар құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының 95% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiнде айналымға шығарылған және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат еткен ипотекалық бағалы қағаздар - құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының 100% көлемiнде;
      "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда жүйелерiнде айналымға шығарылған ипотекалық бағалы қағаздар құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының 95% көлемiнде;
      халықаралық ұйымдасқан рыноктарда саудаланатын және рейтингтік бағасы "АА-" ("Stаndаrd&Рооr's" "Ғitсh" рейтингтiк агенттiктердiң жiктеуi бойынша) немесе "Аа3"-тен ("Мооdу's Investors Service рейтингтiк агенттiктiң жiктеуi бойынша") төмен емес мемлекеттiк емес бағалы қағаздары - құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының 100% көлемiнде;
      сатуға арналған басқа борыштық бағалы қағаздар (қосарланған ұйымдардың бағалы қағаздарын қоспағанда) - ағымдағы құнының (403 1 есепшот) 70% көлемiнде;
      өтелгенге дейiн ұсталынатын басқа борыштық бағалы қағаздар (қосарланған ұйымдардың бағалы қағаздарын қоспағанда) - ағымдағы құнының (403 3 есепшот) 80% көлемiнде;
      жай акциялар түрiндегi басқа үлестiк бағалы қағаздар (қосарланған ұйымдарды қоспағанда заңды тұлғалардың капиталына жасалынған инвестициялар) - құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының (401 1 есепшот) 40% көлемiнде;
      басымдық берiлген акциялар түрiндегi басқа үлестiк бағалы қағаздар (қосарланған ұйымдарды қоспағанда заңды тұлғалардың капиталына жасалынған инвестициялар) - құндардың қайсысы аз болып табылатынына байланысты сатып алу немесе ағымдағы құнының (401 2 есепшот) 50% көлемiнде;
      3) қосылма ұйымдарға жасалған инвестициялардан және оларға талаптардың мынадай бөлiгiнде (14 және 32 есепшоттар):
      еншiлес, тәуелдi және бiрлесе бақыланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ басқа қосылма ұйымдардың капиталға, борыштық бағалы қағаздарға жасалған инвестициялары - сатып алу құнының 0% көлемiнде;
      еншiлес, тәуелдi және бiрлесе бақыланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ басқа қосылма ұйымдардың қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешегi - берешек сомаларының ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      4) қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерiндегi қайта сақтандыру ұйымдарының үлесi (303 есепшот) - сақтандыру резервтерiндегi ағымдағы мөлшерi үлесiнiң 100% көлемiнде;
      5) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушылардан түсетiн сомалары (301 3) бөлiгiнде:
      қайта сақтандыру шартының талаптары бойынша мерзiмi өтпеген берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 100% көлемiнде;
      90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 70% көлемiнде;
      90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 40% көлемiнде;
      180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      6) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтанушылардан түсетiн сомалары (301 2) бөлiгiнде:
      қайта сақтандыру шартының талаптары бойынша мерзiмi өтпеген
берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 100% көлемiнде;
      90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 70% көлемiнде;
      90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 40% көлемiнде;
      180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      7) сақтанушылардан түсетiн сақтандыру сыйлықақылары (301 1) бөлiгiнде:
      сақтандыру шартының талаптары бойынша мерзiмi өтпеген берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 100% көлемiнде;
      90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 70% көлемiнде;
      90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 40% көлемiнде;
      180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      8) жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарымен тiкелей байланысты түсетiн есепшоттар (334 1 және 343 1 есепшоттар) бөлiгiнде:
      комиссиялық алымдар түрінде түсетiн:
      мерзiмi өтпеген берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 100% көлемiнде;
      90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 70% көлемiнде;
      90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 40% көлемiнде;
      180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      басқа есепшоттар түрiнде түсетiн:
      мерзiмi өтпеген берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 100% көлемiнде;
      90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 70% көлемінде;
      90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 40% көлемiнде;
      180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен берешектер - түсетiн сомалардың ағымдағы мөлшерiнiң 0% көлемiнде;
      9) материалдық емес активтер (11 есепшотты алып тастағандағы 10 есепшот) - баланстық құнының 30% көлемiнде;
      10) негiзгi құрал-жабдықтардың (13 есепшотты алып тастағандағы 12 есепшот) мынадай бөлiгiнде:
      жер - баланстық құнының 100% көлемiнде;
      үй-жайлар және ғимараттар - баланстық құнының 50% көлемiнде;
      аяқталмаған күрделi құрылыс - баланстық құнының 30% көлемiнде;
      машиналар және жабдықтар, көлiк құралдары - баланстық құнының 50% көлемiнде;
      басқа негiзгi құрал-жабдықтар - баланстық құнының 0% көлемiнде;
      11) материалдар (20 есепшот) - баланстық құнының 0% көлемiнде;
      12) күмәнды қарыздар бойынша резервтер (31 есепшот) - резервтер сомасының 0% көлемiнде;
      13) басқа дебиторлық берешек (31 есепшот) бөлiгiнде:
      қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер:
      мерзiмi үш айдан аспайтын - берешектер сомасының 100% көлемiнде;
      үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмнен аспайтын - берешектер сомасының 70% көлемiнде;
      алты айдан астам мерзiмде - берешектер сомасының 40% көлемiнде;
      ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешектер:
      үш жылға дейiн мерзiмнен аспайтын - берешектер сомасының 20%
көлемiнде;
      үш жылдан астам мерзiмде - берешектер сомасының 0% көлемiнде;
      14) келешек кезеңдердiң шығыстары (34 есепшот) - шығыстар сомасының 0% көлемiнде;
      15) берiлген аванстар (35 есепшот) - аванстар сомасының 0% көлемiнде;
      16) басқа активтер - басқа активтер сомасының 0% көлемiнде;
      5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталының мөлшерiн есептеу кезiнде есептелетiн халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының тiзбесiне мыналар кiредi:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      2) Еуропалық қайта құру және даму банкi;
      3) Америкааралық даму банкi;
      4) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      5) Азия даму банкi;
      6) Африка даму банкi;
      7) Ислам даму банкi;
      8) Халықаралық қаржы корпорациясы.

      6. "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының сауда алаңында сатылатын бағалы қағаздың ағымдағы құны дегенiмiз соңғы мәмiле нәтижелерi бойынша немесе мұндай саудадағы есеп беру күнiнiң жағдайы бойынша соңғы сұраныс бағасы бойынша анықталған баға белгiлеу.

      7. Басқа мемлекеттердiң сауда алаңдарында сатылатын бағалы қағаздың ағымдағы құны дегенімiз соңғы мәмiле нәтижелерi бойынша немесе мұндай саудадағы есеп беру күнiнiң жағдайы бойынша соңғы сұраныс бағасы бойынша анықталған ең төменгi баға белгiлеу.

      8. Құны шетел валютасымен көрсетілген активтердің құны есеп беру күнгі жағдай бойынша Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша бағаланады.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық активтердiң құнын бағалау осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген мөлшерде жасалады. Мұндай түрде анықталған активтер құны осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке капиталының мөлшерін есептеу үшін қолданылады.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының мөлшерi бойынша есебi оны есептеу жөніндегi қажетті ақпаратты көрсете отырып ай сайын есеп беру айынан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей есеп беру нысанына сәйкес (осы Нұсқаулықтың Қосымшасы) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды қадағалайтын уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген жүйелі есеп берумен қатар сақтандыруды қадағалайтын уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
N 118 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының меншікті капиталын
есептеу және есеп беруі 
жөніндегі Нұсқаулыққа 
қосымша

        "___"__________200__ж. жағдай бойынша

____________________________________________________________________
        (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)      

Меншікті капиталды есептеу жөніндегі
есеп

                                               (мың теңге)
____________________________________________________________________
N        Активтің атауы             Есепшот Баланс  Ескері. Меншікті
р/с                                    N    бойынша летін   капитал.
                                            сомасы  көлем     дың
                                                            есептеу
                                                            сомасы
____________________________________________________________________
1               2                      3        4      5       6
____________________________________________________________________
1   Ақша және ақша баламалары              
    - Кассада                          45             100%
    - Ұлттық валютамен банктiк                        100%
    есепшоттарда                       44             100%
    - шетел валютасымен банктiк                       100%
    есепшоттарда                       43             100%
    - арнайы есепшоттарда              42            
    - жолдағы ақша аударымдары         41
____________________________________________________________________
2   Ұзақ және қысқа мерзiмдi қаржы
    инвестициялары:                    40
    - халықаралық қаржы
    ұйымдарының бағалы қағаздары;                     100%
    - "АА-" ("Stаndаrd&Рооr's" және
    "Ғitсh" рейтингтiк агенттiктерiнiң
    жiктеуi бойынша) немесе "Аа3"
    ("Мооdу's Investors Service" рей.
    тингтiк агенттiктiң жiктеуi бойынша)
    төмен болмайтын кредиттiк рейтинг.
    тiк бағасы бар шетелдiк мемлекет.
    тердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;              100%  
    - Қазақстан Республикасының
    мемлекеттiк бағалы қағаздары (оның
    iшiнде басқа мемлекеттердiң
    заңнамасына сәйкес эмиссияланған),
    Қазақстан Республикасының жергiлiктi
    атқарушы органдары шығарған бағалы
    қағаздардан басқа;                                100%
    - Жергiлiктi атқарушы органдар
    шығарған, "Қазақстан қор биржасы"
    ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа
    жiберiлген және Қазақстан
    Республикасының бағалы қағаздар
    жөнiндегi Ұлттық комиссиясы зейнетақы
    активтерiнiң есебiнен сатып алуға
    рұқсат еткен Қазақстан Республикасы.
    ның мемлекеттiк бағалы қағаздары;                 100%  
    - Жергiлiктi атқарушы органдар
    шығарған "Қазақстан қор биржасы"
    ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа
    жiберiлген Қазақстан Республикасының
    мемлекеттiк бағалы қағаздары;                     100%
    - "А" санаты бойынша "Қазақстан
    қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми-тiзiмiне
    енгiзiлген мемлекеттiк емес бағалы
    қағаздар (оның iшiнде басқа
    мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес
    осындай бағалы қағаздарға шығарылған
    депозитарлық қолхаттар (АDR, GDR))                100%
    - "В" санаты бойынша "Қазақстан
    қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тiзiмiне
    кiрген мемлекеттiк емес бағалы
    қағаздар;                                          95%
    - "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-
    ның сауда жүйелерiнде айналысқа
    жiберiлген және Қазақстан
    Республикасының бағалы қағаздар
    жөнiндегi ұлттық комиссиясы
    зейнетақы активтерi есебiнен сатып
    алуға рұқсат еткен жағдайда
    ипотекалық бағалы қағаздар;                        100%
    - "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-
    ның сауда жүйелерiнде айналысқа
    жiберiлген ипотекалық бағалы
    қағаздар;                                           95%
    - халықаралық ұйымдасқан
    рыноктарда саудаға түсетiн және
    "АА-" ("Stаndаrd&Рооr's" және
    "Ғitсh" рейтингтiк агенттiктерi.
    нiң жiктеуi бойынша) немесе "Аа3"
    ("Мооdу's Investors Service"
    рейтингтiк агенттiктiң жiктеуi
    бойынша) төмен болмайтын
    рейтингтiк бағасы бар мемлекеттiк
    емес бағалы қағаздар;                               100%
    - сатуға арналған басқа борыштық
    бағалы қағаздар (қосылма ұйымдар.
    дың бағалы қағаздарынан басқа);       403 1          70%
    - өтеуге дейiн ұстап қалынатын
    басқа борыштық бағалы қағаздар
    (қосылма ұйымдардың бағалы
    қағаздарынан басқа);                  403 3          80%
    - жай акциялар түрiндегi басқа
    үлестiк бағалы қағаздар (қосылма
    ұйымдардан басқа заңды тұлғалардың
    капиталына инвестициялар);            401 1          40%
    - артықшылық берiлген акциялар        401 2          50%
    түрiндегi басқа үлестiк бағалы
    қағаздар (қосылма ұйымдардан басқа
    заңды тұлғалардың капиталына
    инвестициялар);
3   Қосылма ұйымдарға инвестициялар және
    оларға қойылатын талаптар:
    - заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді
    және бірлесе бақыланатын, сондай-ақ
    өзге қосылма ұйымдардың капиталына
    инвестициялар (үлестік бағалы қағаздар); 14           0%
    - еншілес, тәуекелді және бірлесе
    бақыланатын заңды тұлғалардың сондай-ақ
    өзге қосылма ұйымдардың қысқа және
    ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі;       32           0%
4   Қайта сақтандыру шарттары бойынша
    сақтандыру резервтерінде қайта
    сақтандырушыларды үлесі;                 303        100%
5   Қайта сақтандыру шарттары бойынша
    қайта сақтандырушылардан алынатын
    сомалар:                                 301 3
    - қайта сақтандыру шартының талаптары
    бойынша мерзімі өтпеген берешек;                    100%   
    - 90 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                             70%
    - 90 күннен 180 күнге дейін мерзімі өтіп
    кеткен берешек;                                      40%
    - 180 күннен астам мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                              0%
6   Қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта
    сақтандырушылардан алынатын
    сомалар:                                 301 2
    - қайта сақтандыру шартының талаптары
    бойынша мерзімі өтпеген берешек;                    100% 
    - 90 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                             70%
    - 90 күннен 180 күнге дейін мерзімі өтіп
    кеткен берешек;                                      40%
    - 180 күннен астам мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                              0%
7   Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру.
    шылардан алынатын сақтандыру сыйлық.
    ақылары:                                 301 1
    - сақтандыру шартының талаптары
    бойынша мерзімі өтпеген берешек;                     100%
    - 90 күнге дейін мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                              70%
    - 90 күннен 180 күнге дейін мерзімі өтіп
    кеткен берешек;                                       40%
    - 180 күннен астам мерзімі өтіп кеткен
    берешек;                                               0%
8   Сақтандыру қызметі бойынша алынатын
    есепшоттар:
    а) комиссиялық алымдар:                 334 1
    - мерзiмi өтпеген берешек;                           100%
    - 90 күнге дейiн мерзiмi өтiп
    кеткен берешек;                                       70%
    - 90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi
    өтiп кеткен берешек;                                  40%
    - 180 күннен астам мерзiмi өтiп
    кеткен берешек;                                        0%
    б) алынатын басқа есепшоттар:           343 1
    - мерзiмi өтпеген берешек;                           100%
    - 90 күнге дейiн мерзiмi өтiп кеткен
    берешек;                                              70%
    - 90 күннен 180 күнге дейiн мерзiмi
    өтiп кеткен берешек;                                  40%
    - 180 күннен астам мерзiмi өтiп кеткен
    берешек;                                               0%
____________________________________________________________________
9   Материалдық емес активтер               10-11          0%
    (амортизацияны шегерiп тастағанда)
____________________________________________________________________
10  Негiзгi құрал-жабдықтар (амортизацияны  12-13
    шегерiп тастағанда):
    - жер;                                                 100%  
    - үй-жайлар мен ғимараттар;                            50%
    - аяқталмаған күрделi құрылыс;                         30%    
    - машиналар мен жабдықтар, көлiк   
    құралдары;                                             50%
    - негiзгi құрал-жабдықтардың өзге
    түрлерi;                                               0%
____________________________________________________________________
11  Материалдар                             20             0%
____________________________________________________________________
12  Күмәндi қарыздар бойынша резервтер      31             0%
____________________________________________________________________
13  Өзге дебиторлық берешек:                33
    а) қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек:
    - үш ай мерзiмiнен аспайтын;                           100%
    - үш айдан алты айға дейiн мерзiмнен
    аспайтын;                                              70%
    - алты ай мерзiмiнен асатын;                           40%
    б) ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек:
    - үш жылға дейiн мерзiмнен аспайтын;                   20%
    - үш жылдық мерзiмнен асатын;                          0%
____________________________________________________________________
14  Болашақ кезеңдердiң шығындары           34             0%
____________________________________________________________________
15  Берiлген аванстар                       35             0%
____________________________________________________________________
16  Өзге активтер                                          0%
____________________________________________________________________
17  Активтердiң жиынтығы (1-16 жолдардың    Х               Х
    сомасы):
____________________________________________________________________
                                                       (мың теңге)
____________________________________________________________________
N            Міндеттемелер                         Есепшот  Баланс
                                                    N        бойынша
                                                             сомасы
____________________________________________________________________
18  Сақтандыру резервтерi:                             687
    - еңбек жұмсалмаған сыйлықақылар бойынша           687 1
    - болған, бiрақ мәлiмденбеген шығындар бойынша     687 2
    - мәлiмденген, бiрақ реттелмеген шығындар бойынша  687 3
____________________________________________________________________
19  Сақтандыру резервтерiнiң жиынтығы                   Х
____________________________________________________________________
20  Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша     687 6
    сақтандырушыларға (қайта сақтандырушыларға)
    төленетiн сомалар
____________________________________________________________________
21  Қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта            671 2 
    сақтандырушыларға төленетiн сомалар
____________________________________________________________________
22  Алынған қысқа және ұзақ мерзiмдi кредиттер          60
____________________________________________________________________
23  Қосылма ұйымдар алдындағы кредиторлық берешек       64
____________________________________________________________________
24  Төленуге есепшоттар және алынған алдын ала төлемдер: 61,67 
    - сақтандыру қызметi бойынша сақтандыру
    делдалдарымен есеп айырысулар                        671 1
    - сақтандыру қызметi бойынша өзге мiндеттемелер      611 1
____________________________________________________________________
25  Өзге мiндеттемелер:
    - болашақ кезеңдердiң кiрiсi                          61
    - дивидендтер бойынша есеп айырысулар                 62
    - бюджетпен есеп айырысулар                           63
    - заңды тұлғалардың еншiлес, тәуелдi және бiрлесе
    бақыланатын кредиторлық берешегi                      64
    - бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысулар      65
    - алынған аванстар                                    66
    - өнiм берушiлермен және мердiгерлермен есеп
      айырысулар                                          67
    - өзге кредиторлық берешек және есептеулер
    - өзгесi                                              68
____________________________________________________________________
26  Өзге мiндеттемелердiң жиынтығы                        Х
____________________________________________________________________
27  Сақтандыру резервтерiнен басқа мiндеттемелердiң       Х
    жиынтығы (20-25 жолдар сомасы)
____________________________________________________________________
28  Сақтандыру резервтерiн қоса алғанда мiндеттемелердiң  Х
    жиынтығы (19-27 жолдар сомасы)
____________________________________________________________________
                                   (мың теңге)
____________________________________________________________________
N  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi          Сомасы
р/с капиталының есебi
____________________________________________________________________
29  Нұсқаулықтың 4-тармағының талаптарын ескере отырып
    есептелген активтердiң құны
____________________________________________________________________
30  Сақтандыру резервтерi (осы кестенiң 19-шы жолы)
____________________________________________________________________
31  Өзге мiндеттемелер (осы кестенiң 27-і жолы)
____________________________________________________________________
32  Меншiкті капитал (29-ы жол 30 және 31 жолды шегерiп
    тастағанда)
____________________________________________________________________

     Басшы                                       Бас бухгалтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады