Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 121 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1534. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн. 
 

      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.    

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық      
Банкі Басқармасының             
2001 жылғы 20 сәуірдегі           
N 121 қаулысымен бекітілген        

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген
меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының 
және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен
қызмет туралы шарттарды тiркеу
ЕРЕЖЕСІ 

      Ескерту. Мәтiнi бойынша "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер 

       1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) қаржылық және баланстарда көрсетiлмеген басқа да мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi уақтылы алу мен баға беру мақсатында әзiрленген, уәкiлеттi органның тиiстi тiзiлiмдерiн жүргiзу және сақтандыру ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды (бұдан әрi - бiрлескен қызмет туралы шарт) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi. 
 

      2. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiлкепiлдiк (кепiлдеме) шарттары мен басқа да мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қосымша мiндеттемелер туралы шарт) және бiрлескен қызмет туралы шарттарды жасау, орындау және тоқтату негiздемелерi мен талаптары заңнамамен реттеледi. 
 

      3. Уәкiлеттi орган:
      1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;
      2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн;
      3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi. <*>
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .
 

        4. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды (бiрлескен қызмет туралы шарттарды), оның ішiнде уәкiлеттi органға тiркеу үшiн құжаттарды уақтылы ұсынбауынан енгiзбеу (тiркеу туралы деректердiң болмауы) осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылмайды. 
 

      5. Уәкiлеттi орган сақтандыру ұйымының тiзiлiмге енгiзiлетiн немесе осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркелген шарттарды орындауына жауап бермейдi. 
      6. <*>
      7. <*>
      8. <*>
       Ескерту. 6,7,8-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .

2. Тiзiлiмге енгiзу тәртiбi 

      9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күнтізбелік күн ішінде уәкiлеттi органды мәмiленiң жасалғандығы туралы хабардар етедi және тиiстi шарттардың көшiрмелерiн тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынады.
      Сақтандыру ұйымы бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу үшiн ол жасалған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға хабарландыруды, шарттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
      Уәкiлеттi органның стратегия және талдау бөлiмшесi басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiсi шарт түпнұсқасының соңғы бетiне қойылады әрi ол осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ресiмделiп, сақтандыру ұйымына қайтарылады.
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.05.24 N 147, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.07.15 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.10.29 N 162 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

        10. <*>
       Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.10.29 N 162 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. <*>
      12. <*>
      13. <*>
       Ескерту. 11, 12, 13-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.05.24 N 147 қаулысымен.
 

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы шарттар жөнiндегi ақпарат уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тiзiлiмге енгiзiледi. <*>
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.05.24 N 147, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.10.29 N 162 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
 

      15. Сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкi кепiл шарттарының тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      1) кепiл берушi болып табылатын сақтандыру ұйымының атауы;
      2) кепiл шартының күшiне енгізiлген күнi;
      3) кепiл шартының нөмiрi;
      4) кепiлдiң мәнi;
      5) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi кепiлмен қамтамасыз етiлсе);
      6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мөлшерi; 
      7) кепiл шартының қолданылу мерзiмi;
      8) кепiл ұстаушының атауы;
      9) шарттың тiзілiмге енгізілген күні;
      10) кепiл шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
 

      16. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      1) сақтандыру ұйымының атауы;
      2) кепiлдiк (кепiлдеме) немесе басқа да мiндеттеме берiлген және оның күшіне енгiзiлген күні;
      3) шарттың (немесе қабылданған мiндеттемелер туралы құжаттың) нөмiрi;
      4) борышкердiң және борышкерге қызмет көрсететiн банктiң атауы (егер үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi қамтамасыз етiлсе);
      5) кепiлдiктiң (кепiлдеменiң) немесе сақтандыру ұйымындағы басқа да мiндеттемелердiң мөлшерi;
      6) шарттың қолданылу мерзiмi;
      7) кредитордың атауы;
      8) шарттың тiзiлiмге енгiзiлген күнi;
      9) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.
      17. <*>
       Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .
 

      18. Шарттарға өзгерiстер мен толықтыруларды тiзiлiмге енгiзу негiзгi шарт үшiн көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

                3. Шарттарды тiркеу тәртiбi

     19. <*>
      Ескерту. 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .
 

       20. Сақтандыру ұйымының бiрлескен қызметi туралы шарттарды тiркеу тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
     1) сақтандыру ұйымының атауы;
     2) шарттың тараптары;
     3) шарттың күшiне енгiзiлген күнi;
     4) шарттың нөмiрi;
     5) сақтандыру ұйымының шарт бойынша мiндеттемелерiнiң мөлшерi;
     6) шарттың қолданылу мерзiмi;
     7) уәкiлеттi органның тiркеу күнi;
     8) шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi.

                  4. Қорытынды ережелер 

     21. <*>
      Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .
 

       22. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.    

     Төраға

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің
кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының
және басқа міндеттемелерінің тізілімін
жүргізу және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен
қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне
N 1 қосымша 

     Уәкілетті мемлекеттік орган "___"_________200 _ж. N____
_______________________________________________________ шартын
                     (шарттың атауы)
"___"__________200__ж. N_____тізілімге енгізді (тіркеді)
____________________________________________________________ 
                 (қажеттінің астын сызып қойыңыз)     

      Уәкілетті мемлекеттік органның
     аумақтық филиалының басшысы
     (оның орынбасары)
___________________________
             (Аты-жөні)
     ___________________________
               (қолы)   
 
           "___"_____________200__ж.
 

           Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің
кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының
және басқа міндеттемелерінің тізілімін
жүргізу және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен
қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесіне
N 2 қосымша

      ________________200_жылы 

Тізілімге енгізілген, сақтандыру ұйымының орналасқан жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық филиалы тіркеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншікті мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттар жөніндегі
ЕСЕП-ВЕДОМОСІ

___________________________________________________________________
N Сақтандыру Уәкілетті Баланста көрсетіл. Баланста көрсетіл. Заемшы.
р/с (қайта   мемлекет. меген меншікті     меген меншікті     ның
сақтандыру) тік орган. мүліктің кепіл,   мүліктің кепіл,    атауы
ұйымының    ның шартты кепілдік (кепіл.  кепілдік (кепіл.   (шарт
  атауы      тізілімге  деме) шарттары.   деме) шарттарының   тарап.
             енгізу     ның және басқа    және басқа міндет.  тары)
             (тіркеу)   міндеттемелердің  темелердің және
             күні мен   бірлескен қызмет  бірлескен қызмет 
             номері     туралы шарттардың туралы шарттардың
                        жасалған (берілген) қолданылу мерзімі. 
                        күні мен номері     нің аяқталуы 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы:

       Таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________ 
Заемшы   Креди.  Кепілдік. Кепілдік. Кепілдік  Шартқа   Пайдаланған
Банкінің тордың  тің және  тің және  беру (және өзге.   кепілдіктің
атауы    атауы   басқа     басқа     басқа      рістер   (және басқа
(шарт            міндетте. міндетте. міндетте. енгізу    міндеттеме.
тарап.           мелердің  мелердің  мелердің)  жөніндегі   лердің) 
тары)            теңгемен   шетел    валютасы    белгі      сомасы 
                 сомасы    валютасы
                           мен       
                           сомасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының басшысы (оның орынбасары) ____________ (қолы)
 
      Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
филиалының бас бухгалтері ____________ (қолы)       

         "Сақтандыру (қайта сақтандыру)    
ұйымының баланста көрсетiлмеген   
меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк  
(кепiлдеме) шарттарының және басқа  
мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу 
және сақтандыру (қайта сақтандыру) 
ұйымы жасаған бiрлескен қызмет    
туралы шарттарды тiркеу ережесiне  
қосымша                

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147  қаулысымен .

"___" _________ 200___ж. N ______ ________________________________
___________________________________________________________ шартын
                          (шарттың атауы)

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi "___" ____________ 200___ж.
N тiркедi.

Уәкiлеттi органның стратегия
және талдау бөлiмшесiнiң
басшысы (оның орынбасары)
___________________________
        (Аты-жөнi)
___________________________
         (Қолы)

"___" ____________ 200___ж.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады