Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
N 106
қаулысымен.
_______________________________________________
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400
V991010_
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды алған күннен бастап бес күндік мерзімде қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыратын уәкілетті ұйымдарға жіберсін.
4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары М.Т. Құдышевке (2 және 3-тармақтар бойынша) және Е.Т. Жанкелдинге (4-тармақ бойынша) жүктелсін.
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуiрдегi
N 111 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы
нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400
V991010_
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 31-тармақтың бiрінші азатжолындағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 54-тармақтың 4) тармақшасындағы "қазыналық есте сақтау қабiлетi бар бақылау-касса аппаратының немесе қазыналық картасы бар компьютерлердiң" деген сөздер "фискальды есте сақтау қабiлетi бар бақылау-касса машинасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Эмитенттiң елiнде заңды төлем құжаты болып табылатын қолма-қол шетел валютасы осы Нұсқаулықта белгiленген тәртiппен комиссиялық сыйақы алынбай сатып алынуға, сатылуға, айырбасталуға және ұсақталуға тиiс.
Заңды төлем құралының негiзгi белгiлерiне банкнотта эмиссиялық банктiң атауының, нөмiрi мен сериясының, санмен және жазумен жазылған құнының, бет жағы мен сырт жағында негiзгi суреттiң (бейне және т.б.), сондай-ақ банкнотты қолдан жасаудан қорғайтын элементтердiң (су тамғысы, магниттi белгiлер, қағазға енгiзiлген түрлi түстi талшықтар, сонымен бiрге ультракүлгiн сәулемен көрiнетiндерi, конфетти, қорғаныш жіптер, микромәтiн, люминесцияланатын суреттер және т.б.) болуы жатады.
Валютаның эмитент елi шығарылған банкноттарға басқа не қосымша талаптар белгiлеуi мүмкін.
Мынадай түрде бүлiнген банкноттар да төлем құралы болып танылады:
1) умаждалған және кiрлеген;
2) шетi немесе бөлiктерi қырқылған, желiмделген (көлемi 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын), егер жыртылған бөлiгi сөзсiз осы банкноттiкi болса;
3) егер желiмделген жыртықтары банкноттың төрттен бiр бөлiгінен аспайтын болса;
4) май шашыраған немесе басқа да дақтар, жазулар және мөртабандардың таңбалары (банкноттың өтелгенiн немесе түпнұсқа еместiгiн немесе үлгi екендiгiн куәландыратын мөртабандардан басқалары) болса, егер олар банкноттың түпнұсқалығын анықтауға кедергi келтiрмейтiн және осы тармақта айтылған негiзгi төлемдiк белгiлерінің бiрiн елеулi дәрежеде (50%-тен астамын) бүркемеген жағдайда;
5) диаметрi 0,5 мм-ден аспайтын тесiктерi мен ойықтары болса.
62. Төлемге жарамды шетел валютасы оның иесiнiң келiсiмiмен комиссиялық сыйақы алынып, инкассоға қабылдануы, төлемге жарамды қолма-қол шетел валютасына айырбасталуы немесе сатып алынуы мүмкiн. Инкассоға қабылдау, төлемге жарамсыз қолма-қол шетел валютасын айырбастау, сатып алу жөніндегi операциялар осы Нұсқаулықтың 65-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Нұсқаулыққа N 14 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемге жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен жасалған операциялар тiзiлiмдерiнiң журналында есепке алынады.
Егер банкноттар осы Нұсқаулықтың 61-тармағында көзделген талаптарға сай келмесе және/немесе олардың мынадай ақаулары болса:
1) бөлiктерге бөлініп жыртылған және желiмделген;
2) алғашқы түсi өзгерген немесе оңған;
3) күйген және күйiк шалған;
4) толық немесе елеулi бөлiгiне (негiзгi төлемдiк белгiлерiнiң бiрiнiң 50%-тен астамына) бояу, сия, май төгiлген;
5) химиялық реактивтердiң, оның ішiнде ультракүлгiн сәулелерге ұстағанда қағаздың түсін өзгертетін реактивтердiң әсерiне ұшыраған;
6) әдейi түрде елеулi бөлiгi бүлiнген (негiзгi суреттерi, атап айтқанда адамдардың суреттерi өзгертiлген қорғаныш жiбi алынып тасталған, көптеген жазулардың, оның ішінде ультракүлгiн сәулелерде көрiнетін жазулардың болуы);
7) басылымда көне-көрнеу ақаулар жiберiлген (су тамғысының немесе қорғаныш жiбінің болмауы немесе дұрыс орналастырылмауы, дұрыс басылмауы немесе бейнелердiң көмескi болуы) банкноттар;
8) геометриялық көлемiнiң азайту жағына өзгерген сияқты ұлғайту жағына қарай 3 мм астам өзгерген болса, төлемге жарамсыз болып танылады.
Сондай-ақ тиiстi шет мемлекеттiң эмитент банкi жариялаған күннен кейiн айналымнан шығарылған банкноттар да төлемге жарамсыз деп танылады.
Төлемге жарамсыз банкноттарды сатып алу мен ауыстыруды уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер және почта байланысының уәкiлеттi ұйымы ғана жүзеге асырады. Уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер және почта байланысының уәкiлеттi ұйымы ауыстыру тәртiбiмен сатып алған және қабылдаған төлемге жарамсыз банкноттарды клиенттердiң сатуына болмайды және эмитент банкке инкассоға жiберiлуге немесе қызмет көрсететiн уәкiлеттi банктер арқылы инкассоға өткiзiлуге тиiс.
Уәкiлеттi банк төлемге жарамсыз шетел валютасының банкноттарын иесiнiң келiсiмiмен инкассоға қабылдауға құқылы. Қолма-қол шетел валютасын инкассоға қабылдауды уәкiлеттi банктiң қызметкерi осы Нұсқаулықтың N 7 қосымшасына сәйкес нысан бойынша клиенттiң өтiнiшi негiзiнде ғана жүзеге асырады. Шетел валютасын инкассоға қабылдаған кезде клиентке түбiртек берiледi. Уәкiлеттi банктер клиенттерге комиссиялық сыйақының мөлшерi (оған қоса клиенттiң барлық шығыстары) туралы және эмитент банктердiң (шетелдiк банктердiң) тозған банкноттарды айырбастаудан бас тартуы мүмкiн екендiгiн ескертуге, сондай-ақ инкассо жасаған жағдайда клиенттiң жазбаша келiсiмiн алуға мiндеттi. Эмитент банк (шетелдiң банкi) жiберiлген шетел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi банктер клиентке тиiстi растау құжаттарын беруге мiндеттi.
Уәкiлеттi банк эмитент банктен (шетелдiң банкiнен) инкассо жасалған шетел валютасы үшiн өтем жасалған ақша сомасы клиентке оның қалауы бойынша шетел валютасымен немесе теңгемен қолма-қол төленуге тиiс не қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шетел валютасымен немесе теңгемен банктiк есепшотына аударылуға тиiс.
Төлемге жарамсыз банкноттарды ауыстырғаны, сатып алғаны, қабылдағаны үшiн комиссиялық сыйақыны уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер, почта байланысының уәкiлеттi ұйымы белгiлейдi, бiрақ ол айырбастауға (сатып алуға, инкассоға қабылдауға) ұсынылатын банкноттардың нақты құнының 10 процентiнен аспауға тиiс. Комиссиялық сыйақыны уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттік серiктестiктер, почта байланысының уәкілеттi ұйымдары операция жасалған күнгi Ұлттық Банктiң ресми бағамы бойынша Қазақстан теңгесiмен алады.".
4. 63-тармақтағы "тестерлердiң немесе басқа арнайы құралдардың" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың 51-тармағында көзделген талаптарға сәйкес ақша белгiлерiнiң түпнұсқалығын анықтайтын техникалық құралдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 66 және 67-тармақтардағы "200" сандары "500" сандарымен ауыстырылсын.
6. 68-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi банктiң (оның филиалының) басшысы мен бас бухгалтерi анықтама-сертификаттарға өздерiнiң орынбасарларының, уәкiлеттi банктiң есеп айырысу-касса бөлiмiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң, не айырбастау пункттерiнiң жұмысын ұйымдастыруға жауап беретiн бөлiмшенiң және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларының есебiн көрсетудi жүзеге асыратын бөлiмше басшыларының қол қоюына сенiм бiлдiруге құқылы. Осы адамдардың анықтама-сертификаттарға қол қою жөніндегi өкiлеттiктерi бұйрықпен және сенiмхатпен бекiтiлуге тиiс. Анықтама-сертификаттарға басшы және/немесе бас бухгалтер үшiн қол қою жөнiндегi өкiлеттiктердi айырбастау пункттерiнiң кассирiне жүктеуге болмайды.".
7. 72-тармақ алынып тасталсын.
8. 84-тармақтың екiншi азатжолындағы "өзгеше" деген сөз "шектеулi" деген сөзбен ауыстырылсын.
9. 85-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) алдағы уақытта осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзуға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескерту жасауға;".
10. 87-тармақ:
1) мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) алдағы уақытта осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзуға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескерту жасауға;";
2) мынадай мазмұндағы жетіншi азатжолмен толықтырылсын:
"Осы Нұсқаулықтың нормаларын бұзу себебi бойынша айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгi қайтарып алынса, осы мекен-жайдағы сол уәкiлеттi ұйымның айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiн қайтарып алған күннен бастап бiр жыл бойы айырбастау пунктiн ашуына тыйым салынатын болады.".
11. Мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Лицензия (тiркеу куәлiгi) қайтарылып алынған жағдайда Ұлттық Банктiң тиiстi шешiмінің көшiрмесiн уәкiлеттi банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымға жiбередi. Уәкiлеттi банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлетті ұйым мұндай шешiмінің көшiрмесін алған күннен бастап үш күннiң iшінде қайтарып алынған лицензияны (тiркеу куәлiгiн) Ұлттық Банктiң филиалына қайтаруға мiндеттi.".
12. Мынадай мазмұндағы 87-2-тармақпен толықтырылсын:
"Лицензияның (уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, почта байланысы уәкiлеттi ұйымының айырбастау пунктiн ашуға берiлген тiркеу куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатылған жағдайда Ұлттық Банктiң (оның филиалының) тиісті шешімінің көшірмесі уәкілетті банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға жіберіледі. Уәкілетті банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйым мұндай шешімді алған күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатылған мерзім аяқталғанға дейін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті тоқтатуға міндетті.
Осы мерзім ақталғаннан кейін уәкілетті банк, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйым қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті
жалғастыруға құқылы.
Нұсқаулықтың осындай нормаларын бұзу заңнамада көзделген жауап беруге
әкеп соғады.
Уәкілетті банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын уәкілетті ұйымының лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы
Ұлттық Банктің шешімін орындауын бақылауды Ұлттық Банктің филиалы жүзеге
асырады.".
13. N 4 және N 10 қосымшалар алынып тасталсын.
14. N 14 қосымшамен толықтырылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 400 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы
нұсқаулыққа
N 14 қосымша
Журналдың бiрiншi бетi
Төлемге жарамсыз қолма-қол шетел
валютасымен операциялар тiзiлiмдерiнiң
ЖУРНАЛЫ
Айырбастау пунктi ____________________________________________,
(айырбастау пунктiнiң атауы, тiркеу нөмiрi)
Орналасқан мекен-жайы ________________________________________,
(айырбастау пунктiнiң атауы)
_______________________________________________________________
(уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн
_______________________________________________________________
жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның атауы)
Орналасқан мекен-жайы _________________________________________
(уәкiлеттi банктiң, банк операцияларының
_______________________________________________________________
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымның орналасқан
жерi)
______жылғы "___"______________басталған
______жылғы "___"______________аяқталған
Сақталу мерзiмi:__________ жыл
N 14 қосымшаның жалғасы
Журналдың ішкі парағы
___________________________________________________________________________
Валютаның түрі Сатып алу бағамы Ресми бағамы Өкімінің нөмірі және күні
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Төлемге жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен операциялардың
200___жылғы "___"___________
ТІЗІЛІМДЕРІ
___________________________________________________________________________
N Инкассоға өтініштің Шетел Шетел Жүргізілген Өтемге Өтемге Теңге.
п/п N немесе шетел валю. валю. операцияның беріл. беріл. мен
валютасын сатып тасы. тасы. түрі (инка. ген ген ұстал.
алу туралы ның ның ссо/ ауыс. валю. валю. ған
анықтама- атауы номи. тыру/сатып таның таның комис.
сертификаттың N налы алу) атауы сома. сия
(но. (ауыс. сы сома.
минал. тырған сы
дар немесе
сома. сатып
сы) алған
кезде)
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиын.
тығы:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Кассирдің қолы __________ Парақтың N ____
N 14 қосымшаның соңы
Журналдың соңғы бетi
Осы журналда ___________________________________________________
(банктiң/ұйымның атауы)
________________________________________________________________
(айырбастау пунктiнiң атауы, тiркеу N және мекен-жайы)
айырбастау пунктiнiң төлемге жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен
операциялары тiзiлiмдерiнiң парақтары нөмiрленiп тiгiлдi.
_____жылғы "___"____________
Басшы __________/қолы/ Мөр орны
Бас бухгалтер __________/қолы/ Заңды тұлға
_____парақтары бар төлемге жарамсыз қолма-қол шетел валютасымен
операциялар тiзiлiмдерiнiң журналы Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келедi және _____жылғы
"___"____________ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
_________________ филиалында куәландырылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
филиалының директоры
(директордың орынбасары)__________/қолы/
Ұлттық Банктiң филиалы мөрiнiң немесе мөртабанының орны
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.