Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1567. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 209 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.07.20 № 209 Бұйрығымен.

      Соттарымен және құқық қорғау органдарында сараптамалық қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі біліктілік дәрежесін бекітетін сарапшылық мамандықтары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 V990861_ бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген N 1 қосымшада:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 13.2-тармақшамен толықтырылсын:
      "Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу";
      16-тармақтың 16.2-тармақшасындағы "Дәрі-дәрмектік биологиялық айғақ заттарды зерттеу" деген сөздер "Молекулалық-генетикалық зерттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 17.6-тармақшамен толықтырылсын: "Соттық психологиялық-филологиялық зерттеу".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Мамандар:
      Омарбекова А.Т.
      Икебаева Ә.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады