---------------Қаулыдан үзінді-------------------
Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді...
Төраға
Бағалы қағаздар рыногы
мәселелерi бойынша
Қазақстан Республикасының
кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң күшi жойылды
деп тану туралы" Қазақстан
Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөнiндегi
агенттiгi Басқармасының
2004 жылғы 13 қазан
N 276 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет көрсету туралы шарт бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) жағдайдағы тiркеушiлердiң iс-қимылы туралы" 2001 жылғы 28-мамырдағы N 835 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1570 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының "Рынок және құқық" қосымшасында 2001 жылы N 5 (12) жарияланған).
----------------------------------
Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 17), 23) және 36) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы Қаулыда пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiретiндiгi белгіленсiн:
1) "Iшкi ережелер" - акционерлiк қоғамның "Акционерлiк қоғамдар туралы"
Z980281_
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының 35-бабы 2-тармағының негізiнде өз акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзуге құқылы болатын, оның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртiбiн айқындайтын нормативтiк актiсi;
2) "Шарт" - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегi қызмет көрсету туралы шарт;
3) "тiркеушi" - Ұлттық комиссияның тиiстi лицензиясының негізiнде бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйым;
4) "Бағалы қағаздар" - ұстаушыларының тiзiлiмiн Шартқа сәйкес тiркеушi жүргiзiп отырған немесе жүргізген бағалы қағаздар;
5) "Бағалы қағаздардың эмитентi ("эмитент") - Шарттың тарабы болып табылатын немесе табылмайтын Бағалы қағаздар эмитентi.
2. Егер Шартта оның қолданылу мерзiмi белгіленген жағдайда, осы Шарттың тарабы болып табылатын тiркеушi оны қолдану тоқтатылатын күнге дейiн кемiнде он күн бұрын кешiктiрмей бұл туралы мыналарды хабардар ету керек екендігі белгіленсiн:
1) осы тiркеушiнiң бас кеңсесiнiң және филиалдарының үй-жайларында олар үшiн қолайлы орындарда тиiстi хабарландырулар орналастыру, оның хабарлар (осындайлар бар болған кезде) каталогтерiне (жинақтарына) тиiстi ақпарат енгізу арқылы және Шартта, осы тiркеушiнiң нормативтiк актiлерiнде немесе осы тiркеушi мүшесi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының қағидаларында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы бағалы қағаздар ұстаушыларды;
2) мазмұнындағы ақпаратты Бағалы қағаздар ұстаушылар болып табылатын өзiнiң барлық клиенттерiнiң назарына жеткiзу қажеттiлiгiн көрсете отырып тиiстi жеке жазбаша хабарларды осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленгенге ұқсас тәртiпте жiберу арқылы бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын.
3. Өзiмен жасасқан Шарттың бұзылатындығы жөнiнде белгiлi болған (оны бұзуға өзi бастамашы болғандығы не Бағалы қағаздардың эмитентiнен Шартты бұзу туралы ескертпе алуы күшiнде) тiркеушi осындай оқиға туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Шарттың бұзылатындығы туралы Бағалы қағаздар ұстаушыларын (оның iшiнде нақтылы ұстаушыларды) осы Қаулының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында белгiленген тәртiпте жазбаша ескертуге мiндеттi екендігі белгiленсiн.
4. Шарт бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) кезде оның тарабы болып табылатын тiркеушi (бұдан әрi "бұрынғы тiркеушi" деп аталады) Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электрондық деректер массивiн (Бағалы қағаздар ұстаушылардың бастапқы тiзiмi, Шартты қолдану кезеңiнде Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнде олармен жүргiзiлген операцияларды тiркеу журналы және Шартты бұзу күнi жағдайы бойынша Бағалы қағаздар ұстаушылардың жазбаша түрде ресiмделген тiзiмi) тек қана тиiстi түрде уәкiлеттi тұлғалар қол қойған қабылдау-өткiзiп беру актiсi бойынша және тек қана мыналарға беруге құқылы екендiгi белгіленсiн:
1) басқа тiркеушiге (бұдан әрi "жаңа тiркеушi" деп аталады) - жаңа тiркеушiнiң Бағалы қағаздардың эмитентiмен жасасқан Шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе осы Шарттың нөмiрiн және күнiн көрсете отырып жаңа тiркеушiнiң оның Бағалы қағаздардың эмитентiмен Шарт жасасқандығы туралы жазбаша ескертпесiн ұсынуы бойынша;
2) Бағалы қағаздардың эмитентiне (акциялардың Бағалы қағаздар болып табылуы, ал эмитент "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының 35-бабы 2-тармағының негiзiнде өз акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзуге құқылы болатындығы шартымен) - мыналарды ұсынуы бойынша:
Шарт Бағалы қағаздар эмитентiнiң бастамасы бойынша бұзылған жағдайда - эмитенттiң тiркеушiнi таңдауға уәкiлеттiк берiлген органының Шартты бұзу туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
Бағалы қағаздар эмитентi акционерлерiнiң Iшкi ережелердi бекiту туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн;
эмитенттiң оның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегi функцияларды атқару жүктелген қызметкерiне Ұлттық комиссия берген, қолданылып жүрген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
осы тармақшаның төртiншi азатжолында көрсетiлген қызметкердiң шын мәнiнде Бағалы қағаздар эмитентiмен еңбек қатынастарында тұратындығын және оған осы эмитенттiң акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi функцияларды атқару жүктелгендігін растайтын құжаттарды.
5. Осы Қаулының 4-тармағы 2) тармақшасының төртiншi азатжолына сәйкес көшiрмесiн Бағалы қағаздар эмитентi ұсынған бiлiктiлiк куәлiгiнiң анықтылығын тексеру мақсатында бұрынғы тiркеушi жазбаша сұраумен Ұлттық комиссияға жүгiнуге құқылы және осы куәлiк бойынша Ұлттық комиссияның оң қорытындысын алғанға дейiн Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электронды деректер массивтерiн Бағалы қағаздар эмитентiне бермеуге құқылы екендігі белгiленсiн.
6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электронды деректер массивтерiн беру кезiнде бұрынғы және жаңа тiркеушiнiң немесе - егер Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттар және электронды деректер массивтерi олардың эмитентiне берiлсе - бұрынғы тiркеушiнiң және Бағалы қағаздар эмитентiнiң өзара келiсiмi бойынша, бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) Шарттың қолданылу кезеңiнде негiзiнде Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзілімiнде олармен операциялар жүзеге асырылған құжаттардың көшiрмелерiн бұрынғы тiркеушi жаңа тiркеушiге (Бағалы қағаздар эмитентiне) қосымша бере алады.
7. Бұрынғы тiркеушiге осы Қаулының 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар оның өзiнде қалатындығы белгiленсiн.
8. Құжаттар және Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын электронды деректер массивтерi берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы мыналарды хабардар етуге бұрынғы тiркеушiнiң мiндеттi екендігі белгiленсiн:
1) осы Қаулының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында белгiленген тәртiпте Бағалы қағаздардың ұстаушыларын (оның iшiнде нақтылы ұстаушыларын);
2) мазмұнында Бағалы қағаздар эмитентiнiң атауы туралы, Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттар және электронды деректер массивтердiң кiмге (жаңа тiркеушiге немесе Бағалы қағаздар эмитентiнiң өзiне) берiлгендігі туралы және бұрынғы тiркеушiнiң Шарттың бұзылуына байланысты қолданған әрекеттерi туралы деректер бар жазбаша хабар жiберу арқылы Ұлттық комиссияны.
9. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап он бес күннен кейiн қолданысқа енгiзiлетiндігі белгіленсiн.
10. Тiркеушiлер осы Қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алпыс күн iшiнде Шарттарды қолдану тоқтатылған жағдайда тiркеушiлердiң әрекеттерi реттелетiн өздерiнiң iшкi нормативтiк актiлерiн осы Қаулыда белгіленген нормаларға сәйкес келтiру мақсатында аталған актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге мiндеттелсiн.
11. Тiркеушiлерге олар қызмет көрсететiн бағалы қағаздар эмитенттерiнiң назарына осы Қаулыны (ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн) жеткiзу жөнiндегi мiндет жүктелсiн.
12. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаменті:
1) осы Қаулыны (ол қолданысқа енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы