Бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi мен түрлерi бойынша мемлекеттiк аккредитациялауға арналған көрсеткiштердi бағалау тiзбесi мен өлшемдерiн және Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялаудан өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 23 шілдедегі N 602 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1599. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N 109 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008.03.05  N 109  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Бiлiм туралы"  Z990389_  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына және "Бiлiм ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялау ережесiн бекiту туралы"  P010976_  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 шілдедегi N 976 қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса берілiп отырған: 
      1) бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi және түрi бойынша мемлекеттiк аккредитациялауға арналған көрсеткiштердi бағалау өлшемдерiнiң тiзбесi;
      2) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк аккредитациялаудан өткiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Мониторинг және бақылау департаментi (Ж.М. Әдiлов):

      1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынсын;
      2) бекiтiлген өлшемдiк құқықтық құжаттарды бiлiм беру ұйымдарының басшыларының назарына жеткiзсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-Министр Б.Т. Жұмағұловқа жүктелсiн.

       Министр

                                          Қазақстан Республикасы
                                       Білім және ғылым министрінің
                                          2001 жылғы 23 шілдедегі
                                             N 602 бұйрығымен
                                                бекітілген

  Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк
бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру
ұйымдарында мемлекеттiк аккредитациялауды
жүргізу тәртiбi туралы
нұсқаулық 

  1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аккредитациялауды жүргiзу тәртiбi туралы осы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Бiлiм ұйымдарын мемлекеттiк аккредитациялау ережесiн бекiту туралы"  P010976_  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi N 976 қаулысына сәйкес жасалған. 
      2. Нұсқаулық кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымын (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымы) мемлекеттiк аккредитациялауды (бұдан әрi - Аккредитация) жүргiзудiң бiрыңғай талабын белгiлейдi. 
      3. Аккредитациядан бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиясына сәйкес бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдары өтедi. 
      4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарына қойылатын шарттар және тәртiппен мемлекеттiк аккредитациядан өтедi. 
      5. Аккредитациялауды және аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдарының тiзiмдерiн жасауды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мониторинг және бақылау департаментi арқылы (бұдан әрi - Департамент) бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрi бойынша (университет, академия, институт) министрлiк бекiткен аккредитациялаудың бағалау көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен өлшемдерi және мемлекеттiк аттестациялаудың нәтижесi бойынша жүзеге асырады. 
      6. Министрлiк бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялауда аккредитация туралы куәлiк беру, беруден бас тарту мәселелерiн алқа алдында жариялы түрде қарау үшiн құрамына мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары кiретiн аккредитациялық орган консультативтi-кеңесшi-бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау жөнiндегi кеңесiн (бұдан әрi - Кеңес) құра алады. 

  2. Аккредитациялауды жүргізудiң тәртiбi

      7. Бiлiм беру ұйымдары аккредитация өту үшiн Министрлiкке мына құжаттарды: 
      1) министрлiк бекiткен нысандағы өтiнiшi (1-қосымша); 
      2) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығының лицензиясының көшiрмесi; 
      3) мемлекеттiк аттестацияның нәтижесi туралы қорытынды; 
      4) бiлiм беру ұйымдарының қызметiн кешендi бағалау үшiн ақпаратты (2-қосымша) тапсырады. 
      8. Департамент олардағы көрсетiлген ақпараттардың дұрыстығын және ұсынылған материалдардың толықтығын тексередi. 
      Департамент кеңеспен бiрлесе отырып қажетi болған жағдайларда бiлiм беру ұйымдарының берген құжаттарындағы көрсетiлген ақпараттардың дұрыстығын тексеру үшiн бiлiм беру мекемесiне сарапшыларды және (немесе) кеңестiң мүшелерiн жiбере алады. 
      9. Департамент бiлiм беру ұйымы ұсынған құжаттарды оның толықтығы мен ақпараттардың дұрыстығын тексергеннен кейiн кеңес мүшелерiнiң немесе сарапшылардың жүргiзген тексеру жұмыстары бойынша анықтамаларды (актiлердi) кеңеске ұсынады. 
      10. Бiлiм беру ұйымдарының тапсырған құжаттары мен тексеру материалдарының негiзiнде аккредитациялық кеңес мынадай ұсыныстар қабылдайды: 
      бiлiм беру ұйымын аккредитациялайды; 
      бiлiм беру ұйымын аккредитациялаудан бас тартады. 
      Департаменттiң ұсынған құжаттарын жариялы түрде қарау үшiн кеңестiң отырысын бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерiн шақыру арқылы өткiзуге болады. 
      11. Кеңес мемлекеттiк аккредитациялау туралы куәлiк беру немесе беруден бас тарту жөнiндегi ұсынысын Департаментке бередi. 
      Аккредитациялау туралы шешiм министрлiктiң бұйрығымен бекiтiледi, оның негiзiнде 5 жыл мерзiмге бiлiм беру ұйымына аккредитациялау туралы куәлiк (бұдан әрi - Куәлiк) берiледi. 
      Куәлiк бланкiсi мен оның қосымшасының нысаны Министрлiкпен бекiтiледi. 
      12. Департаменттiң бiлiм беру ұйымдарының құжаттарын қарау және Министрлiктiң шешiм қабылдау мерзiмi үш айдан аспауы керек. 
      13. Куәлiк немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешiм бiлiм беру ұйымдарына тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмiнде берiледi. 
      Куәлiк белгiлi бiр мерзiмге бiлiм беру ұйымының үлгiсi (жоғары бiлiм), түрi (университет, академия, институт) бойынша мәртебесiн, белгiлi мамандықтар тiзбесi бойынша олардың түлектерiнiң бiлiм деңгейi (сатысы) және (немесе) бiлiктiлiгi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беру құқығын көрсететiн ресми мемлекеттiк құжат болып табылады. 
      Куәлiктiң көшiрмесi аккредитациялық органда сақталады. 
      14. Куәлiк төмендегi жағдайларды сақтағанда: 
      1) Осы нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес барлық құжаттарды толық тапсырғанда және ол құжаттардағы көрсетiлген мәлiметтер дұрыс болғанда; 
      2) құрылтайшылардың құжатында көрсетiлген бiлiм беру ұйымының үлгiсi бiлiм беру ұйымының аккредитациялау үшiн негiзгi бағалау көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен өлшемдерi университет, академия және институт үлгiсiне және түрiне сәйкес келгенде; 
      3) осы оқу орнындағы мамандар даярлауды жүзеге асыратын барлық мамандықтар бойынша оқу орнының, барлық ғылыми мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымын мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының "аттестатталсын" деген шешiмi болғанда мемлекеттiк аккредитация туралы куәлiк берiледi. 
      15. Куәлiк беруден мына жағдайларда: 
      1) осы нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес талап етiлген құжаттардың барлығы толық тапсырылмаса немесе құжаттардағы көрсетiлген мәлiметтер дұрыс болмағанда; 
      2) университет, академия және институт түрiндегi бiлiм беру ұйымының аккредитациялау үшiн негізгi көрсеткiштерiнiң өтiнiш берген құрылтайшылардың құжаттарындағы бiлiм беру ұйымының үлгiсiне және түрiне сәйкес келмегенде; 
      3) осы бiлiм беру ұйымдарында мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтар бойынша кәсiптiк жоғары бiлiм ұйымын (немесе) ғылыми мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм ұйымын мемлекеттiк аттестаттау комиссиясының "аттестатталмасын" деген шешiмi болса куәлiк беруден бас тарту мүмкін. 
      Бiлiм беру ұйымы көрсетілген кемшiлiктердi жойған жағдайда аккредитациялау туралы өтiнiшi жалпы негiзде қаралады. 

  3. Куәлiктiң қолдану әрекетiн тоқтата тұру және керi
қайтарып алу

      16. Бiлiм беру ұйымын қайта ұйымдастыру немесе ол жабылған жағдайда (қосылып кету, бiрiгу, бөлiну, жеке шығу), құрылымның құқықтық нысаны өзгергенде Министрлiктiң бұйрығымен күшi жойылды деп танылады, ол туралы аккредитацияланған бiлiм беру ұйымдарының тiзбесiне тиiстi жазба жасалады. 
      Куәлiктiң күшi бар кезде бiлiм беру ұйымын жою немесе қайта ұйымдастыру жүргiзiлгенi туралы ол Министрлiкке тиiстi ақпараттар беруге және қайта ұйымдастыруға немесе жоюға шешiм қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде аккредитациялау туралы куәлікті қайтаруға міндетті. 
      17. Мына жағдайларда: 
      1) құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшының өкілеттілігін жүзеге асыратын орган тиісті өтініш бергенде; 
      2) білім қызметін жүргізу құқығының лицензиясының қолданылу әрекеті тоқтатыла тұрса немесе ол кері қайтарып алынса Министрлік өзінің бұйрығымен куәліктің қосымшасында көрсетілген барлық немесе жекелеген кәсіптік жоғары және (немесе) ғылыми мамандықтар бойынша берген куәлігінің қолданылу әрекетін тоқтата тұрады және күшін жоя алады (білім бері ұйымын аккредитациялаудан айырады). 
      18. Аккредитация туралы куәлік алған немесе куәлігі кері қайтарылып алынған білім ұйымдары туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
      19. Аккредитациялау туралы куәлікті кері қайтарып алу білім беру ұйымдарының түлектеріне білім деңгейі (сатысы) және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беру құқығын тоқтатады. 
      20. Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлардың өзгеруіне байланысты кеңестің ұсынымы негізінде Министрліктің бұйрығымен қайта жандандырылады. 
      21. Білім беру ұйымының куәлігі жоғалған жағдайда білім беру ұйымының өтінішінің негізінде аккредитациялау туралы куәліктің төлқұжаты беріледі. 
      Министрліктің тиісті шешімі білім беру ұйымдарына, құрылтайшының (құрылтайшылардың) назарына шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеткізіледі. 
      22. Білім беру ұйымы аккредитациялау туралы немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешімге заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады. 

                                    Кәсiптiк жоғары және жоғары оқу
                                    орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм
                                    бағдарламаларын жүзеге асыратын
                                  бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк
                                   аккредитациялауды жүргiзу тәртiбi
                                          туралы нұсқаулықтың
                                              1-қосымшасы

                   Мемлекеттiк аккредитациялау үшiн
                бiлiм беру ұйымының өтiнiшiнiң нысаны

      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
___________________________________________________________________
        бiлiм саласындағы орталық атқару органының атауы

                                  ӨТIНIШ

___________________________________________________________________
                      бiлiм беру ұйымының толық атауы

___________________________________________________________________
          бiлiм беру ұйымының заңды мекен-жайы, телефондары

төмендегi мамандықтар бойынша:

1.
2.
3.
4.
5.
6.
____________ жылы мемлекеттiк аккредитация жүргiзудi сұраймын

Өтiнiшке қосымша:
1) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиясының
   көшiрмесi;
2) мемлекеттiк аттестаттаудың нәтижесi туралы қорытынды;
3) бiлiм беру ұйымының қызметiн кешендi бағалау үшiн ақпарат.

Бiлiм беру
ұйымының басшысы        __________________     __________________
                           (тегi, аты-жөнi)           (қолы)

МО

                                     Кәсiптiк жоғары және жоғары
                                 оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм
                                   бағдарламаларын жүзеге асыратын
                                        бiлiм беру ұйымдарында
                                    мемлекеттiк аккредитациялауды
                                жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықтың
                                             2-қосымшасы

                БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН КЕШЕНДI
                      БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Жоғары оқу
орнының атауы______________________________________________________

      Төмендегі кестенi толтырғанда кестеде көрсетiлген уақыт ара-
лықтары мен өлшем бiрлiктерiнiң сәйкес болуына назар аудару керек

___________________________________________________________________
       Профессор-оқытушылар құрамы               2000      2001
         (қоса атқарушыларсыз)                  жылдың 1  жылдың 1
                                               маусымына  маусымына
___________________________________________________________________
1.  Ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар тұлғалар,
    адам
2.  Профессор ғылыми атағы бар (1-тармақты
    есептемегенде) тұлғалар, адам
3.  50 жасқа дейiнгi ғылым докторлары және
    профессор ғылыми атағы бар тұлғалар, адам
4.  Ғылым кандидаты ғылыми дәрежелi және
    доцент ғылыми атағы бар (1-3-тармақтарды
    есептемегенде) тұлғалар, адам
5.  Оның iшiнде 35 жасқа дейiнгiлер, адам
6.  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
    академиясының мүшелері, адам
7.  Оқытушылардың жалпы саны, адам
___________________________________________________________________
     Ескертулер:
     1. 3-тармақта бiр тұлғаның өзi бiр рет қана есептеледi.
     2. 3-4-тармақтарда Қазақстан жоғары аттестаттау комиссиясының
немесе бұрынғы КСРО жоғары аттестаттау комиссиясының берген ғылым
докторы және кандидаты ғылыми дәрежелерi профессор және доцент
ғылыми атақтары ғана ескерiледi. 

___________________________________________________________________
  Қоса атқарушы профессор-оқытушылар құрамы        2000     2001
(жоғары оқу орны iшiндегi қоса атқарушыларды      жылғы 1  жылғы 1
             есептемегенде)                      маусымда  маусымға
___________________________________________________________________
8.  Докторлық ғылыми дәрежесi бар тұлғалар, (адам)
9.  Профессор ғылыми атағы бар тұлғалар (10
    тармақты есептемегенде), адам
10. Ұлттық ғылым академиясы мүшелерiнiң саны
11. Оқытушылардың жалпы саны, адам
___________________________________________________________________
     Ескерту:
     8 және 9-тармақтарда Қазақстан жоғары аттестаттау комиссиясы-
ның немесе бұрынғы КСРО жоғары аттестаттау комиссиясының берген
және тағайындаған ғылым докторы дәрежесi мен профессор атағы
ескерiледi. 

___________________________________________________________________
  Студенттер, аспиранттар және тыңдаушылар       2000        2001
                                                жылдың 1  жылдың 1
                                                маусымына маусымына
___________________________________________________________________
12. Күндiзгi оқыту нысанында оқитын
    студенттердiң (20-тармақ ескерiлмейдi) саны,
    адам
13. Оның iшiнде мемлекеттiк тiлде оқитындардың
    саны
14. Сырттай оқыту нысанында оқитын
    студенттердің саны, адам
15. Оның iшiнде мемлекеттiк тiлде оқитындардың
    саны
16. Күндiзгi оқыту нысанында оқитын
    аспиранттардың саны, адам
17. Сырттай оқыту нысанында оқитын
    аспиранттардың саны, адам
18. Ғылым кандидаты дәрежесiне iзденушiлер,
    адам
19. Аға ғылыми қызметкер дәрежесiне
    ауыстырылған докторанттар мен
    оқытушылардың саны, адам
20. Жоғары оқу орнында оқып жатқан шет елдiк
    азаматтардың саны, адам
21. Жоғары оқу орнында келiсiм-шарт негiзiнде
    оқып жатқан шетелдiк азаматтардың саны,
    адам
22. Кәсiптiк қайта даярлаудан өткен немесе
    бiлiктiлiгiн арттырған тыңдаушылардың саны,
    адам
23. Есеп беру жылында шетелдерде iссапарда
    жүрген аспиранттардың саны, адам
___________________________________________________________________
     Ескерту: 16 және 17 тармақтарда шетелдiк аспиранттар да қоса
есептеледi.

___________________________________________________________________
   Кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары            2000        2001
                                                жылдың 1  жылдың 1
                                                маусымына маусымына
___________________________________________________________________
24. Мамандар даярлау жүзеге асырылып жатқан
    кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтары, бiрлiк
25. Мамандарды қайта даярлау немесе бiлiктiлiгiн
    арттыру ісі жүзеге асырылып жатқан кәсіптiк
        жоғары бiлiм мамандықтары, бiрлiк
26. Докторанттар, аспиранттар және басқа да
    iзденушілердiң жүргізiп жатқан ғылыми
    жұмыстары бойынша ғылыми дәреже
    берiлетiн мамандықтардың саны, бiрлiк
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

    Студенттер бiлiмiнiң деңгейi               1999       2000
                                             жылдың 1   жылдың 1
                                           қыркүйегiне қыркүйегiне
___________________________________________________________________
27. 1-курсқа қабылданған студенттердiң
    қабылдау емтихандарындағы орташа баллы,
    бiрлiк
28. Әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер циклi
    бойынша жақсы және өте жақсы бағалардың
    пайызы
29. Жалпы жаратылыс тану пәндерi циклi
    бойынша жақсы және өте жақсы бағалардың
    пайызы
30. Жалпы кәсiптiк пәндер циклi бойынша
    жақсы және өте жақсы бағалардың пайызы
31. Арнайы пәндер циклi бойынша жақсы және
    өте жақсы бағалардың пайызы
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
         Түлектердiң деңгейi                    1999 жыл  2000 жыл
                                                  үшін      үшін
___________________________________________________________________
32. Бiтiру мемлекеттiк емтихандарының жақсы және
    өте жақсы бағаларының пайызы, %
33. Мемлекеттiк аттестаттау комиссиясы "жақсы"
    және "өте жақсы" деп бағаланған дипломдық
    жұмыстар мен жобалардың пайызы, %
34. Жұмыспен қамтамасыз ету кепiлдендiрiлген
    күндiзгi бөлiм түлектерiнiң пайызы, %
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Жоғары оқу орнының диссертациялық             1999 жыл   2000 жыл
      кеңестерiнiң жұмысы                       үшін       үшін
___________________________________________________________________
35. Диссертациялық кеңестердiң саны
36. Кеңестердiң бiр жылда қараған ғылым докторы
    ғылыми атағына iзденушiлердiң 
    диссертациясының саны, бiрлiк
37. Аспирантура бiтiргеннен кейiн бiр жылда
    диссертация қорғаған аспиранттардың саны
38. Кеңестерде бiр жылда қаралған ғылым кандидаты
    ғылыми дәрежесiне iзденушiлердiң
    диссертацияларының саны
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
 Ғылыми жұмыстарды қаржыландырудың көлемi       1999 жыл  2000 жыл
                                                  үшін      үшін
___________________________________________________________________
39. Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу
    жұмыстарын бюджет және гранттардың есебiнен
    қаржыландырудың жалпы көлемi, мың теңге
40. Шаруашылық шарт жұмыстарын
    қаржыландырудың көлемi, мың теңге
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
               Баспа қызметi                       1999     2000
                                                   жылға    жылға
___________________________________________________________________
41. Шетелдерде басылған монографиялар,
    оқулықтар және оқу құралдарының саны, бiрлiк
42. Қазақстанда шығарылған монографиялар, бiрлiк
43. Оның iшiнде мемлекеттiк тiлде шығарылғаны,
    бiрлiк
44. Қазақстанда шығарылған оқулықтар, бiрлiк
45. Оның iшiнде мемлекеттiк тiлде шығарылғаны,
    бiрлiк
46. Қазақстанда шығарылған оқу құралдары, бiрлiк
47. Оның iшiнде мемлекеттiк тiлде шығарылғаны,
    бірлік 
48. Шетелдердiң ғылыми баспаларында жарық
    көрген ғылыми мақалалардың саны, бiрлiк
49. Республикалық басылымдарда жарық көрген
    ғылыми мақалалардың саны, бiрлiк
50. Оның iшiнде мемлекеттік тiлде шығарылғаны,
    бiрлiк
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
     Бюджеттен бөлiнген және негiзгi қорлар            1999   2000
                                                       жылға  жылға
___________________________________________________________________
51. Бюджеттен бөлiнген сома (39-тармақты
    есептемегенде, мың теңге
52. Машиналар және оқу-тәжiрибе базаларды қоса
    есептегендегi негiзгi қордың жалпы құны, мың
    теңге
53. Оқу-лаборатория базаларының жалпы алаңы,
    шаршы метр
54. Оның iшiнде жалға алынған алаң, мың шаршы
    метр
55. Жоғары оқу орнындағы жеке компьютерлердiң
    жалпы саны, бiрлiк
56. Оның iшiнде "Реntiuм-1" және одан жоғары
    класты, бiрлiк
57. "Internet" жүйесiне қосылған компьютерлердiң
    жалпы саны, бiрлiк
58. Жоғары оқу орнының кiтапхана қорын сақтау
    бiрлiгiнiң жалпы саны, мың
59. Электрондық және магниттік
    тасымалдаушылардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетi
    бiрлiгiнiң жалпы саны, бiрлiк
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
           Ақша қаражатын беру                        1999    2000
                                                      жылға   жылға
___________________________________________________________________
60. Заңды және жеке тұлғалардан есеп жылында
    жоғары оқу орнына аударылған қаражат (41-
    42, 49, 59, 60 тармақтарды есептемегенде
61. Оның iшiнде мамандар даярлауға, мың теңге
62. Ғылыми жұмыстардың жетiстiктерiн өндiрiске
    практикалық енгiзуден түскен қаражат, мың
    теңге
63. Жоғары оқу орнының есеп берiлiп отырған
    жылғы шетел азаматтарын даярлаудан алған
    қаражаты мың теңге
___________________________________________________________________

     Ескерту: 39-63 тармақтар бойынша мәлiметтер келер жылдың
1 қаңтарына келтiрiледi.

___________________________________________________________________
  Жатақхана, асхана, профилактория, спорттық     2000        2001
                құрылғылар                      жылдың      жылдың
                                            1 маусымына 1 маусымына
___________________________________________________________________
64. Қалалық емес студенттердің жатақханамен
    қамтамасыз етілуі, пайыз
65. Қоғамдық тамақтандыру кәсiп орындарында
    қамтамасыз етуі (нормаға шаққанда пайыз
    бен, норма 1000 студентке 200 орыннан), %
66. Санаторилар-профилакториялардағы
    орындардың саны, бiрлiк
67. Жабық спорттық құрылғылардың жалпы
    пайдалы алаңы (спорт лагерлерiндегi жабық
    құрылғылар қоса есептегенде, шаршы метр
68. Аурухана төсектерi және тiс емдеу
    креслолары (медициналық жоғары оқу
    орындары және факультеттер үшін), бiрлiк
___________________________________________________________________
     Ескерту:
     1. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлiгi болып табылатын лицей,
колледждер тiзбеде есептелмейдi.
     2. Шығармашылық жоғары оқу орындары және өз құрамдарында өнер
факультеттерi бар жоғары оқу орындары үшiн "Қазақстан Республика-
сының халық әртiсi", "Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген
қайраткер", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi",
"КСРО халық әртiсi", "Қазақстан Республикасының халық суретшiсi"
және т.б. құрметті атақтар 2, 4, 9-тармақтарда қосымша көрсетiледi.
     3. Шетелде және Қазақстанда көрсетiлген шығармашылық жұмыстар
қосымша 41 және 42-тармақтарда көрсетiледi.

     Жоғарыда келтiрiлген ақпараттардың
     дұрыстығын растаймын                          _______________________
                                                   (қолы, тегi, аты-жөнi)

                                       Қазақстан Республикасы Білім
                                         және ғылым министрінің
                                      2001 жылғы 23 шілдедегі N 602
                                          бұйрығымен бекітілген
 
           БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ ЖӘНЕ ТҮРІ БОЙЫНША

          МЕМЛЕКЕТТІК АККРЕДИТАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІ
                      БАҒАЛАУ ТІЗБЕСІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ

___________________________________________________________________________
NN      Көрсеткіштердің атаулары                 Универси.  Акаде.  Инсти.
                                                    тет      мия     тут
___________________________________________________________________________
 1                   2                               3        4       5 
___________________________________________________________________________
*    Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  12 және   3 және   6 және
     iске асырылатын (кәсiптiк жоғары бiлiм     одан көп   одан    одан 
     мамандықтары) бiлiм беру бағдарламаларының            көп     көп
     тiзiмi
2*   Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  Ең кемі   Ең кемі  Ең кемі
     жалпы санына шаққандағы штаттағы оқытушы.  60%       50%      40%
     лар санының үлесi
3*   Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  35%-тен   30%-тен  25%-тен
     штаттағы оқытушылардың санына шаққандағы   көп       көп      көп
     ғылыми атағы мен дәрежесi бар оқытушылар.
     дың (Қазақстанның ЖАК немесе бұрынғы КСРО-
     ның ЖАК берген немесе берiлген) мөлшерi
4*   Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  140       120      100
     толық оқу циклiне, студенттердiң келтiрiл. басылым.  басылым. басыл.
     ген құрамының бiр бiлiм алушысына келетiн  нан кем   нан кем  ымнан
     оқу, оқу әдiстемелiк, ғылыми әдебиеттерi   емес      емес     көп
     қорының болуы                                                 емес
5*   Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  9,0       8,0      7,0
     келтiрiлген құрамының бiр студентiне
     келетiн оқу-тәжiрибе базасының жалпы
     (шаршы м.) алаңы
6**  Аккредитациялаудан бұрынғы жылдардағы      6,0       4,0      2,0
     жағдайы бойынша соңғы екі жылғы келтi.
     рiлген құрамының бір студентiне келетін 
     бiр оқытушы профессорлар құрамының ғылыми 
     зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың (мың 
     теңге) жалпы көлемi
7**  Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  50,0      40,0     30,0
     келтiрілген құрамының бiр студентіне 
     келетiн негiзгi қордың (мың теңге) жалпы
     құны
8**  Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  6-дан көп 1-2      1-2 
     ғылыми қызметкерлердiң даярлығы жүргiзiлiп 
     жатқан (ғылыми дәреже берiлетiн 
     мамандықтар) ғылым салаларының саны
9**  Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  0,2       0,1      0,05
     келтiрiлген құрамының 100 студентіне
     келетiн докторлар мен докторлық қорғайтын
     iзденушілердің саны
10** Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  3         2        1
     келтiрiлген құрамының 100 студентiне
     келетiн аспиранттар мен ғылым кандидат.
     тары дәрежесiне iзденушiлердiң саны
11** Аккредитациялаудан бұрынғы жылдардағы      0,4       0,2      0,1 
     жағдайы бойынша соңғы екі жылғы оқытушы 
     профессорлар құрамының 100 адамына 
     шаққандағы аспирантураны бiтiргеннен 
     кейiнгi бiр жылдың iшiнде диссертация 
     қорғаған аспиранттардың қатынасы
12** Аккредитациялаудан бұрынғы жылдардағы      5,0       3,0      1,5 
     жағдайы бойынша соңғы екi жылғы ОПҚ-ның 
     100 адамына шаққандағы Қазақстан 
     баспаларынан грифпен шыққан монографиялар,
     оқулықтар және оқу құралдарының саны
13** Аккредитациялау жылындағы жағдайы          15        10       5
     бойынша оқытушы профессорлар құрамындағы 
     ғылыми дәрежесi және/немесе ғылыми атағы
     бар жас (35 жасты қоса есептегенде) 
     оқытушылардың пайызы
14** Аккредитациялаудан бұрынғы жылдардағы      6         4        2
     жағдайы бойынша соңғы екі жылғы бойынша 
     оқытушы профессорлар құрамының 100 адамына
     шаққандағы шет ел баспаларындағы 
     шығарылған басылымдардың саны
15** Аккредитациялаудан бұрынғы жылдардағы      30        20       10
     жағдайы бойынша соңғы екi жылғы бойынша 
     оқытушы профессорлар құрамындағы 100 
     адамына шаққандағы Қазақстан ЖАК-ның
     тiзiмiне кiрген республикалық баспа.
     лардағы шығарылған басылымдардың саны
16** Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  5,0       4,0      3,0
     келтiрiлген құрамның 100 студентiне 
     келетiн Pentium класты жеке компьютер.
     лердiң саны
17** Аккредитациялау жылындағы жағдайы бойынша  2,0       1,0      1,0
     келтiрiлген құрамның 100 студентiне 
     келетiн ИНТЕРНЕТ жүйесiне қосылған 
     компьютерлердiң саны
18** Аккредитация жылындағы жағдай бойынша      60        55       45 
     бiрiншi курсқа түскен студенттердiң 
     қабылдау емтихандарындағы орташа ұпайы
19** Мемлекеттiк бiлiктiлiк комиссиясының       50        40       30
     "жақсы" және "өте жақсы" бағаланған
     дипломдық жұмыстар мен жобалардың пайызы
___________________________________________________________________
     Ескерту:
     *  - мемлекеттiк аккредитация үшiн міндеттi көрсеткiштер
     ** - осыдан 8 тармақтың орындалуы мемлекеттiк аккредитациялау үшiн
               жеткілікті көрсеткіштер.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады