Бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау, есепке алу, жазып беру, босату Ережелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы N 428 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1604. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 173 Бұйрығымен (V053599)

      "Қазақстан Республикасында есірткілік дәрілердің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693  қаулысын жүзеге асыру мақсатында және бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтауды, есепке алуды, жазып беруді, босатуды реттеу үшін 
                            БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар: 
      1) Бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға рецепттер, талаптар жазу мен босату Ережелері; 
      2) ІІ Санаттағы дәрілік заттарға арнайы рецептуралық бланкілер үлгісі; 
      3) Дәріхана қоймаларында бақылауға және арнайы рецептуралық бланкілерге жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және босату Ережелері; 
      4) Дәріханаларда бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу Ережелері; 
      5) Емдеу-алдын алу ұйымдарында бақылауға және арнайы рецептуралық бланкілерге жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу Ережелері; 
      6) Емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық науқастар пайдаланбаған арнайы рецептуралық бланкілерге жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есептен шығару мен жою Ережелері; 
      7) Дәрілік заттарды оларды ұстайтын сынақ лабораторияларында (орталықтарында) бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу Ережелері; 
      8) Дәрілік заттарды оларды ұстайтын ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарында бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу Ережелері; 
      9) Дәріхана және емдеу-алдын алу ұйымдарынан құрамында бақылауға жататын, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды талан-таражға салу мен ұрлау туралы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын кезекті хабарлау үлгісі бекітілсін. 
      2. Бақылауға жататын есірткі құралдары және ІІ, ІІІ және ІV Санаттардағы дәрілік заттар емдеу-алдын алу және дәріхана ұйымдарында, сынақ лабораторияларында (орталықтарында), ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарында заттық-сандық есепке алуға жатады деп белгіленсін. 
      3. Денсаулық сақтаудың облыстық, Астана мен Алматы қалалық басқармаларының (департаменттерінің) басшылары: 
      1) ағымдағы жылдың наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне келесі күнтізбелік жылға Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің аймақтық өкілдіктерімен келісілген есірткілік және психотроптық дәрілерге (ІІ Санаттың, "А" және "В" топтарының) қажеттілік нормаларының есебін тапсырсын. 
      2) Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық өкілдіктерімен алдын ала келісілген ІІ Санаттың ("А" және "В" топтарының) дәрілік заттарын пайдалануға және арнайы рецептуралық бланкілерді сақтауға құқығы бар емдеу-алдын алу ұйымдарының тізбесін, сондай-ақ ІІ Санатты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көрсетілген емдеу-алдын алу ұйымдары тіркелген дәріхана ұйымдарының тізбесін ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде бұйрықпен бекітсін; 
      3) меншік нысанына қарамастан, осы әкімшілік аумағында орналасқан заңды тұлғаларды құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар айналымы тәртібінің сақталуына жылына бір рет бөлек, не мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулер жүргізсін; 
      4) емдеу-алдын алу ұйымдарының басшыларына бақылауға және арнайы рецептуралық бланкілерге жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың есепке алынуы, сақталуы, босатылуы, тағайындалуы және пайдаланылуы үшін дербес жауапкершілік жүктелсін; 
      5) емдеу-алдын алу ұйымдарын ІІ Санаттағы дәрілік заттарға арнайы рецептуралық бланкілермен қамтамасыз етсін. ІІ Санаттағы дәрілік заттарға арнайы рецептуралық бланкілер запасы денсаулық сақтау басқармалары органдары мен емдеу-алдын алу ұйымдарында бір айлық қажеттіліктен аспауға тиіс. 
      4. Дәрігерлердің нашақорлықтан зардап шегетін науқастарға ІІ Санаттағы ("А" және "В" топтары) дәрілерге рецепттер жазып беруіне және беруіне үзілді-кесілді тыйым салсын. 
      5. Емдеу-алдын алу ұйымдарының басшылары: 
      1) емдеуші дәрігерлерді ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың тағайындалуы мен пайдаланылуын медициналық құжаттамасында (амбулаториялық картасында, ауру тарихында) дәрілік заттың аталымын, көлемі мен мөлшерін көрсете отырып, жазбаша рәсімдеуге міндеттесін; 
      2) ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың тағайындалуына және оларды жазып берудің белгіленген тәртібіне жүйелі бақылау жасауды жүзеге асырсын; 
      3) емдеуші немесе кезекші дәрігерлерді есірткілік дәрілік заттардың пайдаланылған ампулаларын басшының емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына, ол болмаған жерде - емдеу-алдын алу ұйымының басшысына демалыс пен мейрам күндерін қоспағанда, сол күні тапсыруды міндеттесін. Пайдаланылған ампулаларды жоюды белгіленген үлгі бойынша тиісті актіні ресімдей отырып, басшының төрағалық етуіндегі комиссия жүргізетін болсын. 
      6. Бақылауға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жарнамалауға жол бермесін. 
      7. Осы бұйрықты "Анықтама әдебиеттер, дәрілік заттардың айналымын реттейтін нормативтік құжаттар Тізбесіне" енгізсін.
      8. Облыстық, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) және дәріхана ұйымдарының басшылары осы бұйрықты медицина және фармацевтика қызметкерлерінің назарына жеткізсін.
      9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

       Төраға

                             Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                              сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                             төрағасының  2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                  N 428 бұйрығымен бекітілген

        "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"

     Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасы Әділет
     Ішкі істер министрі            министрлігінің Нашақорлыққа және
     2001 ж. "___" __________       есірткі бизнесіне қарсы күрес
                                    жөніндегі комитеті төрағасының
                                    м.а.
                                    2001 ж. "___" _________

        Бақылауға жататын құрамында есірткі құралдары,
  психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға
    рецепттер, талаптар жазып беру мен босату Ережелері

      1. Белгіленген үлгідегі арнайы рецептуралық бланкіде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар ІІ Санаттағы "А" мен "В" тобы дәрілік заттары жазылып беріледі. 
      2. Арнайы рецептуралық бланкілердегі рецептер оған қол қойған дәрігердің қолымен жазылып, емдеу-алдын алу ұйымының мөртабанымен, дөңгелек мөрімен, дәрігердің жеке мөрімен, емдеу-алдын алу ұйымының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тағайындалуы үшін толық жауапкершілікте болатын бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының қолымен расталады. 
      Рецептте науқастың медициналық құжаттамасының (амбулаториялық картасының, ауру тарихының) нөмірі мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс. 
      3. Жеңілдікті жағдайда босату үшін ІІ санаттағы дәрілік заттарды жазып бергенде, арнайы рецептуралық бланкке қосымша 108-У үлгідегі бланкте рецепт жазылып беріледі. 
      4. ІІ Санаттағы дәрілік заттарды нашақорлықтан зардап шегетін науқасқа жазып беруге тыйым салынады. 
      5. Емдеу алдын-алу ұйымының мөртабанымен және "Рецептер үшін" мөрімен, дәрігердің қолы және жеке мөрімен расталған 107-У үлгідегі бланкаларда ІІІ Санаттағы және ІV Санаттағы дәрілік заттар жазылып беріледі. 
      6. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жоғары бір жолғы қабылдаудан асатын мөлшерде жазып бергенде, дәрігер бұл дәрінің мөлшерін жазбаша жазуға және леп белгісін қоюға міндетті. 
      Дәрігер бұл талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылып берілген затты жоғары бір жолғы қабылдау ретінде белгілеген мөлшердің жартысы көлемінде босатуға міндетті. 
      7. Амбулаториялық науқастарға этил спиртіне, фентанилге, сондай-ақ құрамында кокаин гидрохлориді бар дәрілік заттарға рецептер жазып беруге және оларға босатуға рұқсат етілмейді. 
      8. Бір рецептуралық бланкіде ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы бір дәрілік заттарды жазып беруге рұқсат етіледі. 
      9. Науқасқа құрамына есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар кіретін дәрілік заттарды босатқанда, фармацевтика қызметкері рецепттің сыртқы бетінде босатылған дәрілік заттың аталымын, көлемін, мерзімін көрсетуге және босатушы қолын қоюға міндетті. 
      10. Рецептте жазылып берілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындалған түрлер құрамынан тыс басқа ингредиенттермен аралас босатуға тыйым салынады. 
      11. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дайын және экстемпоральды дайындалған заттарды босатқанда, рецепттің орнына дәрімен бірге жоғары бөлігінде сары жолағы және қара әріптермен "Сигнатура" деген жазуы, заттаңбасына немесе зауыттық таңбалануына толық сәйкес келетін мәліметтері бар сигнатура беріліп, дәріхана мөрімен расталады.
      Сигнатура ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілердің сатып алынуы мен қолданылуының заңдылығын растайтын құжат болып табылады.
      12. 13, 14, 15, 17-тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, науқастарға бір рецептте төменде көрсетілгеннен асатын көлемдегі дәрілік препараттарды жазып беруге және босатуға рұқсат етілмейді:

__________________________________________________________________________
Дәрілік заттың аталымы          Өлшем      Бір рецептке босатуға арналған
                                бірлігі    жол берілетін шекті көлем
__________________________________________________________________________

Бупренорфин (норфин) (0,2)      таблетка.   20

тіл асты таблеткалары  20       лар

Бупренорфин 1 мл-де 0,6 мг      ампула.     10 

                                лар 

Бупренорфин 1 мл-де 0,3 мг      ампула.     20 

                                лар

Кодеин                          грамм       0,2

Кодтермопс, кодтерпин           таблетка.   20

                                лар 

Морфин, морфин гидрохлориді,    грамм       0,1

морфилонг (әсері ұзартылған 

морфин) 

Ноксирон                        орам        1

Омнопон                         грамм       0,1

Промедол                        грамм       0,25

Просидол                        грамм       0,25

ІІІ Санаттағы психотроптық      орам        1 бірақ 50 таблеткадан артық  

заттар                                      емес

Ұйықтататын дәрілер -           таблетка.   10-12

барбитурат қышқылы туындылар    лар

Натрий этаминалы                грамм       1,0

Этилморфин гидрохлориді         грамм       0,2

(дионин)

Эфедрин гидрохлориді            грамм       0,6

__________________________________________________________________________

      13. Көз тамшылары мен жақпа майлардағы дионин рецептте дәрігердің "Арнайы тағайындау бойынша" деген нұсқауы болғанда 1 граммға дейінгі көлемде жазылып берілуі мүмкін. 
      14. Инкурабельдік онкологиялық науқастарды емдеуге арналған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды бір рецептте жазып бергенде, олардың көлемі 12-тармақта көрсетілгеннен 2 есе арттырылуы мүмкін. 
      15. Инкурабельдік онкологиялық науқастарды емдеуге арналған дәрілік заттар 5-10 күндік терапияға қажетті көлемде, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі N 234 "Амбулаториялық және стационарлық науқастарға арналған есірткілік дәрілік заттар қажеттілігінің есептік нормативін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген 4 кестедегі көлемнен аспайтын мөлшерде бірнеше рецептке жазылып берілуі мүмкін. 
      16. Инкурабелдік онкологиялық науқастар ІІ Санаттағы "А" мен "В" тобының дәрілік заттарымен қамтамасыз етілуі үшін емдеу-алдын алу ұйымы басшысының қолымен және дөңгелек мөрімен расталуға тиіс емдеу-алдын алу ұйымы басшысының жазбаша өкімімен дәріханаға бекітіледі. 
      Тіркеу жарты жылда бір рет қайта ресімделеді. 
      Дәріханаға бекітілген емдеу-алдын алу ұйымдарының ІІ, ІІІ, ІV Санаттағы дәрілік заттарға рецептер жазып беруге құқығы бар дәрігерлерінің тізімі, қолдары мен жеке мөрлерінің үлгілері болуға тиіс. 
      17. Созылмалы аурулары бар науқастар үшін таза және басқа дәрілік заттармен аралас күйіндегі ІІІ, ІV Санаттағы дәрілік заттарға берілетін рецептер 1 ай мерзімге дейінгі емдеу курсына жазылып берілуі мүмкін. 
      Бұл жағдайларда рецепттерде дәрігердің жеке мөрімен, қолымен, емдеу-алдын алу ұйымының "Рецептер үшін" мөрімен расталған, "Арнайы тағайындау бойынша" деген жазуы болуға тиіс. 
      18. Дәріханалардан есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды мал-дәрігерлік емдеу ұйымдарының рецепттері бойынша босатуға тыйым салынады. 
      19. Аталған талаптардың біреуіне болсын сай келмейтін немесе құрамында үйлеспейтін дәрілік заттар бар рецептер жарамсыз деп есептеледі. Мұндай рецепті берген дәрігер немесе емдеу-алдын алу ұйымының бас дәрігері науқасқа қажетті рецепттің уақтылы қайта жазылып берілуін қамтамасыз етуге міндетті. 
      20. ІІ Санаттағы дәрілік заттарға жазылған рецептер ауданның, қаланың, облыстың денсаулық сақтау органдары белгілеген әкімшілік аумағы шегінде жарамды. 
      ІІІ, ІV санаттағы дәрілік заттарға берілген рецептер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды. 
      21. Мыналарға: 
      ІІ Санаттағы дәрілік заттарға жазылған рецептер 7 күн бойы; 
      ІІІ, ІV Санаттағы таза және басқа дәрілік заттармен аралас күйіндегі дәрілік заттарға жазылған рецептер 30 күн бойы жарамды. 
      22. Емдеу-алдын алу ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды, сондай-ақ заттық-сандық есепке алынуға жатқызылатын дәрілік заттарды алуға жазылып берілетін талаптары дәрілік заттардың әрбір Санаттары үшін жеке бланктерде латын тілінде жазылып, емдеу-алдын алу ұйымы басшысының немесе емдеу ісі бөлігі жөніндегі оның орынбасарының дөңгелек мөрімен және қолымен расталады. 
      Талапта жазылып берілген дәрілік заттардың мөлшері, бөлімшенің немесе кабинеттің аталымы, дәрінің тағайындалуы (инъекция үшін, сыртқа қолдануға немесе ішуге, көз тамшылары және т.с.с) міндетті түрде жазбаша көрсетілуі тиіс ( осы Ережелерге 1 қосымша). 
      23. Стоматологтар, тіс дәрігерлері этил эфиріне (таза күйіндегі) және стоматологиялық кабинеттерде (емделушінің қолына беру құқығынсыз) қолданылатын құрамында кокаин гидрохлориді бар емдік пасталарына талаптар жазып бере алады. 

                                   Құрамында бақылауға жататын
                                   есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                                   мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға 
                                   рецептер, талаптар жазып беру мен 
                                   босату Ережелеріне 1 қосымша

        Емдеу-алдын алу ұйымының дәріхана ұйымына құрамында
     есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар
                дәрілік заттарға талап жазу үлгісі

     Емдеу-алдын алу ұйымының аталымы _______________  

     Мөртабан      

                                      Бекітемін

                                      Бас дәрігер

                                      __________ 

                                      "___" ________ 20__ ж.

                                      мөр 

       N _______ талап-тіркеме қағаз "____"__________ 20__ж.

     Кімге ___________ (дәріхана ұйымының аталымы)

     Қайдан____________  (бөлімшенің, кабинеттің аталымы)

     Кім арқылы _____________ (бас медбикенің Т.А.Ә.)

     N _______ сенімхат бойынша  "____"__________ 20__ж.

     (сенімхаттың жарамды мерзімі 10 күн)

___________________________________________________________________________

N   Дәрілік заттың  Өл.   Талап    Босатыл.  Баға.  Сома.  Сер.  N  сәйкес.

р/  аталымы         шем   етілген  ған       сы     сы     ия    тік серти.

к   (науқастың      бір.  көлем    көлем                         фикаты,

    Т.А.Ә.          лігі  жазбаша  жазбаша                       жарамды  

    көрсетіледі)                                                 мерзімі

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

              Бөлімше меңгерушісінің Т.А.Ә. __________ қолы

     Талап етушінің  Т.А.Ә. __________ қолы

     Алушының Т.А.Ә. __________ қолы

     Босатушының Т.А.Ә. __________ қолы

     Талап үш данада жазылады.

     Біреуі дәріханада қалдырылады, екіншісі бухгалтерияға өткізіледі, 

үшіншісі емдеу-алдын алу ұйымына жіберіледі.

                                    Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                    төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                    N 428 бұйрығымен бекітілген

          "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"
     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  
     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және
     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    
                                          жөніндегі комитеті төрағасының 
                                          м.а.
                                          2001 ж. "___" _________

                   Арнайы рецептуралық бланктың үлгісі

                                G011604_

  ___________________________________________________________________________

Түбіртек емдеу-алдын алу          Құрамында есірткі құралдары бар

ұйымында қалдырылады,             дәрілерді алу құқығына рецепт

аяқталысымен бухгалтерияға 

өткізіледі  

___________________________________________________________________________

РЕЦЕПТ А сериясы  N               РЕЦЕПТ А сериясы  N

___________________________________________________________________________

Рецепттің жазылған мерзімі         Емдеу-алдын алу ұйымының мөртабаны

___________________________________________________________________________

Науқастың Т.А.Ә.,                 Рецепттің жазылып берілген мерзімі

жасы ________________________     "___" _________ 20__ ж.

                                  Науқастың Т.А.Ә.,

                                  жасы __________________

                                  Мекен-жайы _______________ 

                                  Учаске N _____________________ 

                                  Науқастың медициналық құжаттамасы 

                                  N _______________  

                                  Дәрігердің Т.А.Ә. __________________ 

______________________________

Мекен-жайы _______________ 

Учаске N _____________________ 

Науқастың медициналық құжаттамасы  Rр.:

N ____________________________

                                   Дәрігердің Т.А.Ә. _________________ м.о.

Дәрігердің қолы және жеке мөрі     

___________________________________________________________________________

                                   Түзетуге жол берілмейді

___________________________________________________________________________

     1) Осы бланк сутамғы белгісі бар қызыл түсті қағаздағы бұрынғы 

бекітілген үлгіні қайталайды.

     2) Шарикті қаламмен толтырылады.

     3) Оны рәсімдеу рецептер жазып беру Ережелеріне (2-тармақ) сәйкес жүзеге асырылады.

                                   Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

          "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"
     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  
     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және
     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    
                                          жөніндегі комитеті төрағасының 
                                          м.а.
                                          2001 ж. "___" _________

              Құрамында бақылауға жататын есірткі құралдары, 
       психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды
        және арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, есепке алу 
                   және дәріхана қоймаларынан босату 
                               Ережелері

      1. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар) сақтау оларды есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында пайдалануға рұқсат етілген үй-жайларда жүзеге асырылады, бұл рұқсатты аумағында осы объектілер (үй-жайлар) орналасқан ішкі істер органдары, аумақтық лицензиялық-рұқсат беру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) береді. 
      2. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар мен арнайы рецептуралық бланкілердің дұрыс сақталуын, бүтіндігі мен есепке алынуын ұйымдастыру жауапкершілігі ұйымның бірінші басшысына жүктеледі. 
      3. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдардың тізімі осы ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді. 
      Қолы жететін адамдарда тиісті тексеруден өткізілгендігі жөніндегі ішкі істер органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыруы жоқтығы жөніндегі психиатр дәрігерлердің қорытындысы болуға тиіс. 
      ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар мен арнайы рецептуралық бланкілер сақталған бөлмеге кіруге тек осылармен тікелей жұмыс істейтін адамдарға ғана рұқсат етіледі. 
      4. ІІ Санаттағы дәрілік заттар арнайы жабдықталып, құлып салынған үй-жайларда (қоймаларда) орналасқан сейфте сақталуға тиіс. 
      ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар жабдықталған үй-жайлардағы жабылатын металл шкафтарда немесе арнайы жабдықталған стеллаждарда сақталуы қажет. 
      5. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар сақталатын үй-жайлар жабық жағдайда болуға тиіс. Жұмыс аяқталғаннан кейін олар бекітілуі және мөрленуі немесе пломбылануы тиіс. Кілттер, мөр мен пломбы салғыш ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған, көрсетілген дәрілердің сақталуына жауап беретін материалдық жауапкершіліктегі адамда болуы қажет. 
      6. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар дәрілік түріне қарамастан бекітілген үлгі (осы Ережеге 1 қосымша) бойынша нөмірленген, тігілген, лицензиар-органның қолы және мөрімен расталған арнайы кітапта заттық-сандық есепке алынуға жатқызылады. 
      7. Арнайы рецептуралық бланкілер қоймалардағы 61-АП үлгіде нөмірленген және тігілген журналда есепке алынады (емдеу-алдын алу ұйымдарындағы сақтау, есепке алу Ережелеріне 2 қосымша). 
      8. Есепке алу кітабы бір жыл мерзімге ашылады және ағымдағы жылды есептемегенде бес жыл бойы сақталады. 
      Бірінші бетінде заттық-сандық есепке алынуға жатқызылатын дәрілік заттардың тізбесі көрсетіледі. Әрбір дәрілік түрге, мөлшерге, буып-түюге жеке парақ (айқарма бет) арналады. Әрбір препарат үшін есепке алу бірлігі көрсетіледі. Түсілім нөмірі мен мерзімі көрсетіле отырып, әрбір кіріс құжаты бойынша жеке көрсетіледі. Шығындар күндізгі нәтижелермен жазылады (күнделікті жазулар). 
      9. Әр айдың бірінші күні ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарға мүккәмалдау жүргізу қажет. Нақты саны кітаптағы қалдықпен салыстырылады және бекітілген үлгі (осы Ережелерге 2 қосымша) бойынша салыстыру актісі жасалады. 
      Алшақтықтар немесе нәтижелердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда дәріхана қоймасының басшысы бір тәуліктің ішінде лицензиар-орган мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігін хабардар етуге міндетті. Хабарлама осы бұйрықпен бекітілген үлгіде ұсынылады. 
      10. Тоқсан сайын, есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күніне, бекітілген үлгі (осы Ережелерге 3 қосымша) бойынша орган-лицензиарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне және денсаулық сақтаудың аумақтық органына есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы туралы есеп ұсынылады. 
      11. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың кірісі мен шығыны жөніндегі барлық құжаттар қоймада, олардың толық сақталуына кепілдік берілетін жағдайда, сақтауға жауапты адамның жабық, пломбыланған сейфінде сақталуға тиіс. Құжаттар айлар мен жылдар бойынша тігілген және мөрленген күйінде сақталуы қажет. 
      12. ІІ Санаттағы дәрілік заттардың кіріс және шығыс құжаттары бес жыл, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардікі ағымдағы жылды есептемегенде бір жыл сақталады. 
      13. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар дәріхана қоймасына келіп түскен кезде ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия арқылы қабылданады. 
      Қойма басшысы немесе оның орынбасары қабылдап алынған көлемнің бірге жіберілген құжатқа сәйкестігін жеке өзі тексеруге міндетті. 
      14. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар қоймадан тек есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында жұмыс құқығына лицензиясы бар заңды тұлғаларға босатылады. 
      15. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы ангро дәрілік заттар қоймадан мөрленген күйінде босатылады, бұл орайда әрбір орамға жіберушісі, ішіндегісінің аталымдары мен талдама нөмірі көрсетілген заттаңба жапсырылады. 
      16. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарға жазылып берілетін талаптар ұйым басшысының немесе оның орынбасарының қолымен және мөрімен бекітілген үлгі бойынша расталуы тиіс (осы Ережелерге 4 қосымша). 
      ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарға жазылып берілетін талаптар мен есеп-шоттар ондағы көлемі жазбаша көрсетіле отырып, басқа дәрілік заттарға жазылып берілетін талаптар мен есеп-шоттардан бөлек жазылып беріледі. 
      17. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды беру алынатын дәрілердің аталымдары, мөлшері, концентрациясы, дәрілік түрі мен көлемі жазбаша көрсетіле отырып, белгіленген тәртіпте ресімделген жеке сенімхат бойынша жүргізіледі. Сенімхаттың жарамды мерзімі 10 күн. 
      18. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды босатудың алдында материалдық жауапты адам босатуға негіз (шот-фактура, сенімхат) барын, босатылатын дәрілік заттың бірге жіберілген құжатқа сәйкестігін, орамның дұрыстығын, бүтіндігін жеке өзі тексеруі және шот-фактураның барлық даналарында қол қоюы тиіс (осы Ережелерге 5 қосымша).     

                               Дәріхана қоймаларында құрамында 
                               есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                               мен прекурсорлар бар дәрілік заттар 
                               мен арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, 
                               есепке алу және босату Ережелеріне 
                               1 қосымша

Ұйымның аталымы __________________

              Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен 
            прекурсорларды дәріхана қоймаларында есепке алу 
                              кітабы

Дәрілік заттың аталымы ______________   

Өлшем бірлігі ______________

__________________________________________________________________________

Айы  Ай.   Кіріс           Қал.   Шығыс            Ай    Қал.  Мат.

     дың   Кім.   Құ.  Са. дық    Кім.   Құ.   Са. ішін. дық   ери. 

     ба.   нен    жат  ны  пен    ге     жат   ны  дегі        ал.

     сын.  алын.  N        бірге  боса.  N         бар.        дық.

     дағы  ды     мен      ай     тыл.   мен       лық         жау.

     қал.         күні     ішін.  ды     күні      шы.         апты.

     дық                   дегі                    ғыс         адам.

                           кіріс                               ның

                           бой.                                қо.

                           ынша                                лы

                           бар.

                           лығы

__________________________________________________________________________

1    2     3     4    5    6      7      8     9  10    11    12

__________________________________________________________________________

      Қаң.

тар           

Ақ.

пан           

және 

т.б.           

__________________________________________________________________________

                                                      Дәріхана қоймаларында құрамында 
                               есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                               мен прекурсорлар бар дәрілік заттар 
                               мен арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, 
                               есепке алу және босату Ережелеріне 
                               2 қосымша

        Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды 
                   түгендеп салыстыру актісінің үлгісі

Ұйымның аталымы                                                            

                                            Бекітемін
                                            Ұйым басшысы
                                            "___"_______ 200__ ж. 

               Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен 
                     прекурсорларды түгендеп салыстыру 
                                   Актісі

                        200___жылғы_________айына

__________________________________________________________________________

         N        Аталымы      Өлшем        Ай         Кіріс

        р/к                   бірлігі    басындағы 

                                           қалдық

__________________________________________________________________________

         1           2           3           4            5

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

  кестенің жалғасы  

__________________________________________________________________________

             Шығыс      Кітаптағы     Нақты      Нақты және    

                          қалдық      қалдық     кітаптағы 

                                                 қалдық 

                                                 арасындағы 

                                                 айырмашылық

__________________________________________________________________________

               6             7          8             9

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

                       Қорытынды

___________________________________________________________________________

___________________________  

         Жауапты адам_____________ қызметі, қолы 

         Тексерген _____________      қызметі, қолы 

                                 Дәріхана қоймаларында құрамында 
                               есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                               мен прекурсорлар бар дәрілік заттар 
                               мен арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, 
                               есепке алу және босату Ережелеріне 
                               3 қосымша 

                       200___ жылғы______тоқсандағы 
        қатаң бақылауға жатқызылған есірткі құралдарын, психотроптық
                 заттар мен прекурсорлардың айналымы туралы
                               Есеп      
___________________________________________________________________
         (ұйымның аталымы, заңдық мекен-жайы, телефон, факс, E-mail)    
___________________________________________________________________________
N    Аталымы   Жеткі.  01.01. Есепті тоқсандағы   Есепті тоқсандағы  01.__
р/             зуші    200_ж.      кіріс               шығыс         200_ж.
к              (заңдық  қал. _______________________________________  қал.
               мекен-   дық  Жеткізу.    Орамдар.  Сатып    Орамдар.  дық
               жайы)         ші (заңдық  (ампула.  алушы-   дың
                             мекен-      лардың)   ұйым     (ампула.
                             жайы)       саны      (заңдық  лардың)
                                                   мекен-   саны
                                                   жайы)
___________________________________________________________________________
1      2         3       4      5           6        7        8         9
___________________________________________________________________________

1. Наркотика.

   лық заттар 

___________________________________________________________________________

   Барлығы:     

___________________________________________________________________________

2. Психотроп.

   тық заттар         

___________________________________________________________________________

   Барлығы:      

___________________________________________________________________________

3. Прекурсор.

   лар

___________________________________________________________________________

   Барлығы:      

___________________________________________________________________________

        Заңды тұлғаның басшысы_______________     Қолы__________

     200__ж. "___"_______

     мөрі

                               Дәріхана қоймаларында құрамында 
                               есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                               мен прекурсорлар бар дәрілік заттар 
                               мен арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, 
                               есепке алу және босату Ережелеріне 
                               4 қосымша

         Дәріхана ұйымының дәріхана қоймасына құрамында есірткі
        құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік
                          заттарға талап үлгісі

     Дәріхана ұйымының аталымы ____________________________

     Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке  N ______  лицензия ___________ дейін жарамды.

                             20__ ж. "____"___________ N _____  талап

     Кімге _________________ (дәріхана қоймасының аталымы)

     Кім арқылы __________________ (Алушының Т.А.Ә.)

     N _____ сенімхат бойынша   ________ бастап (сенімхаттың қолданылу 

мерзімі 10 күн)

_______________________________________________________________________    

N   Зат аталымы  Өлшем    Бір жылға  01.01-ден     Талап    Ескерту

р/с               бірлігі  тұтыну     бастап        етілген

                           нормативі  кезең ішін.   мөлшер

                                      дегі тұтыну.  жазбаша  

                                      дың пайдала.

                                      нылған 

                                      нормативі

         _______________________________________________________________________

           Дәріхана ұйымының басшысының Т.А.Ә. _________ қолы

     Талап етушінің Т.А.Ә. _________ қолы

               мөр

           Талап екі данада әзірленеді. 
     Дәрілік заттардың әрбір Санаты үшін бөлек талап жазылып беріледі.
     Босату дәріхананың дәріхана қоймасымен шарт негізінде жүргізіледі.    
     Бір жолғы алу жағдайында талапқа лицензия көшірмесі қоса беріледі.

                               Дәріхана қоймаларында құрамында 
                               есірткі құралдары, психотроптық заттар 
                               мен прекурсорлар бар дәрілік заттар 
                               мен арнайы рецептуралық бланкілерді сақтау, 
                               есепке алу және босату Ережелеріне 
                               5 қосымша

          Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен 
         прекурсорлар бар дәрілік заттарды босатуға шот-фактура

     Шот-фактурада: 

     1) құжаттың мерзімі мен нөмірі;

     2) дәріхана қоймасының реквизиттері (РНН, толық атауы, есеп айырысу 

шоты, заңдық мекен-жайы, N мен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен 

прекурсорлар айналымы саласындағы лицензия берілген мерзімі);

     3) тауар ненің негізінде босатылады (шарт);

     4) ақы төлеу шарттары (шарт бойынша, қолма-қол есеп айырысу);

     5) тауар жеткізу  20__ ж. "___" _________ N ______ сенімхат бойынша 

жүзеге асырылды; 

     6) сатып алушының реквизиттері (РНН, толық атауы, есеп айырысу шоты, 

заңдық мекен-жайы, N мен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен 

прекурсорлар айналымы саласындағы лицензия берілген мерзімі) қамтылуға 

тиіс.

_________________________________________________________________________

N  Серия  Сер.   Дәрі.  Өл.   Бір    ҚҚС-  ҚҚС   ҚҚС   Ак.   Ак.   Жал.

           тифи.  лік    шем   дана.  сыз   став. сома. циз   циз   пы

           кат    зат.   бір.  ның    сома  касы  сы    став. сома. сома

           N      тың    лігі  баға.                    касы  сы

           қолда. атауы        сы 

           нылу 

           мер.

           зімі 

_________________________________________________________________________

1    2     3       4      5     6      7     8     9     10    11    12

_________________________________________________________________________

Қолдары: ұйым басшысынікі;

         бас бухгалтердікі;

         алушының;

         босатушының;

         тауарды босатқан дәріхана ұйымының мөрі.

Шот-фактура екі данада жазылып беріледі, түзетулерге жол берілмейді.

                                      Қазақстан Республикасының Денсаулық
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

          "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  

     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және

     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    

                                          жөніндегі комитеті төрағасының 

                                          м.а.

                                          2001 ж. "___" _________     

             Дәріханаларда бақылауға жататын, құрамында есірткі 
       құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік 
                     заттарды сақтау мен есепке алу 
                              Ережелері

      1. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар) сақтау оларды есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында пайдалануға рұқсат етілген үй-жайларда жүзеге асырылады, бұл рұқсатты аумағында осы объектілер (үй-жайлар) орналасқан ішкі істер органдары, аумақтық лицензиялық-рұқсат беру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) береді. 
      2. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды сақтау, есепке алу үшін жауапкершілік ұйымның бірінші басшысына жүктеледі. 
      3. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттармен жұмысқа жіберілетін адамдардың тізімі дәріхана ұйымы бойынша бұйрықпен ресімделеді. 
      Қол жеткізетін адамдарда тиісті тексеру туралы ішкі істер органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыруының жоқтығы туралы психиатр мен наркологтың қорытындысы болуы қажет. 
      ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар запас сақталатын бөлмеге кіруге олармен тікелей жұмыс істейтін адамдарға рұқсат етіледі. 
      4. ІІ Санаттағы дәрілік заттар сейфтерде, арнайы жабдықталған үй-жайларда (қоймаларда) құлыпталып сақталады. 
      ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар арнайы жабдықталған бөлмелерде жабылатын металл және ағаш шкафтарда сақталуы қажет. 
      5. Жұмыс уақытында ассисенттік бөлмеде болатын ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар бар сейф кілті осы заттарды беруге жауапты провизорда болуға тиіс. 
      6. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй-жайларда және сейфтерге мөр басылады және/немесе пломбыланады, ал олардың кілттері, мөр және/немесе пломбир бұған дәріхана бойынша бұйрықпен уәкілетті материалдық жауапты адамда болуы қажет. 
      7. Сейф есіктерінің ішкі жағында жоғары бір жолғы және тәуліктік мөлшерлер көрсетілген сақталатын дәрілік заттардың тізбесі болуы керек. 
      8. Ағымдағы жұмыс үшін ассистенттік бөлмеге ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды беруді бұған уәкілетті материалдық жауапты адам ғана материалдық бөлмеден жүргізуге тиіс. 
      9. Дәріхананың ассисенттік бөлмесінде ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың запастары бес күндік қажеттіліктен аспауға тиіс. 
      10. Дәріханаларда ІІ Санаттағы дәрілік заттар запасы бір айлық нормативтен аспауы қажет. Жабдықтау базаларынан қашықтағы дәріханалар үшін бұл заттардың запасын Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің аумақтық өкілімен келісім бойынша денсаулық сақтау басқармаларының органдары белгілейді. 
      11. Түнгі уақытта қажет болған жағдайда кезекші дәріханаларда түнгі уақыттағы жұмысқа арналған үй-жайда мөрленген және пломбыланған сейфте сақталатын ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды пайдалануға рұқсат етіледі. Кезекшілік аяқталғаннан кейін маман арнайы жеке есепке алу кітабын (нөмірленген, баумен байланған, осы ережелердің 1 қосымшасының бекітілген үлгісінде лицензиар органының мөрімен және қолымен расталған) толтырады және осы Санаттардағы дәрілік заттардың пайдаланылғанын растайтын құжаттаманың қосымшасын (рецептер, шот-фактуралар және т.б.) ұсына отырып, ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың есепке алынуы мен сақталуы үшін жауап беретін материалдық жауапты адамның алдында есеп береді. 
      12. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар бекітілген үлгі (осы Ережелерге 1 қосымша) бойынша нөмірленген, тігілген және лицензиар-органның қолымен және мөрімен бекітілген арнайы кітапта заттық-сандық есепке алуға жатады. 
      13. Есепке алу кітабы бір жылға жүргізіледі. Бірінші бетінде заттық-сандық есепке алуға жататын дәрілік заттардың тізбесі көрсетіледі. Әрбір дәрілік түр, дәрілік заттың мөлшерленуі, буылып-түйілуі үшін жеке бет (айқарма) бөлінеді. Әрбір препарат үшін есеп бірліктері көрсетіледі. Түсілім нөмірі мен мерзімі көрсетіле отырып, жекелей әрбір кіріс құжаты бойынша көрсетіледі. Шығын амбулаториялық рецептура бойынша босатуға және емдеу-алдын алу ұйымдарына, дәріхана бөлімдеріне босатуға жіктеліп, күндік қорытындылармен (күн сайынғы жазбалар) жазылады. 
      14. Әрбір айдың 1-ші күні материалдық жауапты адам ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың қалған нақты мөлшерін кітаптағы қалдықпен салыстырады, бұл туралы бекітілген үлгі (құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды дәріхана қоймаларында сақтау, есепке алу мен босату Ережелеріне 2 қосымша) бойынша салыстыру актісі жасалады. 
      Дәріханалардың (дәріхана бөлімінің) тауар-материалдық құндылықтарын мүккәмалдау кезінде нақты қалдықтар белгіленеді. Бұған жекелей мүккәмалдау жазбасы жасалады. Кітап деректерінен нақты қалдықтарды шығару кезінде ауытқулар анықталған жағдайда дәріхана меңгерушісі бір тәуліктің ішінде бұл туралы лицензиар-орган мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігін жазбаша хабардар етуге міндетті. 
      Хабар осы бұйрықпен бекітілген үлгі бойынша ұсынылады. 
      15. Тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне бекітілген үлгі (құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды дәріхана қоймаларында сақтау, есепке алу мен босату Ережелеріне 2 қосымша) бойынша лицензиар-органға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне, денсаулық сақтаудың аумақтық органына ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың айналымы туралы есеп ұсынылады. 
      16. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар (шот-фактура, тіркеме қағаз, сенімхаттар, рецептер, талаптар) олардың толық сақталуын кепілдендіретін жағдайларда сақтау үшін жауапты адамның сейфінде тігілген, айлар мен жылдар бойынша мөр басылған түрде сақталады. 
      17. Рецептер мен талаптардың сақталу мерзімдері: 
      ІІ Санаттағы дәрілік заттарға - 5 жыл; 
      ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарға - 1 жыл. 
      Сақтау мерзімі өткеннен кейін рецепттілер жойылуға жатады. 

                                   Қазақстан Республикасының Денсаулық 

                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 

                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 

                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

             "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  

     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және

     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    

                                          жөніндегі комитеті төрағасының 

                                          м.а.

                                          2001 ж. "___" _________     

                Емдеу-алдын алу ұйымдарында бақылауға жататын  
         құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен 
         прекурсорлар бар дәрілік заттар мен арнайы рецептуралық           
                   бланкілерді сақтау мен есепке алу 
                                Ережелері

      1. Емдеу-алдын алу ұйымдарының дәріханаларына халыққа қызмет көрсететін дәріханалар үшін көзделген құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (одан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар) сақтау, есепке алу мен босату ережелері қолданылады. 
      2. Өздерінің дәріханалары жоқ емдеу-алдын алу ұйымдары ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында немесе дәріханалық жағдайда дайындалған дайын дәрілік нысандар түрінде ғана алуы қажет. 
      3. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу, науқастарға тағайындау мен беру үшін жауапкершілік ұйымның бірінші басшысына жүктеледі. 
      4. Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмысқа жіберілетін адамдардың тізімі емдеу-алдын алу ұйымы бойынша бұйрықпен ресімделеді. 
      Қол жеткізетін адамдарда тиісті тексеру туралы ішкі істер органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыруының жоқтығы туралы психиатр мен наркологтың қорытындысы болуы қажет. 
      5. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын уәкілетті ішкі істер органы пайдалануға рұқсат беретін сейфтерде, үй-жайларда сақталуы қажет. 
      Жұмыс күні аяқталғаннан кейін бөлме мен сейфке мөр басылады немесе пломбыланады. Кілттер мен пломбир көрсетілген заттарды сақтау, есепке алу және беру үшін ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған адамда болуы қажет. 
      Сейф есіктерінің ішкі жағында жоғары бір жолғы және тәуліктік мөлшерлер көрсетілген есірткі құралдарының, психотроптық заттардың тізбесі болуы керек. 
      6. Дәріханалардан алынатын ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың заттаңбаларында мынадай белгілер: "Ішуге", "Сыртқа", "Инъекция үшін", "Көз тамшылары" және т.с.с., дәріні дайындаған дәріхананың атауы немесе нөмірі, бөлімшенің (кабинеттің) атауы, емдеу-алдын алу ұйымының талабында көрсетілген жазбаға сәйкес дәрінің құрамы, дайындалған мерзімі, анализ N , жарамды мерзімі, дәріні дайындаған, тексерген және дәріханадан босатқан адамдардың қолдары болуы қажет. 
      7. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттардың орамдарында көрсетілген белгілер болмаған жағдайда оларды емдеу-алдын алу ұйымдарында сақтау мен қолдануға рұқсат берілмейді. 
      8. Ашуға, төгуге, бөлімшенің (кабинеттің) ыдысына қайта құюға және қайта салуға, сондай-ақ заттаңбаларды ауыстыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. 
      9. Бөлімшелердегі (кабинеттердегі) ІІ Санаттағы дәрілік заттардың запастарын емдеу-алдын алу ұйымының басшысы айқындайды және оларға үш күндік қажеттіліктен, ал емдеу-алдын алу ұйымдарының дәріханаларында - 1 айлық қажеттіліктен аспауы қажет. 
      10. Өмірлік көрсетілімдер бойынша кешкі және түнгі уақытта шұғыл медициналық көмек көрсету үшін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде "А" тобы ІІ Санаты дәрілік заттарының бес күндік резервін жасауға рұқсат етіледі. Көрсетілген резерв жауапты кезекті дәрігердің рұқсаты бойынша стационардың барлық бөлімшелерінде пайдаланылуы мүмкін. 
      11. Пайдаланылған препараттарды ресімдеу науқасқа көмек көрсетілгеннен кейін жүргізілуі ықтимал. Бұл үшін тағайындау туралы медициналық құжаттамада жазба, көрсетілген дәрілерді енгізу туралы белгі жасалады. 
      12. Науқастарға құрамында ІІ, ІІІ Санаттардағы дәрілік заттар бар дәрілер беру басқа дәрілерден бөлек жүргізіледі. Ішілетін есірткі құралдарын қабылдау медбикенің қатысуымен ғана жүргізілуге тиіс. 
      13. Емдеу-алдын алу ұйымының сақтау орындары мен постыларында кезекші дәрігерлері мен медбикелері, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың жоғары бір жолғы және тәуліктік мөлшерлері, сондай-ақ улануларда уға қарсы кестелері болуы қажет. 
      14. Емдеу-алдын алу ұйымдарының бөлімшелері мен кабинеттерінде ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар заттық-сандық есепке алуға жатады. 
      Есепке алу үлгі бойынша (осы ережелердің 1 қосымшасы) нөмірлеген, тігілген және емдеу-алдын алу ұйымы басшысының мөрімен және қолымен бекітілген арнайы кітапта жүргізіледі. 
      Есепке алу кітабы бір жылға жүргізіледі. Әрбір аталым, орам, мөлшерлеу үшін жеке парақ бөлінеді. Есепке алу кітабы ағымдағы жылды есептемегенде, сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда көрсетілген заттарды есепке алу, сақтау мен босату үшін жауапты адамда бес жыл сақталады. 
      15. Стационарларда есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар салынған бос ампулалар мен ішіндегісі жартылай пайдаланылған ампулалар жинауға және жоюға жатады. Сақтау мен жою тәртібі ІІ Санаттағы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық науқастар пайдаланбаған арнайы рецептуралық бланкілерді есептен шығару, жою тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. 
      16. ІІ Санаттағы дәрілік заттарды жазып беру үшін емдеу-алдын алу ұйымдарын арнайы рецептуралармен қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың аймақтық органдары арқылы жүргізіледі. Емдеу-алдын алу ұйымдарындағы арнайы рецептуралық бланкілер запасы бір айлық қажеттіліктен аспауға тиіс. 
      17. Әрбір емдеу-алдын алу ұйымында басшының бұйрығымен арнайы рецептуралық бланкілерді алу, сақтау, толтыру мен беру үшін жауапты адам тағайындалады. 
      18. Емдеу-алдын алу ұйымдарына түскенде арнайы рецептуралық бланкілерді ұйым басшысы тағайындаған комиссия қабылдайды және қабылдау комиссиясының актісіне сәйкес үлгі бойынша (осы ережелердің 2 қосымшасы) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға арнайы рецептуралық бланкілерді есепке алу жөніндегі журналда қабылдау комиссиясының актісіне сәйкес кіріске алынады. 
      Журнал нөмірленуі, тігілуі, жоғары тұрған ұйым басшысының мөрімен және қолымен бекітілуі қажет. 
      19. Әрбір емдеу-алдын алу ұйымында ұйым басшысының бұйрығымен айына кемінде 1 рет емдеуші дәрігерлердің есірткі құралдарын, психотроптық заттарды тағайындау мақсаттылығына, сондай-ақ осы мекемеде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен арнайы рецептуралық бланкілердің сақталу, есепке алыну мен жұмсалуына бақылау жүргізуге ұйым басшысының бұйрығымен уәкілетті тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. 
      20. Емдеуші дәрігерге көрсетілімдер болған жағдайда емдеу бөлігі бойынша емдеу-алдын алу ұйымы басшысының рұқсатымен нақты науқас үшін ІІ Санаттағы дәрілік заттарға арнайы рецептуралық бланк (бланкілер) беріледі. 
      21. Есірткі құралдарына арнайы рецептуралық бланкілердің запастары тек жабылған және пломбыланған сейфте ғана сақталады, оның кілті ұйым басшысында немесе бұған ұйым бойынша бұйрықпен уәкілетті адамда сақталуға тиіс.
      22. Емдеу-алдын алу ұйымының басшысы ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар мен оларды жазып беруге арналған арнайы рецептуралық бланкілердің ұтымды пайдаланылуы мен сақталуы үшін толық жауапкершілікте болады.

                              Бақылауға жатқызылатын есірткі құралдары,
                              психотроптық заттар мен прекурсорлар бар 
                              дәрілік заттар мен арнайы рецептуралық       
                              бланкілерді емдеу-алдын алу ұйымдарында      
                              сақтау, есепке алу және босату Ережелеріне 
                              1 қосымша   

  Емдеу-алдын алу ұйымының атауы _____________________

               Бөлімшелер мен кабинеттерде құрамында есірткі, 
         психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды
                            есепке алу кітабы

Дәрілік заттың атауы, мөлшерлеу, буып-түю _______________ 

Өлшем бірлігі _____________________________ 

__________________________________________________________________________

             Кіріс                Шығыс                  Қалды.  Боса.

Алын.    Қайдан   Саны  Тегі,    Беріл.   Ауру     Саны  ғы      тушы.

ған      алын.          А.Ә.,      ген    тарихы.                ның

мерзімі  ды             алушы.   уақыты   ның N                  тегі,

         құжат.         ның               Науқас.                А.Ә.

         тың N          қолы              тың

         мен                              тегі,

         мерзімі                          А.Ә.

__________________________________________________________________________

1         2        3     4         5       6         7      8      9

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

                                    Бақылауға жатқызылатын есірткі құралдары,
                              психотроптық заттар мен прекурсорлар бар 
                              дәрілік заттар мен арнайы рецептуралық       
                              бланкілерді емдеу-алдын алу ұйымдарында      
                              сақтау, есепке алу және босату Ережелеріне 
                              2 қосымша

Емдеу-алдын алу ұйымының атауы _____________________

             Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға арнайы 
                рецептуралық бланкілерді есепке алу журналы 
__________________________________________________________________________

N                    Кіріс                   Шығыс 

р/ Құжат.  Қай.  Блан.  Сер. Са. Беріл. Сер. Са.  Кімге  Алу. Бер.   Қал.

к  тың     дан   кілер. ия   ны  ген    ия   ны   беріл. шы.  уші.   дық

   түскен  алын. дің    N        мер.   N         ді:    ның  нің

   мерзі.  ды,   жал.            зімі             дәрі.  қо.  тегі,

   мі      құж.  пы                               гер.   лы   аты,

           ат.   саны                             дің         әкесі.

           тың                                    мінде.      нің

           мер.                                   тін         аты 

           зімі                                   атқару.

           мен                                    шының

           N                                      тегі,

                                                  а.ә

__________________________________________________________________________

1   2       3      4     5    6    7     8     9   10     11   12      13

__________________________________________________________________________

                                          Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

           "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  

     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және

     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    

                                          жөніндегі комитеті төрағасының 

                                          м.а.

                                          2001 ж. "___" _________

            Емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық науқастар 
             пайдаланбаған құрамында бақылауға жататын есірткі
        құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік        
          заттарды және арнайы рецептуралық бланкілерді есептен 
                          шығару мен жою Ережелері

      1. Емдеу-алдын алу ұйымының басшысы науқастар үйде қайтыс болғаннан кейін қалған пайдаланылмаған рецептер мен құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар дәрілік заттарды қабылдау мен есепке алуды ұйымдастырады. 
      2. Емдеу-алдын алу ұйымы бойынша бұйрықпен қайтыс болғаны туралы куәлікті ресімдеуге жауапты қызметкерге қайтыс болған онкологиялық науқастың туыстарынан пайдаланылмаған рецепттерді, құрамында ІІ, ІІІ, ІУ Санаттағы дәрілік заттар бар дәрілік заттар қалдықтарын қабылдау жүктеледі. Бұл қызметкер амбулаториялық картада жазылған кезекті рецепт алынған сәттен бастап препарат шығынына салыстыру жүргізуі қажет. Өткізілген рецептер мен препараттар саны, олардың атаулары мен дәрілік түрлері (ампулалар, таблеткалар, ұнтақтар) бекітілген үлгі бойынша (осы ережелерге 1 қосымша) нөмірленген, тігілген, ұйым басшысының дөңгелек мөрімен және қолымен бекітілген арнайы журналда тіркеледі. 
      3. Пайдаланылмаған есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ оларды жазып беру рецепттерін есепке алу журналында жойылған дәрілердің мөлшері мен тәсілі туралы белгі жасалады. 
      4. Өткізілген рецепттер мен препараттар олар жойылғанға дейін сейфте сақталуға жатады. 
      5. Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген, жарамды мерзімі өткен ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттарды, сондай-ақ шағылған, бүлінген, бос ампулалар мен рецептуралық бланкілерді жою үшін емдеу-алдын алу ұйымы бойынша бұйрықпен ішкі істер органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдері келісім бойынша тартылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. 
      6. ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар ұнтақтарының таблеткалары мен ампулаландырылған дәрілік заттарының жинақталуына қарай, әрбір айдың 30-шы күнінен кешіктірілмей емдеу-алдын алу ұйымының тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының, ішкі істер, санитарлық-эпидемиологиялық органдары өкілдерінің қатысуымен оларды: ұнтақтар мен таблеткаларды жағу жолымен, ампулаландырылған препараттарды жаншу жолымен жою жүргізіледі. 
      7. Жою қорытындылары бойынша (осы Ережеге 2 және 3 қосымша) акт жасалады.

                               Емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық 
                               науқастар пайдаланбаған есірткі құралдарын, 
                               психотроптық заттарды, прекурсорлар мен
                               арнайы рецептуралық бланкілерді есептен     
                               шығару, жою Ережелеріне 
                               1 қосымша

                Қайтыс болған науқастардың туыстары өткізген
        пайдаланылмаған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды,
               прекурсорлар мен рецепттерді есепке алу журналы
__________________________________________________________________________

N   Түскен  Науқас. Рецеп.  Оның    Өткі.  Ампу.   Өт.   Қабыл. Жою

р/  уақыты  тың     тер     ішінде  зіл.   лалар.  кізу. дап    мөлшері

к           Т.А.Ә.  мен     нөмір.  ген    дың,    шінің алушы. мен

                    препа.  лер     нарко. ұнтақ.  тегі  ның    тәсілі

                    рат.    бойын.  тика.  тар.    мен   тегі   туралы

                    тардың  ша      лық,   дың,    қолы  мен    белгі

                    жалпы           психо. таб.          қолы

                    саны            троп.  летка.

                                    тық    лардың

                                    зат.   саны 

                                    тардың

                                    аталы.

                                    мы

__________________________________________________________________________

1     2      3        4       5       6       7       8    9        10

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

                                     Емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық 
                               науқастар пайдаланбаған есірткі құралдарын, 
                               психотроптық заттарды, прекурсорлар мен
                               арнайы рецептуралық бланкілерді есептен     
                               шығару, жою Ережелеріне 
                               2 қосымша

                                               БЕКІТЕМІН

                                      Бас дәрігер __________

                                      20__ж. "___" __________

               Емдеу-алдын алу ұйымдарында пайдаланылмаған және 
                  жартылай пайдаланылған ампулаларды жою 
                               Актісі <*>

     ___________________ қ.      кімнен__________________

     Мына құрамдағы комиссия (кемінде 3 адам)

     1) Т.А.Ә., емдеу-алдын алу ұйымы өкілінің қызметі;

     2) Т.А.Ә., ішкі істер органы өкілінің қызметі;

     3) Т.А.Ә., санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілінің             

        қызметі.

     Есірткі заттары қолданылған науқастар (науқастың Т.А.Ә. және ауру 

тарихының N) санынан _______мөлшерде_________ бастап _________ дейінгі 

мерзім ішінде есірткілік дәрілік заттардың пайдаланылған ампулаларын жоюды 

жүргізді. Ампулалар жаншу арқылы жойылды. 

       Төраға (қолы)

     Комиссия мүшелері: (қолы)

                        (қолы)

                        (қолы)

         ----------------------

     <*> - Акт 3 жыл ішінде сақталады.

                                 Емдеу-алдын алу ұйымдарында онкологиялық 
                               науқастар пайдаланбаған есірткі құралдарын, 
                               психотроптық заттарды, прекурсорлар мен
                               арнайы рецептуралық бланкілерді есептен     
                               шығару, жою Ережелеріне 
                               3 қосымша

          Қайтыс болған науқастардың туысқандары өткізген есірткі 
           құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды жою 
                                  актісі 

     ___________________ қ.     кімнен__________________

       Мына құрамдағы комиссия (кемінде 3 адам)

     Т.А.Ә., емдеу-алдын алу ұйымы өкілдерінің қызметі;

     Т.А.Ә., ішкі істер органы өкілінің қызметі;

     Т.А.Ә., санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілінің қызметі

     үйде қайтыс болған науқастардың туысқандары өткізген, жарамды мерзімі өткен, сондай-ақ шағылған және бүлінген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды _________ бастап _________ дейінгі мерзім ішінде атаулар бойынша:

     ____________________________________________________________________

     ____________________________________________________________________

     ________________________________________ ампулаларда, ұнтақтарда,     

     таблеткаларда (аталуын, мөлшерін, кімнен қабылданғанын Т.А.Ә., 

     науқастың ауру тарихы N көрсету керек) жоюды жүргізді.  

     Дәрілер: ампулалар жаншу, ұнтақтар мен таблеткалар жағу жолымен       жойылды.

     Төраға (қолы)

     Комиссия мүшелері: (қолы)
                        (қолы)
                        (қолы)

                                   Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

          "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"
     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  
     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және
     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    
                                          жөніндегі комитеті төрағасының 
                                          м.а.
                                          2001 ж. "___" _________

        Бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық, улы 
          заттар мен прекурсорларды және құрамында осылар бар  
                дәрілік заттарды сынақ лабораторияларында 
                  (орталықтарында) сақтау мен есепке алу 
                                Ережелері

      1. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар) сақтау оларды есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында пайдалануға рұқсат етілген үй-жайларда жүзеге асырылады, бұл рұқсатты аумағында осы объектілер (үй-жайлар) орналасқан ішкі істер органдары, аумақтық лицензиялық-рұқсат беру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) береді. 
      2. Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау үшін жауапкершілік лабораторияның (орталықтың) бірінші басшысына жүктеледі. 
      3. Есірткі құралдарымен, психотроптық, улы заттармен және прекурсорлармен жұмысқа жіберілетін адамдардың тізімі ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді. 
      Қол жеткізетін адамдарда тиісті тексеру туралы ішкі істер органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыруының жоқтығы туралы психиатр мен наркологтың қорытындысы болуға қажет. 
      Есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар сақталатын бөлмеге кіру олармен тікелей жұмыс істейтін адамдарға рұқсат етіледі. 
      4. Анализге тапсырылған есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар арнайы жабдықталған үй-жайларда, сейфте сақталуға тиіс. 
      Сейф кілттері есірткі құралдарымен, психотроптық, улы заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге бұйрықпен жауапты болып тағайындалған адамда болады. 
      Жұмыс күнінің аяғында бөлме мен сейфке мөр соғылады немесе пломбыланады. Талдаушыға анализ үшін берілген құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар құлыпталып, басқа дәрілік заттардан оқшау сақталады. 
      Құрамында улы заттар мен прекурсорлар бар реактивтер құлыпталып сақталуға тиіс. 
      5. Дәріхана ұйымынан (дәріхана қоймасы, дәріханалар, өнеркәсіптік өндірістер) талдамаға келіп түскен есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар және құрамына осылар кіретін дәрілік заттар анализ аяқталғаннан кейін 3 ай бойы сақталады, бұдан соң олардың қалдықтары өткізу-қабылдау актісі бойынша осы заттар алынған дәріхана ұйымдарына қайтарылады (осы Ережелерге 4 қосымша). 
      6. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар, дәріхана жағдайларында дайындалған анализден қалған дәрілік заттар қалдықтары 20 күн бойы сақталады. 
      7. Бүлінген есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ анализ қалдықтарын (6-т) сақтау мерзімі аяқталғаннан соң жоғары тұрған ұйым, ішкі істер мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдері тартыла отырып, сынақ лабораториясы (орталығы) жанында құрылған комиссия жояды. Жоюға акт жасалады (осы Ережелерге 3 қосымша). 
      8. Дәрілік түріне қарамастан, лабораторияға анализге түскен, құрамында ІІ, ІІІ, ІV, V Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар лицензиар-органның жауапты адамының мөрімен және қолымен бекітілген (осы Ережелерге 1 қосымша), жеке нөмірленген және тігілген журналдарда заттық-сандық есепке алуға жатады. 
      9. Қазақстан Республикасының аумағында бақылауға жататын құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар реактивтер нөмірленген, тігілген, жауапты лицензиар-орган мөрімен және қолымен бекітілген (осы Ережелерге 2 қосымша) есепке алу журналында заттық-сандық есепке алуға жатады.
      10. Есірткі құралдарының, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар ағымдағы жылды есептемегенде, сақтау, есепке алу мен босату үшін жауапты адамда олардың сақталуына бес жыл бойы толық кепілдік берілетін жағдайларда сақталады.

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын,
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және құрамында осылар бар  дәрілік заттарды 
                               сынақ лабораторияларында (орталықтарында) 
                               сақтау мен есепке алу Ережелеріне 
                               1 қосымша

     _________________________________________________  
     Сынақ лабораториясының (орталығының) аталымы

         Анализ үшін сынақ лабораториясына (орталығына) түскен 
      құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен
               прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу
                                КІТАБЫ

          Заттардың аталымы_______________

          Өлшем бірлігі ___________________
__________________________________________________________________________
                 Кіріс                            Шығыс
N   Түскен  Кімнен  Серия  Алын.   Сынақ  Мерзімі  Мөлшері  Алушының
р/  уақыты  алынды  N      ған     түрі                     қолы
с           құжат          мөлше.
            N              рі
                           өлшем 
                           бірлігі 
__________________________________________________________________________
1     2       3       4      5       6       7        8         9
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

     кестенің жалғасы
__________________________________________________________________________
                                  Шығыс
Анализге  Сынақ    Толты.   Анализ   Анализ. Қалдық.  Дәріхана  Лабора.
шығын.    тәсілі,  рылған   қорытын. ден     ты       ұйымына   тория
далған    сынақ.   уақыты   дысы     қалған. қабыл.   өткізу    меңгеру.
мөлшер    тар      мен               дары    даушы.   немесе    шісінің 
          саны     талдау.                   ның      жою       қолы
                   шының                     қолы     туралы
                   қолхаты                            белгі, 
                                                      саны,
                                                      акт N
__________________________________________________________________________
10        11        12       13       14      15      16          17
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын,
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және құрамында осылар бар  дәрілік заттарды 
                               сынақ лабораторияларында (орталықтарында) 
                               сақтау мен есепке алу Ережелеріне 
                               2 қосымша

           Сынақ лабораторияларында (орталықтарында) бақылауға
          жататын құрамында есірткі құралдары, психотроптық, улы 
           заттар мен прекурсорлар бар реактивтерді есепке алу
                                   журналы

     Лабораторияның атауы ______________
__________________________________________________________________________
Кіріс                                                     Шығыс
Түскен  Қайдан   Мөлшері  Мерзімі Шығын.  Мөлше. Алушы.  Босату.  Қалды.
уақыты  алынды                    далғаны  рі     ның     шының    ғы 
        құжат N                                   қолы    қолы
__________________________________________________________________________
  1       2         3        4       5      6      7       8         9
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын,
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және құрамында осылар бар  дәрілік заттарды 
                               сынақ лабораторияларында (орталықтарында) 
                               сақтау мен есепке алу Ережелеріне 
                               3 қосымша

        Сынақ лабораторияларында (орталықтарында) бүлінген есірткі
          құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды
                      және анализ қалдықтарын жою актісі

     қ. ___________________      кімнен__________________

     Мына құрамдағы комиссия (кемінде 3 адам)

     1) Т.А.Ә., сынақ лабораториясы (орталығы) өкілдерінің қызметі;

     2) Т.А.Ә., ішкі істер органы өкілінің қызметі;

     3) Т.А.Ә., санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілінің қызметі

     Бүлінген есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен 

прекурсорларды және дәріхана ұйымдарындағы жүргізілген анализ қалдықтарын 

___мөлшерде (жазбаша)_________ данада, грамдарда _________ бастап ________ 

дейінгі мерзім ішінде жоюды жүргізді. Ампулалар жаншу жолымен, ұнтақтар, 

таблеткалар жағу жолымен жойылды. 

       Төраға (қолы)

            Комиссия мүшелері: (қолы)

                        (қолы)

                        (қолы)

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын,
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және құрамында осылар бар  дәрілік заттарды 
                               сынақ лабораторияларында (орталықтарында) 
                               сақтау мен есепке алу Ережелеріне 
                               4 қосымша

               Анализден қалған құрамында есірткі құралдары,
          психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар бар дәрілік 
                        заттарды қабылдау-өткізу 
                                  актісі

     қ. ___________________     "____" ____________ 2000 ж.

     Комиссия мынадай құрамда __________________________  

_______ құжат бойынша сынақтар жүргізу үшін _________ (ұйымның аталымы) 

____________ дәрілік заттар (дәрілік заттардың аталымы) берілгені 

(жойылғаны) туралы осы актіні жасады. 

     Дәрілік заттардың қалдықтары ______________  (ұйымның аталымы) 

мынадай мөлшерде беріледі: 

     _______________________________________________

      N р/с  Дәрілік заттың   Серия    Мөлшері 

             аталымы                   жазбаша

     _______________________________________________

        1          2            3         4

     _______________________________________________

     _______________________________________________

     _______________________________________________

     _______________________________________________

     Өткізген және қабылдап алған комиссия мүшелерінің қолы:

                                    Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы 
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

  "КЕЛІСІЛГЕН"          "КЕЛІСІЛГЕН"              "КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан              Қазақстан             Қазақстан Республикасы Әділет 
Республикасының        Республикасының       министрлігінің Нашақорлыққа   
Ішкі істер министрі    Білім және ғылым      және есірткі бизнесіне қарсы
2001 ж. "___"________  министрі м.а          күрес жөніндегі комитеті      
                       2001 ж. "___"_______  төрағасының м.а.
                                             2001 ж. "___" _________

        Бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық, улы 
          заттар мен прекурсорларды және осылар құрамында бар 
        дәрілік заттарды ғылыми-зерттеу институттары мен оқу 
                      орындарында сақтау, есепке алу
                               Ережелері

      1. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (бұдан әрі мәтін бойынша ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілік заттар) сақтау оларды есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында пайдалануға рұқсат етілген үй-жайларда жүзеге асырылады, бұл рұқсатты аумағында осы объектілер (үй-жайлар) орналасқан ішкі істер органдары, аумақтық лицензиялық-рұқсат беру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) береді. 
      2. Есірткі құралдарының, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлардың дұрыс сақталуы мен есепке алынуы үшін жауапкершілік ұйымның бірінші басшысына жүктеледі. 
      3. Есірткі құралдарымен, психотроптық, улы заттармен және прекурсорлармен жұмысқа жіберілетін адамдардың тізімі ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді. 
      Қол жеткізетін адамдарда тиісті тексеру туралы ішкі істер органдарының қорытындысы, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы алкоголизммен ауыруының жоқтығы туралы психиатр мен наркологтың қорытындысы болуы қажет. 
      Есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар сақталатын бөлмеге кіруге олармен тікелей жұмыс істейтін адамдарға рұқсат етіледі. 
      4. Есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар арнайы жабдықталған бөлмедегі сейфтерде сақталуға тиіс. 
      Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлме мен сейф мөрленуі немесе пломбылануы қажет. 
      Сейфтің кілті мен пломбылағыш есірткі құралдармен, психотроптық, улы заттармен, прекурсорлармен жұмыс үшін жауапты адамда болуға тиіс. 
      Құрамында улы заттар мен прекурсорлар бар реактивтер құлып салынып сақталуы қажет. 
      5. Оқу орындарында студенттермен практикалық сабақтар өткізу үшін берілген есірткі құралдардың, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлардың дұрыс пайдаланылуы үшін жауапкершілік ұйым бойынша бұйрықпен студенттермен практикалық сабақтарға жауапты оқытушыға жүктеледі. 
      Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сабақ аяқталғаннан кейін аудиторияларда сақтауға рұқсат етілмейді. 
      6. Есірткі құралдары, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлар келіп түскенде, ұйым басшысы алынған дәрілік заттардың бірге жіберілген құжаттарға сәйкестігін жеке өзі тексеруге міндетті. 
      7. Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды ағымдағы жұмыстар үшін босату тек ұйым басшысының жазбаша рұқсатымен, сол затты алатын адамның тегі мен қызметі көрсетіле отырып, ол қол қойған талап бойынша жүргізіледі (осы Ережелерге 1 қосымша). 
      8. Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды босатудың алдында олардың сақталуы үшін жауапты, бұйрықпен тағайындалған адам босату үшін дұрыс негіз бар екенін, бірге жіберілген құжаттың дұрыс ресімделуі мен орам сапасын жеке өзі тексеруге міндетті, одан кейін талаптар көшірмелеріне қолын қояды. 
      9. Есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды есепке алу нөмірленген, тігілген, лицензиар-органның мөрімен және қолымен расталған жеке журналдарда жүргізіледі (осы Ережеге 2 қосымша).
      10. Есірткі құралдарының, психотроптық, улы заттар мен прекурсорлардың кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар ағымдағы жылды есептемегенде бес жыл бойы, олардың сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда сақтауға, есепке алуға және босатуға жауапты адамда сақталады.

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын, 
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және осылар құрамында бар дәрілік заттарды 
                               ғылыми-зерттеу институттары мен оқу         
                               орындарында сақтау, есепке алу Ережелеріне 
                               1 қосымша

          Жұмысқа арналған есірткі құралдарына, психотроптық, улы
                   заттар мен прекурсорларға талап үлгісі

     Ұйымның атауы ______________
     Мөртабан
                                         Босатылуға рұқсат етілген
                                         Ұйым басшысы
                                         _______________
                                         "___" ________ 20 __ ж. талап
 

       Кімнен__________________(Т.А.Ә., алушының қызметі)                              

     Қандай мақсаттарға (негіздеме)_______________

___________________________________________________________________________
N    Заттың аталымы   Өлшем    Талап    Босатылған  Бағасы  Сомасы
р/к                    бірлігі  етілген  көлемі
                                көлемі   жазбаша 
                                жазбаша 
___________________________________________________________________________
1         2             3        4         5           6       7
___________________________________________________________________________

       Талап етушінің Т.А.Ә._____________________қолы  

     Босатушының Т.А.Ә._____________________қолы

     Алушының Т.А.Ә._____________________қолы

                               Бақылауға жататын есірткі құралдарын, 
                               психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды 
                               және осылар құрамында бар дәрілік заттарды 
                               ғылыми-зерттеу институттары мен оқу         
                               орындарында сақтау, есепке алу Ережелеріне 
                               2 қосымша

     Ұйымның атауы _______________

             Ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарында 
            есірткі құралдарын, психотроптық, улы заттар мен 
                      прекурсорларды есепке алу 
                                Журналы

     Аталымы___________________

     Өлшем бірлігі_______________

___________________________________________________________________________
Алған            Кіріс     |               Шығыс
мерзімі ___________________________________________________________________
        Жет.   Мөл.  Мате.   Беріл. Алған  Қан.        Алу.  Беру.  Қал.
        кізіп  шері  риал.   ген    адам.  дай  Мөлше. шы.   шінің  дық
        беру.        дық     мерзі. ның    мақ. рі     ның   Т.А.
        ші           жауап.  мі     Т.А.   сат.        қолы  Ә.
        және         ты             Ә.     тар.              қолы
        құжат        адам.                 ға
        нөмі.        ның
        рі           Т.А.
                     Ә.
___________________________________________________________________________
  1      2       3    4        5      6      7     8     9    10      11 
___________________________________________________________________________

                                    Қазақстан Республикасының Денсаулық 
                                    сақтау істері жөніндегі Агенттігі 
                                   төрағасының 2001 жылғы 11 мамырдағы
                                       N 428 бұйрығымен бекітілген

           "КЕЛІСІЛГЕН"                           "КЕЛІСІЛГЕН"

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасы Әділет  
     Ішкі істер министрі                  министрлігінің Нашақорлыққа және
     2001 ж. "___" __________             есірткі бизнесіне қарсы күрес    
                                          жөніндегі комитеті төрағасының 
                                          м.а.
                                          2001 ж. "___" _________

        Бақылауға жататын, есірткі құралдарын, психотроптық заттар 
         мен прекурсорлар ұстайтын дәріханалар мен емдеу-алдын алу
              ұйымдарынан талан-таражға салу мен ұрлау туралы 
        Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 
          комитет пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 
     істері жөніндегі агенттігіне ұсынылатын кезекті хабарлама үлгісі
__________________________________________________________________________

N   Хабарлама     Хабарлама мазмұны        Мүдде       Ұсыну тәртібі

р/   мәтіні                              білдіруші

с

__________________________________________________________________________

   Дәріханалар    Мекеменің атауы       Дәріхана,      Төтенше

   мен емдеу-     мен мекен-жайы.       емдеу-алдын    хабарлама

   алдын алу      Қолда бар есірткі.    алу ұйымының   Нашақорлыққа

   ұйымдарынан    лік дәрілік зат.      басшысы:       және есірткі

   құрамында      тардың сақталуын      Т.А.Ә.,        бизнесіне қарсы 

   есірткі        қамтамасыз ететін     тел. қызмет.   күрес жөніндегі

   құралдары,     арнайы құралдар       тік, үй        ҚР комитетіне,

   психотроптық   (күзет сигнализа.     тел.           көшірмесі ішкі      

   заттар мен     циясы, ведомсто.      тұратын        істер аумақтық

   прекурсорлар   дан тыс күзет,        мекен-жайы     басқару 

   бар дәрілік    сақтық күзет,                        органдарына 

   заттарды       күзет жоқ).                          жолданып, ҚР

   талан-таражға  Ғимарат сипатта.                     Денсаулық сақтау

   салу (ұрлау)   масы (типтік жоба                    істері жөніндегі

   туралы төтенше бойынша салынған,                    агенттігіне,  

   хабарлама      бейімделген                          денсаулық сақтаудың

                  ғимарат, кірпіштен,                  аумақтық органда.  

                  ағаштан салынған).                   рына жіберіледі.

                  Есірткілік дәрілік 

                  заттарды сақтау 

                  тәсілдері (арнайы 

                  жабдықталған үй-

                  жайда, сейфте, 

                  металл шкафта және

                  т.б.). Үй-жай 

                  терезелеріндегі 

                  торлар (бар, жоқ). 

                  Ұрлық жасалған күн. 

                  Қылмыскерлердің 

                  үй-жайға өту тәсілі.

                  Ұрланған дәрілік

                  заттардың аталымы 

                  мен олардың мөлшері.

                  Ішкі істер органда.

                  рына ұрлық туралы 

                  хабарланған мерзім. 

                  Ішкі істер органда.

                  рының объектіні 

                  пайдалануға берген 

                  рұқсаты.

__________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады