Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыру және жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ҚБЕО) (Абдулкаримов С.Х.), Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.), Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.) 2001 жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және өндірістік пайдалануға енгізуді қамтамасыз етсін.
2. Клиринг ұйымдары осы қаулының 1-тармағында көзделген тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосқаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйесінің бөлімшесіне оның тиісті сұратуы бойынша күн сайын 14-00 сағаттан бастап (Алматы уақыты бойынша) клиринг аяқталғанға дейін ақпарат беретін болсын.
Сондай-ақ берілетін ақпаратта клирингтің әрбір қатысушысының атауы, банктік бірегей коды және оның таза позициясы болуға тиіс.
3. Клиринг ұйымдары осы қаулының 2-тармағында көрсетілген ақпаратты төлем жүйесіндегі ақпарат беруге қойылатын талаптарға сәйкес ұсынатын болсын.
4. Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.) Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және пайдалану үшін Ұлттық Банктің бюджетінен (шығыс сметасынан) қаражат қарастырсын.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
6. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу
шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі
бөлімшелеріне, ҚБЕО-ға және клиринг ұйымдарына жіберсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.