Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау жасау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 28 маусым N 263 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1610. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 (V032639) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау жасау ережесі бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
      2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау жасау ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау жасау ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 28 маусымдағы
N 263 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына
шоғырландырылған қадағалау жасау ережесі

1-бөлім. Шоғырландырылған қадағалау жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже сақтандыру рыногының сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету және қосылма тұлғалары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақсыздығын (төлем жасау қабілетінің жоқ екендігін) уақтылы ескерту мақсатында "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  (бұдан әрі - Заң) және басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалынған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) шоғырландырылған қадағалауды жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереже Заңның 26-бабының 4-тармағымен, 43-бабының 18) тармақшасымен және 52-бабының 3-тармағымен белгіленген сақтандыру ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      3. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) топ - тәуелді және еншілес ұйымдары, қосылма және басқа тұлғалары бар сақтандыру ұйымдары, ол осы Ережеге сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) талабы бойынша жеке қаржылық есеп не басқа мәліметтер және құжаттар беруге міндетті;
      2) азшылықтың үлесі - бұл бас сақтандыру (негізгі) ұйым иелік етпейтін қатысу үлесі бар еншілес ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің таза кірістерінің (шығыстарының) және таза активтерінің бір бөлігі;
      3) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға - бас сақтандыру ұйымы қалыптастырған жарғылық капиталдың басым бөлігіне ие болатын заңды тұлға, не олардың арасында жасалынған шарттарға (не басқа түрде) сәйкес бас сақтандыру ұйымы осы ұйымдар қабылдайтын шешімді белгілейтін мүмкіндігі бар болса;
      4) тәуелді ұйым - дауыс беруші акциялардың 20 (жиырма) проценттен астамы сақтандыру ұйымына тиісті заңды тұлға;
      5) елеулі ықпалы - сақтандыру ұйымдарының дауыс беретін акциялардың кемінде 20 (жиырма) процентіне иелік ететін заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы не сақтандыру ұйымдарының басқа заңды негіздемелер жөніндегі қаржылық және басқа саясаты бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы;
      6) шоғырландырылған қадағалау - уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыруға тиісті шаралар жиынтығы және оған мыналар кіреді:
      сақтандыру ұйымдары құрылтайшыларын құру кезіндегі оның құрамы, құқықтық мәртебесі және қаржылық жай-күйі және қызметі, топ мүшелері, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты еншілес және тәуелсіз ұйымдар болып табылатын тұлғалар туралы мәліметтер алу;
      сақтандыру ұйымдарына бақылау жасау құқығы бар құрылтайшылардан (акционерлерден) және басқа заңды тұлғалардан түскен құрылтай құжаттарын және қаржылық есепті тікелей немесе сақтандыру ұйымдары арқылы алу;
      топ мүшелерінің меншік құрылымын талдау, қосылма тұлғалардың жалпы жиынтығы бойынша басқару және бақылау жүйесін анықтау;
      топ мүшелерінің пайдасын алу әдістерін, принциптерін және шектерін, топтағы қаржы ағындарының жалпы көлемін және сипатын зерделеу;
      бас сақтандыру ұйымдары және оның қосылма тұлғалар үшін пруденциалдық нормативтер және басқа, сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерінің қосымша түрлерін белгілеу;
      сақтандыру ұйымдарының, оған қосылма тұлғалардың және оның құрылтайшы тұлғалары және сақтандыру ұйымдарының қатысуымен консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымның қызметі туралы деректерді зерделеу және бағалау;
      сақтандыру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен инспекциялау және тексеру;
      бас сақтандыру ұйымдарының жеке қаржылық есебін және\немесе шоғырландырылған есебін белгіленген мерзімде алу;
      өзінің осы Ережеде және басқа нормативтік құқықтық актілерде көзделген бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыру үшін қосымша мәліметтер және құжаттар алу;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына санкциялар, сондай-ақ оның қатысушылары мен қосылма тұлғаларына әкімшілік айыппұлдарын және басқа ықпал ету шараларын қолдану;
      7) шоғырландырылған қаржылық есеп - бас сақтандыру ұйымының, еншілес және тәуелсіз ұйымдардың осы Ереженің талаптарына сәйкес берілген және уәкілетті мемлекеттік органның талаптарына сәйкес бірыңғай қаржылық есепке енгізілген жеке қаржылық есеп;
      8) жанама әдіс - таза кіріс немесе шығын ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшалай емес операциялардың, сондай-ақ келесі есеп беретін есепті кезеңмен салыстырғанда операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижелері болып табылатын, есептелген шығыстар мен шығындарға қарай өзгертілетін есепке алу әдісі.
      Жанама әдіс қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы шоғырландырған есептің әрбір баптарының түзетілуін көздемейді. Осы әдіске сәйкес таза кіріс (шығын) сомасы өткен есепті кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі шоғырландырған бухгалтерлік баланстардың баптарындағы өзгерістер сомасына қарай түзетіледі;
      9) үлестік қатысу әдісі - бас сақтандыру ұйымының тәуелді ұйымға инвестициялары қатысу басталған сәттен сатып алу құны бойынша көрінетін, бұдан кейін бас сақтандыру ұйымының тәуелді ұйымының таза активтерінің өзгерістеріндегі үлесін қатуына қарай инвестициялар құны көбейетін (азаятын) есепке алу әдісі. Бас сақтандыру ұйымының тәуелді ұйымның таза кірісіндегі (шығынындағы) үлесінің өзгеруі бас сақтандыру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте кіріс (шығын) ретінде танылады;
      10) құн әдісі - есепке алу әдісі, мұнда инвестицияларды сатып алу кезіндегі қатысу сатып алу құны бойынша жазылады. Инвестициялардан түскен кіріс сақтандыру (негізгі) ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте тәуелді ұйымының сатып алған күннен кейін туындаған, жинақталған таза кірістің жалпы сомасынан түскен тиісті дивидендтер мөлшерінде танылады;
      11) жеке қаржылық есеп - бас сақтандыру ұйымының, еншілес және тәуелді ұйымның қаржылық есебін тиісті түрде шоғырландыру;
      12) сақтандыру ұйымдарына бақылау жасау құқығы - сақтандыру ұйымы акционерлерінің уәкілетті мемлекеттік органының тиісті рұқсаты негізінде 25 (жиырма бес) және одан астам процент дауыс беретін акцияларын игеру, пайдалану және басқару;
      13) бас сақтандыру ұйымы - бір және\немесе одан астам тәуелді ұйымдары бар не осы Ережеге сәйкес топ мүшесі болып танылған және шоғырландырған қаржылық есепті жасауға жауапты сақтандыру ұйымы.

2-тарау. Шоғырландырған қадағалаудың
негізгі талаптары

      4. Сақтандыру ұйымы қосымшаларды барлық қажетті құжаттардың расталған көшірмелерімен бірге осы Ереженің талаптарына сәйкес шоғырландырған қаржылық есебін жасауға және беруге міндетті.
      5. Уәкілетті мемлекеттік орган өз өкілеттігі шегінде сақтандыру ұйымдарының және топ мүшелерінің қызметі туралы өзіне қажетті мәліметтер алуға құқылы.
      6. Уәкілетті мемлекеттік органның сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдары беретін шоғырландырған қаржылық есепте және құжаттарда сақтандыру ұйымдары және басқа адамдар үшін сақтандыру құпиясы бар мәселелерді, коммерциялық құпияны немесе құпия ақпаратты заң талаптарына сәйкес тікелей келісу қажет.
      7. Сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіппен жеке және шоғырландырылған қаржылық есепті береді.
      8. Сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органға қаржылық есепті мынадай мерзімде береді:
      1) тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиторлық растаусыз);
      2) жылдық жеке қаржылық есеп (аудиторлық растаусыз);
      3) жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп (аудитордың растауымен).
      9. Осы Ереженің 8-тармағында көзделген қаржылық есепті беру мерзімін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      10. Бас сақтандыру ұйымы шоғырландырылған қадағалауды (оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есепті жасау жөніндегі жұмыс кестелері, активтер мен міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың жекелеген баптарының мазмұнын толық ашуға арналған мәлімет) жүзеге асыруға қажетті уәкілетті мемлекеттік орган талап еткен кез келген ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      11. Бас сақтандыру ұйымында топтың барлық мүшелерінің қызметі туралы ақпараттардың болуын қамтамасыз ететін және шоғырландырған қадағалаудың мақсаттарына қажетті ішкі аудит (бақылау) тетігі болуы тиіс.
      12. Сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның сұратуы бойынша оған өзінің мүлкі туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлкі туралы, берілген кепілдіктер, кепілдемелер және басқа да қабылданған міндеттемелер, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу туралы мәліметтерді, сақтандыру құпиясы бар мәліметтерді табыс етуге міндетті.
      13. Бас сақтандыру ұйымы шоғырландырылған қаржылық есепті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес және тәртіппен жариялауға міндетті.
      14. Сақтандыру ұйымдары өзінің қаржылық тұрақтылығы және төлем жасау қабілеттілігі жөніндегі талаптарының орындалуына олар үшін пруденциалдық нормативтер және сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы бақылау жасайды.
      15. Сақтандыру ұйымы белгіленген пруденциалдық нормативтер және сақтауға міндетті басқа нормалары мен лимиттерінің орындалуының топтың әр мүшесінің қаржылық жай-күйіне әсерін шоғырландырылған негізде талдауға міндетті.

3-тарау. Топтардың және сақтандыру ұйымы қызметінің
көрсеткіштерін өзара міндеттемелерді ескере отырып талдау

      16. Сақтандыру ұйымының мүшесі болып табылатын топтың іс жағдайын талдау, оған:
      1) топ қызметі стратегияларының тиімділігін және жалпы дамуын;
      2) топтың негізгі (бас) ұйымдары және топ мүшелері қызметінің қаржылық нәтижелерін көрсететін көрсеткіштерді бағалау кіреді.
      17. Тұтастай алғанда топтың қаржы-шаруашылық қызметін талдау жүйесі алынған есеп және басқа деректер негізінде мыналарға болжам жасайды:
      1) топтың экономикалық және қаржылық жағдайын, оның қаржы-шаруашылық саясатының жалпы бағыттарын зерделеу;
      2) топтың экономикалық әлеуетін, оның ішінде өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын, оның меншік және заем қаражатының мөлшеріне арақатынасын бағалау және талдау;
      3) топтың қаржы-өндірістік қызметінің нәтижелілігіне, тиімділігіне талдау жасауды қоса отырып бағалау мен талдау және оның бағалы қағаздар рыногындағы жай-күйін бағалау;
      4) топтың өтімділігінің өзгеру үрдістеріне және олар белгілеген факторларға сипаттама беру;
      5) топ шығындарының пайда болуының сыртқы және ішкі себептерін, олардың уақытша (кездейсоқ) және тұрақты сипатын белгілеу.
      18. Топ қызметінің тиімділігі, оған кіретін сақтандыру ұйымының негізгі және қосымша міндеттемелерімен қоса, мыналарды:
      1) топ активтерінің рыноктық құнын:
      2) уақыттың белгіленген (есепті) кезеңіндегі жалпы айналымның көлемін;
      3) жалпы түсімді ескере отырып бағаланады.
      19. Топтың жекелеген мүшелерінің қаржылық жай-күйі туралы деректер тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді:
      1) өтімділігі;
      2) айналымдылығы;
      3) табыстылығы.

2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есепті жасау
4-тарау. Шоғырландырылған қаржылық есепті жасауға
қойылатын негізгі талаптар

      20. Бас сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі туралы деректердің тиісті есепті күнге толық, анық болуын және негізділігін қамтамасыз ету шоғырландырылған қаржылық есепті алудың негізгі мақсаты болып табылады.
      21. Шоғырландырылған қаржылық есепке кіретін бас сақтандыру ұйымының, еншілес және тәуелді ұйымның қаржылық есептері қаржы-шаруашылық қызметінің осындай операцияларына арналған бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырып жасалынады. Егер топ мүшелері шоғырландырған қаржылық есепті жасау үшін қабылданған есеп саясатынан басқа есеп саясатын пайдаланатын болса, онда шоғырландыру кезінде оның қаржылық есебіне тиісті түзетулер жасалады. Егер мұндай түзетулер жасау мүмкін емес болса, онда осы жағдайлар әр түрлі есеп саясаты қолданылған шоғырландырылған қаржылық есепке қатысты баптарының сол бөліктерімен бірге мәні ашылуға тиіс.
      22. Шоғырландырылған қаржылық есепке кіретін бас сақтандыру ұйымының, еншілес және тәуелді ұйымның қаржылық есептері бір күнде жасалынады. Шоғырландырылған қаржылық есеп әртүрлі есеп күндерінде жасалынған қаржылық есеп негізінде жасалынады, олардың арасындағы айырмашылық кемінде үш ай болуы тиіс. Бұл орайда есеп беру күні бір кезеңнен екінші кезеңге қарай бірізді болуы тиіс. Осындай қаржылық есептерді шоғырландыру мақсатында осы күндердің арасында жүргізілетін нақты операциялардың немесе басқа жағдайлардың нәтижесі болып табылатын өзгерістерге түзетулер жасалады.
      23. Бас сақтандыру ұйымдары шоғырландырылған қаржылық есепті бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарының талаптары негізінде жасайды. Қаржылық есептер мынадай жағдайларда шоғырландырылмайды:
      1) еншілес ұйым, сондай-ақ тәуелді ұйымға инвестициялар болашақта (сатып алынған күннен бастап кемінде алты ай) сату мақсатымен сатып алынса және еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді белгілеу мүмкіндігі уақытша болса;
      2) еншілес және тәуелді ұйым қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайларында қолданылады, мұнда олардың бас сақтандыру ұйымының қаражатын беру мүмкіндігі едәуір төмендейді.
      24. Осы Ереженің 23-тармағында көзделген жағдайларда, сақтандыру ұйымы тәуелді ұйымға берілетін инвестициялардың құн әдісі бойынша жеке қаржылық есебін жасайды.
      25. Еншілес ұйымдарды сату кезінде еншілес ұйымды шығарудан алынған сома шығарған күнгі міндеттемелерді (таза активтерді) қоспағанда оның активтерінің баланстық құны арасындағы айырмашылық қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы шоғырландырылған есепте еншілес ұйымдарды шығарудан түскен кіріс немесе шығын ретінде танылады.
      26. Шоғырландырылған қаржылық есепке мыналар кіреді:
      1) шоғырландырылған бухгалтерлік баланс, берілген нысан бойынша (1 қосымша);
      2) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп, берілген нысан бойынша (2 қосымша);
      3) ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп, берілген нысан бойынша (3 қосымша);
      4) түсіндірме жазба.

5-бөлім. Бас сақтандыру ұйымдары және еншілес ұйымдар
беретін есептерді жасау
1. Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс

      27. Шоғырландырылған қаржылық есепті әзірлеу үшін бас сақтандыру ұйымының және еншілес ұйымдардың жекелеген қаржылық есептерін шоғырландырылған қаржылық есепке тиісті түрде қосатын, түзететін және көшіретін баптар белгіленеді.
      28. Бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептерін шоғырландыру мақсатында қаржылық есептер активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталының, кірістер мен шығыстардың баптарында көрсетілген соманы жинақтау арқылы баптар және жолдардың сипаты және мәні бойынша қосылады.
      29. Шоғырландырылған қаржылық есеп тұтастай алғанда бас сақтандыру ұйымы және оның еншілес ұйымы туралы қаржылық ақпараттарды білдіретін болса, кейбір баптарды көшіру алынып тасталуы тиіс. Шоғырландырылған қаржылық есепті жасау кезінде өткізілген есеп айырысулары негізінде түзету жазбалары жасалады. Түзету жазбалары (элиминирленген) бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, ал жұмыс кестесінде шоғырландырылған қаржылық есепке әзірлік барысы көрсетіледі.
      30. Бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының бухгалтерлік баланстарының қосылмайтын және түзетілмейтін баптары шоғырландырылған балансқа өзгерістерсіз көшіріледі.
      31. Әр еншілес ұйымның таза активтеріндегі азшылықтың үлесі шоғырландырылған қаржылық есепті жасаған күнгі осы ұйымның меншік капиталының сомасымен белгіленеді. Еншілес ұйымның таза активтеріндегі азшылықтың үлесі оның міндеттемелерінен және "Азшылықтың үлесі" бабы бойынша меншік капиталынан бөлек шоғырландырылған бухгалтерлік баланста беріледі және бас сақтандыру ұйымына қатысты емес еншілес ұйымның таза активтерінің көлемінде көрсетіледі.

2. Еншілес ұйымның деректері ескерілген
қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп

      32. Қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған есепте бас сақтандыру ұйымынан және оның еншілес ұйымдарынан тыс жасалынған операцияның қаржылық нәтижелері көрсетілуі тиіс.
      33. Шоғырландыру мақсатында бір ұйымдарда толық аяқталған, бірақ аяқталмаған не басқа ұйымдарда толық аяқталған кірістер, шығыстар және дивидендтар, сондай-ақ осы операция нәтижелері салдарынан жұмсалмаған кірістер және шығындар бойынша бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының арасындағы операцияларды алып тастау қажет. Бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының арасындағы операцияларға мыналар:
      1) қызметті сату және сатып алу;
      2) негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сатып алу және заемдар алу;
      3) салымдарды орналастыру және тарту жатады, бірақ мұнымен шектелмейді.
      34. Жасалынатын шоғырландырылған қаржылық есепті үйлестіру мақсатында қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған есептегі "Таза кіріс (шығын)" жолы бойынша деректер шоғырландырылған баланстағы "Ағымдағы жылдың бөлінбеген таза кірісі (шығыны)" жолына көшіріледі.
      35. Бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы осы есептер бойынша талдамаларға және түсініктемелерге қосылатын немесе түзетілетін баптар белгіленеді.
      36. Бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымдарының қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есептің қосылмайтын және түзетілмейтін баптары қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған есепке өзгеріссіз көшіріледі.
      37. Еншілес ұйымдардың таза кірісіндегі (шығынындағы) азшылықтың үлесі ұйымдардың есепті кезеңде алынған таза кіріс сомасымен белгіленеді.
     Қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған есептегі азшылықтың үлесі азайатын (көбейетін) шоғырландырылған таза кірістің (шығынның) көрсеткіші ретінде "Азшылықтың үлесі" атты жекелеген баптарда көрсетіледі.

3. Еншілес ұйымның деректері ескерілген
ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп

      38. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп тікелей әдісті қолдана отырып жасалады, ол бас сақтандыру ұйымының және оның еншілес ұйымының қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы шоғырландырылған балансындағы және шоғырландырылған есебіндегі ақпараттарға негізделген.
      39. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есепке бас сақтандыру ұйымдарының және оның еншілес ұйымдарының арасындағы түсімдер мен шығыстар кіреді.     

6-тарау. Бас сақтандыру ұйымдары және
тәуелсіз ұйымдар беретін есептерді жасау

      40. Бас сақтандыру ұйымы тәуелді ұйымдардың қаржылық есептерін егер тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталындағы оның қатысу үлесі:
      1) дауыс беретін акциялардың кемінде 20 (жиырма) проценті, бірақ бұл орайда басқа инвесторлармен келісім нәтижесінде ол елеулі ықпал етсе;
      2) дауыс беретін акциялардың 20 (жиырма) проценттен астамы болса ғана шоғырландырады.
      41. Бас сақтандыру ұйымының тәуелді ұйымға инвестициялары шоғырландырылған қаржылық есепте үлестік қатысу әдісі бойынша есептеледі. Бас сақтандыру ұйымы үлестік қатысу әдісі тәуелді ұйымға елеулі ықпал етпейтін болса, оны пайдалануды тоқтатады. Қалған инвестициялар бас сақтандыру ұйымының қаржы инвестициялары ретінде есептеледі.
      42. Тәуелді ұйымға қатысу бас сақтандыру ұйымы өздерінің есептерінде дивидендтерді ғана емес, тәуелді ұйымның таза кірісінің тиісті үлесін немесе шығынын да есептейді деп болжам жасалынуы мүмкін.
      43. Бас сақтандыру ұйымдары тәуелді ұйымның таза кірісінің үлесін инвестициялардың баланстық құнының көбеюіне, ал шығынның үлесін азаюына жазады.
      44. Бас сақтандыру ұйымының тәуелді ұйымға қатысу үлесі инвестициялардың баланстық құнына тең болса немесе асып кетсе, онда шығындар үлесі нольдік құнға дейінгі инвестициялардың баланстық құнының азаюына жазылады, ал инвестициялардың құнынан асатын сома балансқа есептеледі. Бас сақтандыру ұйымы тәуелді ұйымның таза кірісіне өзінің үлестік қатысын таза кірістің үлесі есепке қабылданбаған таза шығындардың үлесіне тең болғаннан кейін ғана қайта жазады.
      45. Бас сақтандыру ұйымдары тәуелді ұйымның тиісті дивидендтерінің сомасын инвестициялардың баланстық құнының азаюына жазады.
      46. Егер тәуелді ұйым активтерді қайта бағаласа, онда қайта бағалауға байланысты бас сақтандыру ұйымы үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көбейтеді (азайтады). Бас сақтандыру ұйымының инвестицияларының баланстық құнының көбеюі меншік капиталы бөлімінде қосымша төленбеген капитал ретінде көрсетіледі. Инвестициялардың баланстық құнының азаюы бұрын бағаланған сома шегінде қосымша төленбеген капиталдың азаюына жазылады. Егер шығындар сомасы бұрын бағаланған сомадан асып кетсе, онда сомадағы айырмашылық үлестік қатысудан түскен шығын ретінде танылады.

7-тарау. Түсіндірме жазбаның мазмұны

      47. Түсіндірме жазбаға бас сақтандыру ұйымының есеп саясаты туралы, есептің және шоғырландырылған қаржылық есепті жасауға, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін тануға негіз болған шоғырландырудың принциптері мен әдістері туралы мәліметтер кіреді.
      48. Шоғырландырылған қаржылық есептің түсіндірме жазбасында осымен шектелмейтін мынадай ақпараттар болуы тиіс:
      1) тәуелді және еншілес ұйымдардың тізімі, қосылу туралы ақпараттың мәнін ашу - қатынастардың сипаты және көлемі;
      2) бас сақтандыру ұйымдары мен оның еншілес ұйымдарының арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипаты;
      3) атауы, тіркелген елі немесе тұрған жері, оларға қатысу үлесі, дауыс беруші акциялардың үлесі көрсетілген басқа қосылма тұлғалар тізімі;
      4) еншілес ұйымды сатып алу немесе сатудың есепті және өткен кезеңдердегі қаржылық көрсеткіштерге әсері;
      5) бас сақтандыру ұйымының жекелеген қаржылық есептеріндегі тәуелді ұйымға берілген инвестицияларды есепке алу үшін қолданылатын әдіс;
      6) тәуелді ұйымға берілген инвестицияларды есепке алу үшін қолданылған әдістер;
      7) еншілес ұйымның есептерінің шоғырландырылған қаржылық есепке қосылмауы, оның себептері;
      8) шоғырландырылған қаржылық есептің баптарына түзетулер, мұнда есеп субъектілерінің осы баптарға қолданатын есептік саясатындағы әр түрлі айырмашылықтарға байланысты мүмкін еместігі;
      9) қосуға, түзетуге және көшіруге тиісті жекелеген қаржылық есептердің баптары, сондай-ақ шоғырландыру нәтижелері;
      10) азшылықтың үлесін құрайтын қатысушылардың атауы көрсетілген азшылықтың үлесі, олардың еншілес ұйымдарға қатысу үлесі туралы ақпараттар;
      11) бірлескен қызметке есеп беру субъектілерінің қатысуы туралы ақпараттар.
      49. Заңды тұлға еншілес немесе тәуелді ұйымның мәртебесіне сәйкес келмейтін болса, сол күннен бастап, оларға берілетін инвестициялар бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес есептеледі.
      50. Тәуелді ұйымға үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестициялар баланстың жекелеген баптарында капиталға инвестициялар ретінде көрсетіледі.
      51. Бас сақтандыру ұйымының өткен кезеңдердегі үлесіне түзетулер жеке көрсетіледі.

3-бөлім. Қорытынды ережелер

      52. Сақтандыру ұйымдарына шоғырландырған қадағалаудың осы Ережеде реттелмеген басқа нысандардағы рәсімдері уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      53. Сақтандыру ұйымдары уәкілетті мемлекеттік органға қажетті мәліметтерді уақтылы бермесе, ал сақтандыру ұйымдары, оның құрылтайшылары (қатысушылары) және оның қосылма тұлғалары мәліметтерді бермесе немесе дұрыс бермесе заңнамада белгіленгендей жауапқа тартылады.

      Төраға                                                 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 28 маусымдағы
N 263 қаулысымен бекітілген    
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына
шоғырландырылған қадағалау жасау  
ережесіне№N 1 қосымша       

N 1 нысан

________________________ үшін
(жылы не басқа кезең)
шоғырландырылған бухгалтерлік баланстық тобының нысаны

                                                         мың теңге
____________________________________________________________________
 N№             БАПТЫҢ АТАУЫ         өткен кезеңнің  есепті кезеңнің
р/с                                      аяғында          аяғында
____________________________________________________________________
 1                    2                     3                4
____________________________________________________________________
1      АКТИВТЕР
1.1.   Ақша және ақша баламасы
1.2.   Мерзімді депозиттер
1.3.   Борыштық бағалы қағаздар
1.4.   Үлестік бағалы қағаздар
1.4.1  Жай акциялар
1.4.2  Артықшылық берілген акциялар
1.5.   Қосарланған ұйымдарға берілген
       инвестициялар және оларға қойылатын
       талаптар
1.6.   Қайта сақтандырушының сақтандыру
       резервтеріндегі үлесі
1.7.   Қайта сақтандырушылардан алынатын
       сома
1.8.   Сақтанушылардан алынатын сақтандыру
       сыйлықақысы
1.9.   Алуға арналған есепшоттар
1.9.1.  Алынатын комиссиялық алымдар
1.9.2.  Басқалары
2.     БАСҚА АКТИВТЕР (әкімшілік-шаруашылық
       қызмет)
2.1.   Материалдық емес активтер
2.1.1. Материалдық емес активтердің
       амортизациясы
2.2.   Негізгі құрал-жабдықтар
2.2.1. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы
2.3.   Материалдар
2.4.   Күмәнді борыштар жөніндегі резервтер
2.5.   Басқа дебиторлық берешек, оның ішінде
       жедел табыс салығы
2.6.   Алдағы кезеңдердің шығыстары
2.7.   Берілген аванстар
2.8.   Басқалары
3.0.   АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ
4.     МІНДЕТТЕМЕЛЕР
4.1.   Сақтандыру резервтері
4.2.   Сақтандыру шарттары бойынша төлеуге
       тиіс сомалар
4.3.   Қайта сақтандырушылармен есеп
       айырысулар
____________________________________________________________________

Форма N 2

      РҚАО-ның ескертуі: N 2 нысанның мемлекеттік тілде аудармасы болмағандықтан нысанның орысша мәтінін қараңыз .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 28 маусымдағы
N 263 қаулысымен бекітілген    
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына
шоғырландырылған қадағалау жасау  
ережесіне N 3 қосымша        

N 3 нысан

_____________________ үшін
(жылы не басқа кезең)
ақша қозғалысы тобы туралы шоғырландырылған есептің нысаны

                                                         мың теңге
____________________________________________________________________
 N№                БАПТЫҢ АТАУЫ                 өткен     есепті
р/с                                            кезеңнің  кезеңнің
                                               яғында    аяғында
____________________________________________________________________
 1                      2                         3         4
____________________________________________________________________
     ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
1.   Таза кіріс
     Ақшалай емес операциялық баптарға
     түзетулер
2.   Амортизациялық есептеулер мен тозу
3.   Жұмсалмаған кіріс (шығын)
4.   Есептелген кірістерге және алдын ала төленген
     шығыстарға өзгерістер
5.   Есептелген шығыстардағы және мерзімі
     ұзартылған кіріске өзгерістер
6.   Сақтандыру резервтеріндегі өзгерістер
7.   Сақтандыру қызметі бойынша алынатын
     есепшоттардағы өзгерістер
8.   Сақтандыру қызметі бойынша төленетін
     есепшоттардағы өзгерістер
9.   Басқа активтердегі өзгерістер
10.  Басқа міндеттемелердегі өзгерістер
11.  ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША
     ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
     ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
     Сатып алу және сату
12.  Борыштық бағалы қағаздарды сатып алу
     және сату
13.  Үлестік бағалы қағаздарды сатып алу
     және сату
14.  Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
     емес активтерді сатып алу және сату
15.  Басқа инвестициялар
16.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША
     ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
     ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
17.  Капиталдағы өзгерістер
18.  Кредиттер
19.  Дивидендтер төлеу
20.  Басқалары
21.  ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША
     ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ 
22.  Ақша қозғалысы (24жол-23жол) 
23.  Жыл басындағы ақшаның қалдығы
24.  Жыл аяғындағы ақшаның қалдығы
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады