-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
70. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары және қосылған құн есепке алу бойынша мәлiметтердi беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 29 маусымдағы N 872 V011613_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z010183_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығымен бекiтiлген "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары бойынша мәлiметтер және қосылған құн салығының есебiн беру туралы" V011545_ Нұсқаулыққа ұсынылып отырған Өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Әдiстеме департаментi (Yсенова Н.Д.):
көрсетiлген Өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiлсiн; осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi. Министрдің м.а. Келісілді Бекітілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Мемлекеттік кіріс Министрі 2001 жылғы 5 шілде 2001 жылғы 29 маусым N 872 бұйрығымен "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар мен қосылған құн салығы есебiнiң қалдықтары бойынша мәлiметтер беру тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа Өзгерiстер мен толықтырулар 1. 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Заңның 54-бабы 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушi болып табылмайтын филиалдары мен құрылымдары бар заңды тұлғалар мәлiметтердi бас кәсiпорынның әрбiр филиалы мен құрылымдарының қимасында заңды тұлға бойынша бiртұтас алғанда жиынтық кестеге атаған мәлiметтердi бiрлестiрместен бере алады.".
2. 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"оларды жүзеге асыру үшiн осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушi - заңды тұлғалар;
оларды жүзеге асыру үшін осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы жеке кәсiпкерлер.".
3. 6-тармақтың 2) тармақшасының 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2001 жылдың 1 шiлдесiнде көрсетiлген арттырулары бар салық төлеушiлер мәлiметтердi құнына, сұрыпына, санаттарына және өзге де өлшемдерi бойынша бөлместен тауарлық-материалдық қор топтары жөнiндегi қимада берiледi. Көмекшi материалдарға және өзге де шығыс материалдарына (кеңсе тауарлары, бланк өнiмдерi, арнайы киiм және басқалары) қатысты тауарлық-материалдық қалдықтар жөнiндегi мәлiметтер бiр сомамен берiледi. Бұл ретте, көмекшi материалдарға қалыпты өндiрiстiк процестi немесе басқа
да өндiрiстiк және бiрлiк құны 50 АЕК артпайтын шаруашылық қажеттiлiгiнiң (ұстау, ағымды жөндеулер және үй-жай мен ғимарат жабдықтарын және басқа да негiзгi қаражаттарды пайдалану) шығыстарын қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру процесiнде пайдаланылатын материалдар жатады.". Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігiнiң "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары бойынша мәлiметтер және қосылған құн салығының есебiн беру туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" N 562 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Күшін жойғанМемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 872 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1613. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз