"2001 жылдың шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар және қосылған құн салығы бойынша мәлiметтердi беру тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1545. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 65. "2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар және қосылған құн салығын есепке алу бойынша мәлiметтердi беру тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 V011545_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. "2001 жылдың 1 шiлдесіне дейін сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтарды және қосылған құн салығының шегерімін беру тәртібі туралы" қоса берілген Нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекiтсiн. 2. Әдістеме департаменті (Н.Д. Үсенова): аталған Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін; осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жіберілсін. 3. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Министр Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 12 мамырда 2001 жылғы 11 мамырдағы Келісілді N 562 бұйрығымен Бекітілді 2001 жылдың шiлдесiне дейiн сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар және қосылған құн салығы бойынша шегерiмге қалдықтар бойынша мәлiметтердi беру тәртiбi туралы Нұсқаулық
      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңының 179-баптың 11-тармағына сәйкес заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместерi (бұдан әрi - салық төлеушiлер) 2001 жылдың 15 шiлдесiнен кешiктiрмей өзiнің тiркеу орны бойынша салық органдарына мынадай ақпаратты беруге мiндеттi:
      1) 2001 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша бар негiзгi қаражаттардың, материалдық емес активтердiң, тауарлық-материалдық емес қорлардың қалдықтары туралы мәлiметтер;
      2) аталған күнге жауапты сақтауда бар негiзгi қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар туралы мәлiметтер;
      3) жолда аталған күнде бар негiзгi-қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар туралы мәлiметтер;
      4) өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған импортталған шикiзат пен материалдар, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңның 71-1-бабының 1-тармағына сәйкес 2001 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша олар негiзiнде үш ай мерзiммен қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi мұрсат берiлген және олар негiзiнде аталған күнге салықтың мұрсат берiлген сомалары бойынша берешектi өтеу жүргiзiлмеген импортталған су, газ және электроэнергиясы туралы мәлiметтер;
      5) 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша ұйымның бухгалтерлiк балансы. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын және оңайлатылған нысан бойынша қаржылық есеп беруiн құрайтын жеке тұлғалардың бухгалтерлiк балансты бермеуi мiндеттi емес.
      2. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтер де Заңның 54-бабының 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығын жеке төлеушiлер болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi бередi.
      Заңның 54-бабы 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушi болып табылмайтын филиалдары мен құрылымдары бар заңды тұлғалар мәлiметтердi бас кәсiпорынның әрбiр филиалы мен құрылымдарының қимасында заңды тұлға бойынша бiртұтас алғанда жиынтық кестеге атаған мәлiметтердi бiрлестiрместен бере алады.
      Ескерту: 2-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               2001 жылғы 29 маусымдағы N 872 бұйрығымен. V011613_
      3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының ережесi мыналарға таралмайды:
      Заңның 54-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын салық төлеушiлер;
      мемлекеттiк мекемелер;
      Заңның 53-1-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық салу объектiлерi жоқ, сондай-ақ Заңның 64-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы жоқ салық төлеушiлер;
      егер мұндай ұйымдар балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау мен әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ғылым, дене тәрбиесi мен спорт саласындағы қызмет көрсетулер бойынша қызмет көрсетсе коммерциялық емес ұйымдар;
      діни ұйымдар;
      қосылған құн салығынан босатылған медициналық, бiлiм беру, қаржы қызмет көрсетулер қызметтің негiзгi түрi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
      оларды жүзеге асыру үшiн осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушi - заңды тұлғалар;
      оларды жүзеге асыру үшін осы оңайлатылған салық салу режимiн қолдану құқығына патент алған қызмет түрлерi бойынша, - патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолданушы жеке кәсiпкерлер.
      Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               2001 жылғы 29 маусымдағы N 872 бұйрығымен. V011613_
      4. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағындағы 1)-4)-тармақшаларда көрсетiлген мәлiметтер қосылған құн салығымен сатып алынған негiзгi қаражаттар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық емес қорлар бойынша берiледi, ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 26 наурызда мемлекеттiк тiркеуден өткен N 1434 V011434_ , Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтiлген "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Нұсқаулығының 14-бөлiмiне сәйкес шегерімге жатады.
      5. Негiзгi қаражаттар мен материалдық емес активтер бойынша мәлiметтерге мыналарды қоса, 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша салық төлеушiлерде бар негізгi қаражаттар мен материалдық емес активтер бойынша мәлiметтер енгiзiледi: жаңғыртуға, консервацияға, техникалық қайта жарақтандырылуға бар, орнатылмаған жабдық, аяқталмаған құрылыс, жауапты сақтауға, жалға берiлген негiзгi қаражаттар.
      Негiзгi қаражаттар бойынша мәлiметтер жалпы сомада көрсетiледi, оның iшiнде жалға берiлген негiзгi қаражаттар, сондай-ақ белгiленбеген жабдық бойынша мәлiметтер жеке көрсетiледi. Мәлiметтерде барлық негiзгi қаражаттардың жалпы алғашқы құны жеткiзушi төлеуге тиiс (немесе импорт кезiнде) және шегерiмге жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, сондай-ақ олардың қалдық құны көрсетiледi.
      6. Тауарлық-материалдық, оның iшiнде аяқталмаған өндiрiс бойынша мәлiметтер мынадай тәртiпте берiледi:
      1) 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығының асуы жоқ салық төлеушiлер жалпы сомадағы мәлiметтердi бередi;
      2) 2001 жылдың 1 шiлдесiнде көрсетiлген арттырулары бар салық төлеушiлер мәлiметтердi құнына, сұрыпына, санаттарына және өзге де өлшемдерi бойынша бөлместен тауарлық-материалдық қор топтары жөнiндегi қимада берiледi. Көмекшi материалдарға және өзге де шығыс материалдарына (кеңсе тауарлары, бланк өнiмдерi, арнайы киiм және басқалары) қатысты тауарлық-материалдық қалдықтар жөнiндегi мәлiметтер бiр сомамен берiледi. Бұл ретте, көмекшi материалдарға қалыпты өндiрiстiк процестi немесе басқа да өндiрiстiк және бiрлiк құны 50 АЕК артпайтын шаруашылық қажеттiлiгiнiң (ұстау, ағымды жөндеулер және үй-жай мен ғимарат жабдықтарын және басқа да негiзгi қаражаттарды пайдалану) шығыстарын қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру процесiнде пайдаланылатын материалдар жатады.
      Өндiрiстiк қызметiн жүзеге асырушы салық төлеушiлер (оның iшiнде қызмет көрсетулер) атаулар бойынша бөлшектенбестен жалпы сомада көрсетiлетiн дайын өнiмдердің және аяқталмаған өндiрiс қалдықтары бойынша да мәлiметтер мәлiметтерде көрсетiледi. Бұл ретте, дайын өнiмнiң және аяқталмаған өндiрiс қалдықтары бойынша мәлiметтерден атаулар бойынша бөлiнбестен жалпы сомадан жеке дайын өнiмнiң және аяқталмаған өндiрiс қалдықтарының құнындағы олардың жеке үлесiнен ескеріліп айқындалатын құн дайын өнiмнiң және аяқталмаған өндiрiс қалдықтарының құрамына кiретiн шикiзат, материалдар және басқа да тауарлық-материалдық қалдықтар бойынша мәлiметтер бөлiнедi.
      Мәлiметтерде салық төлеушінің бухгалтерлiк есебiнде қабылданған бағалау есебiнiң әдiсiн ескере отырып импорт кезiндегi немесе жеткiзушi төлеуге тиiс қосылған құн салығының сомасы мен тауарлық-материалдық қорлардың құны көрсетiледi.
      Қосылған құн салығы мәлiметтерде әрбiр атау бойынша көрсетiлмеуi мүмкiн, есепке жатқызылған салықтың жиынтық шегi ретiнде көрсетiледi. Егер салық төлеушiде әртүрлi ставкалар бойынша есептелген, қосылған құн салығымен сатып алынған тауарлық-материалдық қалдықтары бар болса, онда осындай қалдықтар бойынша мәлiметтер 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн аталған тауарлық-материалдық қалдықтарға қатысты қолданылатын салық ставкасының шегiне байланысты топталуы мүмкiн. Әрбiр топ бойынша бұл жағдайда жеке жиынтықтар шығарылады, сондай-ақ олар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы және тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары құнының жалпы шегi көрсетiледi.
      Тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары бойынша мәлiметтер толық көлемде бюджетке оларды төлеу жолымен жүргiзiлген мұрсат берiлген салық сомасын өтеу жағдайларынан басқа Заңның 71-1-бабындағы 1-тармаққа сәйкес мұрсат берумен бiрге 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасына импортталған тауарлық-материалдық қорлар бойынша мәлiметтер енгiзiлмейдi. Сондай-ақ мәлiметке олар бойынша импортқа қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдiсiмен жүргiзiлген импорт бойынша алынған тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары енгiзiлмейдi.
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
               2001 жылғы 29 маусымдағы N 872 бұйрығымен. V011613_
      7. Жауапты сақтауда бар негiзгi қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша мәлiметтер сақтауға берiлген бойынша да және сақтауға алынған бойынша да атаулар бөлшегiнде берiледi.
      8. Жолда 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бар негiзгi қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар туралы мәлiметтердi аталған күннен кейiн оларды алуды күтетiн салық төлеушi бередi. Осы мәлiметтерге 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн импорт бойынша алуға жататын негiзгi қаражаттар мен материалдық-қорлар бойынша мәлiметтер енгiзiлмейдi.
      9. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағындағы 4)-тармақшада көрсетiлген мәлiметтер 2001 жылғы 1 шілдедегi жағдай бойынша олар негiзiнде мұрсат бойынша берешек өтелмесе немесе толық көлемде емес өтелсе тауарлық-құндылық қорлар бойынша мәлiметтер енгiзiледi.
      10. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi беру үшiн салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте негiзгi қаражаттардың, материалдық емес активтердің, тауарлық-материалдық қорлардың нақты барлығын белгiлейдi.
      11. Салық төлеушi осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң уақтылы және толық көлемде беруге мiндеттi.
      12. Негiзгi қаражаттардың, материалдық емес активтердiң, тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары туралы мәлiметтер осы Нұсқаулыққа 1-6-қосымшамен белгiленген нысандар бойынша берiледi.
      13. Мәлiметтер салық органдарына екi данада берiледi, олардың бiреуi оны қабылдау туралы белгiмен бiрге салық төлеушiге қайтарылады. Мәлiметке басшы, бас бухгалтер материалды жауапты тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады. Аталған тұлғалар жоқ болған жағдайда мәлiметтер ұйым басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұйрығына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген тұлғалар қол қояды.
      14. Қосылған құн салығы бойынша декларацияны және берiлген мәлiметтердi қабылдағаннан кейiн салық органдарының лауазымды тұлғалары берiлген мәлiметтердің растығын тексеруге құқылы. Тексеру процесінде бухгалтерлiк есеп деректерi мен берiлген мәлiметтердің сәйкестiгi белгiленедi және оларды нақты белгiлеу мақсатымен қалдықтарды алу жүргiзiледi.
      15. 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша есептелген салық сомасынан шегерiмге жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асуы (бұдан әрi - асу) осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерге енгiзiлген тауарлық-материалдық қорларды сату және (немесе) өндiрiстiк қызметте пайдалану шегi бойынша қосылған құн салығы жөнiндегi алдағы төлемдер есебiне бұл асуды есептейдi.
      16. Осы Нұсқаулықтың 15-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер әрбiр есептi кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша декларациямен бiр уақытта салық органдарына осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына белгiленген нысан бойынша осы Нұсқаулыққа 6-тармақта көрсетiлген мәлiметтерге енгiзiлген тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарының пайдаланылуы туралы есеп беру (бұдан әрi - есеп беру) берiледi.
      Есеп беруде сондай-ақ есеп беру жасалатын кезеңде қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебiне есептелетiн қосылған құн салығының асу сомасы көрсетiледi. Қосылған құн салығының асуы мынадай тәртiпте қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есептеледi:
      1) егер өндiрiстiк мақсаттарда пайдалану үшiн тиеп жөнелтiлген немесе есептi кезең iшiнде сатылған тауарлық-материалдық қорлар бойынша 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн шегерiмге жатқызылған қосылған құн салығының сомасы аталған есептi кезеңнiң басында бар асу сомасынан аспаса, онда мұндай асу сатылған тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарына келетiн шегерiмге жатқызылған қосылған құн салығының мөлшерiнде осы есептi кезең үшiн төлеуге жататын қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебiне есептеледi;
      2) егер өндiрiстiк мақсаттарда пайдалану үшiн тиеп жөнелтiлген немесе есептi кезең iшiнде сатылған тауарлық-материалдық қорлар бойынша 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн шегерiмге жатқызылған қосылған құн салығының сомасы аталған есептi кезең басында бар асу сомасынан асса, онда мұндай асу толық көлемде осы есептi кезең үшiн төлеуге жататын қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебiне есептеледi.
      17. Егер тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарын сату жағдайында нөлдiк ставка бойынша салық салынса, онда осындай айналымға келетiн асу сомасы Заңның 69-бабындағы 1-тармаққа сәйкес салық төлеушiге қайтаруға жатады Z952235_ .
      18. Тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарын пайдалану туралы есеп екiншi жарты жылдық iшiнде берiледi. Егер аталған кезеңде тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары өндiрiстiк қызметте толық сатылған немесе пайдаланылған жағдайда, онда осындай пайдаланудан кейiн есеп берiлмейдi.
      19. Заңның Z952235_ 179-бабының 12-бабына сәйкес 2001 жылғы шiлдедегi жағдай бойынша жолда орналасқан негiзгi қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша олар негiзiндегi 2001 жылдың шiлдесiне дейiн, бiрақ аталған күннен кейiн алынған төлем жүргiзiлсе қосылған құн салығы 2001 жылдың 1 шiлдесiне дейiн қолданылған ставканы ескерiп есептелген мөлшерде шегерiмге жатады.
      20. 2001 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жолда орналасқан негiзгi қаражаттар, тауарлық-материалдық қорлар бойынша 2001 жылғы 1 шілдеден кейiн алынған аталған күнге дейiн олар бойынша төлем жүргiзiлмеген қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейiн қолданылған ставкадан ескерiп есептелген, бiрақ 16 проценттен астам емес мөлшерде шегерiмге жатқызылады:
      10 проценттiк ставка бойынша қосылған құн салығымен салық салынған 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн оларды сату жөнiндегі тауарлар, айналымдар бойынша - 10 процент мөлшерiнде;
      20 проценттiк ставка бойынша қосылған құн салығымен салық салынған 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн оларды сату жөнiндегi тауарлар, айналымдар бойынша.
      21. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден жеткiзушiлермен 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн жасалған келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша 2001 жылғы 1 шiлдеден кейiн қосылған құн салығын ескерiп бағалар негiзiндегi алынған тауарлар (Ресей Федерациясында сатып алынатын тұрақты газ конденсатын қоса табиғи газдан, мұнайдан басқа), жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылуға жатпайды.
      22. Шегерiмге жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан Қазақстан Республикасының аумағына осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетiлген тауарларды әкелу кезiнде кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын және Қазақстан Республикасының бюджетiне белгiленген тәртiпте төленген және де Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес рәсімделген жүк кеден декларациясында көрсетілген салық сомасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 1 қосымша
 
2001 жылғы 1 шілдеге арналған жағдай бойынша тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы _____________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р\с ТМҚ атауы Саны ҚҚС-сыз ТМҚ құны, Есепке жатқызылуға тиісті N сатып алу ҚҚС сомасы __________________________ 10% 20% ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ ______________________________ Материалдық жауапты тұлға____________ М.О. (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 2 қосымша
 
2001 жылғы 1 шілдеге арналған жағдай бойынша негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердің қалдықтары туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы _____________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р/с Атауы Бастапқы құны ҚҚС сомасы Қалдық құны N ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ___________________________________________________________________________ Негізгі құрал- __________________________________________________________ жабдықтар __________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Материалдық емес __________________________________________________________ активтер __________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы: ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ ______________________________ Материалдық жауапты тұлға____________ М.О. (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 3 қосымша
 
 
        2001 жылғы 1 шілдеге арналған жағдай бойынша жауапты сақтауға берілген негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық қорлардың және материалдық емес активтердің қалдықтары туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ____________________________________________________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р\с НҚЖ, ТМҚ және Саны ҚҚС-сыз ҚҚС-ның сомасы Жауапты НҚЖ, ТМҚ және мате. N материалдық ТМҚ ______________ сақтау риалдық емес актив. емес активтер. құны, 10% 20% туралы терді алған салық дің атауы сатып шарттың төлеушінің атауы алу N және және СТН күні ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ М.О. ______________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 4 қосымша
 
 
        2001 жылғы 1 шілдеге арналған жағдай бойынша жауапты сақтауға алынған негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық қорлардың және материалдық емес активтердің қалдықтары туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ____________________________________________________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р\с НҚЖ, ТМҚ және Саны ҚҚС-сыз ҚҚС-ның сомасы Жауапты НҚЖ, ТМҚ және мате. N материалдық ТМҚ ______________ сақтау риалдық емес актив. емес активтер. құны, 10% 20% туралы терді алған салық дің атауы сатып шарттың төлеушінің атауы алу N және және СТН күні ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ М.О. ______________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 5 қосымша
 
 
        ҚҚС бойынша мерзіміне ұзарту бере отырып өндірістік қайта өңдеу үшін импорт бойынша алынған тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтары туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ____________________________________________________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р\с ТМҚ атауы Мерзімін Мерзімі Өтелген сома 01.07.2001 жылға N ұзарту ұзартыл._______________________ арналған жағдай беріл. ған ҚҚС- Өткізу Нақты төленді бойынша мерзімін ген ның бойынша _______________ ұзарту бойынша күн сомасы өтелді Төлем Төлем берешек сома. тапсырма. сы сының күні және нөмірі ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ М.О. ______________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 6 қосымша
 
 
         2001 жылғы 1 шілдеге арналған жағдай бойынша жолда кездесетін негізгі құрал-жабдықтар, тауарлық-материалдық қорлар туралы МӘЛІМЕТ СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ____________________________________________________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ N НҚЖ,ТМҚ-дың НҚЖ, ТМҚ Жеткізуші. ҚҚС-сыз ҚҚС-ның Төлеу атауы жеткізуге нің СТН құны сомасы шарт N және ____________________________ және күні атауы 10% 20% Төлеу Төлем сомасы тапсырма. сының N және күні ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы ___________________________________________________________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ М.О. ______________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 7 қосымша
 
 
          2001 жылғы __________есепті кезең үшін тауарлық-материалдық (ай, тоқсан) қорлардың қалдықтарын пайдалану туралы ЕСЕП СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы _____________________________ Мекен-жайы және телефоны ____________________________________________ теңге ___________________________________________________________________________ Р ТМҚ-дың Есепті Есепті кезеңнің Өткізу мақсатымен Есепті кезеңнің / атауы кезең. басындағы ТМҚ ТМҚ тиелді және аяғындағы ТМҚ с нің қалдығы (немесе) жеке қалдығы N басында өндірістік қажетті. ҚҚС-ның лікке пайдаланылды асуы ______________________________________________________ ҚҚС-сыз ҚҚС-ның ҚҚС-сыз ҚҚС-ның ҚҚС-сыз ҚҚС-ның құны сомасы құны сомасы құны сомасы (4-баған (5-баған- -6-ба. 7-баған) ған) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жиынтығы: ___________________________________________________________________________ Таблицаның жалғасы _______________________________ ҚҚС-ның асуы _______________________________ Есепті Есепті кезеңде ҚҚС кезеңнің бойынша төлем аяғында есебіне есептелетін ҚҚС сомасы _______________________________ _______________________________ _______________________________ _______________________________ _______________________________ Ұйымның басшысы ____________________ Қабылданғаны туралы салық (аты-жөні) органының белгісі Бас бухгалтер ______________________ Қабылданған тұлғаның аты-жөні (аты-жөні) немесе салық органының мөртабаны ______________________________ М.О. ______________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 Нұсқаулығына 8 қосымша
 
 
                   Тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарын
                        пайдалану туралы есептi жасаудың
                                     тәртiбi
 
      Тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарын пайдалану туралы есеп (бұдан әрi - ТМҚ) салық төлеушi 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн алынған сол тауарлық-материалдық қорлар бойынша және салық төлеушi осы Нұсқаулыққа 1 қосымшада белгiленген нысан бойынша мәлiмет бергенi бойынша жасалады.
      1) 2-бағанда есептi кезеңнiң басындағы қалдықтарда салық төлеушiлерге есептелетiн және есептi кезең iшiнде өткiзу мақсатымен тиелген болмаса жеке өндiрiстiк қажеттiлiктерге пайдаланылған ТМҚ атауы көрсетiледi. Есептi кезеңнің басындағы қалдықтарда салық төлеушiлерге есептелетiн және есептi кезең iшiнде өткiзу мақсатымен тиелген болмаса жеке өндiрiстiк қажеттiлiктерге пайдаланылған ТМҚ атаулары бойынша таратып жазусыз "Басқадай" ретiнде көрсетiледi;
      2) 3-бағанда осы жылдың 1 шiлдесi үшiн есеп жасау кезiнде 2001 жылғы 1 шiлдеге арналған жағдай бойынша құралған есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының асуы (бұдан әрi - асуы) көрсетiледi. Кейiнгi кезеңдер үшiн есеп жасау кезiнде осы бағанда 3-бағанда көрсетiлген осы жылдың шiлде айы үшiн есепте және бұрынғы есептi кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебiне есептелмеген асып кету қалдығы көрсетiледi. Осы бағанның деректерi бұрынғы есептi кезең үшiн берiлген есептiң 10-бағанының деректерiмен сәйкес келуi қажет;
      3) 4-бағанда атауы есептiң 2-бағанында көрсетiлген ТМҚ құны көрсетіледi. "Басқалай" ретiндегi есептiң 2-бағанында көрсетiлген ТМҚ бойынша жалпы құны көрсетiледi;
      4) 5-бағанда ТМҚ қалдықтары бойынша есепке жатқызылған, атауы 2-бағанда көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi. "Басқалай" ретiндегi есептiң 2-бағанында көрсетiлген ТМҚ бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетiледi;
      5) 6-бағанда өткiзу мақсатымен тиелген және (немесе) есептi кезеңде жеке өндiрiстiк қажеттiлiкке пайдаланылған ТМҚ құны көрсетiледi. Атаулары "Басқалай" ретiндегi есептiң 2-бағанында көрсетiлген ТМҚ бойынша құны көрсетiлмейдi;
      6) 7-бағанда есептің 6-бағанында құны көрсетiлген ТМҚ бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi;
      7) 8-бағанда 4 және 6-бағандардағы айқындалатын айырмашылық есептi кезең аяғындағы қалдықтарға есептелетiн ТМҚ құны көрсетiледi. 8-бағанда "Басқалай" ретiнде 2-бағанда көрсетiлген ТМҚ бойынша 4-бағанның деректерi көрсетiледi;
      8) 9-баған 8-бағанды жасағанға ұқсас тәртiпте жасалады;
      9) 10-бағандағы деректер 3 және 7-бағандардағы айырмашылық ретiнде айқындалады; 10) 11-бағанда ағымдағы есепті кезең үшін қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне есептелетін асып кету сомасы көрсетіледі. Осы бағанның мөлшері мынадай тәртіпте айқындалады: егер есептің 7-бағанының мөлшері есептің 3-бағанының мөлшерінен кем болса, онда 11-бағанда есептің 7-бағанының мөлшері көрсетіледі; егер есептің 7-бағанының мөлшері есептің 3-бағанының мөлшерінен асып кетсе, онда 11-бағанда есептің 6-бағанының мөлшері көрсетіледі. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады