Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 59 өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2001 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1637. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 403 "Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 59 өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  P001950_  қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1093  P011093_  қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде: 
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде: 
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" кіші функциясында 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі бойынша 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасының 34 кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу".
      2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б .Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.     

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады