Кенөндiрушi кәсiпорындардың шахта және карьер сулары мониторингiн және мониторингi деректерінің кадастрын жүргізу тәртібі туралы ЕРЕЖЕЛЕР

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің 2001 жылғы 31 шілдедегі N 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1640. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 187 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.07.14 N 187 бұйрығымен.

      ---------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

       "Қ аза қ стан Республикасыны ң кейбір за ң намалы қ актілеріне мемлекеттік бас қ ару ж ү йесін жа ңғ ырту м ә селелері бойынша ө згерістер мен толы қ тырулар енгізу туралы" Қ аза қ стан Республикасыны ң 2007 жылғы 27 шілдедегі За ң ыны ң 1-бабы 5-тарма ғ ыны ң 2) тарма қ шасына с ә йкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналарды ң к ү ші жойылды деп танылсын:
      1) "Кен ө ндіруші к ә сіпорындарды ң шахта ж ә не карьер сулары
мониторингін ж ә не мониторингі деректеріні ң кадастрын ж ү ргізу тәртібі   туралы Ережелер" Қ аза қ стан Республикасы Энергетика ж ә не минералды қ  ресурстар Министрлігіні ң Геология ж ә не жер қ ойнауын қорғау Комитетіні ң  2001 жыл ғ ы 31 шілдедегі N 225 бұйры ғ ы (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді ң  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N  1640 тіркелген, Қ аза қ стан Республикасы орталы қ ат қ арушы ж ә не ө зге де мемлекеттік органдарыны ң нормативтік құқ ы қ ты қ актілер бюллетенінде жариялан ғ ан, 2001 ж., N 40-41, 530- құ жат);
      2) ...
      3) ...
      4) ...
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
 
 
      Министр                                    С. Мыңбаев

      Қазақстан Республикасы табиғи Қазақстан Республикасы ресурстар және қоршаған ортаны энергетика және минералдық қорғау Министрлігінің су ресурстары ресурстар Министрлігінің Геология жөніндегі Комитеті төрағасының және жер қойнауын орынбасарымен қорғау Комитетінің Бұйрығымен 30 шілде 2001 жылы 31 шілде 2001 жылғы N 225 келісілген бекітілген Кенөндiрушi кәсiпорындардың шахта және карьер сулары мониторингiн және мониторингi деректерiнiң кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕЛЕР 1. Жалпы мәлiметтер.
      1. Кенөндiрушi кәсiпорындардың шахта және карьер сулары мониторингiн және мониторингi деректерiнiң кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы ережелер: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" U962828_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 106 P970106_ "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы мемлекеттiк мониторингi қағидасын бекiту" туралы қаулысына, 1999 жылғы 21 маусымдағы N 1019 P991019_ "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезiндегi жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай Ережелерiнiң және 1995 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң N 75 P950075_ қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу тәртібіне" сәйкес әзiрленген.
      Осы Ережелер кенөндiрушi кәсiпорындардың шахта және карьер сулары мониторингiнiң және мониторингi деректерiнiң кадастрын жүргiзу тәртiбiн анықтайды (әрi қарай кадастр деп аталады).
      2. Шахта және карьер сулары мониторингiсi жергiлiктi мониторингке жатады, оның мақсаты мемлекеттiк жер қойнауы қорын, жер асты суларын қоса, ұтымды пайдалануды информациялық қамтамасыз ету, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануды басқару мен жер қойнауын қорғау болып саналады.
      3. Кадастр жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың Республикалық және аймақтық бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында, энергетика және минералдық ресурстар Министрлiгiнiң жер қойнауын пайдаланушылардың тапсырған шахталардағы және карьердегi жер асты сулары мониторингiсiнiң мәлiметтерi бойынша жүргiзiледi.
      4. Кадастр жедел ақпаратты алудың, жер қойнауын қорғау туралы шешiм қабылдаудың, шахталардан су шығару жағдайына және кен өндiретiн мекемелердiң объектiлерiнде жер асты суларының мониторингiсiне жоспарлы бақылауды жүргiзудiң негiзгі құжаты болып табылады.
      5. Кадастрдегi мәлiметтер жер қойнауы жөнiндегi бiрыңғай цифрлық ақпараттық жүйеге енгiзiледi (көрсеткiштер банкi) және мемлекеттiк мониторингiсiнiң құрама бөлiгi болып табылады.
      6. Есепке алуға шахта мен карьерлердiң суын тысқа ағызатын кен өндiрушi мекемелер жатады.
 
                  2. Кенөндiрушi кәсiпорындарының шахта
                       және карьер сулары мониторингi
 
      7. Мамандандырылған ұйымдармен әзiрленген және белгiленген тәртiппен жер қойнауын қорғау және пайдалану өкiлеттi органымен келiсiлген, мақұлданған экологиялық сараптама қорытындысы бар, шахталық (карьерлiк) сулардың мониторингiсi кен орнын игеру жобаның құрамдас бөлiгi болып саналады.
      8. Жобаға жер асты сулары мониторингісiнiң үш кезеңi кiредi:
      I-кезең: объектiнi зерделеудi бағалау, бақылау торабын құру және бақылау бағдарламасын әзiрлеу;
      II-кезең: объекттiң жағдайын бақылау туралы жұмыстарды тұрақты өткiзу;
      IIІ-кезең: көрсеткiштердi өңдеу, су объектiсiнiң жағдайын өткен кезең және соңғы жылғы байқаулар арқылы бағалау және олардың өзгерiстерi туралы болжамды дайындау. 9. Бiрiншi кезең объектiнi зерделеудi бағалау, бақылау торабын құру және бақылау бағдарламасын әзiрлеуден басталады. 10. Су объектісiн Елдiң мемлекеттiк біртұтас қорына енгiзу мен жер асты суларының мониторингiсiн жүргiзудiң мiндеттерi келесi мәлiметтердi қамтитын масштабы 1:200000 гидрогеологиялық түсiрiмге сәйкес келетiн осы су объектiсiнiң жалпылай тексерiсi болып табылады: жер асты суларының жатқан тереңдiгi (жер асты-жарықшақ сулар үшiн) және су сыйдыратын жыныстардың қалыңдығы (сулы қабаттар мен кешендер үшін); жер асты суларының су алысу жағдайы және қорғалуы; жер асты суларының деңгейi мен пъезометрлiк бетi; физикалық, химиялық қасиеттерi және микробиологиялық көрсеткiштерi; динамикалық деңгейдiң тереңдiгi; әсер ету өресi; шахтадан су шығарудың өнiмдiлiгi; шахтаға жер асты суларының құйылуы; жер асты суларын пайдалану.
      11. Мониторинг жүргiзудiң бағдарламасын әзiрлеуге жер асты суларының химиялық құрамының режимiн, жер асты сулары ресурсын және балансын, деңгей жағдайын бақылау әдiстерi жатады.
      12. Байқағыш торабын арнайы жабдықтандырылған гидрогеологиялық (жүргiлiк) ұңғымалар, өзендердегi, су қойнауларындағы және ағызылған суларды жинағыштардағы, қалдықтар қоймаларындағы, өнеркәсiптiк алаңшақтардағы су өлшегiш қадағалау орындары құрады. Су өлшеуiш қадағалау орындары сужиғыштарда, сорғыш станцияларында (дренаждық шахталардың бойында, карьерлердiң зумпфында) жабдықтандырылады.
      13. Бақылау ұңғымалары жер асты суларының жылжу-жолдарын арнайы талдау арқылы тапқан негiзгі ағыс таспаларында орналастырылады, ал шашырау белдемдерiнде бақылау ұңғымаларының алаңдық жүйелерiнде ластаушы заттардың негiзгi көшу жолы бойында және айналасында орналасады. Негізгі бақылау тұстамалары ластану көздерiнен таралған жер асты су жолдары бойында орналасып, қорғалатын объектiде тұйықталынады. Бақылау пункттерiн орналастырғанда жер асты суларының қалыптасуының көп түрлi шарттары мен факторларының өзара байланыстылығы және олардың қарым қатынастығы, кен орындарының, сулы қабаттардың (комплекстердiң) және бассейндердiң динамикасы ескерiледi.
      14. Режимдiк бақылау торын құру алдында жер асты сулары мониторингiнiң масштабы 1:25000 немесе 1:50000 картографиялық негізi дайындалады. Жер асты суларын табиғи ластанудан сақтау жағдайының гидрогеологиялық картасы, шахталық немесе карьерлiк сушығару алаңқайы бақылау торлары орналасқан жерлердi көрсететiн гидрохимиялық карталар жасалады.
      15. Бақылаулардың мазмұны мен әдiстемесi тау кен жоталарын құрғату қарқыны мен барлық бұзылған гидродинамикалық жүргі алаңдарында, жер асты суларының деңгейлерi жағдайына, құрғатудың (немесе су басудың) қоршаған ортаға әсерiне баға беру туралы сенiмдi мәлiметтердi алуды қамтамасыз етуi қажет.
      16. Жер асты сулары мониторингiсiнiң екiншi кезеңiнде, су объектiлерiнiң жай-күйiн ұдайы бақылау жұмыстары бойынша режимдiк бақылау бағдарламасына сәйкес, сушығару шама-шарттарын өлшеулерi және режимдiк ұңғымалардың деңгейлерiн жер асты суларын химиялық құрамын микроқұрамдастарының мөлшерiн анықтау үшiн сынамалар алу жүргiзiледi.
      17. Yшiншi кезеңде (жер асты суларының деңгейлiк және температуралық режимi, химиялық құрамын табиғи және бұзылған режимдердегi микроқұрамдастарының мөлшерi туралы ақпаратты жинақтау) деңгейдiң және микроқұрамдастардың химиялық құрамы мен мөлшерiнiң өзгеруiнiң болжамдарын жасау туралы жер асты сулары мониторингiнiң ақпараттық базасын құру жасалады.
      18. Мониторинг жүргізгенде мiндеттi түрде негiзгі және бақылау шаралары бар көрсеткiштермен сипаттамалар (динамикалық деңгейдiң тереңдiктерi, су алу ғимараттарының өнiмдiлiгi немесе құрамдастар шоғырлары химиялық құрамының берiлген шектерi) топтары белгiленедi.
      19. Жер асты сулары ресурстарының табиғи қалыптасу жағдайларының өзгерушiлiгiне және ескерiлетiн су объектiлерi шекараларындағы техногендiк әсерлер ықпалына қадағалау, тұтынылатын барланған және болжамдық қорлардың нақтылығын бақылауға және қажет болған жағдайда коррективтер, өзгерiске түскен жағдайларда қорларды санауды жүзеге немесе керiсiнше табиғи өзгерiстердiң техногендiк әсердiң келеңсiз зардаптарының алдын алу шараларын ұсынуға мүмкiндiк бередi.
      20. Жер асты суларының жай-күйiнiң сапалық көрсеткiштерiн бақылаудың мәнi, судың жалпы минерализациясының динамикасын, оның температурасын, органолептикалық қасиеттерiнiң құрамдарын, жалпы химиялық құрамының және жер асты суларына арналған ластанудың нормаланған стандартын қадағалау жұмыстарында.
      21. Мониторинг жүргізудiң циклдылығы-жылдық оның шама-шарттарын талдау мен қоса. Циклдылықтың мәнi, үшiншi кезеңнiң аяқталуында өңделген деректердiң нәтижелерi (бiр кезеңнiң шеңберiнде) объектi бойынша жаңа материалдарды тартуды қажет етедi, бақылау бағдарламаларын дәлдеуге және бақылау торын жетiлдiруге.
      22. Ұдайы бақылау кезеңi, бұдан ертеде алынған нәтижелердi ескере отырып қайталанылады.
      23. Жинақталып қорытылған мониторингі белгiсiнiң сапасы ретiнде төменгi деңгейдегi, тайыз тереңдiкте орналасқан қысымды-қысымсыз сулы қабаттардың және грунттық сулардың жыл iшiндегi балансының қалыптасуын көрсететiн, сондай-ақ сулардың сапасының нақты көрсеткiштерiн осы ауданға тән немесе шектi шоғырларға жуық параметрлермен жағдайларды алу орынды.
      24. Бұл жағдайда жыл ішiндегi бақылаулар үш фазаға бөлiнедi:
      қыс және қыс пен көктем кезеңдердегi жер асты суларының жағдайын бақылау фазасы;
      жаз бен күз кезеңдердегi жер асты суларының жағдайын бақылау фазасы, бұл мезгiлде бірiншi фазаның көрсеткiштерiн есепке алып жылдық бағдарламаны және бақылау торабын оңтайлау мүмкiн болады;
      қысқы (қазан-желтоқсан) кезеңiндегi жер асты суларының жағдайын бақылау фазасы, бұл мезгілге жылдық көрсеткiштердi өңдеудiң басы және су объектiсi жағдайының жыл iшiндегi тенденциясын бекiту кiредi.
      25. Су объектiсiнiң жағдайына баға беру және мәлiметтердi өңдеу кезеңi цикл сайын қайталанады және оның нәтижесi жыл сайын мониторингтiң жаңа циклына пайдаланылады.
 
                       3. Кадастрды жүргiзу тәртiбi
 
      26. Кадастрдың информациялық негiзiн игерудегi кен орнын құрғату жобасын iске асырып отырған кен өндiру кәсiпорнының геологиялық (гидрогеологиялық) қызметi тапқан бақылау өлшеу және талдау қорытындылары құрады.
      27. Шахталық (карьерлiк) су кадастры жылдық бақылау циклы қорытындысы бойынша жасалып, бекiтiлген мазмұны мен қалпында (1-шi қосымша) келесi күнтiзбелiк жылғы кен өндiру жұмыстарын дамыту жұмыстарының жобасын дәлелдеген материалдармен қоса аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану органына табыс етiледi.
      28. Аумақтық (облыстық) жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциялары кадастрлық мәлiметтердiң сенiмдiлiгi мен толықтығын анықтайды, пайдаланушыға анықталған жетiспеушiлiктердi және талап етiлген мәлiметтердi дәлелдеп, оны толықтыруды тiлеп нұсқама тапсырады. Аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану органдарының жобаларында келiстi мақсатталған тексерiстер объектiлерге ескерiледi.
      29. Мемлекеттiк баланс, геологиялық қорлар, архивтер және геологиялық барлау жұмыстары объектiлерiн есепке алатын аумақтық басқармаларының бөлiмдерi шахталық (карьерлiк) сулар кадастрларын тiркейдi, оларды аумақтық көлемде жүйелеп және қорытылып жинақталған түрде геология және жер қойнауын қорғау Комитетiнiң гидрогеология, инженерлiк геология және жер асты сулары мониторинг басқармасына (қысқаша МЖАСМ және IГПБ) жiберiледi.
      30. Гидрогеология, инженерлiк геология және жер асты сулары мониторинг басқармасы гидрогеологиялық және гидрохимиялық алаңдарда суды төмендетуге әсер ететiн кеңiстiкте бұзушылық жағдайын талдамалайды, гидрогеологиялық және гидрохимиялық алаңдардың кеңiстiктерiнде судың төмендеу бұзушылық әсер жағдайын талдамалайды, гидросфераға зиян болу мүмкiндiгiн бағалайды және көрсетiлген аудандарда мемлекеттiк жер асты су мониторингi торын нығайту және дамыту үшiн келiстi қорытынды қабылдайды.
      Yлкен сушаруашылық маңызы бар өзеннiң ағымына зиян пайда болған жағдайда, геология және жер қойнауын қорғау Комитетiне, айтылған басқарма арқылы келiстi ұсыныс тапсырылуы мүмкiн. 31. Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті шахталық сулар (карьерлік) Кадастрын Су ресурстары жөніндегі Комитетке мәлімет және Мемлекеттік Су Кадастры объектілері сапасы ретінде тіркеуге жібереді. 32. Су ресурстар жөніндегі Комитет алынған кадастрды әкімшілік - облыстық кескінде тіркеп, іске асырып, пайдалануға өздерінің аумақтық - облыстық және бассейндік басқармаларына жібереді. 1-ші Қосымша Кенөндіруші кәсіпорындарының шахта және карьер сулары мониторингі деректерінің кадастры __________________________________________________________________________ Кенөндіруші кәсіпорындардың қысқаша сипаттамасы ___________________________________________________________________________ N Кенөнді. Пайда. Қорлар. Қорлар. Кен Шахтаға Жер асты Депрес. Сумол. тәр. руші лы ды бе. дың та. ор. жерасты сулары. сиялық дылы. ті. кәсіп. қазба. кіту баны нын сулары. ның дең. шұңқыр. ғының бі орынның лар АКҚ мен мен тө. құр. ның гейін дың коэф. және кен МКҚ-ның бесінің ғату құйылуы төмен. радиусы фици. пайдалы орны. прото. абсо. тә. м3/ дету м.мына енті қазба. ның колдары. люттік сілі тәул., терең. датаға лар кен. әкім. ның рет белгі. мен млн. дігі, орнының шілік саны. сі, м. сыз. м3/жыл м.мына аты. Ли. және пайдалы басы датаға цензия геог. қазба. немесе рафия. лар шах. Келісім- лық талық шарттың корр. жерасты рет динат. сулары. саны, тары. ның қор. істе /СЕ. ларының болатын Ш.Ұ./ катего. уақыты риясын бекіт. кен да. тасы, мың. м3/ тәулігі. не, сала бойынша мөлшері ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Шахта суларының мониторингі ___________________________________________________________________________ Кен орнын Су сыйдыратын Жерасты Кен орнын Пъезо. Фильтра. Құрғату суландыруға жыныстардың сулары. барлау метр. ция белдемінің қатысатын қалыңдығы ның жат. кезіндегі лік коэф. әсерінде сулы кешен. /сулы қабат. қан те. статисти. дең. фици. орналасқан дер, қабат. тар мен реңдігі калық гей, енті, суқабылда. тар және кешендер /жер деңгей, м. м. ғыш құры. белдемдердің үшін/м. асты жа. м. /сут. лыстар және қысқаша гео. рықшақ Кенорнын кен орында. логия-лито. сулар пайдала. рының саны логиялық үшін/м. ну кезін. мен тізбесі сипаттамасы, дегі дина. олардың лас. микалық танудан сақ. деңгей,м. тау катего. риясы ___________________________________________________________________________ 11 12 13 14 15 16 17 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Шахта суларының мониторингі ___________________________________________________________________________ Дренаждық сулардың Дренаждық суларды үлестіру, Қадағалау орындарының сапасы млн. м3/ тәулігіне, /постардың/ саны келісімдеудің датасы Қадағалау ұңғымала. мен рет саны рының /пункттрдің/ саны ___________________________________________________________________________ Кур. Уыттардың Коли. Шек. Ша. Жер Бал. Баль.Кә. Су. Қал. Кенді лов тізбесі индекс теу. руа. су. ық нео. сіп. дың дық. байыту бой. мен сақтауы (коли. лі шы. ару өсі. ло. орын. дең. тар және су ынша мг/дм3. титр) рұқ. лық- үшін ру гия. ның гей. қой. объект. тұз. ____________ сат ауыз үшін лық өнді. ін ма. теріне дық 1-ші 3-ші еті. су мақ. рісін тө. сын. әсер құ. және және ле. ре. сат. сумен мен. да ететін рам. 2-ші 4-ші тін тін. қа қам. де. белдем. ның қау. қау. нор. де пай. тама. ту дерде фор. іпті. іпті. ма. су. да. сыз бел. му. лік лік тив. мен лану ету де. ласы тобы тобы ке қам. үшін үшін мін. және сәй. та. де су. кес ма. дың суды сыз түр. су. ету лері қой. үшін нау. ына ағы. зу ___________________________________________________________________________ 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Өнеркәсіп алаңындағы Қалдықтар қоймасының Қадағалау ұңғымалары қадағалау ұңғымалары ауданындағы қадағалау бойынша жер асты бойынша жер асты ұңғымалар бойынша суларының деңгейлері суларының сапасы жер асты суларының сапасы ___________________________________________________________________________ Курлов Уыттардың Курлов Уыттардың Қалдық. Өнеркәсіп Судның форму. тізбесі формуласы тізбесі тар қой. алаңы деңгейін ласы мен сақтауы бойынша мг/дм3. масында белдемінде төмендету бойынша мг/дм3. тұздық 1-ші,2-ші, белдемін. тұздық 1-ші,2-ші, құрамы 3-ші және де құрамы 3-ші және 4-ші қауіп. 4-ші қауіп. тілік тілік топтары топтары ___________________________________________________________________________ 31 32 33 34 35 36 37 ___________________________________________________________________________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады