Республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 18 қыркүйектегі N 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1651. Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 309 бұйрығымен.

      Қолма-қол ақшаны тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті мыналарға: 
      - ағымдағы айдың 26-күніне дейін шығыстарды қаржыландырудың бұрын бөлінген лимиттеріне және онымен байланысты жоспарлы бюджеттік тағайындауларға, 
      - ағымдағы айдың 20-күніне дейін кассалық шығыстарды көшіруге байланысты, 
      - ағымдағы айдың 6-күніне дейін жыл басынан бергі кезең ішінде бюджет ақшасымен қамтамасыз етілмеген жоспарлы бюджеттік тағайындаулардың қалдықтарына және алдағы кезеңдердің тағайындауларына, 
      - ағымдағы айдың ішінде резервтік көздердің есебінен бюджеттік тағайындауларды арттыру жағына түзету жүргізсін. 
      2. Қазынашылық комитеті: 
      1) ағымдағы айдың 5-күніне дейін күтіліп отырған түсімдерді ескере отырып, осы айға арналған республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының күтіліп отырған көлемін (бұдан әрі - Болжам), БҚШ-дағы ақша қалдықтарын және бюджет ақшасын пайдалануға арналған іске асырылмаған рұқсаттардың қалдықтарын анықтасын. 
      2) ағымдағы айдың бюджеттік тағайындауларына тең немесе олардан асатын қолма-қол ақшаның күтілетін көлемі кезінде ағымдағы айдың І он күндігінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне Болжамның шегінде бюджет ақшасын және осы айға не жыл басынан бергі кезеңге арналған шығыстардың тізімдемесінде анықталған бюджеттік тағайындауларды пайдалануға арналған қазынашылық рұқсаттар берсін. Сол сияқты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бір ай ішінде бюджеттік (сметалық) тағайындауларды белгіленген тәртіппен арттыру сомасына қосымша қазынашылық рұқсаттар беруге рұқсат етіледі. 
      3) ағымдағы айда күтіліп отырған түсімдердің жоспары жете орындалмаған жағдайда, қазынашылық рұқсаттар Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер және мемлекеттік бюджет арқылы ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін есептілік нысанын жүргізу ережесінің 25-бабында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.02.2000 ж. N 255  P000255_  қаулысы) белгіленген шығыстардың басымдығын ескере отырып: бекітілген бюджеттік тағайындаулардың көлемінде бірінші кезекті шығыстарды, сондай-ақ ағымдағы айға арналған бекітілген бюджеттік тағайындауларға түсімдер жоспарының жете орындалмауы нәтижесінде қалыптасатын пайызда екінші кезекті шығыстарды бюджет ақшасымен қамтамасыз ете отырып беріледі. Республикалық бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде шығыстарды қаржыландыру көлемі бұл ретте Қаржы министрімен келісіледі және сондай-ақ әрбір айдың 10-күнінен кешіктірмей ашылады. 
      3. Мемлекеттік бюджет департаменті бюджеттерді атқарудың қаржылық рәсімдері саласында заңнамалықты жүзеге асыру және бюджет ақшасының есебінен шығыс операцияларының есебі мен есептілігінде жетілдіру мақсатында 2001 жылғы 10 қаңтардағы N 10 бұйрығымен бекітілген 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы әзірленсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазынашылық комитетінің төрайымы В.А. Сәтқалиеваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.     

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады