Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 388. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1660. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларының жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен  бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру бекiтiлсiн және толықтыру мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бағалы қағаздар рыногын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы және Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысатын өзiн өзi басқару ұйымдарына (оларға осы қаулымен өздерiнiң мүшелерiн таныстыру мiндетiн жүктей отырып), "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне және кастодиан-банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 8 қазандағы
N 388 қаулысымен   
БЕКIТIЛДI      

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық
актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен
бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
ережесiне ТОЛЫҚТЫРУ

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-ның облигациялары - 5%-тен көп емес.".    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады