Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 48 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1)«"Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке алу жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрінің 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 175 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1661 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 36-37, 512-құжат);
2) ...
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Ертісбаев
______________________________________________
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі
N 499
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы
Ереженің
негізінде және бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық агенттіктерін есепке қою тәртібін жетілдіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат агенттіктерін есепке алу жөніндегі нұсқау бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ.Жанахановқа жүктелсін.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
Министр
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрінің
2001 жылғы 03 қыркүйек
N 175 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат
агенттіктерін есепке алу жөніндегі
НҰСҚАУ
Осы Нұсқау "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
талаптары негізінде жасалды және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат агенттіктерін есепке қою тәртібін белгілейді.
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) және ақпарат агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) есепке қоюды бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жүргізеді.
2. Уәкілетті орган БАҚ немесе Агенттіктердің есепке қою туралы берілген куәліктердің (бұдан әрі - есепке қою туралы куәлік) Журналын жүргізеді.
3. Есепке қою туралы куәлікке бірінші басшы қол қояды.
Ол болмаған жағдайда куәлікке бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға қол қояды.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
4. Есепке қою туралы куәлік меншік иесіне, БАҚ немесе Агенттігінің бас редакторға (редакторға), сондай-ақ сенім хат бойынша олардың өкілдеріне беріледі.
5. Есепке қою (қайта есепке қою) және есептен алу мәселелері жөніндегі консультациялық-түсіндіру жұмысын Уәкілетті орган жүргізеді.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
6. Есепке қоюға:
1) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
2) теледидар, радио, бейне, кинохроникалық бағдарламалар - толық атауы бар және кемінде жылына бір рет эфирге шығатын мерзімді дыбыс-бейне хабарлары мен берілімдерінің жиынтығы;
3) ақпараттық сипаттағы материалдарды жинауды, қайта өңдеуді және таратуды жүзеге асырушы ақпараттық агенттігі жатады.
7. Мыналар:
1) таралымы жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
2) ресми, нормативтік және өзге де актілер;
3) сот практикасының бюллетеньдері;
4) егер қызмет көрсету аумағы бір ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, кабельдік желілермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды есепке қою талап етілмейді.
8. БАҚ және Агенттікті есепке қою үшін меншік иесі не оның уәкілдік беруі бойынша әрекет ететін адам, Уәкілетті органға "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының
талаптарына сәйкес өтініш береді.
Өтінішке:
жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат;
заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі қоса тіркеледі.
10. Өтініш және оған қосымша құжаттар Уәкілетті органға түскен күннен бастап он бес күн ішінде қаралады.
11. Есепте тұрған БАҚ және Агенттік Уәкілетті органда қайтадан есепке қойылмайды.
Қайтадан есепке қойылғаны анықталған жағдайда алғашқы есепке қойылған мерзім уақыты заңды болып табылады.
12. БАҚ және Агенттік меншік иесіне, бас редакторға немесе олардың өкілдеріне есепке қою туралы куәлік берілген күнінен бастап есепке қойылған деп есептеледі.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі немесе ақпарат сипаттағы хабарлар мен материалдар тиісті есепке қойылмай таратылса, БАҚ немесе Агенттіктің меншік иесі, сондай-ақ бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік тартады.
4. БАҚ ЖӘНЕ АГЕНТТІКТІ ҚАЙТА ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТӘРТІБІ
14. БАҚ және Агенттік:
1) меншік иесі;
2) меншік иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны;
3) меншік иесінің атауы;
4) БАҚ немесе Агенттіктің аты;
5) басылымның немесе хабардың тілі;
6) таралу аумағы;
7) негізгі тақырыптық бағыты өзгерген жағдайларда қайтадан есепке қойылуға жатады.
15. БАҚ және Агенттікті қайта есепке қою осы Нұсқаудың 8-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қайта есепке қойғанда бұрын берілген куәліктің күші жойылған деп саналады және қайта есепке қою туралы өтінішпен бірге Уәкілетті органға қайтарылуға жатады.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
16. Мынадай жағдайда БАҚ және Агенттік қайта есепке қойылмайды:
1) редакцияның немесе меншік иесінің мекен-жайы;
2) шығару мерзімділігі, эфирге шығу көлемі;
3) таралымы;
4) бас редакторы (редакторы) өзгергенде.
5. ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
17. Есепке қою туралы куәлік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін шығаруды (эфирге шығуды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға негіз болып табылады.
Бұл талап WЕВ-сайттарға таратылмайды.
18. Есепке қою туралы куәлік Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайлардан басқаларда, шектелмеген мерзімге беріледі.
19. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлік алған күннен бастап алты ай ішінде бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруға кірісуге өзінің құқығын сақтайды.
20. Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламалардың, ақпарат агенттіктерінің меншік иесі есепке қою туралы куәлік алған күннен бастап бір жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралы өнімін шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісуге өзінің құқығын сақтайды.
21. Белгіленген кезеңде бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығару басталмаған жағдайда уәкілетті органның шешімімен есепке қою туралы куәліктің күші жойылған деп танылады.
Есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылғаны туралы ақпарат Уәкілетті орган белгілеген республикалық мерзімді баспасөз басылымдарда жарияланады.
22. Есепке қою туралы куәлік жоғалған жағдайда Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын береді.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін меншік иесі (бас редакторы, редакторы) Уәкілетті органға куәліктің жоғалған себебін және жағдайларын көрсетіп өтініш береді.
Куәліктің телқұжаты бірінші берілген куәліктің нөмірі және күнімен, "Телнұсқа" деген сөз және телнұсқа құжаттың берілген күні көрсетіліп беріледі.
Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).
6. БАҚ ЖӘНЕ АГЕНТТІКТІ ЕСЕПКЕ ҚОЮДАН
(ҚАЙТА ЕСЕПКЕ ҚОЮДАН) БАС ТАРТУ
23. Уәкілетті орган БАҚ және Агенттікті есепке қоюдан (қайта есепке қоюдан) мына негіздер бойынша бас тартуға құқылы:
1) егер уәкілетті орган БАҚ немесе Агенттіктің бұрын сол атымен және сол аумаққа таралуымен есепке қойғаны туралы куәлік берген болса;
2) егер өтініштің мазмұны "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының
талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер өтініш бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енгеніне бір жыл толмай тұрып берілсе.
24. Егер меншік иесінің атынан өтінішті бұған өкілеттілігі жоқ адам берген болса Уәкілетті орган есепке қою (қайта есепке қою) туралы құжаттарды иесіне қараусыз қайтарып береді.
25. Есепке қоюдан бас тарту туралы хабарлама осы Нұсқаудың 23-тармағында көзделген бас тарту негізін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде жіберіледі.
26. Егер Уәкілетті орган осы Нұсқаудың 10-тармағында белгіленген мерзімде БАҚ немесе Агенттікті есепке қоймаса (қайта есепке қоймаса) немесе өтініш иесіне негізсіз бас тартатын болса, онда соңғысы осы іс-қимылға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
27. Уәкілетті орган БАҚ және Агенттікті есепке қоюдан негізсіз бас тартқаны, өтініштерді қараудан мерзімін бұзғаны, куәліктің күші жойылды деп тану туралы немесе есепке қоюдан бас тарту туралы заңсыз шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіп бойынша жауапқа тартылады.
28. <*>
Ескерту: 28-тармақ алынып тасталды - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз
).