Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 60 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 қазан N 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1673. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

  -----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 6 қазандағы N 433 (тіркелген N 1673) "Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 60 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

       БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiнде: 
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiнде: 
      1) 5 "Денсаулық сақтау" функц.тобында 1 "Кең бейіндi ауруханалар" кiшi функциясында: 
      124 "Павлодар облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша: 
      17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 86-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: 
      "86 Жергiлiктi деңгейде сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру"; 
      17-бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әлеуметтiк қорғау жобасы"; 
      129 "Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша: 
      17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 86-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: 
      "86 Жергiлiктi деңгейде сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру"; 
      17-бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әлеуметтiк қорғау жобасы"; 
      2) 7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функц.тобында 3 "Сумен жабдықтау" кiшi бағдарламасында" 275 "Астана қаласының даму бағдарламаларын әкiмшiлендiру жөнiндегi департамент" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 33 "Вячеслав су қоймасынан бастап Астана қаласына дейiн суағардың үшiншi желiсiн салу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 30 және 31-кiшi бағдарламалармен толықтырылсын: 
      "30 Жергiлiктi деңгейде республикалық бюджеттен алынатын трансферттер есебiнен жобаны iске асыру 
      31 Жергiлiктi деңгейде жергiлiктi атқарушы органның заемдары есебiнен жобаны iске асыру"; 
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функц.тобында: 
      3 "Ақпараттық кеңiстiк" кішi функциясында мынадай мазмұндағы 264 мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен және 30, 31-бағдарламалармен толықтырылсын:
     "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы
     30 Жергiлiктi деңгейде газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу
     31 Жергiлiктi деңгейде телерадио хабар тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргізу";
     9 "Мәдениетті, спортты және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 264-бағдарлама мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсiмен, 2-бағдарламамен 3-кіші бағдарламамен 2-бағдарламамен және 16, 23, 25, 32-бағдарламалармен толықтырылсын:
      "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы
      2 Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар
      3 Жергiлiктi органдардың аппараттары
      16 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу
      23 Өкiлеттiк шығыстарға арналған қаражат есебiнен iс-шаралар өткiзу
      25 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен iс-шаралар өткiзу
      32 Аймақтық жастар саясатын өткiзу";
      13 "Басқалар" функц.тобында 9 "Өзге де" кiшi функциясында мынадай мазмұндағы 264-мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi және 33-бағдарламамен толықтырылсын:
      "264 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы
      33 Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғылық қорына төленетiн жарналар".
      2. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап шығыстар мынадай кiшi бағдарламалар бойынша жүзеге асырылмайды деп белгiленсiн:
      5 "Денсаулық сақтау" функц.тобында 1 "Кең бейiндi ауруханалар" кiшi функциясында:
      124 "Павлодар облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасында 82 "Республикалық бюджеттен берiлген трансферттер есебiнен жобаны жергiлiктi деңгейде iске асыру" кiшi бағдарламасы; 
      129 "Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi" мем.мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 17 "Әлеуметтiк қызметтердi реформалауда қолдау көрсету" бағдарламасында 82 "Республикалық бюджеттен берiлген трансферттер есебiнен жобаны жергiлiктi деңгейде iске асыру" кiшi бағдарламасы. 
      3. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 
      4. Осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы, 2) тармақшасының бiрiншi, екiншi, үшiншi абзацтары және 2-тармағы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. <*>
       Ескерту: 4-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 13   V021773_   бұйрығымен
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады