Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруды енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 8 қазан N 384 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1676

      Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң кейбiр мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өтуiнiң мәселелерi жөнiнде" 2001 жылғы 14 ақпандағы N 32 V011410_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) 3-тармақтың:
      бiрiншi азатжолындағы "1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде" деген сөздер "1 қазанына дейiнгi мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi азатжолдан кейiн мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
      "2001 жылдың 1 қаңтарында Ереженiң 8-тармағының 8.7-тармақшасының талаптарын (шарттарын) орындамаған банктер 2001 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың бiреуiнiң банктiң 2001 жылдың 1 шiлдедегi жағдай бойынша Ереженiң 8-тармағының 8.7-тармақшасының талаптарын (шарттарын) орындауы жөнiнде аудиторлық есебiн ұсынуға мiндеттi";
      2) 5-тармақтағы "қазанына" деген сөз "қарашасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк 
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi 
деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады