Қаржы полициясы академиясына оқуға талапкерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігі төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1681. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 122 бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 122 бұйрығымен.
 
----------Бұйрықтан үзінді-----------
 
      ...
      БҰЙЫРАМЫН:
      "Қаржы полициясы академиясында кандидаттарды оқуға іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 81 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      Төраға
___________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына талапкерлердi уақытылы және сапалы iрiктеудi қамтамасыз ету, қабылдау емтихандарын өткiзу және талапкерлердi тыңдаушылар қатарына қабылдау мақсатында 
                                   БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы полициясы академиясына оқуға талапкерлердi iрiктеу ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Қаржы полициясы академиясының бастығы және Қаржы полициясы агенттiгi аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтары: 
      - осы бұйрықты жеке құрамға зерделеудi ұйымдастырсын; 
      - бекiтiлген Ережеге сәйкес Қаржы полициясы академиясына 

 

талапкерлердi уақытылы және сапалы iрiктеудi қамтамасыз етсiн.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия бастығына (М.Ш. Қоғамов) 

жүктелсiн.

     4. "Салық полициясы академиясына оқуға талапкерлердi iрiктеу ережесiн 

бекiту туралы" МКМ СПК 1999 жылғы 7 қыркүйектегi N 91   V990912_   бұйрығының 

күшi жойылған деп танылсын.

     5. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген 

күнiнен бастап күшiне енедi.

 

     Төраға

     генерал-майор

     

 

     Қазақстан республикасы                     Қазақстан Республикасы

     Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен           Қаржы полициясы агенттiгi

     "Келiсiлген"                               төрағасының

                                                2001 жылдың 6 маусымындағы

                                                N 81 бұйрығымен

                                                "Бекiтiлген"

 

 

       Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы

           полициясы академиясына оқуға талапкерлердi iрiктеу

                                 ТӘРТIБI

 

                             1. Жалпы ереже

 

 
      1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына (әрi қарай - Академия) оқуға талапкерлердi iрiктеу шартымен белгiленген, сондай-ақ Академияда және Қаржы полициясы агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) қаржы полициясы аумақтық органдарында, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi және аумақтық бөлiмшелерiнде (әрi қарай - кеден қызметi) iрiктеу жұмыстарын ұйымдастыру белгiлi тәртiппен жүргiзiледi. 
      2. Академия қаржы полициясы органдарына және кеден қызметi үшiн мамандар даярлайды. 
      3. Қаржы полициясы органдары және кеден қызметiнiң мамандар аппараты (әрi қарай - жиынтық органдары) оқуға талапкерлердi дер кезiнде және сапалы iрiктеу жүргiзуде осы Ереженi басшылыққа алады. 
      4. Күндiзгi оқыту бөлiмiне түсуге қаржы полициясы органдары және кеден қызметiнiң қатардағы және басшылық жасаушы құрамы санатынан жiберiлген талапкерлер барып-қайту жол ақысын өздерi қызмет iстейтiн бөлiмшелерден қайтарып алады. 
      5. Академияға оқуға түсуге келген талапкерлер қабылдау процесi кезiнде, егер олар Академияда қалуға ықылас бiлдiрсе, казармалық жағдайда орналастырылады. Олар өз қаражаты есебiнен солдаттық мөлшер бойынша тамақтанады және тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етiледi. 
      6. Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына азаматтарды қабылдау, бекiтiлген реттiк 3 кезеңмен жүзеге асырылады: 
      бiрiншi кезеңде медицина, дене тәрбиесi және психиологиялық көрсеткiштер бойынша Академияның қабылдау комиссиясы талапкерлер құрамын қалыптастырады; 
      екiншi кезеңде Академия мемлекеттiк бiлiм стандарты және тест өткiзу ұлттық орталығы әзiрлеген технологиясына сәйкес кешендi тестiлеу түрiнде түсу емтихандарын өткiзедi; 
      үшiншi кезеңде - Академияның мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткiзедi. 
      7. Қаржы полициясы органдарынан және кеден қызметiнен оқуға түсуге келген, жоғарыдағы қабылдау процесi кезеңдерiнiң бiрiнен өте алмаған талапкерлердiң жеке iстерi мен қайтарылуының себебi көрсетiлiп бiр тәулiк iшiнде жинақтаушы органның өкiлеттiлiгiне қайтарылады. 
      8. Академиядағы толық оқу курсын оқыған уақыты қаржы полициясы органдарының және кеден қызметiнiң өтiлiне қосылады. 
      9. Қаржы полициясы академиясына басқа да мемлекеттiк азаматтар қабылдануы мүмкiн, сондай-ақ басқа министрлiктердiң жолдамалары бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары Агенттiк пен халықаралық және Үкiмет аралық келiсiм негiзiнде контракт бойынша оқуға қабылданады. 

 
                      2. Iрiктеу шарты және оқуға жiберу 

 
      10. Академияда оқу үшiн (сырттай оқыту бөлiмi бойынша екiншi жоғары бiлiм алу тәртiбiмен - жоғары) орта немесе орта арнайы бiлiмi барлар және қаржы полициясы органдарының және кеден қызметкерлерiнiң талап-тiлектерiне сай келетiн, әскери қызметке денсаулығы жарамды Қазақстан Республикасы азаматтары оқуға iрiктелiнедi. 
      11. Академияда оқу үшiн аумақтық бөлiмшелерiнiң жетекшiлерiмен Академияның жиынтық органы тығыз қарым-қатынаста болып, талапкерлердi iрiктеу мен оқып-үйренудi жүзеге асырады. Академия түлектерi Ережеге сай жолдамамен келген бөлiмшелерiне әрi қарай қызметiн өткеруге жiберiледi. 
      12. Оқуға талапкерлердi iрiктеу жиынтық органдарының төрағалығымен, Агенттiктiң және Кеден комитетiнiң жетекшiлерiнiң төрағалығымен, жиынтық органының iрiктеушi комиссиялары арқылы жүргiзiледi. Академиядағы iрiктеу комиссиясының төрағасы Академия бастығы болып табылады. 
      13. Оқуға талапкерлердi iрiктеудiң негiзгi принциптерi: 
      талапкерлердi iрiктеуде олардың моральдық, интеллектуальдық, психофизиологиялық және бiтiмдiк тұлғасын толық және жан-жақты объективтi түрде зерделеу болып табылады. 
      14. Қаржы полициясы органдарының және кеден қызметiнiң қатардағы және басқарушы құрам iшiнен Академияға оқуға түскiсi келетiндер, қызмет өткеру орнына байланысты Агенттiктiң төрағасына, Кiрiс министрлiгiнiң Кеден Комитетi төрағасына немесе Академия бастығына мәлiмет бередi. Азаматтық тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша Академияның жиынтық органына арыз бередi. 
      15. Қаржы полициясы органдарының және кеден қызметiнiң жетекшiлерi әрбiр талапкерлердiң мәлiметiн немесе арызын (өтiнiшiн) қарайды, олармен сұхбат жүргiзедi және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясына қабылдау оның шарттарына сәйкес келген жағдайда талапкерлердi жеке iс құжатын дайындау үшiн жинақтаушы органға жiбередi. Жинақтаушы орган 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1702  P971702_  "Қаржы полициясы органдарында қызметiн өтеу туралы Ережеге" сәйкес оқуға түскiсi келетiн талапкерлердi дәрiгерлiк куәландырылуға және арнайы тексерiстен өтуге материалдарын жiбередi. 
      16. Мамандық таңдау кезiнде, талапкердi танудың негiзi болып табылатын олардың iскерлiгiне, жеке тұлғалылығына, моральдық және дене бiтiмiне байланысты жүргiзiледi, бұндай қасиеттер болмаған жағдайда талапкермен жұмыс iстеу тоқтатылады. 
      17. Әрбiр талапкерлердi танып-бiлу жұмысы аяқталған соң, олардың жеке iс-құжаттары оқуға жiберу немесе жiбермеу туралы соңғы шешiм iрiктеушi комиссиясының қарауына жiберiледi. Бұл арада қорытынды шешiмге келудiң негiзгi мәндерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының азаматығын алғандығы; оқуға түскен мерзiмде жасының 16-ға (ағымдағы жылдың қыркүйек айы) толуы; жалпыға ортақ орта немесе орта кәсiптiк бiлiмiнiң болуы; әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы; кешендеушi органның талапкердiң моральдық, интеллектуальдық, психофизиологиялық және бiтiмдiк сапаларын зерделеген арнайы тексеруден өткендiгi туралы шешiмi. Iрiктеушi комиссия отырысының қорытындысы хаттама арқылы толықтырылып, хаттама комиссия төрағасымен бекiтiледi және хатшының қолымен расталынады. Хаттаманың көшiрмесi әрбiр талапкердiң жеке iсiне хатталынады. 
      18. Талапкерлердiң құжат материалдары оқуға түсу үшiн Академияға жiберiледi. Академияның қабылдау комиссиясы әрбiр талапкерлердiң құжаттарын қарап, арнайы тексеруден өту мiндеттерiн ескерiп, сондай-ақ әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландыруымен және қабылдау емтиханына жiберу туралы осы Ереженiң 17 бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес соңғы шешiм шығарылады. Түсу емтиханына талапкердiң жiберiлуi немесе жiберiлмеуi туралы шешiм түсу емтиханына дейiн он күн бұрын құжат жiберiлген бөлiмшелерге хабарланады. 
      19. Қаржы полициясы органдары және кеден қызметi қызметкерлерi iшiнен оқуға түскiсi келген талапкерлерге қабылдау емтиханы толық тапсыруын ескерiп, оның алдын ала кезектi еңбек демалысы берiледi. 
      20. Академияға оқуға түсуге құқы бар қаржы полициясы органы және кеден қызметi қызметкерлерiнiң талапкерлерi оқуға түсу туралы соңғы шешiм шыққанға шейiн басқа бөлiмшеге ауысуға, iштей басқа қызметке орналасуға және штаттық қысқару бойынша жұмыстан шығуға тыйым салынады. 
      21. Жинақтау органдары Академияға оқуға түскiсi келетiн талапкерлердi қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн Академия бастығының шақыруы бойынша жiбередi. 
      22. Қаржы полициясы органы және кеден қызметi қызметкерлерi қатарынан күндiзгi оқу бөлiмiне оқуға түсетiн талапкерлер қабылдау емтихандарын тапсыруға кетпес бұрын, өз қызметi бойынша белгiленген тәртiппен iс құжаттарын тапсырады, бiрақ оқуға түскенше өз қызметiнен босатылмайды. 
      23. Қаржы полициясы органдарының және кеден қызметiнiң қатардағы және басқарушы құрам тұлғалары iшiнен күндiзгi оқыту бөлiмiне түсушiлер қабылдау емтихандары аяқтағанша ақша қаражатымен қамтамасыз етiледi, ал қаржылық қызмет оларға ақшалай және заттық аттестаттарын бередi. 

 
            3. Оқуға түсетiн талапкерлердiң жеке iстерiн тiркеу 

 
      24. Агенттiктiң белгiленген талабына сәйкес Академияның күндiзгi оқыту бөлiмiне түсетiн талапкерге жеке iстер дайындалынады. Талапкердiң жеке iстерiне мыналар тiркеледi: оқуға жiберу туралы мәлiмет немесе өтiнiш, Агенттiк қызметкерлерi үшiн оқуға жiберу туралы қорытынды-аттестация, соңғы оқу немесе жұмыс орнынан мiнездеме, оқуға жiберу туралы қорытынды, қаржы полициясы бөлiмшесiнiң кадрлар аппараты растаған бiлiмi туралы құжат көшiрмесi, әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысымен берiлген дәрiгерлiк куәландыру, 3 фотосуретi (бас киiмсiз, 3х4 мөлшерлi, бұрыштамасыз). 
      25. Қаржы полициясы органы және кеден қызметi қызметкерлерiнiң iшiнен 

 

сырттай оқыту бөлiмiне iрiктелген талапкерлерге оқу iстер дайындалып, оған 

мынадай құжаттар кiредi: мәлiмет, кадрлар есебi бойынша жеке iс қағазы, 

оқуға жiберу туралы қорытынды аттестация, оқуға жiберу туралы қорытынды, 

белгiленген үлгi бойынша дәрiгерлiк анықтама, жинақтаушы орган растаған 

бiлiмi туралы құжат көшiрмесi, үш фотосуретi (бас киiмсiз, 3х4 мөлшерлi, 

бұрыштамасыз).

 

               4. Оқуға iрiктеу мен жiберудiң ерекше шарттары

 

     26. Жас мөлшерi 16 жасқа толған және 32 жастан аспаған талапкерлер 

Академияның күндiзгi оқыту бөлiмiне iрiктелiнедi.

     27. Академияның күндiзгi оқыту бөлiмiне түсуге келген талапкерлерге 

Академия бастығы тарапынан тұрмыстық жағдай жасалынады.

     28. Талапкерге аралас мамандық немесе біліктілігін арттыру мақсатында 

білім алу қажет болған жағдайда екінші жоғары білім алу үшін оқуға түсуге 

рұқсат етіледі.

     29. Оқуға түсетін талапкерлердің жас мөлшері мен олардың қызмет өтелі 

оқуға қабылданған уақытындағы мерзіммен анықталады.

     

     

     

     Мамандар:

         Омарбекова А.Т.

         Шарипова М.Е.

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады