Еуроны айналысқа енгiзуге байланысты кейбiр мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 19 қазан N 412. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 1689

      Қазақстан Республикасының аумағында Еуропалық Экономика және Валюта Одағы елдерiнiң ұлттық валюталарын еуроға ауыстыру тәртiбiн реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Мыналар белгiленсiн:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында Еуропалық Экономика және Валюта Одағы елдерiнiң ұлттық валюталарының банкноттарын және металл ақшасын (бұдан әрi - ЕЭВО елдерiнiң валюталары) еуроға ауыстыру уәкiлеттi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiнде, Еуропаның Орталық Банкiнiң бағамы бойынша (осы қаулының N 1 қосымшасы) жүзеге асырылады;
      2) 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктiк қызмет көрсету шарттарында көрсетiлген ЕЭВО елдерiнiң валюталары, егер басқасы банктiк қызмет көрсету шарттарына қосымша келiсiммен белгiленбесе, осы қаулының N 1 қосымшасында көрсетiлген бағам бойынша еуроға ауыстырылады;
      3) клиенттiң өтiнiшi бойынша осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес еуроға ауыстырылған банк есепшоттарындағы қалдықтар, уәкiлеттi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйым белгiлеген бағам бойынша басқа валютаға айырбасталуы мүмкiн.
      2. Уәкiлеттi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiнде ЕЭВО елдерi валюталарының банкноттарын және металл ақшасын сату жөнiндегi операциялар тоқтатылсын.
      3. ЕЭВО елдерi валюталарының банкноттарын және металл ақшасын ауыстыруға арналған комиссиялық сыйақының ең жоғары мөлшерi ауыстырылатын соманың 2 %-нен аспауы тиiс.
      4. ЕЭВО елдерi валюталарының банкноттарын және металл ақшасын сатып алу бағамы уәкiлеттi банк және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйым белгiлеген еуроны сатып алу бағамы негiзiнде есептелген кросс-бағамнан және осы қаулының N 1 қосымшасында көрсетiлген ЕЭВО елдерi валюталарының бағамынан ауытқуының ең жоғары шегi 2 %-тен аспауы тиiс.
      5. Уәкiлеттi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар ЕЭВО елдерi валюталарының банкноттарын және металл ақшасын еуроға ауыстыру жөнiндегi операцияларға ЕЭВО елдерiнiң валюталарын еуроға ауыстыру жөнiндегi операциялар тiзiлiмiнiң журналында (осы қаулының N 2 қосымшасы) есеп жүргiзсiн. Уәкiлеттi банктер ЕЭВО елдерiнiң валюталарын еуроға ауыстыру жөнiндегi операциялар тiзiлiмiнiң журналын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 400 V991010_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтың N 13 қосымшасында белгiленген тәртiппен электрондық түрде жүргiзуге құқылы.
      6. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолдансын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және уәкiлеттi банктерге жiберсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмнен кешiктiрмей осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға жiберсiн.
      8. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      9. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 шiлдесiн қоса алғанға дейiн қолданылады.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы


                                    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 412 қаулысына N 1 қосымша


                 ЕЭВО елдері валюталарының 1 еуроға бағамы

     Австрия        - 13,7603 австрия шиллингі
     Бельгия        - 40,3399 бельгия франкі
     Германия       - 1,95583 неміс маркасы
     Греция         - 340,750 грек драхмасы
     Ирландия       - 0,787564 ирланд фунты
     Испания        - 166,386 испан песеті
     Италия         - 1936,27 итальян лирі
     Люксембург     - 40,3399 люксембург франкі
     Нидерланды     - 2,20371 голланд гульдені
     Португалия     - 200,482 португал эскудосы
     Финляндия      - 5,94573 фин маркасы
     Франция        - 6,55957 француз франкі  



                                    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 412 қаулысына N 2 қосымша


     Журналдың бірінші беті
     
     ЕЭВО елдерінің валюталарын еуроға ауыстыру жөніндегі операциялар
                            ТІЗІЛІМІНІҢ ЖУРНАЛЫ
     
     ____________________________________________________________________  
     (уәкілетті банктің/банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
                     асыратын уәкілетті ұйымның атауы)
     ____________________________________________________________________ 
           (айырбастау пунктінің тіркеу номері және мекен-жайы)     
     
     200__ жылғы "___" __________ басталды
     200__ жылғы "___" __________ аяқталды     
     
     Журналдың ішкі беті
     
           ЕЭВО валюталарын еуроға ауыстыру жөніндегі операциялар
                                ТІЗІЛІМІ
 _________________________________________________________________________ 
  N  !  Ауыстырылуға   !  Ауыстырылуға  !  Берілген !Комиссиялық сыйақы
 р/с !  қабылданған    !  қабылданған   !еуро сомасы!     мөлшері
     ! валютаның атауы !валютаның сомасы!           !_____________________
     !                 !                !           ! %-пен  !  еурода    
 _________________________________________________________________________
  1          2                 3              4         5         6
 _________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________ 
      жиынтығы:
     (валюта түрлері
      бойынша)
 _________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________

     Кассирдің қолы ________                  Бет N ________
     
     Журналдың соңғы беті
     
     ЕЭВО елдерінің валюталарын еуроға ауыстыру жөніндегі операциялар 
тізілімінің журналында ______ парақ номерленген және тігілген.
     
     200__ жылғы "___" __________
     
     Басшы         ________ /қолы/        заңды тұлғаның
     Бас бухгалтер ________ /қолы/        М.О.
     
     
     Мамандар:
         Омарбекова А.Т.
         Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады