Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі Акциздiк өнiмнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитет төрағасының "Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушілерге акциздiк төлемдi төлей отырып этил спиртiн сату тәртiбi туралы" 2001 жылғы наурыздың 31-дегi N 42 бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 27 қарашадағы N 207 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1694. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Отандық өндiрушiлер өндiрген этил спиртi көлемдерiнiң қозғалысына бақылауды жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау туралы" Z990429_ 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңын орындау үшiн

                                БҰЙЫРАМЫН:

 
 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Акциздiк өнiмнiң өндiрiлуi мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитет төрағасының 2001 жылғы наурыздың 31-дегi N 42 V011496_ бұйрығымен бекiтiлген Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге акциздiк төлемдi төлей отырып этил спиртiн сату тәртiбi Ережелерiне мына өзгертулер енгiзiлсiн:

      4-тармақта екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      8-тармақта "жүзеге асырылғанға дейiн ең кемi үш күннен аспайтын" сөздерi алынып тасталсын.
      2. Комитеттiң құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi (А. Лепесбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн жүргiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Г. Толқымбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады