Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгiнің қызметiнде қолдану жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 27 қарашадағы N 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1710. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 25-1-84 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 2012.09.28 № 25-1-84 (қол қойылған күшінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi  K010155_ нормаларын агенттiк қызметкерлерiнiң бiркелкi қолдануы және сақтауы мақсатында бұйырамын: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттігiнің қызметiнде қолдану жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн. 
      2. Агенттiктiң Ұйымдастыру-құқықтық басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын. 
      3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. 
 

         Агенттік төрағасы 

Қазақстан Республикасының      
Мемлекеттік құпияларды қорғау     
жөніндегі агенттігі төрағасының    
2001 жылғы 27 қарашадағы       
N 24 бұйрығымен бекітілген       
 

  Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы кодексiн  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiнде
қолдану жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
 

    1. Жалпы ережелер 
 

        1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң  K010155_ (бұдан әрi - Кодекс) 576-бабына сәйкес олардың құзыреттерiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң лауазымды тұлғаларының құқық қолдану қызметін реттейді. 
 

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы заңнама мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, мемлекеттiң, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. 
 

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатынасына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 
 

      4. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) лауазымды тұлғасының заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi. Ешкiмде өзiнiң кiнәсiз екендiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс. 
      Жеке адам тек оның кiнәсi белгiленген құқық бұзушылық үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. 
 

      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi. 
 

      6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында Агенттiктiң лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс   K941000_ (ст.9),  K990409_ (ст.951) . 
 

      7. Агенттiкте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. 
 

      8. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi. 
 

      9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi. 
 

      10. Құқық бұзушыға тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. 
 

      11. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi  Z970195_ (ст.6),  К990411_ (ст.ст.114, 304) . 
 

      12. Әкiмшiлiк жауаптылыққа есi дұрыс, Кодексте  K010155_ (ст.32) белгiленген жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлға жатады. 
 

      13. Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде тiкелей көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Бұл ретте iс-әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 
 

      14. Әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде Агенттiк қызметкерлерiнiң әкiмшілік іс жүргізу жөнiндегі құжаттамадағы сiлтемелерi тек Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң нормаларына ғана жасалады. 
 

      15. Қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мәнiн белгiлеу үшiн әкiмшiлiк iс материалдарында мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтемелер жасауға жол берiледi.
 

  2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша iс жүргiзу
 

        16. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады: 
 

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы; 
 

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы; 
 

      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы; 
 

      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына  K951000_ сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы; 
 

      5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi; 
 

      6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшілік жаза қолдану туралы ұлттық қауiпсiздiк органының қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы. Сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғалу туралы қаулының болуы; 
 

      7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс тоқтатылған жағдайда лауазымды адам Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес iстi тоқтату туралы дәлелдi қаулы шығарады.
 

  3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушылар,
олардың құқықтары мен мiндеттерi
 

        17. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу iсiне қатысушылар: оған қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлетiн адам, (жәбiрленушi), жеке (заңды) адамның заңды өкiлдерi, қорғаушы, куә, куәгер, маман, сарапшы, аудармашы болып табылады. 
 

      18. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн. 
      Хабарлама екi данада жасалады, оның бiреуi оған қатысты iс жүргiзiлетiн адамға, екiншiсi тиiстi жеткiзу туралы белгi жасай отырып әкiмшiлiк iс материалдарында сақталады. 
 

      19. Жеке адамның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туысқандық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында  K010155_ (ст.586) көзделген құжаттармен куәландырылады. 
 

      20. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер: 
 

      1) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам бұл жөнiнде өтiнiш жасаса; 
 

      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам дене немесе психикалық кемiстiктерi салдарынан өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса; 
 

      3) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам iс жүргiзілiп отырған тiлдi бiлмесе; 
 

      4) материалдарда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын адамға медициналық сипаттағы еркiнен тыс шаралар тағайындалуы мүмкiн деп тануға жол беретiн деректер бар болғанда қорғаушының қатысуы мiндеттi. 
 

      21. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын сылтау етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi. 
 

      22. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша куә ретiнде осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы мүмкiн. 
 

      23. Куә: 
 

      1) өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тартуға; 
 

      2) өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдеме және ескерту жасауға; 
 

      3) iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөйлеуге; 
 

      4) аудармашының көмегiн тегiн пайдалануға құқылы. 
 

      24. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге уәкiлеттендiрiлген Агенттiктiң лауазымды тұлғасына айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы және сотта осы әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi. 
 

      25. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге маман ретiнде қатысуға дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануға жәрдем көрсету үшін қажеттi арнаулы бiлiмi бар және машықтанған, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адамды тағайындауға болады. 
 

      26. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама жасау тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге де талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi. 
      Сарапшы: өзiнiң арнаулы бiлiмi шегiнен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ табыс етiлген материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болса, қорытынды беруден бас тартуға; iстiң сараптама мәнiне қатысты материалдарымен танысуға және өзiне қорытынды беруге қажеттi қосымша материалдарды табыс ету туралы өтiнiш жасауға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп отырған соттың, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процессуалдық iс-әрекеттер iсiне қатысуға және оларға қатысушыларға сараптама пәнiне қатысты сұрақтар қоюға; қорытындыда оның ынтасымен жүргiзiлген сараптама кезiнде белгiлi болған, iс үшiн маңызы бар жағдайларды көрсетуге құқылы.
      Сарапшы: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзушi Агенттiктiң лауазымды адамының шақыртуы бойынша келуге; оның алдына қойылған сұрақтар жөнiнде объективтi және негiздi қорытынды, сондай-ақ жүргiзiлген зерттеулер мен осы қорытындымен байланысты мәселелер жөнiнде жауаптар беруге мiндеттi.

4. Дәлелдемелер және дәлелдеу

      27. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдемелер:
 

      1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның түсiнiктемесi;
 

      2) жәбiрленушiнiң, куәлардың жауаптары;
 

      3) сарапшының қорытындысы; 
 

      4) айғақтық дәлелдемелер;
 

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама және Кодекспен көзделген хаттамалар; 
 

      6) мемлекеттiк органның сараптама комиссиясының мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесi туралы қорытындысы;
 

      7) мемлекеттiк құпияларды қорғаудың жай-күйiн тексерудi жүргiзу барысында алынған өзге де құжаттар. 
 

      28. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша дәлелдеуге жататындар:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болуы;
 

      2) осы Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы iс-әрекет жасаған адам;
 

      3) жеке адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға кiнәлiлiгi;
 

      4) әкiмшiлiк жауаптылықты жұмсартатын немесе ауырлататын мән-жайлар;
 

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келген залалдың сипаты мен мөлшерi;
 

      6) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға алып келетiн мән-жайлар;
 

      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар.
 

      29. Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының арнаулы ғылыми бiлiм негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеуi нәтижесiнде алынуы мүмкiн болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан Агенттiктiң лауазымды тұлғасы сот сараптамасын тағайындайды. Сараптама тағайындау туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан Агенттiктiң лауазымды тұлғасы анықтама шығарады.
 

  5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау
 

        30. Iс қозғау Агенттiк мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы жүргiзiп жатқан мемлекеттiк құпияларды қорғаудың жай-күйiн тексерудiң және осындай тексерулер барысында әкiмшiлiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылатын кемшiлiктер мен бұзушылықтарды анықтаудың салдарлары болуы мүмкiн. 
 

      31. Әкiмшiлiк тергеу нәтижесi, әдетте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жазу және Кодекстің  K010155_ 650-бабымен көзделген қаулылардың бiрiн шығару болып табылады. 
 

      32. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттаманы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осыған уәкiлеттi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi анықталғаннан кейiн дереу жасайды. Сонымен қатар әкiмшiлiк құқық бұзушылық жағдайларын, оларға қатысты әкiмшiлiк iс қозғалатын жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жасалады.
 

  6. Қаулыларды орындау
 

        33. Әкiмшiлiк жаза салу туралы қаулының орындауға түсуi әкiмшiлiк қызметтi бақылау үшiн жауапты Агенттiк бөлiмшесiне жүктеледi. Адамның әкiмшiлiк жазадан бас тартуы заңнамаға сәйкес осы жазаны мәжбүрлеу тәртiбiнде орындауға әкеледi. 
 

      34. Әкiмшiлiк арест, арнайы құқығынан айыру немесе айыппұл (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орында айыппұл алуды қоспағанда) түрiнде әкiмшiлiк жаза салу туралы қаулылардың орындалуын заңда белгiленген мерзiмде мүмкiн етпейтiн мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған Агенттiктiң лауазымды адамы өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiн қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, Агенттiктiң қаулыны шығарған лауазымды тұлғасы айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге созуы мүмкiн. 
 

      35. Егер әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалмаса, ол орындауға жатпайды. 
 

      36. Қаулының орындалуы Кодекстің 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады. 
 

      37. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы Кодекстiң 35-тармағында көзделген ескiру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады. 
 

      38. Кодекстің 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескiру мерзiмiнiң өтуi созылған мерзiмге ұзартылады. 
 

      39. Орындалмаған немесе толық орындалмаған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы Кодекстiң 704-бабына сәйкес қаулыны шығарған лауазымды тұлғаға қайтарылады. 
 

      40. Кодекстiң 707-бабымен өз еркiмен орындау үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн айыппұл салу туралы қаулыны әкiмшiлiк жаза салған Агенттiктiң лауазымды тұлғасы оны Кодекспен көзделген тәртiпте қарау үшiн сотқа жiбередi. 
 

      41. Судьяның мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айыру туралы қаулысын Агенттiктiң лауазымды тұлғалары орындайды. 
 

      42. Прокурордың шағымы немесе қарсылықтары алынған жағдайда әкiмшiлiк жаза салу туралы шығарылған қаулыларды он күндiк мерзiмде Агенттiк төрағасы қайта қарайды. Шағымды, қарсылықты қарау қорытындылары бойынша анықтама шығарылады.
 

  7. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстер бойынша iс жүргiзу
 

        43. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына қатаң сәйкестiкте және осы Нұсқаулықпен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi. 
 

      44. Агенттiкте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жауапты қызметкер Агенттiктiң Инспекторлық басқармасы бастығының басшылығымен және бақылауымен жүргiзедi. 
 

      45. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамаларының бланкiлерi, әкiмшiлiк жаза салу туралы қаулылардың бланкiлерi, Кодекспен және осы Нұсқаулықпен көзделген өзге де бланкiлер қатаң есептiк құжаттар болып табылады. 
 

      46. Аталған бланкiлердi алу, есепке алу, сақтау, беру қатаң есептiк құжаттарының айналымына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Олардың келiп түсуi мен берiлуiнiң сандық есебi қатаң есептiк бланкiлерiнiң кiрiс, шығыс журналында жүргiзiледi. 
 

      47. Бүлiнген бланкiлер оларды алуға және беруге жауапты адамға тапсырылады, бұл туралы журналда тиiстi жазба жасалады. 
 

      48. Қатаң есептiк бланкiлерiн алу және беру үшiн жауапты адам бланкiлердiң бар-жоғына және дұрыс жұмсалуына кемiнде айына бiр рет тексеру жүргiзедi. Тексеру қорытындылары Агенттiктiң Инспекторлық басқармасының бастығына (оның орынбасарына) жазбаша түрде баяндалады, бұзушылықтар анықталған жағдайда ол қосымша тексеру тағайындайды және қажет болса тәртiптiк iс қозғайды. 
 

      49. Егер бұзушылықтарды анықтау және бекiту кезiнде арнайы техникалық құралдар пайдаланылған болса, хаттамада: метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi және пайдаланылған арнайы техникалық құралдардың көрсеткiштерi көрсетiледi. 
 

      50. Егер бұзушының түсiнiктеме беруi үшiн хаттамада орын жеткiлiксiз болған жағдайда түсiнiктемелердi хаттамаға қоса берiлетiн жеке параққа жазуға жол берiледi. 
 

      51. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы толтырылған хаттамаларды басқа материалдармен (рапорттар, баяндамалар, түсiнiктемелер және т.с.) бiрге лауазымды адам хаттамалардың жазылу дұрыстығы мен негiздiлiгiн тексеретiн және кемшiлiктер мен заңдылықты бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын Агенттiк бөлiмшесiнiң бастығына, жауапты қызметкерiне бередi. 
 

      52. Тексеруден кейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар оларды тiркеуге беру үшiн қызметкерлерге қайтарылады. 
 

      53. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдар жасалғаннан кейiн бiр тәулiк барысында хаттама түбiртегiнде қол қойғызумен тiркеу үшiн жауапты адамға берiледi, ал оларды әкiмшiлiк iстердi есепке алу журналында тiркейдi. 
 

      54. Әкiмшiлiк iстер мен материалдарды компьютерлiк (автоматтандырылған) тiркеудi жүргiзу кезiнде есепке алу журналы жүргiзiлмейдi, әкiмшiлiк iстер мен материалдарды тiркеу, есепке алу және беру тиiстi iстерге тiгiлетiн компьютерлiк распечаткалар (квесталар) бойынша жүргiзiледi және мiндеттi түрде әкiмшiлiк iс жүргізу журналымен көзделген деректемелер кiруге тиiс. 
 

      55. Тiркелген әкiмшiлiк iстер мен материалдар әкiмшiлiк iстi есепке алу журналымен бiрге Агенттiктiң Инспекторлық басқармасының бастығына тексеруге берiледi. 
 

      56. Агенттiктiң Инспекторлық басқармасының бастығы әкiмшiлiк iстердi тексергеннен кейiн жауапты қызметкерге iстi қарауға дайындау жөнiнде жазбаша нұсқау бередi. 
 

      57. Жазбаша нұсқаулар хаттама бланкiлерiнiң таза жерiне жазылады және күндi көрсетумен Инспекторлық басқармасы бастығының қолымен расталуға тиiс. 
 

      58. Әкiмшiлiк iстi есепке алу журналын тексеру әкiмшiлiк iстердi толтыру, алу және беру дұрыстығын тексеру жолымен жүргiзiледi. 
 

      59. Бөлiмше (Инспекторлық басқарма) iшiнде әкiмшiлiк iстер мен материалдар қоса берiлетiн материалдармен бiрге қызметкерден қызметкерге таратру кiтабында қол қоюмен берiледi. 
 

      60. Әкiмшiлiк iстердi Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әкiмшiлiк iстердi қарауға (қарсылық бiлдiруге) және шешуге құқылы ведомстволарды қоспағанда басқа ведомствоға беруге тыйым салынады. Аталған ведомствоға әкiмшiлiк iстер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мекен-жайын жiберiлген жазбаша сұратулары болған кезде жiберiледi (берiледi). 
 

      61. Инспекторлық басқармасының жауапты қызметкерi әкiмшiлiк iстер мен материалдарды алғаннан кейiн бастықтан алынған жазбаша нұсқауға сәйкес: 
 

      1) әкiмшiлiк iс жөнiндегi құжаттарды жиналған дәлелдемелердiң, құқық бұзушының жеке басы туралы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы, iс материалдарын ресiмдеудiң дәлдiгi тұрғысынан талдайды және қажет жағдайда қосымша мәлiметтердi жинауды жүргiзедi; 
 

      2) iстi қарауға қатысуы қажеттi адамдарды осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес iстi қарауға шақыруға шаралар қабылдайды; 
 

      3) iстi осы Нұсқаулықта белгiленген мерзiмде қарауға шаралар қабылдайды; 
 

      4) әкiмшiлiк iстердi Агенттiк басқармасының бастығына қарауға бередi; 
 

      5) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес және осы Нұсқаулықпен белгiленген тәртiпке сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған қаулыларды орындау жөнiнде шаралар қабылдайды. 
 

      62. Әкiмшiлiк iстi сотқа жiберуге дайындау кезiнде құқық бұзушыға қатысты жыл барысында осы адам ол бойынша әкiмшiлiк жазаға тартылған, Кодекстiң 66-бабымен көзделген мерзiм өтпеген осыған ұқсас әкiмшiлiк құқық бұзушылықты екiншi қайтара жасауына тексеру жүргiзiледi. Тексеру туралы анықтама әкiмшiлiк iске қосылады. 
 

      63. Агенттiктiң Инспекторлық басқармасының бастығы немесе осы мiндеттер жүктелген қызметкер: 
 

      1) осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес қатаң есептiк бланкiлерiнiң бар-жоғын және дұрыс жұмсалуын бақылауды; 
 

      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн бақылауды; 
 

      3) әкiмшiлiк қызмет жөнiндегi iстi дұрыс жүргiзудi, әкiмшiлiк iстер мен материалдарды уақтылы тiркеудi, әкiмшiлiк iстердiң дұрыс және негiздi жасалуы мен жүргiзiлуiн бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi. 
 

      64. Аталған мiндеттердi орындау қорытындылары туралы Агенттiктiң әкiмшiлiк қызметтi бақылау үшiн жауапты бөлiмше бастығы кемiнде айына бiр рет Агенттiк төрағасына (оның орынбасарына) баяндайды. 
 

      65. Инспекторлық басқармасының қызметкерлерi әкiмшiлiк тәжiрибенiң жай-күйiн, әкiмшiлiк жаза салу тәжiрибесiн, әкiмшiлiк тәжiрибе бағыттылығын талдайды, әкiмшiлiк бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды айқындайды, әкiмшiлiк тәжiрибе жөнiнде шолулар, есептер мен ақпараттар дайындайды. 
 

      66. Осы әкiмшiлiк iске қатысы бар құжаттар, мәлiметтер, ақпарат, сұратулар, хабарламалар, жауаптар, шағымдар, қарсылықтар, қорытындылар және басқа материалдар iс материалдарына қоса берiледi және олармен бiрге сақталады. 
 

      67. Олар үшiн жауаптылық ескерту немесе айыппұл түрiнде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы аяқталған әкiмшiлiк iстер (олар бойынша шығарылған қаулылар орындалған iстер) томдарға тiгiледi, тiгiлген парақтар нөмiрленедi, соңғы парақта нөмiрленген парақтардың саны туралы куәландыру жазбасы жасалады.
 

      68. Әкiмшiлiк iстер жаза салу туралы қаулы орындалған жылдан кейiнгi, заңнамамен белгiленген мерзiм барысында сақтауға жатады. Хаттамалар түбiртектерiн, әкiмшiлiк хаттамаларының және әкiмшiлiк жаза салу туралы қаулылардың  бүлінген бланкілерін, сақтау мерзімі өткен әкімшілік істерді кесім жасай отырып комиссия жояды. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады