БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттіктің қызметінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 27 қарашадағы № 24 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық
қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау бойынша сарапшы комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының 2005 жылғы 3 маусымдағы № 25-1-50 бұйрығы.
2. Осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігіне мәлімет үшін жіберілсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кеңсе Басшысы Е. Қошанов