Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң арнайы мекемелерiнде, қамауда ұстау орындарында және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын тұлғаларды тексеру және емдеудi ұйымдастыру, алдын алу Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 07 желтоқсандағы N 863 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 141 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1123 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1713. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 186, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 97, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 178 Бірлескен бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді------------------

      Тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнен Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына беруге байланысты, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң арнайы мекемелерiнде, қамауда ұстау орындарында және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын тұлғаларды тексеру мен емдеуді ұйымдастыру, алдын алу ережелерiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 1713 болып тiркелген), Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 863, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 141, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1123 бiрлескен бұйрығының күшi жойылды деп саналсын...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі

--------------------------------       

      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"  Z970111_  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын, "Халық денсаулығы"  U984153_  мемлекеттiк бағдарламасын және жыныс жолымен жұғатын жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу бағдарламасын, 1999-2000 жылға орындау үшiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң  Z970208_  97-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 
      1. Қоса берiлiп отырған Iшкіісминiнiң қамауда ұстау орындарында, арнайы мекемелерiнде және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарды (бұдан әрi - КЖЖЖЖА) тексеру мен емдеудi және ол аурулардың алдын алуды ұйымдастыру Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне, Қамауда ұстау орындары департаментiне (М.М. Баймұхамбетов), Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Г.С. Алпысбаев), Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Медициналық басқармасына (Б.Х. Әлiбеков) қамтамасыздық етсiн: 
      1) Iшкіісминiнiң тергеу изоляторларында және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын азаматтарды, КЖЖЖЖА затына науқастарды айқындаумен емдеудi ұйымдастыру; 
      2) Iшкiiсминiнiң уақытша ұстау изоляторында, қабылдау-тарату орындарында, кәмелетке толмағандарды бейiмдеу ақтау және уақытша оқшаулау Орталықтарында, азаматтарды КЖЖЖЖА затына айқындауды ұйымдастыру; 
      3) эпидемияға қарсы қажеттi iс-шаралар өткiзудi. 
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық мемлекеттiк коммуналды кәсiпорын Терi-венерология ғылыми-зерттеу институтына, Астана және Алматы қалалары мен облыстардағы денсаулық сақтау басқармалары (департаменттерi) бастықтарына: 
      1) Iшкіісминiнiң тергеу изоляторларында, қабылдау-тарату орындарында, уақытша ұстау изоляциясындағы кәмелетке толмағандарды оқшаулау бейiмдеу және ақтау Орталықтарында уақытша ұстау изоляторында және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларды, көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар затына, айқындау үшiн тегiн диагностикалық зерттеулердi жүргiзуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң медициналық мекемелерiне КЖЖЖЖА ауыратын науқастардың диагнозын қоюда, емдеуде және оның алдын алудағы мәселесiне, әдiстемелiк және кеңес беру көмектерiн көрсетудi ұйымдастыру; 
      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен Iшкiiсминiнiң медицина қызметкерлерінiң көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен айналысатын проблемасын, арттыру бiлiктiлiгiн ұйымдастыруға мүмкiндiк жасау. 
      4. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. 
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң және Iшкіісминiнiң 2000 жылғы 5 қазанында бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу арнайы шаралары туралы"  V001316_  қоса бұйрығы 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшi жойылады деп есептеледi.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице-Министрi iшкi қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-Министрi А.Т. Айдархановқа және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

  Қазақстан Республикасы                      Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрі                           Әділет министрі

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасы     
Әдiлет Министрiмен       
2001 жылғы 06 желтоқсандағы N 141
Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау Министрiмен  
2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1123
Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер Министрімен     
2001 жылғы 07 желтоқсандағы N 863
Қоса бiрiккен бұйрығымен бекiтiлген

Қамауда ұстау орындары, Iшкіісминiнiң арнайы
мекемелерiнде және Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi
мекемелерiнде ұсталатын көбiнесе жыныстық
жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын
адамдарды тексеру мен емдеудi және ол
аурулардың алдын алуды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРI  

      1. Қамауда ұстау орындарына (уақытша ұстау изоляторы, тергеу изоляторлары), Iшкіісминiнiң арнайы мекемелерiне (қабылдау-тарату, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау Орталықтары) келiп түскен кезде көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларының (бұдан әрi - КЖЖЖЖА) бар-жоғын анықтау үшiн әрбiр тұлға тексеруден өткiзiлуi тиiс. КЖЖЖЖА бар деген күдiктi тұлғаның ауру немесе сау екендiгiн растау үшiн оны мiндеттi түрде дерматовенеролог-дәрiгер қарауы керек. Терi-жыныс ауруы диагнозының дәлелi, сезiктi, айыпталушы, сотталушы мен сотталғанның - медициналық амбулаторлық картасына жазылады. 
      КЖЖЖЖА тексеру уақытша оқшаулау Орталықтарында ұсталатын, кәмелетке толмағандарды бейiмдеу және оңалтуды тексеру, азаматтардың денсаулығын сақтау саласы Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органының уәкiлетiнiң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi. 
      Егер де КЖЖЖЖА-ның диагнозы Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң арнайы мекемелерiнде және уақытша ұстау изоляторындағы тұлғада табылса, әкiмшiлiктiң шешуiмен тез арада аумақтық денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген есеп жолымен емделедi. 
      2. Бақылау вассерманизациясы барлық ТИ-ге және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң арнайы мекемелерiне келiп түскен барлық контингент 3 айдан кейiн мерездi анықтаудағы мiндеттi түрдегi серологиялық зерттеуден өткiзiледi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  K970167_  115, 116, 120, 121, 122, 123, 124-баптары бойынша жауаптылыққа тартылатын адамдар, сондай-ақ барлық әйелдер мен жасөспiрiмдер созды анықтаудағы мiндеттi түрдегi клиникалық-зертханалық зерттеуден өткiзiледi. Контингенттiң көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларымен ауырғанда тексеру бойынша КЖЖЖЖА ауруына оң реакциясы бар стационар ауруларды жүргiзу тәртiбi туралы N 695  V011630_  2001 жылғы 27 шiлдеде Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы бұйрығымен бекiтiлген Нұсқаулықтың 3 тармақтың 4 тармақшасына сәйкес уақытша ұстау изоляторларында, қабылдау-тарату орындарындағы контингент және сотталғандар преципитация микрореакцияны қолдануымен 1 жылда 2 рет тексеруге жатады. 
      3. Туа бiткен мерездiң алдын алу мақсатында ТИ-де және түзеу мекемелерiндегi (бұдан әрi - ТМ) барлық жүктi әйелдерге, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы Орталық атқарушы органының құқықтық нормативтiк кесiмдерiне сәйкес мiндеттi түрдегi серологиялық зерттеулер жүргiзiледi. 
      4. Егер де зерттелушi тұлғаның анамнезiн алу кезiнде қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейiн оның КЖЖЖЖА бойынша емделгенi анықталса немесе терi-венерологиялық диспансерде есепте (серобақылауда) тұрса, қамауда ұстау орындарының медициналық бөлiмi үш күндiк мерзiмде көрсетiлген мекемеге диагнозын, қолданылған емдеу шаралары мен серобақылаудың мерзiмдерi туралы сұрау салады. Мұндай ауруларды одан әрi емдеудi немесе серобақылауды қамауда ұстау орындарының медициналық бөлiмi алынған жауаптарға сәйкес жүргiзедi. 
      5. КЖЖЖЖА-ның қорытынды диагнозы анықталғаннан кейiн ауру адаммен аурудың сипаты, оны емдеудiң қажеттiлiгi, жүрiс-тұрыс ережелерi, емдеу және бақылау мерзiмдерi, терi-жыныс ауруымен ауыратын тұлғаның жауапкершiлiгi туралы әңгiме өткiзiледi. Қарсы көрсетулер болмаған жағдайда ауру адамдар, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы Орталық атқарушы органының құқықтық нормативтiк кесiмдерiне сәйкес дереу емделедi. Терi-жыныс ауруларына душар болған тұлғалар ауру диагнозын анықтау сәтiнен бастап, емдеу мен бақылаудың барлық мерзiмiнде, есептен шығарылғанға дейiн ауру адамдар болып есептеледі. 
      6. Егер де КЖЖЖЖА-ның диагнозы алғаш рет ТИ-де анықталған болса, медициналық бөлiм ауру адамның қамауға алынғанға дейiнгi тұрғылықты жерiндегi терi-венерологиялық диспансерге шұғыл хабарлама жiбередi. 
      7. КЖЖЖЖА-мен ауыратын адамның қамауда ұстау орындарынан ТМ-ға кетуiнен бұрын дерматовенеролог-дәрiгер немесе терапевт дәрiгер, сезiктi, айыпталушы, сотталушы және сотталғанның медициналық амбулаторлық картасында одан әрi емдеу және бақылау нұсқаулары болатын этаптық эпикриз түрiндегi жазбалар жасайды. 
      8. Мерез бен создың жұқпалы түрлерiмен ауыратын тұлғаларды (оларға мерезге қарсы емдеудiң бастапқы курсы немесе созға қарсы емдеудiң толық курсы жүргiзiлгенге дейiн) бiр мекемеден басқа мекемеге ауыстыруға тыйым салынады. Мерез ауруларын дерматовенеролог дәрiгердiң рұқсаты бойынша емдеу курстарының арасындағы үзiлiстерде ауыстыруға жол берiледi. 
      9. ТМ-ға келiп түскеннен кейiн КЖЖЖЖА одан әрi емдеу мен серологиялық бақылаудан өткiзiлу үшiн диспансерлiк есепке алынады. 
      10. Ұзақ мерзiмдi кездесулер алған және түзеу колония-қоныстарынан қайта оралған сотталғандар ТМ-ның медициналық бөлiмдерiндегi мерездi анықтаудағы мiндеттi түрдегi серологиялық зерттеулерден өткiзiледi. 
      11. Сотталған адамның ұзақ мерзiмдi кездесулер кезiнде КЖЖЖЖА-ны жұқтыру фактiсi анықталған кезде ТМ-ның медициналық бөлiмi терi-венерологиялық диспансерге жұқтырушы деп шамалаған адамды венерологиялық ауруын анықтаудағы зерттеуге тарту туралы тапсырма жолдайды. 
      12. Қамауда ұстау орындарынан және түзеу мекемелерiнен босатылатын және КЖЖЖЖА бойынша диспансерлiк есептен шығарылмаған ауруларға қатысты қамауда ұстау орындарының және түзеу мекемелерiнiң медициналық бөлiмi олардың босатылуына бiр ай қалғанда, таңдап алған тұрғылықты жерiндегi терi-венерологиялық диспансерге шұғыл хабарлама жiбередi. Бұл ретте аурудың диагнозы, қолданылған емдеу шаралары мен серобақылаудың мерзiмдерi көрсетiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады