-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Z010210_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
77. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 10 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтiлген "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1734 V011735_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Келісілді
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі 2001 жылғы 19 желтоқсан
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 22 сәуiрдегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 V011434_ бұйрығына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрығымен бекiтiлген қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы Нұсқаулығына:
52 тармақтың 8 тармақшасында:
1) екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы жеңiлдiк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұжырымдалған шарт бойынша заңды және жеке тұлғалармен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды:
жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
қазба жұмыстарын қоса атқару және жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүзеге асыру.";
2) үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы жеңiлдiк көрсетiлген заңды және жеке тұлғалар мердiгерлерiмен
және қоса мердiгерлерiмен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды"; 3) төртiншi абзацта мынадай редакцияда жазылсын: "Геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына жүзеге асырылатын мынадай жұмыстар түрлерi жатады:". 2. Әдiстеме департаментiне: осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн; келiсiлген бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық 2001 жылғы 6 сәуiрiнен бастап күшiне енгiзiледi. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрілiгiнiң қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 2001 жылғы15 желтоқсандағы N 1734 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1735. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз