"Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік Кіріс министрінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1434. Бұйрықтың күші жойылды деп танылды (кейбір тармақтарынан басқасының) - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні төменнен қараңыз)

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардан басқа кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын:
      2003 жылдың 1 қаңтарынан күшiн жоятын "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтілген Нұсқаулықтың 7-тарауының 52-тармағының 17), 20) және 23)-тармақшалары;
      2004 жылдың 1 қаңтарынан күшiн жоятын "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтiлген Нұсқаулықтың 7-тарауының 52-тармағының 18)-тармақшасы мен 11-1-тарауы.

Қосымша      

      ...
      62. "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығы... -----------------------------------------------------

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 492-1 Z990492_ және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 147-ІІ Z010147_ Заңдарына сәйкес
                             БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Әдістеме департаменті (Үсенова Н.Д.):
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін;
      келісілген бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының N 37 Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 1995 жылғы 26 маусымдағы N 159 V950077_ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен күшіне енген Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларын есептемегенде, оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде күшіне енгізіледі. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің вице-Министрі С.С. Қанатовқа жүктелсін. Министр Келісілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Мемлекеттік кіріс Министрі 2001 жылғы 14 ақпан 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекітілген Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ
      Осы Нұсқаулық "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      1-тарау. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы
      Қосылған құнға салынатын салық ұғымы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірісі мен айналым процесінде оларды өткізгені үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тауарлар импорты кезінде бюджетке аударылатын, айналымға салынған салық құнының бір бөлігін білдіреді.
      Салық төлеушілердің бюджетке қосылған құнға төлеуге тиісті қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін есептелген қосылған құнға салынған салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленуге тиіс қосылған құнға салынған салық арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
 
      2-тарау. Қосымша құн салық салынатын объектілер
      1. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құнға салық салынатын объектілер болып табылады.
      2. Салықтан босатылған және жеке өндірістік мұқтаждығы үшін жүзеге асырылатындардан басқа Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес айқындалған айналым салық салынатын айналым болып табылады.
      3. "Өткізу" деген түсінік жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетулерді, тауарларды сату, айырбастау, қайтарымсыз беру мақсатында тиеп жіберу, сондай-ақ кепілдікке берілген мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне беруді білдіреді.
      4. "Жұмыстар" ұғымы салық салу мақсатында өзіне нәтижесі материалдық берілген және заңды және жеке тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру үшін өткізілуі мүмкін қызметті қоса алады.
      "Қызмет көрсету" деген ұғым салық салу мақсатында өзіне нәтижелері материалдық берілмегендер осы қызметті жүзеге асыру процесінде өткізіледі және тұтынылады.
      5. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылмайтын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы тауарларды жіберу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер салық салынатын айналым болып табылмайды.
      6. Салықтан босатылғандарды есептемегенде, импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
 
      3-тарау. Төлеушілер
      7. Кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмастан жүзеге асырушы заңды тұлғалар және жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметін осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес салық салу объектісі бар тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместері қосымша құн салығын төлеушілер болып табылады.
      8. Өз өндірісінің және оны ұқсату өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан айналым бойынша біртұтас жер салығын төлеушілер қосылған құн салығын төлеушілерге болып табылмайды.
      Ауыл шаруашылығы емес өнімді, өз өндірісі емес өнімді, акцизделетін өнімді сатудан айналымдар бойынша, сондай-ақ оларды ұқсату өнімдерін сатудан айналымдар бойынша біртұтас жер салығын төлеушілер жалпы белгіленген тәртіпте қосылған құн салығын есептеуді және төлеуді жүзеге асырады.
      Біртұтас жер салығын төлеушілер болып табылатын және өнімдерді меншіктік сияқты меншіктік емес өндірісімен өткізуші тұлғалар меншіктік емес өндіріс өнімдері (жұмыстары, қызмет көрсетулері) бойынша, соның ішінде қосылған құн салығына жазып берілетін шот-фактуралар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бөлек есеп жүргізеді.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі салық төлеушінің өтініші бойынша заңды тұлғаның құрылымын қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде қарай алады.
      Қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып заңды тұлғаның бөлімшелерін тануға өтініш өз бетіндегі нысанда жасалады.
      10. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына Z952368_ сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарларды импорттайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары және өкілдіктері, жеке тұлғалар және резидент еместер импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.
      11. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) Қазақстан Республикасының аумағына қазақстандық көздерден кіріс алушы резидент еместер (қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушылардан басқа) өткізген кезде, Қазақстан Республикасының резиденті, сондай-ақ аталған резидент еместерімен есептесуді осы Нұсқаулықтың 22-тарауында көзделген тәртіпте жүзеге асырушылар қосылған құн салығын толық көлемде төлейді.
      12. Тәркіленген тауарларды сату кезінде тәркіленген тауар иесімен жасалған шарт бойынша осы тауарды сатушы қосылған құн салығын төлеуші тұлға болып табылады.
 
      4-тарау. Халықаралық шарттар
      13. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес осы Нұсқаулықта көзделген қосылған құн салығын есептеудің өзге тәртібі белгіленген болуы мүмкін.
      14. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттермен жасалған халықаралық шарттар реттейді, атап айтқанда:
      1) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген 2000 жылғы 9 қазандағы Өзара саудада жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Келісіммен;
      2) Z980271_ 1997 жылғы 18 ақпандағы - 1997 жылдың 18 ақпанынан бастап уақытша енгізілді, 1998 жылдың 18 желтоқсанынан бастап тұрақты қолданыстағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметінің арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау және импорттау кезінде қосылған құн салығын өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      3) Z980239_ 1997 жылғы 14 қыркүйектегі, 1998 жылдың 9 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      4) Z980290_ 1997 жылғы 12 маусымдағы, 1998 жылдың 25 қарашасынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      5) Z990380_ 1997 жылғы 13 маусымдағы, 1999 жылдың 31 мамырынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      6) Z990445_ 1999 жылғы 2 ақпандағы, 2000 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      7) Z990400_ 1997 жылғы 11 қарашадағы, 2000 жылдың 5 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      8) Z000062_ 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
      9) Z990014_ 1999 жылдың 2 сәуірінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде қабылданған 1994 жылғы 15 сәуірдегі еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 2 сәуірдегі хаттамамен. Аталған Хаттама Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Армения Республикасы арасындағы жүзеге асырылатын сыртқы сауда операцияларының салық салу тәртібін реттейді.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      15.
      Ескерту: 15-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
      16.
      Ескерту: 16-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
      5-тарау. Салық салынатын айналым көлемін айқындау
      17. Салық салынатын айналымның көлемі оларды қосылған құн салығына қоспастан қолданылатын бағалар мен тарифтерден туындайтын сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) негізінде, бірақ сауда-делдалдық қызмет үшін оларды сатып алу бағасынан төмен емес айқындалады.
      18. Сатып алу бағасы салық салу мақсатында өзіне тауарлардың сатып алу құнын, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетілген шот-фактуралар қойылған және қосылған құн салығы бойынша осы Нұсқаулыққа сәйкес есепке жатқызылған қосымша құн салығының сомалары бойынша оларды сатып алуға және сатуға байланысты шығындардың құнын қосады.
      Тауарларды өткізуге байланысты шығындар, өзіне салық төлеушінің есеп беру кезеңінде олардың шығынға жатқызылған кәсіпкерлік қызметіне байланысты шығындарын қоса алады ("81 Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі шығындар" және 82 "Жалпы және әкімшілік шығындары" бөлімше шоты).
      19. Сатып алу бағасы өткізілген тауарлардың әрбір түрі бойынша орташа өлшенген сатып алу құнынан туындап айқындалады. Тауардың түрі оны сортына, санатына және т.б. бөлместен атауы бойынша айқындалады.
      Мысалы: "Жұлдыз" ЖШС сауда-делдалдық қызметін азық-түлік тауарлары базарында жүзеге асырады. Есеп беру кезеңінің басында ЖШС-те мынадай тауарлардың қалдықтары болды: қант - 17200 теңге сомасына тең болатын 400 кг, макарон өнімдері - 7600 теңге сомасын тең болатын 200 кг, майонез - 18500 теңге сомасына тең болатын 500 банка.
      Есеп беру кезеңінде осындай түрдегі тауарлар сатып алынды, соның ішінде қант - 4300 теңге сомасына тең болатын 100 кг, макарон өнімдері 5550 теңгелік сомасына 150 кг, майонез сатып алынбады. Есеп беру кезеңі ішінде 25000 теңгелік 400 кг қант, сомасы 11750 теңге тұратын 250 кг макарон өнімдері, сомасы 1250 тұратын 250 банкі майонез сатылды.
      Өткізілген тауарлардың сатып алған бағасын айқындау үшін ауыспалы қалықты есепке алып өткізілген тауарлардың әрбір түрінің орташа өлшемдегі сатып алу бағасын табу қажет. Өткізілген тауарлардың орташа өлшемдегі сатып алу бағасы қант бойынша 43,0 теңге ((17200+4200):(400+100)), макарон өнімдері бойынша 38,0 теңге ((7600+5550):(200+1650)), майонез бойынша 37 теңге (18500:500) құрайды. Кезеңдегі есеп беру кезеңінің шығыны 27120 теңге, соның ішінде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызылған кезеңдегі шығындар 10884 теңге құрайды. Келтірілген мәліметтерді есепке алып сатып алған тауарлардың бағасы айқындалады және салық салынатын айналым мөлшерінің төмендеу белгіленеді. _________________________________________________________________________ Тауар Сатылған Орташа Орташа Өткізу түрі тауар. өлшем. өлшенген құны лардың дегі сатып саны сатып алу ба. алу ғасы бағасы бойынша өткізіл. ген тау. арлардың сатып алу құны ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ___________________________________________________________________________ Қант 400 43 17200 25000 52 5644 22844 +2156 - Макарон 250 38 9500 11750 25 2713 12213 -463 46,3 өнімдері майонез 250 37 9250 11250 23 2497 11747 -497 99,4 Барлығы х х Х 48000 100 10854 х х 145,7 ___________________________________________________________________________ Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      20. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) ауыстыру кезінде немесе оларды қайтарымсыз беру кезінде салық салынатын айналым салық төлеушіде ауыстыру немесе беру сәтінде құрылған бірақ, нақты құралған шығыннан төмен емес олардағы қосылған құн салығы қосылмаған бағалар деңгейінен туындап айқындалады.
      21. Ауыстыру шартының әрбір тараптарының салық салынатын айналымының мөлшері олар тиеп жіберген өнімнің және тиеу құжаттарында (шот-фактура) аталған құннан шығып, бірақ нақты құрылған шығындардан төмен емес айқындалады.
      Мысалы: "Ара" ЖШС "Зенит" акционерлік қоғамына "Зенит" кәсіпорнынан алынған құны 5000 теңге тұратын тауардың орнына құны 3000 теңге тұратын тауар тиеп жіберді. Бұдан шығатыны "Ара" кәсіпорнының салық салынатын айналымы 3000 теңге және ҚҚС сомасы 600 теңге құрайды; ал, "Зенит" АҚ тиісінше 5000 теңге және 1000 теңге.
      Тауарды алу кезінде "Ара" ЖШС ҚҚС-ның есебіне 1000 теңге, ал "Зенит" АҚ 600 теңге көлемін жатқызуға құқығы бар.
      Егер тиеліп жіберілген тауардың, нақты құрылған шығындардан төмен болса, онда төмендетілуі бар салық төлеуші ҚҚС бойынша декларациялар өткізу кезінде тиісті салық салынатын айналымның түзетілуін жүргізуге міндетті.
      22. Еңбек ақы төлемдерін және басқа да төлемдерді заттай төлеген жағдайда, берілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құнына осы Нұсқаулықтың 67-69 тармақтарында көзделген ставкалар бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы қосылады.
      23. Егер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) салық төлеушіге оның кәсіпкерлік қызметінің мақсаттары үшін жеткізілген болып, бірақ оны салық төлеуші немесе басқа да тұлғалар жеке мақсаттарына қайтарымсыз пайдаланылса, онда осындай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны салық салынатын айналым ретінде қаралады.
      24. Негізгі қаражаттарды қоса алғандағы тауарлар (осы Нұсқаулықтың 78-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмегендер бойынша, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған жағдайларды есептемегенде) бүлінген, жоғалған кезде, осы тауарлардың құны салық салынатын айналым ретінде қаралады.
      Тауарлардың бүлінуі, жоғалуы кезінде қосылған құн салығын есептеу осы тауарларды қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесінде есептен шығару сәтінде жүргізіледі.
      Тауардың, соның ішінде негізгі қаражаттың бүлінуі нәтижесінде осы тауар салық салу мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес тауарлардың барлық немесе жекелеген сапаларының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді.
      Тауарлардың, соның ішінде негізгі қаражаттардың жоғалуы деп салық салу мақсатында нәтижесінде тауардың жойылуы және (немесе) жоғалуы болған уақиға ұғынылады.
      Осы Нұсқаулықтың 78-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген тауарлар бүлінген, жоғалған кезде, олардың есепке алу құнына қосылған құн салығын салуға жатпайды.
      25. Негізгі құралдарды (үй-жайлар мен жеңіл автомобильдерден, сондай-ақ қосылған құн салығы осы Нұсқаулықтың 83-тармағына сәйкес олар бойынша негізгі қаражаттардан басқа) оларды одан әрі пайдалану үшін арналған бөлшектерге бөлу мақсатында есептен шығару кезінде салық салу айналымы мақсаттарында салық салу айналымының көлемі осындай негізгі қаражаттардың есепке алу құны мен олардың бөліктерін (олардың тозғандығын есепке алып) бағалау құны арасындағы айырмашылық түрінде айқындалады.
      26. Тауарларды экспортқа сауда-делдалдық қызмет бойынша сатып алу бағасынан төмен өткізген кезде, өткізу бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын осындай тауарларды сату кезінде қолданылатын осы Нұсқаулықтың 67 және 69-тармақтарында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
      27. Қосылған құн салығын төлеуші таратылған жағдайда оның тауарларының, соның ішінде осы Нұсқаулықтың 14-тарауына сәйкес есепке алу көзделгендер бойынша қосылған құн салығымен бірге бұрын сатып алынған негізгі қаражаттар бюджетпен өзара есептесу мақсатында салық салынатын айналым ретінде қаралады.
      28. Өткізу құны мен есепке алу құны арасындағы айырмашылық түрінде алынған кіріс бұрын қосылған құн салығымен сатып алынған, қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмегендер жөніндегі тауарларды сату кезіндегі салық салынатын айналым болып табылады.
      Егер осындай тауарлар есепке алу құнынан төмен өткізілсе, онда теріс айырмашылық қосылған құн салығын салу объектісі болып табылмайды.
      29. Осы Нұсқаулықтың 22-24, 28-тармақтарында көзделген жағдайлардағы салық салынатын айналымның көлемі, қолданылып жүрген бағалардан және тарифтерден, бірақ нақты құрылған шығындардан кем емес туындап айқындалады.
      Салық төлеушінің нақты құрылған шығындары, сондай-ақ салық төлеушінің жеткізушілері қойған қосылған құн салығы сомалары көрсетілген шот-фактуралары бойынша және осы Нұсқаулыққа сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары бойынша кәсіпкерлік қызметіне байланысты шығындары тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өз құнына қосылады.
      30. Нақты құрылған шығындарды айқындауды есеп беру кезеңіндегі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша салық төлеуші жүргізеді. Нақты құрылған шығындар өздеріне "Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өз құны" 80 қосымша бөлімнің тиісті шоттарында көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өз құнын, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне байланысты шығындары және олардың есеп беру кезеңінде шығыстарға жатқызылған шығындарын қосып алады ("Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі шығындар" 81 қосымша бөлімнің және "Жалпы және әкімшіліктік шығындар" 82 қосымша бөлімінің шоттары).
      1 мысал:
      "Тұлпар" өндірістік бірлестігі наурыз айында 100 бірлік А өнімін, 200 бірлік Б өнімін және 300 бірлік В өнімін өткізді. Б өнімі баспа-бас айырбас бойынша өткізілді. Өткізілген өнімдердің әрбір түрі бойынша өз құны тиісінше 100000 теңге, 600000 теңге және 1200000 теңге құрады. Есеп беру кезеңіндегі өнімдердің бір тұтас алғандағы әрбір түрі бойынша қосылған құн салығынсыз өткізу құны: А - 150000 теңге, Б - 900000 теңге, В - 1300000 теңге құрады. Наурызда есепке жатқызылған ҚҚС бойынша кезеңдегі шығындар 300000 теңге құрады. __________________________________________________________________________ Өнімнің Есеп беру Есеп беру Өткізу Есеп беру Есеп беру Өткізу ҚҚ түрі кезеңінде кезеңін. құнында. кезеңін. кезеңін. құны мен С өткізіл. дегі өт. ғы үлес дегі шы. дегі нақ. НҚШ ара. ген өнім. кізілген салма. ғындар ты құрыл. сындағы дердің өнімдер. ғы, % ған шы. айырма. өз құны дің құны ғындар шылық (2гр.+ 5гр.) ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 ___________________________________________________________________________ А 100000 150000 Х Х ___________________________________________________________________________ Б (баспа- 600000 900000 38,3 114900 714900 +185100 - бас айырбас) ___________________________________________________________________________ В 1200000 1300000 Х Х ___________________________________________________________________________ Барлығы 1900000 2350000 100 300000 2200000 __________________________________________________________________________
      Егер, баспа-бас айырбас бойынша қосылған құн салығынан босатылған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер өткізілген жағдайда, пайда болған айырмашылық қосылған құн салығын салуға жатпайды.
      31. Салық салынатын айналымына акцизделген тауарлар жөніндегі акциз сомалары қосылады.
      32. Қызмет көрсетулерді, жұмыстарды орындауды осындай көмек көрсеткен демеушілер мүддесі үшін демеушілік көмек қаражаты есебінен жүргізілген кезде, осы қызмет көрсетулердің, жұмыстардың қосылған құн салығымен жалпы белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
      33. Аукциондарда лот ретінде қойылатын тауарлар қосылған құн салығын салу объектісі болып табылады. Егер аукционда салық органының шешіміне сәйкес өкімденуі шектелген тауарлар өткізілген жағдайда, мүлкін өкімдену шектелген тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылады.
      34. Үй-жайларды тұрғызу және жөндеу бойынша құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезінде салық салынатын айналым тапсырушылардың төлеуге және орындауға қабылданған жұмыстарының құны болып табылады. Егер құрылыс немесе жөндеу мердігерлер материалдарынан жүзеге асырылса, осындай материалдардың құны салық салынатын айналымға кіреді.
      35. Егер, шарт жағдайлары бойынша тұрғын үй құрылысын мердігерлік ұйымдар жүзеге асырса және бұл ретте, тапсырыс беруші мердігерлік ұйымдарды құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету міндетіне алса, тапсырыс берушінің бұрын қосылған құн салығымен сатып алған аталған құрылыс материалдарын мердігерге беруі қосылған құн салығын есепке алмаған бағалар бойынша жүргізіледі. Бұдан әрі, құрылысқа пайдаланылған құрылыс материалдары бойынша бұрын есепке жатқызылған орындалған жұмыстардың актілерін төлеуді қабылдау шаралары бойынша қосылған құн салығы есептен шығарылып тастауға және салынып жатқан (салынған) объектінің құнына қосылуға жатады. Бұл ретте, мердігерде осындай құрылыс материалдарының құны орындалған жұмыстар актілерінде жеке жолмен көрсетіледі және салық салынатын айналымға қосылған құн салығын есептеу мақсатында қосылмайды.
      36. Жеке өндірістік қажеттілік үшін шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары есептен шығарылып тастауға құрылыстың немесе объектінің құнын арттыруға жатқызуға жатады. Аталған салық сомаларын есептен алып тастау құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді жіберу шамасы бойынша жүргізіледі. Шаруашылық тәсілімен салынған үй-жайларды сату кезінде растайтын құжаттардың барлығы кезінде объектінің (үй-жайдың) құнына ұлғаюға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы оның құнынан алып тастауға және шегерімге жатқызылуға жатады.
      37. Тасымалдауды жүзеге асырушы салық төлеушілер жол жүру билеттерін өткізу кезіндегі салық салынатын айналымына осындай салық төлеушілердің жеке күшімен жүзеге асырылатын тасымалдау жөніндегі қызмет көрсету бөлігіндегі билет құны қосылады.
      Жасалған шарттар бойынша басқа да тасымалдаушыларға жол жүру билеттерін өткізу кезіндегі салық салынатын айналым билеттерді сату бойынша көрсетілетін қызмет негізінде айқындалады. Тасымалдаудың өз құны осы тасымалдауды тікелей жүзеге асырушы салық төлеушінің салық салынатын айналымына қосылады. Тасымалдауды жүзеге асырмайтын салық төлеушілердің жол жүру билетін өткізу жөніндегі агенттік қызмет көрсетуді ұсыну кезіндегі салық салынатын айналым да осындай тәртіппен айқындалады.
      Жол жүруге билеттерді сату бойынша агенттік қызмет көрсету кезіндегі салық салынатын айналымның көлемі агент алуға жататын комиссиялық сыйақы негізінде айқындалады.
      38. Тасымалдарды тікелей жүзеге асырмайтын көлік-экспедиторлық қызмет көрсетулерді көрсететін салық төлеушілерде салық салынатын айналымға тасымал құны енгізілмейді.
      39. Қазақстан Республикасының аумағында маршруттар бойынша туристік қызмет көрсетулер мен жолдамаларды сатуды көрсетуші салық төлеушілерде салық салынатын айналым жолдама құны болып табылады.
      40. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туристердің келуімен байланысты маршруттар бойынша туристік қызмет көрсетулер мен жолдамаларды сатуды көрсетуші салық төлеушілерде салық салынатын айналым Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туристерге қызмет көрсету бойынша шетелдік әріптестер көрсететін қызмет көрсету құны және жолаушылар мен жүкті өткізу құнынан басқа осындай жолдамалардың құны болып табылады.
      41. Алыс-беріс шикізаты мен материалдардан өнімді дайындау кезінде салық салынатын айналым оларды ұқсату (өңдеу, жөндеу) бойынша қызмет көрсетулердің құны болып табылады.
      42. Ұқсатуға (өңдеуге, жөндеуге) жіберілетін алыс-беріс шикізаты мен материалдар салық салынатын айналымға енгізілмейді.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұқсатуға (өңдеуге, жөндеуге) әкетілетін алыс-беріс шикізаты мен материалдар егер "Кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату" режиміне сәйкес әкетілген жағдайда, олар салық салынатын айналымға енгізілмейді.
      "Тауарлар экспорты" режиміне "Кеден аумағынан тыс тауарларды ұқсату" режимі өзгерген жағдайда, бұрын әкетілген алыс-беріс шикізаттары мен материалдар немесе оларды ұқсатудың өнімдері белгіленген тәртіпте салық салынатын айналымға енгізіледі.
      Сондай-ақ оларды одан кейінгі жөндеу үшін Қазақстан Республикасы шегінен тыс тауарларды әкету жағдайында осы тармақтың ережесі қолданылады.
      43. Алыс-беріс шикізаты мен материалдардан өндірілген тауарларды ұқсату (өңдеу, жөндеу) бойынша қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) төлеу жағдайында мұндай тауарлардың құны салық салынатын айналымға енгізіледі.
      44. Көп айналымды ыдысты пайдаланумен тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілерде егер оған жіберілетін дайын өнімін ыдысының құны осы ыдысты сатып алудың құнына тең кепіл құны болып табылатын салық салынатын айналымға енгізілмейді.
      45. Көп ыдысты ыдыс болып оған босатылатын өнімді сату құны енгізілмейтін құн және осы өнімді жеткізуге шартпен (келісім-шартпен) белгіленген жағдайларда және мерзімде жеткізушіге қайтаруға жатады. Көп ыдысты (қораптар, полиэтилен пакеттері және басқа да қораптау материалдары) болып табылмайтын ыдыс құны салық салынатын айналымға енгізіледі.
      46. Кепіл ұстаушыға кепіл берушінің кепіл мүлкін (тауарларын) беру кезінде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері алынған несие қаражаттарының мөлшерін ескеріп айқындалады.
      Қосылған құн салығын төлеу бойынша міндеттеме кепіл берушіде несие қаражаттарын өтеу мерзімінің аяқталуы бойынша кепіл мүлкін (тауарларды) кепіл ұстаушыға беру сәтінде туындайды.
      Бұл орайда, шот-фактура жеке жолмен көрсетіп берілетін қосылған құн салығынан оны бөлумен бірге несие қаражаттарын кепіл ұстаушыдан алынған сомаға жазылып беріледі және салық салынатын айналымға енгізілмейді.
      Егер кепіл мүлкі несие қаражаттарын өтеу мерзімінің уақытына кепіл берушіде қалдырылса және аталған мерзім ішінде олар кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелерін орындамаса, онда бұл жағдайда кепіл беруші шот-фактураны несие қаражаттарын өтеу мерзімінің аяқталуы бойынша жазып береді.
      Кепіл ұстаушыда қосылған құн салығын төлеу бойынша міндеттеме кепіл берушіден тартып алынған кепіл мүлкін сату сәтінде туындайды. Кепіл мүлкін (тауарларды) сату кезінде салық салынатын айналым мөлшері ол бойынша құннан төмен емес сатылатын мүлік құны негізінде айқындалады. Аталған мүлікті сатып алу бағасы олар бойынша есептелген сыйақыларды (мүдде) ескерусіз берілген несие қаражаттарын құны мөлшерін ескеріп айқындалады.
      Кепіл ұстаушы кепіл берушіге қойылған шот-фактура бойынша қосылған құн салығы сомасына төлемдерге шегерімге (кему) жатқызуға құқығы бар.
      Егер осы Нұсқаудың 52 және 53-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған тауар кепіл мәні болып табылса, онда осындай мүліктің құны кепіл берушіде де кепіл алушыда да салық салынатын айналым ретінде қарастырылмайды.
      Автомобильді сату кезінде салық салынатын айналым мөлшері кепіл ұстаушыда егер мұндай автомобиль негізгі қаражат ретінде кепіл ұстаушыда пайдаланылмаса оны сату құнынан ескеріп айқындалады.
      47. Жылуды, электрэнергиясын, суды және газды өндіру, тарату және тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер негізіндегі салық салынатын айналым өзіне олар бойынша төлем жүргізілген сату негізіндегі айналымды, сондай-ақ оларды сату 60 күнде аяқталған сәттен бастап енгізеді.
      48. Машина жасау, химия өнеркәсібі және резина мен пластмасса бұйымдарын өндіру өнімдерін өндіру және сату бойынша салық салынатын айналым өзіне олар бойынша төлеу жүргізілген сату бойынша айналымдарды, сондай-ақ оларды сату 90 күнде аяқталған сәттен бастап енгізіледі.
 
      6-тарау. Салық салынатын айналымның өзгеруі
      49. Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны өзгерген жағдайда тиісінше салық салынатын айналымның мөлшері өзгереді.
      Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құнының өзгеруі аталған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) келісім-шарт (шарт) бағасының өзгеруін білдіреді.
      Есепті кезеңде салық салынатын айналым мөлшерін айқындау кезінде жіберілген Қосылған құн салығы бойынша декларациядағы арифметикалық және техникалық түзету сатылған тауарлардың құнының өзгеруі ретінде қарастырылмайды.
      50. Салық салынатын айналымның өзгеруі шетел валютасындағы осындай төлемді алу жағдайларынан басқа жеткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлем алу сәтінде де жүргізіледі. Осы тармақтың ережесі егер оларды сату бағасы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізуге шартта (келісім-шартта) теңгенің валюталық эквивалентіне бекітумен тіркелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) тиеу сәтіне есептелген сату құнына және теңгедегі алынған ақша қаражаттарының сомасының арасындағы айырым сомасына ұлғайтуға (кемітуге) жатады.
      51. Егер жіберілген тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлемнің бөлшегі немесе барлығы күмәнді талап болатын болса, онда салық төлеушінің күмәнді талаптың туындауымен байланысты қосылған құн салығы ескерілген есепті кезеңнің аяқталуынан кейінгі екі жылдың аяқталуы бойынша ғана бюджетке енгізуге жататын соманы кемітуге құқығы бар.
      Осы тармақпен көзделген күмәнді талаптар бойынша қосылған құн салығы сомасын шегерімге жатқызуға салық төлеушінің құқығы бар салық төлеуші пайдаланғаннан кейін жіберілген тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлемді алу жағдайында салық салынатын айналым төлем жүргізілген сол есепті кезеңдегі аталған төлем құнына ұлғаюға жатады.
 
      7-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
      52. Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналым қосылған құн салығынан босатылады:
      1) салынған объектіні бірінші сатудан басқа үй-жайлар мен ғимараттарды сату және (немесе) жалға алу бойынша қонақ үйлерде тұрғаны үшін төлем. Үй-жай деп халықтың еңбегі, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық құндылықтарды сақтау үшін жағдай жасауда тағайындалуда тұратын архитектуралық-құрылыс объектілері түсініледі.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін салынған үй-жайдың бірінші сатуы мынау болып табылады:
      - мердігерлік тәсілмен үй-жайдың құрылысын жүзеге асыру жағдайында - тапсырыс берушінің салынған үй-жайдың құрылысын жүзеге асыру жағдайында;
      - шаруашылық тәсілімен үй-жай құрылысын жүзеге асыру жағдайында - осы үй-жайға меншік құқығын басқа тұлғаға беру сәтінде;
      2) автомобильдерді немесе көлік құралдарын қою және сақтау үшін учаскені беруге төлемнен басқа жерді иелену және пайдалану мен (немесе) жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша.
      Осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларының ережелері сондай-ақ үй-жайларды және оның бөлмелерін, жерді және жер учаскелерін мердігерлік жалға қатысты қолданылады;
      3) сейфтік операциялардан басқа қаржылық қызмет көрсетулер, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды жіберу, сондай-ақ құжаттық нысанда шығарылған құнды қағаздарды сақтау бойынша қызмет көрсетулер.
      Қаржылық қызмет көрсетулер деп мыналар ұғынылады:
      банк операциялары.
      Банк операцияларының тізбесін Банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңдары белгілейді.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді ұйымдастыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетулері, бағалы қағаздармен операциялар;
      сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялар;
      чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;
      негізгі қаражаттардың лизингі;
      зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрсетулер;
      зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу және енгізу бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет көрсетулері;
      4) почта маркаларын (коллекциялықтан басқа), маркіленген конверттер мен открыткалар, акциздік алым маркалары;
      5) егер олар балаларды, қарттар мен мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетумен, мәдениет, ғылым, дене тәрбиесі және спорт саласындағы қызмет көрсетумен, діни ұйымдардың әдет-ғұрыптарын және салтанаттарын өткізумен байланысты болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар немесе қызмет көрсетулер;
      6) мемлекеттік баж алынатын уәкілетті мемлекеттік органдар орындайтын қызмет көрсетулер;
      7) жерлеу-ғұрыптық қызмет көрсетулер, зират және крематорийлер қызмет көрсетулері;
      Жерлеу-ғұрыптық қызмет көрсетулерге табыттарды, құлпытас, ескерткіштер дайындауды, жерлеу орындарын жөндеу бойынша жұмыстарды қоса жерлеу бюроларының, зираттар мен крематорийлердің ғұрыптық қызмет көрсетулеріне жатады;
      8) геологиялық барлау және геологтық-іздестіру жұмыстары;
      Осы жеңiлдiк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұжырымдалған шарт бойынша заңды және жеке тұлғалармен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды:
      жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
      қазба жұмыстарын қоса атқару және жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
      жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүзеге асыру.
      Осы жеңiлдiк көрсетiлген заңды және жеке тұлғалар мердiгерлерiмен және қоса мердiгерлерiмен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды.
      Геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына жүзеге асырылатын мынадай жұмыстар түрлерi жатады:
      - жер қойнауы, сейсмикалық болжау жағдайына мониторинг жүргізу;
      - геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсірулер;
      - пайдалы қазбаларға перспективаларды айқындаумен тұтастай алғанда республика аумағында геологиялық құрылымды зерттеу;
      - теңіз геологиялық-геофизикалық, ғылыми және тақырыптық зерттеулер;
      - жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізі болып табылатын мемлекеттік геологиялық картаны жасау,
      - пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру және барлау және оларды бағалау;
      - геологиялық барлау және геологтық-іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде тікелей пайдаланылатын мүлікті тасымалдау;
      - әзірлеуге көмірсутегі және минеральдық шикізат кен орындарын (тыңайған жер) барлауға, бағалауға және дайындауға қамтамасыз ететін зертханалық, топографтық-геодезиялық, карта жасау, бұрғылау, таукенқазба және басқа да жұмыстар.
      Арнайы, тиісті жұмыстарды қоса геологиялық барлау және геологтық-іздестіру жұмыстардың нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды, геологиялық жұмыстардың өндірісіне талаптарға, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді, геологиялық объектіні зерттеу және ерекшеліктері мақсатын ескеріп әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объекті бойынша жер қойнауын пайдаланушыда бар жобалау-сметалық құжаттаманы (жұмыс бағдарламасын) айқындайды.
      Арнайы жұмыстардың кейбір түрлері (сызба-ресімдеу, сараптама және т.б.) басқа да арнайыландырылған ұйымдардың күшімен орындалуы мүмкін және геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы жұмыстарды орындаудың қажеттілігі геологиялық объектінің жобалау-сметалық құжаттамасында (жұмыс бағдарламасында) негізделеді және көрсетіледі. Бұл орайда, жеңілдік жер қойнауын пайдаланушылармен осы жұмыстарды орындауға тікелей шарттар жасасқан ұйымдарға ғана қолданылады;
      9) оларды сату бойынша қызмет көрсетулерден басқа лотерея билеттерін сату бойынша айналымдар;
      10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналымдар;
      11) халықаралық тасымалдармен байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер.
      Қосылған құн салығынан босату оларға тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар қосылған құн салығын ескеріп қалыптастырылатын саудадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер (қатысушы мемлекеттерден) халықаралық тасымалдармен байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қатысты қолданылмайды.
      Халықаралық тасымалдармен байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерге осы тармақшаның мақсаты үшін мынадай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қатысты:
      а) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспортталатын түсіру, тиеу, қайта тиеу, жіберу бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер.
      Егер қайта тиеу процесінде көліктің бір түрінен екіншісіне экспортталатын тауарларды қайта тиеуді жүзеге асыратын салық төлеуші аталған тауарларды сақтау бойынша қызмет көрсете, онда сақтау бойынша мұндай қызмет көрсетулер халықаралық тасымалдармен байланысты жүзеге асырылатын қызмет көрсетулерге жатады және қосылған құн салығынан босатылады;
      б) жолаушыларды, жүкті, халықаралық байланыстағы почтаны, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалмен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер біртұтас халықаралық тасымал және өткізу құжаттарымен оларды ресімдеу шарты кезінде ғана.
      Халықаралық рейстерге билеттерді сату бойынша агенттің қызмет көрсетулері егер жолаушыларды жеткізу пункті және оның қол жүгі Ресей Федерациясынан басқа Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасса қосылған құн салығынан босатылады.
      Қосылған құн салығынан агентте босатылған сату бойынша айналым оның комиссиондық сыйақы болып табылады. Егер агент өз кезегінде жеңілдік беретін жағдайда қосылған құн салығынан босатылған сату бойынша айналым осындай агент алған және берген жеңілдіктер арасындағы айырма түрінде айқындалады;
      в) шетелдік әуе кемелерін лидирлеу (шетелдік әуе кемесін бірге шығарып салу үшін штурмандарды беру);
      г) халықаралық рейстерді техникалық, коммерциялық, аэронавигациялық және аэропорттық қызмет көрсету.
      Жанар-жағармай материалдары бойынша қосылған құн салығын төлеуден босату бойынша шарттарды келісетін әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарға (Келісім-шарттарға) сәйкес ресми тасымалдаушы болып тағайындалған шетелдік компаниялардың халықаралық рейстерін жүзеге асыратын ұшақтарға май құю қосылған құн салығының бағасынсыз жүргізіледі;
      12) Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамы, асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің республикалық қоғамы, "Бибі-Ана", Қазақ соқырлар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, сондай-ақ олардың өндірістік ұйымдары егер мұндай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) (сауда-делдалдық қызметтен және акцизделген тауарларды өндіру және сату бойынша айналымдардан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналымдардан басқа) сату бойынша айналымнан босатылады:
      мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлерінің жалпы санынан 51 проценттен кем емесін құрайды;
      мүгедектердің еңбекақысын төлеу қоры жалпы еңбекақына төлеу қорының 51 процентін құрайды (есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалту бойынша оларда жұмыс істейтін мүгедектер 35 проценттен кем емесін құрайтын өндірістік ұйымдар үшін);
      осы тармақшада көрсетілген қоғамдардың меншігі болып табылады және толығымен олардың қаражаты есебінен құрылған;
      алынған кірістер оларды құрған қоғамдардың жарғылық мақсатын іске асыру үшін жіберіледі;
      13) мемлекеттік меншікті жекешелендіру;
      14) жарғылық капиталға жарналар;
      15) жарғылық капиталға жарна ретінде бұрын алынған мүлікті қайтару;
      16) мектеп оқулықтары мен мектеп оқу көмекші құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға жіберген орта кәсіптік және жоғары кәсіби оқу орындары үшін оқу көмекші құралдарын шығару және (немесе) сату бойынша айналымдар;
 
      17) "SОS-Қазақстанның балалар деревнялары" қорын ұйымдастырумен, құрылысын салумен және жұмыс істеуімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденттері сатып алатын және қызмет көрсететін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер);
      Ескерту: 17-тармақ 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды -
               ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі
               N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні жоғарыдан қараңыз)
 
      18) жарнамалық қызмет көрсетуді беру және (немесе) баспа материалының 2/3-тен астам көлемін жарнама құрайтын мерзімді баспа басылымдарынан басқа отандық өндірістің газет және журнал өнімін сатуды қоса шығару бойынша айналымдар;
      Ескерту: 18-тармақ 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды -
               ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі
               N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні жоғарыдан қараңыз)
 
      19) субстанция дәрілерді, оның ішінде ішкі дәріханалық дайындаудағы дәрілік заттарды; протездік-ортопедиялық бұйымдар; дәрілік заттарды шығару үшін материалдар; медициналық бағыттағы және медициналық техникадағы бұйымдар, сондай-ақ оларды шығару үшін материалдар мен жинақтаушылар үшін материалдарды сату бойынша айналымдар.
      Салықтан босатылған дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық бағыттағы және медициналық техникадағы бұйымдардың, сондай-ақ оларды шығару үшін материалдар мен жинақтаушылар үшін материалдардың тізбесі "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 P000378_ Қаулысымен белгіленген.
      Медициналық техника мен медициналық жабдықты жөндеу, пайдалануға беру қосылған құн салығынан босатылмайды;
 
      20) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелері, түзету мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жүзеге асыратын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерін) сату бойынша айналымдар;
      Ескерту: 20-тармақ 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды -
               ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі
               N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні жоғарыдан қараңыз)
 
      21) заңды тұлғалар, сондай-ақ білім қызметін жүргізу құқығына лицензия бойынша заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар жүзеге асыратын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жалпы бастапқы, жалпы негізгі, жалпы орта, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік, жоғарғы кәсіби білім саласындағы білім қызмет көрсетулері бойынша айналымдар.
      Орта, арнайы орта және жоғарғы білім саласындағы білім қызметін жүргізу құқығына лицензия беру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
      22) заңды тұлға, сондай-ақ медициналық қызметті жүргізу құқығына лицензия бойынша заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалар жүзеге асыратын косметологиялықтан басқа медициналық қызмет көрсетулерді көрсетулер бойынша айналымдар.
      Медициналық қызметті жүргізуге құқыққа лицензия беру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жөніндегі агенттігі болып табылады.
 
      23) әскери бөлімдер үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік кәсіпорындары жүзеге асыратын коммуналдық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар;
      Ескерту: 23-тармақ 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды -
               ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі
               N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні жоғарыдан қараңыз)
 
      24) осы Нұсқаулықтың 65-тармағында көрсетілгендерден басқа тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сату бойынша айналымдар;
      25) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналымдар.
      Гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналымдардан босату Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 5 шілдедегі N 661 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылдың 28 тамызында N 1237 V001237_ мемлекеттік тіркеуден өткен "Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатуда, сондай-ақ гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің Нұсқаулығымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады;
      26) "Байқоңыр" кешенінің объектілер мүлкінің базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін қызмет көрсетулер;
      27) тергеу, алдын-ала іс жүргізу және соттарда заңды және жеке тұлғаларды көрсету және қорғау бойынша қызмет көрсетулер;
      28) мемлекеттік мекемелер пайдасына тегін негізде негізгі қаражаттарды беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тегін негіздегі негізгі қаражаттарды беру.
      Ескерту: 52-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      Ескерту: 52-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1734 бұйрығымен. V011735_
 
      53. Егер салық төлеуші салық төлеуші жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды немесе кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған жеке бөлігін басқа салық төлеушіге берген (сатқан) жағдайда, онда беру (сату) қосылған құн салығынан босатылады. Осы ереже жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен берілген құқықты беруге де қолданылады.
      Кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған жеке бөлшегі деп кәсіпорынның (тәуелсіз) басқа объектілерден бөлек жұмыс істейтін кәсіпорынның бөлшегі түсініледі, онда функциональдық басшы белгілі функциялардың, жұмыстардың (өндірістік, технологиялық, әлеуметтік, жобалық және т.б.) орындалуын жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды немесе кәсіпорынның жеке жұмыс істейтін бөлшегі олар бойынша міндеттемелерді және (немесе) олардың қалыптастыру көздерін, берілетін активтерін көрсете отырып бөлу және тарату балансының немесе беру актісінің негізінде қосылған құн салығынан босатылады. 8-тарау. Тауарлар экспорты 54. Тауарларды экспорттауға: - түсті және қара металл сынықтарын; - Ресей Федерациясына табиғи газды, мұнайды (тұрақты газ конденсатын қоса алғанда);
      - тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезінде қосылған құн салығы ескерілген баға қолданылатын мемлекеттерге экспорттауды есептемегенде, нөлдік ставка бойынша салық салынады.
       Экспортқа тауарларды өткізу, Ресей Федерациясына экспорттауды қоспағанда және тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезінде қосылған құнға салынған салықтың бағасын қолданатын мемлекеттерге тауарларды экспорттау жағдайларын есептемегенде, нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
      Ескерту: 54-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
 
      55. Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз қосылған құнға есептелген соманың мөлшері нөл процентке теңестіру болып табылады. Тауарларын нөлдік ставка бойынша сататын салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша салық сомасына (бюджет төлемінің кемуі) есептеуге құқылы.
      56. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық төлеушілерге кәсіпкерлік қызметінде пайдаланатын тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алған, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы бюджеттен аталған айналымдар мақсатында пайдаланған, осы Нұсқаулыққа берілген қосымшада көзделген тәртіпте қайтарылады.
      57. Тауарлар экспортын растау болып:
      1) экспортталатын тауарларды жеткізу шарты (келісім-шарты);
      2) тауар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан сырт жерлерден әкелінген тауарлар өткізілетін жіберу пункті бар кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы.
      Магистральдық құбыр арнасы жүйесі бойынша немесе электр беру желісімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып, экспортталатын тауарларды жүзеге асыру кезінде, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгісі соғылған толық жүк кеден декларациясы көрсетіледі;
      3) Қазақстан Республикасының шекаралық кеден органдарының белгісі соғылған немесе тауарға ілесіп жүретін құжаттардың көшірмесі тауар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Тауарлар экспорты қандай көлік түрін пайдалана отырып тасымалдағанына байланысты, ондай құжаттар коносамент немесе оның көшірмесі, халықаралық жүргізу көлігімен халықаралық тауартасу жүк құжаттамасы, халықаралық әуе жүкқұжаттамасы немесе теміржол жүк құжаттамасы болып табылады.
      Ал тұрба жүргізу көлігімен тауарлардың экспорты жағдайында - жеткізілім орнына дейін қабылдау-тапсыру пунктіне экспортталатын тауарларды беруді қабылдау, тауарларды әкеткен жағдайда ілесіп жүретін құжаттардың орнына тауарларды қабылдап алу-беру актісі табыс етіледі.
      4) салық органдары қажет жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарымен экспорт режиміне сәйкес ресімделген жүк кеден декларациясында көрсетілген тауарлардың нысаналы елдердің органдарына еркін айналыс үшін Қазақстан Республикасының аумағынан шығару режимінде экспортталғанын тауарлардың кедендік ресімдеулерінің өндіру фактісін растау жөнінде өтініш жасай алады.
      58. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұрын тысқары әкетілген тауарларды одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда кеден аумағынан тыс ұқсату режимінде немесе оларды ұқсату өнімдерінің экспортын растау осы Нұсқаулықтың 54-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Бұл жағдайда нөлдік ставканы қолданудың негізі болып тіркеу есебінде тұрған жері бойынша салық органына мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) экспортталатын ұқсату өнімдерін немесе тауарларды жеткізу жөніндегі шет елдік тұлғамен жасасқан шарт (келісім-шарт), сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасы аумағы шегінен тысқарыда ұқсату шарты (келісім-шарты);
      2) кеден аумағынан тысқарыда ұқсатылған тауарлар режимінде ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы немесе оның көшірмесі;
      3) кеден аумағында ұқсатылған (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) тауарлар режимінде шет ел аумағында жүзеге асырған алыс-беріс шикізатын ұқсатуға әкелу кезінде ресімделген кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясының көшірмесі;
      4) экспорт режимінде ұқсатуға әкелінген тауарлар мен өнімдерді қайта ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясы;
      5)
      6) мемлекет аумағына ұқсатуға мемлекет аумағынан оларды ұқсату тауарларды немесе өнімдерді әкелу кезінде экспорт режимінде рәсімделген кеден жүк декларациясының көшірмесі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес және осындай рәсімдеу кеден органымен расталған тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады. Экспорттық кеден декларациясында алыс-беріс тауарларын ұқсатуға әкелу кезінде рәсімделген бұрынғы кеден декларациясының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      7) оның аумағына ұқсатуға тауар әкетілген мемлекеттің кеден органдарының белгілерімен тауардың нысаналы мемлекет шекарасына тауардың немесе оны ұқсату өнімін, сондай-ақ олардың аумағында тауар немесе оны ұқсату өнімі өтетін транзит мемлекеттерінің өтуін растайтын тауар ілеспе құжаттарының көшірмелері.
      Ескерту: 58-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      59. Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлардың экспорты жағдайында растайтын құжаттар, осы Нұсқаулықтың 57-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетілген тауарлардың импорты елінде рәсімделген жүк кеден декларациясының көшірмесі болып табылады. Ескерту: 59-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 60. Тұрақты газ конденсатын қоса табиғи газдың, мұнайдың Ресей Федерациясына экспортына осы Нұсқаулықтың 67-тармағында көзделген ставка бойынша қосылған құн салығы салынады. Ескерту: 60-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 60-1. Осы Нұсқаулықтың 20-бөліміне сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте ашылған салық төлеушінің шотына ол бойынша валюта түсімі түскен тауарлар экспорты ескеріледі. Ескерту: 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 9-тарау. Халықаралық тасымалдарға салық салу
      61. Жолаушылардың, тауарлардың, жануарлардың, жүктің және почтаның халықаралық тасымалына нөлдік ставка бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспортына қосылған құн салығын салуды көздейтін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер жүзеге асыратын тасымалдардан басқа нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      62. Халықаралық тасымалдар деп Қазақстан Республикасының аумағынан басқа мемлекеттердің аумағына (Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттердің аумағынан) тауарларды, жолаушыларды, жүкті, почтаны, жануарларды, сондай-ақ транзитті тасымалдау түсініледі.
      63. Тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде салықтың нөлдік ставкасы мынадай негіздерде қолданылады:
      1) оларды жеткізушілермен тікелей жасалған экспортталатын тауарларды тасымалдауға шарт (келісім-шарт);
      2) тауарларды жеткізуге (экспорт) шарт (келісім-шарт) көшірмесі;
      3) тауарлардың барлық маршрутының жүру жолындағы тасымал құжаттарымен тасымалды рәсімдеу;
      4) экспортталатын тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілерімен бірге толық жүк кеден декларациясы.
      64. Жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде нөлдік ставканы қолдану қосылған құн салығын ескерместен қалыптасатын тауарларға бағалармен оларға саудада мемлекет аумағында орналасқан жолаушылар мен оның жүгінің тағайындалу пункті жағдайы кезінде жол жүруге билеттердің негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 64-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
 
      10-тарау. Тігін, тоқыма, тері-аяқ киім өнеркәсібінің өнім салаларына
                салық салу
      65. Тігін, тоқыма, тері-аяқ киім өнеркәсібінің өз өндірісі салаларының өнімін Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасы резиденттерінің сатуы нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      Алыс-беріс шикізаты және материалдардан тігін, тоқыма және тері-аяқ киім өндірісі кезінде қосылған құн салығымен салық салу объектісі 16 проценттік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын оларды ұқсату (өңдеу) бойынша қызмет көрсетулердің құны болып табылады.
      Алыс-берісшінің аталған алыс-берісші өндірген алыс-беріс шикізаты мен материалдардан дайындалған дайын өнімді сату нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығымен салынады.
      Ұқсас тәртіп дербес тапсырыс бойынша өнімді өндірумен айналысатын тігін және тері-аяқ киім ұйымдарына қатысты қолданылады. Ескерту: 65-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 11-тарау. Тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаға салық салу 66. Қазақстан Республикасындағы резиденттердің өз өндірісі - тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сатуына нөлдік ставка бойынша салық салынады. Өз өндірісі - тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сату кезінде нөлдік ставканы қолдану осы Нұсқаулықтың 65-тармағымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 11-1-тарау. Теледидарлық және радиотарату ұйымдарының өніміне салық салу Ескерту: 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ Ескерту: 11-1-тарау 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен. (бұйрықтан үзіндіні жоғарыдан қараңыз)
      66-1. Өз өндірісінің телеөнімі мен (және) радиоөнімін шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теледидарлық және радиотарату ұйымдары жүзеге асыратын жарнама қызметтері (сату үшін дайындалған көркем киноөнімдерінен, бейнеклиптер мен жарнама роликтерінен басқа) бойынша айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
      Осы норма баспа істері және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде қолданылатын Қазақстан Республикасының теледидарлық және радиотарату ұйымдарына қолданылады.
      Осы тармақтың мақсаты үшін теледидарлық және радиотарату ұйымдары деп Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі берген бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлігі бар заңды тұлғалар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері түсініледі. 12-тарау. Салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының ставкалары 67. Қосылған құн салығының ставкасы осы Нұсқаулықтың 68-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа салық салынатын айналым мөлшерінен 16 процентке теңеледі. Ескерту: 67-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 68. Нөлдік ставка бойынша осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 11, 11-1-тарауларымен көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сату бойынша айналымдарға салық салынады. Ескерту: 68-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 69. Ескерту: 69-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ 13-тарау. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы 70. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Нұсқаулықтың 14-тарауына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық сомасы және осы Нұсқаулықтың 12-тарауына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген салық сомасының айырмасы ретінде айқындалады. 14-тарау. Бюджетке жарнаны айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы
      71. Шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы нөлдік ставка бойынша айналымды қоса салық салынатын айналымның мақсаты үшін пайдаланылған немесе пайдаланылатын есепті кезеңдегі орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер, негізгі қаражаттарды қоса (үй-жайлар мен жеңіл автомобильдерді қоса) нақты келіп түскен тауарлар бойынша қойылған шот-фактуралар негізіндегі жеткізушілерге салықты төлеушілер төлеуге тиіс салық сомасы табылады.
      72. Негізгі қаражаттарды қоса (жеңіл автомобильдерден басқа) импортталатын тауарлар бойынша шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарып беруге жатпайтын және Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіпте төленген Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес рәсімделген жүк кеден декларациясында көрсетілген салық сомасы болып табылады.
      73. Шегерімге мемлекеттік материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резерв бойынша уәкілетті орган жазып берген жіберуге құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы жатады.
      Мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) болып табылады.
      Мемлекеттік материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша қосылған құн салығы негізіндегі шегерімге жататын құжат жіберілген тауарлардың құны мен қосылған құн салығының сомасы көрсетілген Р-28 нысанындағы Агенттік жазып берген наряд болып табылады.
      Р-28 нысаны бойынша Агенттік жазып берген наряд негізінде кімнің атына наряд жазып берген ұйым нарядта көрсетілген қосылған құн салығын шегерімге жатқызады. Агенттіктен алынған тауарларды одан кейінгі сату Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылдың 11 қыркүйегінде N 1241 мемлекеттік тіркеуден өткен Мемлекеттік кіріс министрінің 2000 жылғы 14 шілдедегі "Шот-фактуралар нысандары және оларды қолдану тәртібі туралы" N 712 V001241_ Бұйрығымен белгіленген тәртіпте рәсімделген шот-фактураларды қолданумен жүзеге асырылады.
      Ескерту: 73-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      74. Негізгі қаражаттардың орындалған жөндеуі бойынша қосылған құн салығы шегерімге жатқызуға жатады.
      Үй-жайлардан басқа негізгі қаражаттарды жөндеуге шығыстар бойынша қосылған құн салығы толық көлемде шегерімге жатқызылады.
      Үй-жайларды жөндеуге шығыстар бойынша қосылған құн салығы амортизациялық аударымдарға есептеу үшін салық төлеуші қолданатын кезең үшін шегерімге жатқызылатын жөндеу бойынша шығыстар сомасынан ескеріп есептелген мөлшерде шегерімге жатқызылады, салықтың қалған бөлігі үй-жайдың құнының ұлғаюына жатқызылады.
      75. Осы Нұсқаулықтың 75-тармағының ережесі жалға алынатын негізгі қаражаттарды жөндеуге қатысты да қолданылады.
      76. Егер жалға алынатын негізгі қаражаттарды жөндеу, оның ішінде үй-жайлар бойынша шығыстар жалға алу төлем, сондай-ақ жалға алу шартының мерзімі аяқталу немесе оны бұзу кезіндегі құнға енгізілсе жалға алушының жөндеу құны салық салу объектісі ретінде қаралады. Бұл жағдайда жөндеуге шығыстар бойынша қосылған құн салығы шегерімге жатқызылуға жатады.
      77. Жеткізушіге аталған тауарларды төлеуге жататын салық сомасын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын қосылған құн салығымен Ресей Федерациясында сатып алынған, тұрақты газ конденсатын қоса, табиғи газ, мұнай бойынша (бұдан әрі - тауарлар) қосылған құн салығы жеке жолмен бөлінген осындай жеткізушіге қойылған шот-фактуралар болып табылады.
      Ескерту: 77-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      78. Қосылған құн салығы мынадай жағдайларда шегерімге жатқызуға жатпайды:
      1) салық салу мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға жатпайтын алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша;
      2) салық төлеуші негізгі қаражат ретінде пайдаланатын алынған жеңіл автомобильдер, үй-жайлар бойынша;
      3) егер қосылған құн салығы салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын іс-шараларды өткізумен байланысты тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді алумен байланысты жеткізушіге төлеуге жатады;
      4) тегін алынған мүлік бойынша.
      Ескерту: 78-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      79. Шегерімге жатқызылмайтын үй-жайлар мен жеңіл автомобильдер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы амортизация сомалары арқылы салық төлеушінің шығыстар құрамына енгізіледі.
      Қалған жағдайларда шегерімге жатқызылмайтын қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте салық төлеушінің шығыстарына жатады.
      80. Шегерімге бұрын қабылданған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша күмәнді міндеттемелерді есептен шығару кезінде қосылған құн салығының сомасы оны шегерімге жатқызу сәтінен екі жыл аяқталуы бойынша шегерімнен алып тастауға жатады.
      Егер күмәнді талаптарды есептен шығарудан кейін салық төлеуші тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлем жүргізген жағдайда аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша салық сомасы төлем жүргізілген сол есепті кезеңде шегерімге жатады.
      81. Осы Нұсқаулықтың 75-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеткізушілерге төлеуге тиіс қосылған құн салығы сомасын шегерімге жатқызу жағдайында аталған сомалар шегерімнен алып тастауға жатады және сатып алу құнының ұлғаюына жатады.
      82. Жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар қойған шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы осындай ұйымдардың тікелей қажеттері үшін тасымалды жүзеге асыру жағдайынан басқа шегерімге көлік-экспедиторлық ұйымдарға шегерімге жатпайды.
 
      15-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған сату бойынша
               айналымдардың барлығы кезінде қосылған құн салығын шегерімге
               жатқызудың ерекшеліктері
      83. Жеткізуші төлеуге тиіс және кеден рәсімі кезіндегі қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша шегерімге жатқызылмайды, салық төлеушінің шығыстарының құрамына, ал негізгі қаражаттар бойынша - оларды сатып алу құнының ұлғаюына енгізіледі.
      84. Салық салынатын және босатылған айналымдар бар кезде шегерімге тең немесе бөлшек әдісімен салық төлеушінің таңдауы бойынша айқындалған қосылған құн салығының сомасы қабылданады. Таңдалған әдіс бойынша шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын салық төлеуші барлық салық жылының ішінде жүзеге асырады.
      85. Тең әдіс бойынша шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы айналымның жалпы сомасында салық салынатын айналымның жеке үлесін ескере отырып айқындалады.
      Заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздарды сатып алуы-сатуы бойынша мәмілелерді жүзеге асыру кезінде осы тармақтың мақсаты үшін бағалы қағаздарды сату кезінде алынған өсім жалпы айналымға енгізіледі.
      86. Шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде бөлшек әдісі бойынша салық төлеуші салық салынатын және босатылған айналымдар бойынша тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасының жеке есебін жүргізеді.
      Салық салынатын айналымдар мақсатында ғана пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша) қосылған құн салығы осы Нұсқаулықтың 14-тарауында көзделген тәртіпте толық көлемде шегерімге жатқызылады.
      Босатылған айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығы шегерімге жатпайды.
      Салық салынатын да және босатылған айналымдар ретіндегі мақсатта пайдаланылатын жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша шегерімге айналымның жалпы сомасында салық салынатын айналымның жеке үлесі бойынша айқындалған қосылған құн салығының сомасы жатады.
 
      16-тарау. Шот-фактура
      87. Шот-фактура қосылған құн салығын төлеуші барлығы үшін міндетті құжат болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарларды жіберуді, жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді жүргізетін салық төлеуші жеке тұлғаларға (халыққа) тауарларды (қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өткізу жағдайларынан басқа аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы тұлғаға шот-фактураны қоюға міндетті.
      88. Шот-фактура нысаны және оны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттіктің 2000 жылғы 10 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2000 жылғы 31 шілдеде келісілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 14 шілдедегі "Шот-фактуралар нысандары және оларды қолдану тәртібі туралы" N 712 Бұйрығымен белгіленген.
 
      17-тарау. Қосылған құн салығы бойынша есепті кезең
      89. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысулар бойынша есепті кезең болып күнтізбелік ай табылады.
      90. Егер қосылған құн салығы бойынша тоқсан үшін орташа айлық төлемдер 500 айлық есептік көрсеткіштерден кемін құраса, онда есепті кезең болып тоқсан табылады:
      Мысал: Бюджетке төленуге тиісті 2000 жылдың үшінші тоқсаны үшін кәсіпорынның мынадай қосылған құн салығының сомалары бар, оның ішінде: шілде үшін - 135000 теңге, тамыз - 128000, қыркүйек - 120000 теңге. Осындай сомалар тоқсан үшін барлығы 383000 теңге құрады. Орташа айлық төлемдер 127666 теңге (383000:3) құрайды. Заңдар бойынша бұл айларда 725 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш белгіленген, тиісінше әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткішінің 500 еселік мөлшері 362500 теңге (725 х 500) құрайды. Есептен көрінгендей, орташа айлық төлемдегі 127666 теңге 362500 аспайды. Яғни, салық төлеуші тоқсанда бір рет қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасайды.
      Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау мақсатында есепті кезеңді (ай немесе тоқсан) айқындау үшін негізге соңғы есепті тоқсандағы бюджетпен есеп айырысулардың нәтижелері қабылданады.
 
      18-тарау. Декларацияны беру және қосылған құн салығын төлеу
      91. Әрбір салық төлеуші міндетті:
      1) әрбір есепті кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны беруге;
      2) декларацияны беру үшін белгіленген мерзімге дейін немесе күні әрбір есепті кезең үшін бюджетке салықты төлеуге;
      Қосылған құн салығы бойынша декларация осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей әрбір есепті кезең үшін беріледі.
      Салық төлеуші егер тоқсан үшін есепті көрсеткіштерді және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне тоқсан сайын орташа айлық төлем 500 айлық құрайтын болса, егер орташа айлық төлем 500 айлық есепті көрсеткіштер құрайтын болса, есепті кезеңнен кейінгі 15 күнінде қосылған құн салығы бойынша декларацияны тіркеу орны бойынша салық органдарына береді.
      Ескерту: 91-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      92. Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сату кезінде шикізатты шағарушы (спирттің барлық түрлерінен басқа) Қазақстан Республикасының резиденттері мынадай тәртіпте шегерім тәртібімен қосылған құн салығын төлейді.
      Шикізатты шығарушылар (спирттің барлық түрлерінен басқа) қосылған құн салығын есептеместен алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін оны сатуды жүзеге асырады және "шегерім әдісіне сәйкес ҚҚС-сыз" шот-фактураны сатып алушыға береді.
      Қосылған құн салығы бойынша декларацияда алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін шикізатты сату жүргізілген есепті кезең үшін шығарушы (жеткізуші) осындай шикізаттың құнын жеке жолда көрсетеді және шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есеп айырысуы кезінде салық салынатын айналымға енгізбейді.
      Сатып алушыда шикізат қосылған құн салығынсыз шот-фактурада жеткізуші көрсеткен құн бойынша ескеріледі. Ұқсату өнімдерін сату кезінде салық салынатын айналым нақты қалыптасқан шығыстардан төмен емес құннан ескеріле айқындалады.
      Алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін арналған шикізат деп қандай-да бір өңдеуге және бұрын өнеркәсіптік ұқсатуға ұшырамаған және де оның негізін құрай отырып дайындалатын өнімнің құрамына кіретін шикізат тауарлары түсініледі.
      Алғашқы өнеркәсіптік ұқсатуға бағытталған шикізатқа мыналар жатады:
      - Қазақстан Республикасының аумағында немесе аумақтық суларында өндірілген пайдалы қазбалар;
      - өсірілген немесе жиналған өсімдік өнімі;
      - тірі жануарлар, құс, балық;
      - жануарларды өсіруден алынған өнім.
      Егер осындай шикізатты сатып алушы басқа тауарларды дайындау үшін шикізат болып табылатын одан "өтпелі" тауарды жүргізген жағдайда, онда осындай "өтпелі" тауарды сатуға белгіленген тәртіпте қосылған құн салығы салынады.
      Жеткізуші алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін шикізатты, сондай-ақ мынадай құжаттарды аталған шикізатты сатып алушы берген жеткізуге шарт (келісім-шарт) негізінде алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін шикізатты сатуды жүзеге асырады:
      - осы заңды тұлға өнеркәсіптік кәсіпорын болып табылатынын растайтын заңды тұлғаның тіркеу статистикалық карточкасы;
      - сатып алушыны тіркеу орны бойынша салық органында куәландырылған және бірінші басшы қол қойған сатып алынатын шикізатты алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін тиісті жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттар мен техникалық жағдайлардың барлығы туралы анықтама.
      Шикізатты алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін тиісті жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттар мен техникалық жағдайлардың барлығы туралы анықтама салық органында тіркеледі және түпнұсқада үш данада толтырылады.
      Егер шикізатты сатып алушы қайта құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда, онда осындай анықтама өндірістік қуатты енгізу актісінің негізінде оған беріледі.
      Анықтаманың бір данасы осындай анықтама берген салық органында қалдырылады, ал екіншісі салық төлеушіде қалдырылады, ал үшіншісін жеткізуші шикізатты сатып алушыға береді.
      Тиісті өндірістік қуаттардың барлығы туралы анықтама бір жыл ішінде күшінде болады.
      Осы тармақпен көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда қосылған құн салығы шикізатты сату сәтінен өсімді есептеумен осы Нұсқаулықтың 5-тараудың ережелеріне сәйкес есептеледі.
 
      19-тарау. Қосылған құн салығы бойынша ағымдағы төлемдер
      93. 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам қосылған құн салығы бойынша тоқсан үшін орташа айлық төлемі бар салық төлеуші есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесі күнінде және айдың бесінші күнінде ағымдағы төлемдерді енгізеді.
      Салық төлеушінің таңдауы бойынша барлық салық жылының ішінде ағымдағы төлемдер мөлшері есепті айдың өткен кезеңі үшін нақты айналым бойынша немесе өткен тоқсан бойынша салық сомасының алтыдан бір мөлшерінде айқындалады.
      Салық төлеуші салық жылындағы ағымдық төлемдердің таңдалған әдісі туралы жазбаша түрде салық органына хабарлауға міндетті.
      94. Енгізілген ағымдағы төлемдердің сомалары салық бойынша төлемге есеп беру мерзімі үшін Декларацияда жарияланған салық есебіне алынады.
      95. Ағымдағы төлем бойынша артық төленген жағдайда, ағымдағы төлем мерзімінің мөлшерін анықтау барысында артық төлем сапасы есепке алынады.
      96. Өтіп кеткен әрбір күнге (төлеген күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітуімен уақытылы төленбеген ағымдағы салықтың төлеміне ставканы қайта қаржыландырудың ресми 1,5 еселік мөлшерінде өсім есептеледі.
 
      20-тарау. Есепті кезең үшін есептелетін сомадан есепке жатқызылатын
                салық сомасы асып кеткен жағдайда, бюджетпен өзара
                                   қарым-қатынастар
      97. Есепті кезең үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған салық сомасының асуы осы Нұсқаулықтың 97-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есептеледі.
      Ескерту: 97-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
      97-1. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының асуы бар салық төлеушілер осы асуды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығымен бекітілген "2001 жылдың 1 шілдесіне дейінгі сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар қалдықтары бойынша мәліметтер және қосылған құн салығының есебін беру тәртібі туралы" Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген мәліметтерге енгізілген тауарлық-материалдық қорларды сату (және) өндірістік қызметте пайдалану шарасы негізінде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есептейді.
      Ескерту: 97-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
      97-2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар негізіндегі салық төлеушілерге (Заңның 138-2, 138-3 және 138-4-тармақтарына сәйкес салық салудың оңайлатылған режимін қолданатындардан басқа) осы Нұсқаулықтың 97 және 97-1-тармақтарында көрсетілген асу осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген тәртіпте жеткізушілердің салық органдарына берген қосылған құн салығы бойынша декларацияда ескерілген салық сомасын қоса қайтаруға көрсетілген салық сомасын тексеру және қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық төлеушінің беруі негізіне салық төлеушінің өтінішін салық органы алу сәтінен бастап 90 күн ішінде қайтарылады.
      Ескерту: 97-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
      98. Егер осы Нұсқаулықтың 97-2-тармағында көрсетілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында оларды одан кейінгі пайдалану үшін салық төлеушілерге тиеп жіберілген тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібін салық төлеуші бұзу фактісінің растығы тексеріс кезінде белгіленген жағдайда асу жеткізушілерде табылған тәртіп бұзушылықтарды жойғаннан кейін қайтарылады.
      Ескерту: 98-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      99. Егер есептелуге жатқызылған есептеу мерзімінде салық сомасы есептелген салық сомасынан асырылса және нөлдік ставкалы айналымы бар салық төлеуші ҚҚС сомасының орнын толтыру туралы өтінішін салық органына айтпаса, онда көрсетілген асырылым келесі есептеулерде есепке алынады.
      100.
      Ескерту: 100-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
      22-тарау. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы
      101. Салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркін айналым үшін импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
      Тауарлардың импортында қосылған құн салығымен салық салуды көздейтін олармен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттерден тауарларды әкету кезінде салық салынатын импорт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер шығу елі болып табылмайтын импортталатын тауарлардың құны болып табылады.
      102. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттерден шығатын импортталатын тауарлардың құны егер экспорт елінде белгіленген қосылған құн салығының ставкасы Қазақстан Республикасында белгіленген қосылған құн салығының ставкасынан төмен жағдайда салық салынатын импортқа енгізіледі.
      103. Салық салынатын импорт көлеміне Қазақстан Республикасының кеден Z952368_ заңдарына сәйкес айқындалған тауарлардың кеден құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарлар импорты кезінде төлеуге жататын алымдар, баждар, салықтар, қосылған құн салығынан басқа сомалары енгізіледі.
      Ескерту: 103-тармақ толықтырылсын - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      104. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Нұсқаулықтың 101-тармағымен белгіленген салық салынатын импорт мөлшерінен 16 процентке теңеледі.
      Ескерту: 104-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      105.
      Ескерту: Тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      106. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 сәуірде N 743 мемлекеттік тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі N 243 V990743_ бұйрығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты қосылған құн салығын және акциздерді қолдану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқаулығымен белгіленген.
      Ескерту: 106-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      107. Салық органдары өнеркәсіптік ұқсату үшін импортталатын шикізат пен материалдарға, сондай-ақ импортталатын суға, газға және электроэнергиясына қосылған құн салығын төлеуге пұрсатты үш айға береді.
      108. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталатын тауарлардың, сондай-ақ импортталатын жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 P970558_ қаулысымен бекітілген тізбе бойынша Заңның 71-бабына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын тауарлардың импорты бойынша, сондай-ақ жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектер мен дәрі-дәрмектердің импорты бойынша қосылған құн салығын салық төлеуші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 сәуірде N 743 мемлекеттік тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі N 243 бұйрығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты қосылған құн салығын және акциздерді қолдану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқаулығының тармағымен көзделген тәртіпте төлейді.
      Ескерту: 108-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
 
      22-тарау. Тіркелмеген резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн
                                   салығы
      109. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлеушілер деп танылмайтын резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату кезінде салық салынатын объекті аталған резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналым болып табылады.
      110. Резидент үшін бюджетке аударуға жататын қосылған құн салығын есептеу кезінде салық салынатын айналымға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салық сомасын қоса алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін резидент емеске төлеуге жататын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны енгізіледі.
      111. Шетел валютасында жүргізілетін сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлем жағдайында салық салынатын айналымға тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу сәтіне белгіленген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеде есептелген аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны енгізіледі.
      112.
      Ескерту: 112-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
      113. Резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей бюджетке аударылады.
      114. Резидент емес үшін қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу фактісін растайтын құжаттар бар кезде төленген салық сомасы осы Нұсқаулықтың 14-бөліміне сәйкес қосылған құн салығы бойынша шегерімге жатқызылуға жатады.
      115. Осы Нұсқаулықтың 113 және 114-тармақтарымен белгіленген тәртіп Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік ресімдеуден өткен және сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша жүзеге асырылатын тауарлар импортына таралмайды.
 
      23-тарау. Қосылған құн салығы бойынша әкімшілік ережелері
      116. Есептеу дұрыстығы және қосылған құн салығын уақытылы төлеу жауапкершілігі салық төлеушілерге және олардың лауазымды тұлғаларына жүктеледі.
      Қосылған құн салығын уақытылы төлеу және есептеу тәртібі бұзылған жағдайда, салық төлеушіге Қазақстан Республикасы салық заңдарында белгіленген санкция және әкімшілік айыппұлдар қолданылады K010155_ .
      117. Заңның 152-бабының 1-тармағына сәйкес "Айыппұл санкциясының және салық төлеу мерзімін ұзарту туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 сәуірдегі N 591 P970591_ қаулысы тәртібіндегі салық төлеушінің жазбаша өтініші бойынша қосылған құн салығын және айыппұл санкцияларын төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады.
      Салық төлеуші төлем бойынша өзінің міндеттемелерін қамтамасыз етуге кепілдік бергеннен кейін қосылған құн салығын төлеу мерзімі ұзартылады.
      Заңның 152-бабының 1-1-тармағында және осы Нұсқаулықтың 107-тармағында көзделген жағдайларды есептемегенде, қосылған құн салығын төлеу мерзімін ұзарту салық төлеушіні өсім төлеуден босатпайды.
      118. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 206-бабына сәйкес жеткілікті негізсіз белгіленген уақыт ішінде жергілікті тіркеуден аумақтық салық органдарына салық мәлімдемесін көрсетпеген заңды және жеке тұлғаларға осы декларация негізінде төленуге тиісті, бірақ төленбеген салық сомасынан он процент көлемінде айыппұл салынады.
      Мысалы. ҚҚС бойынша декларацияда есеп беру мерзімінде салық сомасы төлеміне 130000 теңге сапа есептеп шығарылады, осы мерзімге нақты 100000 теңге төленеді. Салық төлеушінің дербес шоты бойынша көрсетілген есеп беру мерзімінің басталуына 20000 теңге есептеледі. Салық төлеуші көрсетілген мерзімнен кейін мәлімдемені ұсынды. 10000 (130000 - 100000 - 20000) теңге көлемінде салық сапасы төленбесе, 500 теңге тұратын 10 % мөлшерінде айыппұл салынады.
      Осы декларация негізінде төленуге тиісті, бірақ төленбеген 180 күн ішінде салық төлеуші салық декларациясын көрсетпеген жағдайда, белгіленген заңды мерзімдерінен асып кеткен декларацияға салық сапасынан 50 процент көлемінде айыппұл салынады.
      Ескерту: 118-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің
               2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_
      119. Заңның 146-бабына сәйкес егер декларацияны ұсыну мерзімі келгенге дейін салық төлеуші өтініш апарса, онда салық төлеушінің жергілікті тіркеуі бойынша салық органы декларацияны көрсету мерзімін үш айға ұзарта алады Z952235_ .
      Декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгерте алмайды. Егер белгіленген уақытқа салық төлеуші қосылған құн салығын төлемесе, онда уақтылы салық төлемегені үшін асып кеткен әрбір күнге төлем өсімі қосылады.
      120. Салық төлеушінің өз бетінше салық органының тексерісіне дейін салық төлеу жылында ертерек өткізілген декларациясын жөндеуге және бұл жөнінде салық органдарына айтуына құқығы бар.
      Салық сапасы бойынша бюджетке қосымша төлеуге тиісті салық төлеуші жергілікті тіркеуден өткен есептеу мерзіміне дәлірек жазылған қосымша декларацияны ұсынылды. Ерте ұсынылған декларацияға қарағанда, мұндай декларацияларда сәйкестендірілген жолда тек айқындалған айырым сапасы көрсетіледі.
      Бұл жағдайда салық төлеушіден тиісті салық сомасын бюджет кірісіне енгізу сәтіне дейін заң бұзушылықты жіберу сәтінен айыппұл санкцияларын қолданбастан белгіленген тәртіпте өсім өндіріп алынады.
      121. Осы Нұсқаулықтың 93-тармағына сәйкес салық төлеушінің таңдауы бойынша бір салық жылы барысында қосылған құн салығы бойынша ағымдағы төлем мөлшері алдымыздағы тоқсан бойынша немесе нақты айналым бойынша салық сомасының алтыдан бір мөлшерінде анықталады.
      Салық төлеуші алдымыздағы тоқсан бойынша салық сомасының алтыдан бір мөлшерінде ағымдық төлемді енгізу әдісін таңдаған жағдайда ғана салық төлеушінің жақтың шотында ағым төлемдер есепке алынады. Бұл әдіс барысында ағымдағы төлемнің төленулері бір ағымдық төлем мөлшері тоқсанда қосылған құн салығы бойынша көрсетілген нұсқауларға сәйкес төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасын негізге алып салық органдарында анықталады.
      Егер салық төлеуші көрсетілген әдісті таңдап ағымдағы төлемнің жарналарын төлеудің бекітілген мерзімін бұзып орындаса, онда онкүндік төлемінің есептеу сомасы негізінде салық төлеушінің дербес шоты бойынша өсім есептеледі.
      Мысалы: салық төлеуші алдағы тоқсандағы қосылған құн салығының бюджетке төлегені қаңтарда 250000 теңге, ақпанда 250000 теңге, наурызда - 300000 теңгені құрайды. Алдымыздағы тоқсанға төлеген салық сомасының барлығы 800000 теңгені құрайды. Алдымыздағы тоқсандағы салық сомасының 1/6 мөлшерінде салық төлеуші алдағы онкүндіктің төлемдерін төлейді. Осылай бір ағымдағы төлем мөлшері 133 333 теңгені құрайды.
      Сәуір айында салық төлеуші ағымдық төлемді белгіленген мерзімде төлейді. Төлем өсімі былай жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бекітуімен қайта қаржыландыру ставкасы 14 процентті құрайды. Өтіп кеткен бір күнге өсім проценті 0,038 % (14 % х 1: 0: 365). Өсім 25 сәуірден 15 мамырға дейін 240 теңгені құрайды. Жиынтығында 720 сома өсім есептеледі.
      Алдағы онкүндік нақты айналым бойынша салық төлеушінің ағымдық төлемінің төлену әдісін таңдау барысында жақтың шоттарда есептеу жүргізілмейді. Ағымдағы төлем мөлшерінің сипаты өткізім бойынша нақтылық айналымын негізге ала отырып өз бетімен бекітілген тәртіпте салық төлеушімен анықталады. Осы және басқа әдістер барысында ағымдық төлемді төлеу немесе жартылай төлеу ағымдағы төлемнің мөлшерін кемітуге дерек деп қарастырылмайды. Мұндай жағдайда ағымдық төлемнің төленбеген сомасында өсім есептеледі. 122. Ескерту: 122-тармақ алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ Д нысаны (01.2001) 1 қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына Ескерту: 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ Қосылған құн салығы бойынша ДЕКЛАРАЦИЯ _________________________________________________________________________ Декларацияны толтырған салық төлеушінің аты-жөні СТН __________________________________________________________________________ Заңды тұлғаның атауы Телефон Мекен-жайы Аудан/Облыс __________________________________________________________________________ Күнтізбелік ай: ________________________ Есепті кезең: немесе тоқсан: ________________________ ___________________________________________________________________________ ҚҚС аудару ҚҚС-сыз сату ҚҚС бойынша айналым _______________________ А Б ___________________________________________________________________________ 1 16 % ҚҚС ставкасы бойынша салық салынатын айналым (В-қосымшасы) 1 1а 20 % ҚҚС ставкасы бойынша салық салынатын айналым (56-7-жолдар) 1а 2 0 % ҚҚС ставкасы бойынша салық салынатын экспорт жөніндегі айналым 2 3 0 % қосылған құн салығының ставкасы бойынша салық салынатын экспорттан басқа айналым 3 4 Салық салынатын айналымның өзгеруі (+/-) (56-8-бабы, 64-2-баптың 1-тармағы) (Г-қосымшасы) 4 5 ҚҚС-тан босатылған айналым 5 6 67-баптың 3-тармағы бойынша ҚҚС шегерім әдісімен төленетін шикізатты сату жөніндегі айналым 6 7 Жалпы айналым (1-ден 6-жол сомалары) 7 7а Жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлесі (7-жолға бөлінген 1-ден 4-жолдар сомасы) 7а 7б Жалпы салық салынатын айналымдағы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым үлесі (1-ден 4-жолдар сомасына бөлінген 2 және 3-жолдар сомасы) 7б 8 71-1-баптың 2-тармағына сәйкес есепке алу әдісімен төленген импорт бойынша ҚҚС 8 9 Барлық есептелген ҚҚС (1, 4 және 8-жолдар сомасы) 9 ___________________________________________________________________________ Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы ___________________________________________________________________________ 10 ҚР аумағында сатып алынған тауарлар (оның ішінде негізгі қаражаттар), жұмыстар және қызмет көрсетулер және Ресей Федерациясында ҚҚС-пен сатып алынған тауарлар (Д немесе Д-1 Қосымшасы) 10 11 Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынған тауарлар (10, 13 және 17-жолдарда көрсетілген деректерден басқа) 11 12 Тауарлардың босатылған импорты 12 13 71-1-бабының 1-тармағы бойынша тауарлар 13а импорты: 13б а) өнеркәсіптік ұқсатуға арналған шикізат пен материалдар б) су, газ, электроэнергиясы 14 Барлық шығыстар (10-нан 13-жолдар сомалары) 14 15 Есепке жатқызылған ҚҚС сомасын түзету 15 16 71-1-бабының 1-тармағы бойынша тауарлар импорты бойынша ҚҚС сальдосын бюджетке тікелей төлеуге есепке жатқызу 16 17 Есепке жатқызылған ҚҚС-тың жалпы сомасы (10-нан 16-жолдардың сомасы) 17 18 71-1-бабының 2-тармағы бойынша тауарлар импорты 18 19 Теңбе-тең әдіс кезінде ҚҚС бойынша рұқсат етілген есеп сомасы (7а жолында көрсетілген үлеске көбейтілген 17-жолы, қосу 18-жол) 19а ҚҚС-ты есепке жатқызудың бөлшек әдісі кезінде қосылған құн салығы бойынша рұқсат етілген есепке алу сомасы (17 жол қосу 18 жол) 19б ___________________________________________________________________________ Есепті кезең үшін ҚҚС бойынша есеп айырысулар ___________________________________________________________________________ 20 Есепті кезең үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасы (9 жол минус 18 немесе 19 жол) 20 21 Есепті кезең үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған ҚҚС сомасының асуы 21 22 22а Бұрынғы кезеңнен көшірілген ағымдағы төлемдер мен есепке алулар (А-қосымшасының 7-жолы) 22а 22б Есепті кезеңде ҚҚС бойынша ағымдағы төлемдер есебіне есептелетін 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша құралған асу сомасы 22б 23 Бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы (20-жол минус 21, 22а және 22б жолдарының сомасы) 23 24 ҚҚС бойынша алдағы төлемдер есебіне көшірілетін ҚҚС сомасы (21-жол минус 22а және 22б жолдарының сомасы немесе 22а және 22б жолдарының сомасы минус 20-жол) 24 25 Есепті кезең үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы (И-Қосымшасы) 25 26 Резидент емес үшін төленуге жататын ҚҚС сомасы (72-бап) (З-қосымшасы) 26 ___________________________________________________________________________ Ескерту. Декларация Қазақстан Республикасының МКМ айқындаған тиісті қосымшалармен беріледі. Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Біз осы декларацияда келтірілген мәліметтердің шындығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береміз. Басшы _________________________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ____________________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Күні ________________ Декларацияны жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор ________________ _____________ (аты-жөні, СТН) (қолы) М.О. Салық органы Салық инспекторы ___________________________________ (күні, қолы) А-Қосымшасы Ағымдағы және шегерімдердің бұрынғы кезеңінен көшірілген төлемдерді жинақтау ________________________________________________________________________ Жолдар Төлем күні Төлем туралы түбіртек Сома Өсім нөмірі ________________________________________________________________________ 1 2 3 4 Нақты ағымдағы төлемдер жиынтығы (1-ден 3-жолдар сомасы) 5 Бұрынғы кезеңнен алдағы төлемдер есебіне көшірілген есепке алулар сомасы (бұрынғы кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияның 24-жолы) 6 "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына 3-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде бюджеттен қайтарылған немесе басқа да салықтарды төлеуге есептелген ҚҚС сомасы 7 Алдағы төлемдер есебіне есептелген бұрынғы кезеңдерден көшірілген ағымдағы төлемдер мен есепке алулардың жалпы сомасы (4-жол плюс 5-жол минус 6-жол). Декларацияның 22а жолына енгізіледі. ___________________________________________________________________________ Б-Қосымшасы 71-1-бабының 1-тармағы бойынша импорт жөніндегі ҚҚС ___________________________________________________________________________ Импорт Импортқа Төлемді ҚҚС-тың Бюджетке төленген Төлеуге күні ҚҚС мұрсат өтелген ҚҚС сомасы жататын ҚҚС берудің сомасы (төленген жағдайда сомасы (2- өзгеруінің Декларацияның баған-4- күні 16-жолында баған-5- көрсету қажет) баған) ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ В-қосымшасы Декларацияның А-бағанасының 1-жолына түсіндірме ________________________________________________________________________
1.1. 1.6. - жолында көрсетілген тауарлардан басқа ҚҚС-сыны ескермей шот-фактура бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша айналым.
1.2. Қосылған құн салығынсыз шот-фактураларға сәйкес 16 % ставка бойынша тауарлардың экспорты бойынша айналым
1.3. ҚҚС-тан басқа сату бағасы мен есептік құн арасындағы (56-баптың 8-тармағы) айырым. Таза айналымның есебі үшін айырманы 1, 16-ға бөліңіз.
1.4. 56-баптың 1, 2 және 9-баптарына сәйкес салық салынатын айналымды түзету
1.5. Экспорттық операциялар бойынша сату және сатып-алу бағасының арасындағы айырым (56-баптың 6-тармағы) 1.6. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бар қалдықтарды сату бойынша айналым 1.7. 1-жол бойынша барлығы 1.8. Есепті кезеңде берілген шот-фактуралардың саны ___________________________________________________________________________ Г-Қосымшасы Декларацияның 4-жолына түсіндірме ___________________________________________________________________________ Р/с N Ол бойынша өзгерістер енгізілетін Айналымның ҚҚС сомасы айналымдарды суреттеу өзгеруі (+/-) (+/-) ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 Барлығы (1-ден 4-жолдар сомасы; осы жолдардың деректері Декларацияның 4-жолына енгізіледі) ___________________________________________________________________________ Д-Қосымшасы Декларацияның 10-жолына түсіндірме (ҚҚС-ты есепке жатқызудың теңбе-тең әдісін пайдалану кезінде толтырылады) ___________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ РФ ҚҚС-сыз Төлеуге сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызмет айналым жататын көрсетулер ҚҚС ___________________________________________________________________________ 10.1. ҚҚС шот-фактурасы көрсетілген ҚР аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер 10.2. ҚСС-сыз РФ-да сатып алынған тұрақты газ конденсатын қоса табиғи газ, мұнай 10.3. ҚҚС-сыз ҚР-да сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер 10.4. Тіркелмеген резидент емес үшін бюджетке төленген ҚҚС 10.5. 64-бапқа сәйкес олар негізінде есепке рұқсат етілмеген ҚҚС-сыз ҚР-да сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер 10.6. 01.07.2001 жылға дейін олар бойынша төлем жүргізілген, 01.07.2001 жылдағы жағдай бойынша жолда бар ҚР сатып алынған тауарлар: 10.6а. 20 % ставкасы бойынша ҚҚС 10.6б. 10 % ставкасы бойынша 10.7. 01.07.2001 жылға дейін олар бойынша төлем жүргізілген, 01.07.2001 жылдағы жағдай бойынша жолда бар ҚР сатып алынған тауарлар: 10.7а. 16 % ставкасы бойынша ҚҚС 10.7б. 10 % ставкасы бойынша 10.8. 10.1-ден 10.7.-жолдарының жиынтық сомасы ___________________________________________________________________________ Д-1 Қосымшасы Декларацияның 10, 11 және 16-жолдарына түсіндірме (қосылған құн салығын есепке жатқызуда бөлшек әдісін пайдалану кезінде толтырылады) ___________________________________________________________________________ Жол атауы Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет Салық салынатын көрсетулер) айналым мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) _______________________ ҚҚС-сыз ҚҚС құн ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 ___________________________________________________________________________ 10-жол 10.1. Олар бойынша ҚҚС шот-фактураларда көрсетілген, ҚР сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 10.2. ҚҚС-пен РФ-да сатып алынған табиғи газ, мұнай (тұрақты газ конденсатын қоса) 10.3. ҚСС-сыз ҚР-да сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 10.4. Олар бойынша Заңның 64-бабына сәйкес есепке жатқызу рұқсат етілмеген ҚҚС-мен ҚР сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) 10.5. Тіркелмеген резидент емес үшін бюджетке төленген ҚҚС 10.6. Олар бойынша 01.07.2001 жылға дейін төлем жүргізілген, 01.07.2001 жылғы жағдай бойынша жолда орналасқан Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар: 10.6а ҚҚС 20 % ставка бойынша ................ 10.6б 10 % ставка бойынша .................... 10.7. Олар бойынша 01.07.2001 жылға дейін төлем жүргізілмеген, 01.07.2001 жылғы жағдай бойынша жолда орналасқан Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар: 10.6а ҚҚС 16 % ставка бойынша ................ 10.6б 10 % ставка бойынша ................... 10-жол бойынша жиынтық: 11-жол Қазақстан Республикасының шегінен тыс сатып алынған тауарлар 16-жол Заңның 71-1-бабының 1-тармағы бойынша импорт негізіндегі ҚҚС сальдоны бюджетке тікелей төлеуді есепке жатқызу ___________________________________________________________________________ Таблицаның жалғасы ___________________________________________________________________________ Босатылған Салық салынатын және ҚҚС-сыз Есепке айналымдар босатылған айналымдар жалпы жатқызыл. мақсатында мақсатында пайдаланылатын құн (3-бағ ған ҚҚС пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, + 5-бағ жиынтығы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) + 7-бағ) (4 бағ + қызмет көрсетулер) 9 бағ) ___________________________________________________________________________ ҚҚС-сыз ҚҚС ҚҚС-сыз ҚҚС Рұқсат құн құн етілген есепке алу ___________________________________________________________________________ 5 6 7 8 9 10 11 ___________________________________________________________________________
Е-Қосымшасы
 
 
                  Есепке жатқызылған ҚҚС сомасын түзету ___________________________________________________________________________ Р/с N Ол бойынша өзгерістер енгізілген Айналымның ҚҚС сомасы айналымдарды суреттеу өзгеруі (+/-) (+/-) ___________________________________________________________________________ 1 ___________________________________________________________________________ 2 ___________________________________________________________________________ 3 ___________________________________________________________________________ 4 ___________________________________________________________________________ 5 Декларацияның 15-жолы бойынша барлығы (1-ден 4-жолдарының сомасы) ___________________________________________________________________________ З-Қосымшасы Резидент емес үшін төлеуге жататын ҚҚС бойынша ақпарат (72-бап) ___________________________________________________________________________ Резидент Резидент Тауарларды, Мәміле көлемі Төленуге еместен еместің атауы жұмыстарды, жататын ҚҚС тауарларды, және мекен- қызмет сомасы жұмыстарды, жайы (заңдық көрсетулерді қызмет мекен-жайы) жеткізу келісім- көрсетулерді шарт бойынша алу күні жүргізілді ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ БАРЛЫҒЫ (Декларацияның 26-жолына енгізіледі) ___________________________________________________________________________ И-Қосымшасы Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы ___________________________________________________________________________ Р Нөлдік Нысан. Тауарлар. ЖКД Тауар. Өндірісте Өндірісте / ставка алы ды тиеу, N ларды пайдалан. пайдаланылған с бойынша ел жұмыстар. (жұмыс. ылған және және (немесе) N сатылған тарды, тарды, (немесе) нөлдік ставка тауарлар. қызмет қызмет нөлдік бойынша тауар. дың, жұмыс. көрсету. көрсе. ставка лардың (жұмыс. тардың, лерді тулерді) бойынша тардың, қызмет қызмет сату сату тауарлар. көрсетулердің) көрсетулер. жүргізіл. бойынша дың (жұм. тиеп-жөнел. дің атауы ген келі. айналым ыстардың, тілген сатудан сім-шарт. қызмет тауарларды тың N көрсету. (жұмыстарды, мен күні лердің) қызмет көрсе. тиеп-жөнел. тулерді) тілген жеткізушінің сатудан төлеуге тауарлар. жататын ҚҚС дың (жұм. сомасы ыстардың, қызмет көрсетулер. дің) құны ___________________________________________________________________________ А Б В Г Д Е Ж З ___________________________________________________________________________ 1 ___________________________________________________________________________ 2 ___________________________________________________________________________ 3 ___________________________________________________________________________ 4 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ БАРЛЫҒЫ ___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына 2-Қосымша
Ескерту: 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ Қосылған құн салығы бойынша (ҚҚС) декларацияны жол бойынша толтыру жөніндегі БАСШЫЛЫҚ Д нысаны (01.2001) 1. Жалпы ақпарат
      1. Салық төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны беруге және Декларацияда көрсетілген есептіден кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей бюджетке салықты төлеуге міндетті.
      Егер Декларация кешеуілдетіп берілсе және (немесе) салық төлеуші салық төлеуді белгіленген мерзімнен кеш жүргізсе және де (не) егер салық сомасы декларацияда төмендетілсе, онда бұл жағдайда салық төлеушіге заңдармен белгіленген тәртіпте қаржы санкциялары қолданылуы мүмкін.
      2. Егер Декларацияның қандай-да бір жолдары немесе қосымшалары бойынша деректер жоқ болса, онда аталған жолдар немесе қосымшаларда бос жер қойылады.
      3. Егер салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепте салық заңдарының ережелеріне сәйкес тұрмаса және Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алуды жүзеге асырса, онда мұндай салық төлеуші осы Нұсқаулықтың 22-бөлімімен белгіленген тәртіпте резидент емес үшін қосылған құн салығын бюджетке төлейді және 10, 20, 23, 26-жолдарды және З-қосымшасын толтырумен қосылған құн салығы бойынша декларацияны береді.
 
                      2. Қосылған құн салығын аудару
 
      4. 1-жол. Осы жолды толтыру кезінде Декларацияға В-қосымшасы пайдаланылады. Бұл жолда сату бойынша барлық айналымдар, оның ішінде, Түркіменстанға экспорт бойынша айналымдар, сондай-ақ оларға салық сомасын енгізбестен, 16 проценттік ставка бойынша салық салынатын Ресей Федерациясына (тұрақты газ конденсатын қоса) табиғи газдың, мұнайдың экспорты бойынша айналымдар көрсетіледі. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша есептелген салық есебі үшін 16 процентке таза айналым сомасын көбейту қажет. Алынған сома 1-жолдың Б-бағанасында көрсетіледі.
      1а жолы. Бұл жолда Заңның 56-7-бабына сәйкес 20 проценттік ставка бойынша салық салынатын айналымдар көрсетіледі.
      5. 2-жол. Бұл жолда Түркіменстанға экспорттан басқа экспорт бойынша айналымдар, сондай-ақ Ресей Федерациясына (тұрақты газ конденсатын қоса) табиғи газ, мұнай экспорты көрсетіледі, Жолдар осы Нұсқаулықтың 57, 58 және 59-тармақтарымен көзделген экспортты растайтын құжаттар негізінде толтырылады.
      6. 3-жол. Осы Нұсқаулықтың 63, 64 және 66-1-тармақтарымен көзделген құжаттар негізінде экспорттық операциялардан басқа қосылған құн салығының нөлдік ставкасы бойынша салық салынатын айналымдар шегі көрсетіледі.
      7. 4-жол. Бұл жол Г-қосымшасының негізінде толтырылады. Г-қосымшасында күмәнді талаптар бойынша түзетулерге сәйкес жүргізілген салық салынатын айналым бойынша өзгерістер көрсетіледі. Егер салық салынатын айналым мөлшері бұрын берілген декларацияда шетел валютасында белгіленген сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құнын ескеріп есептелсе, ал олар бойынша төлем теңгеде жүргізілсе, онда туындаған айырым да осы жолда көрсетіледі.
      Бұл жолда бұрынғы кезеңдер үшін Декларацияның деректерін өзгертуге енгізілетін арифметикалық, техникалық және басқа да қателіктерді түзету туралы деректер көрсетілмейді. Бұл түзетулер бұрынғы есепті кезең үшін Декларацияның тиісті жолына енгізіледі және қосылған құн салығы бойынша қосымша декларацияны беру жолымен салық органына беріледі.
      8. 5-жол. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар шегі көрсетіледі.
      9. 6-жол. Осы Нұсқаулықтың 92-тармағымен көзделген тәртіпте есепке алу әдісіне сәйкес ол бойынша қосылған құн салығы аударылмаған алғашқы өнеркәсіптік ұқсату үшін тиеп жіберілген шикізатты (спирттің барлық түрлерінен басқа) сату бойынша айналымдар шегі көрсетіледі.
      10. 7-жол. 1-ден бастап 6-жолдарға енгізілгенді құрайтын сату бойынша айналымдардың толық шегі көрсетіледі. Айналымның толық шегін ескеріп процент есептеледі, ол айналымның жалпы сомасында салық салынатын айналым құрайды. Алынған процент 7а жолында көрсетіледі.
      Сондай-ақ, егер салық төлеушіде нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату бойынша айналым бар болса 7б жолында көрсетілетін жалпы салық салынатын айналымда оның проценті көрсетіледі.
      11. 8-жол. Бұл жолда осы Нұсқаулықтың 108-тармағына сәйкес есепке алу әдісімен тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      12. 9-жол. 1, 4 және 8-жолдардың деректерін ескеріп есепті кезең үшін аударылған қосылған құн салығының толық шегі көрсетіледі.
 
            3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы
 
      13. 10-жол. Егер салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызудың тең әдісін таңдап алса Д-қосымшасы немесе егер салық төлеуші қосылған құн салығын есепке жатқызудың бөлшек әдісін таңдап алса К-қосымшасы пайдаланылады.
      Д және Д-1-қосымшасында ішкі рынокта және Ресей Федерациясында - тұрақты газ конденсатын қоса табиғи газ бен мұнайды есепті кезеңде жүргізілген салық төлеушінің барлық сатып алулары туралы толық ақпарат көрсетіледі. Резидент емес үшін қосылған құн салығын бюджетке нақты төлеу кезінде қосымшада резидент еместердің Қазақстан Республикасында тіркелмеген сатып алынған тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулері) да көрсетіледі. Д-қосымшасының 10-жолында немесе Д-1 қосымшасының 10-жолы бойынша 10, 11-бағандарда көрсетілген жиынтық шектер одан кейін Декларацияның 10-жолына көшіріледі.
      14. 11-жол. Бұл жолда Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген және кедендік ресімдеу кезінде қосылған құн салығымен салынған тауарлардың (оның ішінде, негізгі қаражаттар) құны көрсетіледі. Жол жүк кедендік декларация және импортқа қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар негізінде толтырылады. Осы жолды толтыру кезінде 10, 13 және 18-жолдарда көрсетілген импорт бойынша деректер қосылған құн салығын есепке бөлшек жатқызу әдісімен пайдалану кезінде Д-1 қосымшасы негізінде толтырылады.
      15. 12-жол. Заңның 71-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған импортталатын тауарлар құны көрсетіледі.
      16. 13-жол. Осы жолдың А бағанасында өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын шикізат пен материалдар, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 107-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеу жөніндегі мұрсат берілген импортталатын судың, газдың және электроэнергиясының құны көрсетіледі.
      17. 14-жол. Қосылған құн салығынсыз 10-нан бастап 13-жолдар енгізілгені туралы деректер есепті кезеңде сатып алынған барлық тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнының шегі көрсетіледі.
      18. 15-жол. Бұл жол Е-қосымшасының негізінде толтырылады. Е-қосымшасында және бұл жолда егер мұндай түзетулер күмәнді міндеттемелермен, сондай-ақ егер аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төлем теңгеде жүргізілсе, шетел валютасында белгіленген құннан ескеріп бұрын берілген декларацияда қосылған құн салығы есептелген жағдайда алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлемді жүзеге асырумен байланысты болса, бұрын берілген декларацияларда есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету көрсетіледі.
      Егер салық салынатын айналым мақсатында қосылған құн салығымен салық төлеуші тауарларды бұрын сатып алған жағдайда, осымен байланысты қосылған құн салығы есепке жатқызылмаса, бірақ одан кейінгі кезеңдерде мұндай тауарлар салық салу мақсатында пайдаланса, онда қосылған құн салығы есепке жатқызуға жатады. Қосылған құн салығының мұндай сомалары бұрынғы кезеңдер бойынша түзетулер ретінде Декларацияда көрсетіледі. Аталған жағдайлардағы барлық түзетулер есепке алу түзетуі жүргізілген кезеңді көрсете отырып және енгізілетін түзетулер туралы қысқаша ақпаратты Е-қосымшасында көрсетуі тиіс. Түзетулердің жиынтық сомасы 15-жолға көшіріледі.
      Аталған жағдайлардағы барлық түзетулер Е-қосымшасында көрсетілуі тиіс. Қалған жағдайларда қосымша декларация беріледі.
      19. 16-жол. Егер салық төлеушіге өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын тауарларға, сондай-ақ импортталатын суға, газға және электроэнергиясына қосылған құн салығын төлеу жөніндегі мұрсат берілуі мүмкін және егер мұрсат берудің үш айлық кезеңі аяқталуы бойынша бюджетпен өзара есеп айырысудан кейін қосылған құн салығының сомасы өтелмеген сомасы әлі де бар болса, салық төлеуші мұрсат беру жөніндегі салықтың қалған сомасын төлеуге міндетті. Бюджетке нақты төленген сома 16-жолдың Б-бағанасында көрсетіледі, сондай-ақ Декларацияға Б-қосымшасында көрсетілуі тиіс. Қосылған құн салығын есепке алуға жатқызудың бөлшек әдісін пайдалану кезінде осы жол Д-1 қосымшасының негізінде толтырылады.
      20. 17-жол. 10-нан 16-ға дейінгі жолдар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының толық шегі есептеледі.
      21. 18-жол. Осы Нұсқаулықтың 108-тармағына сәйкес есепке алу әдісімен тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Осы жолда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы 8-жолда көрсетілген сомаға тең болуы тиіс.
      22. 19-жол. Қосылған құн салығын есепке жатқызудың тең әдісін пайдалану кезінде есепке 18-жол бойынша алынған деректер сомасына қосылған және 7а жолында көрсетілген салық салынатын айналымның үлесіне 17-жол бойынша деректерді көбейту жолымен есептелген салық сомасы есепке жатады.
      Қосылған құн салығын есепке жатқызудың бөлшек әдісін пайдалану кезінде 17 және 18-жолдардың деректерін қосу бөлу жолымен есептелген салық сомасы есепке жатады.
 
               4. Есепті кезең үшін қосылған құн салығының есебі
 
      23. 20-жол. Бұл жол бойынша есепті кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетіледі. Бұл үшін есептелген салықтың толық сомасынан (9-жол) егер 19а жолы бойынша салық төлеуші қосылған құн салығы есепке жатқызудың теңбе-тең әдісі пайдаланса немесе егер салық төлеуші 19б жолы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың бөлшек әдісі пайдаланса есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы шегеріледі. Егер есептелген салық сомасы есепке жатқызылған салық сомасынан асса, онда Сізге 21-жолды толтырудың қажеті жоқ.
      24. 21-жол. Егер есепке жатқызылған қосылған құн салығының шегі есептелген салық сомасынан асса мынадай ретпен айқындалатын осы жолдағы асу сомасын көрсету қажет:
      егер салық төлеуші 9-жол минус қосылған құн салығын есепке жатқызудың теңбе-тең әдісін пайдаланса 19а жол минус 9-жол;
      егер салық төлеуші қосылған құн салығын есепке жатқызудың бөлшек әдісін пайдаланса 19б жол минус 9-жол.
      Осы жолды тексеру кезінде 20-жол толтырылмайды.
      25. 22а жолы. Қосылған құн салығын ағымдағы төлеу немесе егер бұрынғы есепті кезеңнен ағымдағы есепті кезеңде қайтару жүргізілген қосылған құн салығы бойынша есептер көшірілетін жағдайында, онда А-қосымшасының 7-жолынан олардың толық сомасы осы жолға көшіріледі.
      2001 жылдың шілдесі үшін декларацияны жасау кезінде осы жолда 2001 жылдың шілдесінде жүргізілген қосылған құн салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі және 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша құралған асу сомасы көрсетілмейді.
      22б жолы. Осы жолда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығымен бекітілген "2001 жылдың 1 шілдесіне дейін сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтары бойынша мәліметтерді және қосылған құн салығының есебін беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқаулығына 7-қосымшаның 11-бағанындағы шек көрсетіледі.
      26. 23-жол. Бұл жолда 21, 22а және 22б жолдарында көрсетілген сомасының шегерімімен бюджетке төленуге тиіс (20-жол) қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      27. 24-жол. Бұл жол егер барлық түзетулерді енгізуден кейін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан бәрібір асатын жағдайда ғана толтырылады. Егер бұл жол толтырылса, онда 23-жол бос қалдырылады.
      28. 25-жол. Егер есепті кезеңде нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату негізіндегі айналымдар бар болса, бұл жолда аталған айналымдар бойынша бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Аталған сома З-бағанасының И-қосымшасынан көшіріледі ("БАРЛЫҒЫ" жолы бойынша). Егер салық төлеуші тұрақты негізде салық салынатын айналымдардың құны жалпы салық салынатын айналымда 70 және одан да көп проценттер құраса және де нөлдік ставканы қолданумен өз өндірісінің өнімін сатуды жүзеге асырса, онда осы жолға 24-жолда көрсетілген сома көшіріледі.
      29. 26-жол. Бұл жолда есепті кезең ішінде осындай резидент еместен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша) тіркелмеген резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Жол З-қосымшасының негізінде толтырылады.
 
                                5. Қосымша
 
      30. А-қосымшасы. (Ағымдағы және есепке жатқызудың бұрынғы кезеңінен көшірілген төлемдерді жинақтау). Бұл қосымша егер салық төлеуші бюджетке ағымдағы төлемдерді енгізген жағдайда және (немесе) онда 2001 жылдың 1 шілдесінен кейін құралған қосылған құн салығы бойынша асу бар болған, сондай-ақ егер оның осындай салық төлеушіге өтелмеген, оның алдағы салық міндеттемелерінің есебіне бұрынғы кезеңдер үшін қосылған құн салығының сомасын қайтаруға құқығы болған жағдайда толтырылады. 1-жолдан 3-жолдар аралығындағы жолдарда жүргізілген ағымдағы төлемдердің нақты сомасы көрсетіледі. Егер бұрынғы кезеңдерде нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату негізінде айналымдар бар болған, онымен байланысты бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы салық төлеушіде туындаған, ал осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес оларды қайтару осы салық төлеушіге есепті кезең ішінде жүргізілген жағдайда, онда қайтару сомасы 6-жолда көрсетіледі. 5-жолға бұрынғы есепті кезең үшін ҚҚС бойынша Декларацияның 24-жолының деректері көшіріледі.
      2001 жылдың шілдесі үшін декларацияны жасау кезінде қосымшаның 5-жолы толтырылмайды.
      31. Б-қосымшасы (Осы Заңның 107-тармағына сәйкес импортқа қосылған құн салығын төлеу бойынша мұрсат беру). Б-қосымшасында салық төлеуші импортқа қосылған құн салығын төлеу бойынша оған берілген мұрсаттың жеке есебін жүргізеді.
      Қосымшаның алғашқы үш бағанасы тауарлар импортталған сол есепті кезеңде толтырылады. Бұл мәліметтер мұрсат беру кезеңінің аяқталуына дейін соңғы есепті кезеңдер үшін декларацияларда көрсетіледі. Осы қосымшаның 4-бағанындағы одан кейінгі декларацияларда Есепті және бұрынғы кезеңдер үшін декларацияның 9-жолы шегінен осы қосымшаның 2-бағанының шегінен шегеру жолымен есептелетін қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      6-бағанда бюджетке салық төлеуші тікелей төлеуге тиіс берілген мұрсат бойынша берешектің өтелмеген өзара есебінің қалдығы көрсетіледі. Осы жолда көрсетілген сома 105102 төлем коды бойынша ашылған салық төлеушінің жеке шотында есептелген сома ретінде көрсетіледі. Мұрсат беру мерзімінің аяқталуына дейін осы соманы төлемеген жағдайда өсімді аудару жүргізіледі.
      Бұл берешекті нақты төлеу жағдайында төленген сома Декларацияның 16-жолында көрсетіледі.
      32. В-қосымшасы (Декларацияның А-бағанасының 1-жолына түсіндірме). 1.1.-жолында қосылған құн салығын оларға енгізусіз 16 проценттік ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату негізіндегі барлық айналымдар көрсетіледі. Бұл жолда 2001 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша салық төлеушіде қалдықтарда бар деп саналатын тауарларды сату негізіндегі айналымдар көрсетілмейді.
      1.2.-жолы Түркіменстанға тауарлардың экспортын жүзеге асыру, сондай-ақ Ресей Федерациясына 16 проценттік ставка бойынша салық салынатын (тұрақты газ конденсатын қоса) табиғи газдың, мұнайдың экспортын жүзеге асыру жағдайында толтырылады.
      1.3.-жолы егер оларды сатып алу кезінде (мәселен, жеңіл автомобильдер; кәсіпкерлік қызметіне арналмаған тауарлар; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін сатып алынған негізгі қаражаттар) төленген қосылған құн салығының есебі бұрын алынбаған тауарлар сатылған жағдайда толтырылады.
      1.4.-жолында егер тауарлар сауда-делдалдық қызметі бойынша сатып алу бағасынан төмен немесе баспа-бас операциялар, тегін беру, заттай түрде төлеу, сондай-ақ тауарлардың бүлінуі немесе жоғалуы жағдайындағы нақты қалыптасқан шығыстар бойынша сатылған жағдайда жүргізілетін салық салынатын айналымды түзету көрсетіледі.
      1.5.-жолы егер сауда-делдалдық қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші есепті кезеңде сатып алу бағасынан төмен құн бойынша тауарлардың экспортын жүзеге асыру жағдайында толтырылады.
      1.6.-жолында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 562 бұйрығымен бекітілген "2001 жылғы 1 шілдеге дейін сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтар қалдықтары бойынша мәліметтерді және қосылған құн салығының есебін беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқаулығымен белгіленген тәртіпте ол бойынша мәліметтерді берілген 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салық төлеушіде бар қалдықтарды сату бойынша айналымдар көрсетіледі.
      1.7-жолында 1.1-ден 1.6-ға дейінгі шек көрсеткіші көрсетіледі.
      1.8.-жолында есепті кезеңде сатып алушы жазып алған шот-фактуралардың, егер мұндай шот-фактуралар жазып берілсе босатылған айналымдар бойынша шот-фактураларды қоса жалпы саны көрсетіледі.
      33. Г-қосымшасы (Декларацияның 4-жолына түсіндірме). Бұл қосымшада салық салынатын айналым бойынша мынадай өзгерістер көрсетіледі:
      1) бұрын қосылған құн салығы салынған және күмәнді талаптармен танылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату бойынша. Бұл айналым минус белгісімен көрсетіледі;
      2) бұрын есептен шығарылған күмәнді талап бойынша төлемді алу. Осы сома плюс белгісімен көрінеді және егер салық төлеуші осы күмәнді талап бойынша салық салынатын айналымды бұрынғы есепті кезеңдерде жүргізген жағдайда ғана көрсетіледі;
      3) егер бұрын берілген декларацияда салық салынатын айналым мөлшері шетел валютасында белгіленген құннан ескеріп есептелсе, ал төлем теңгеде жүргізілсе сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлемді алу жағдайында көрсетіледі.
      Д-қосымшасы (Декларацияның 10-жолын түсіндіру қосылған құн салығын есепке жатқызудың тең әдісін салық төлеуші қолданған кезде толтырылады). Салық есебі егер салық төлеушіде есеп туралы талаптың шындығын растайтын шын шот-фактуралар бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте, қосылған құн салығының осы Нұсқаулықтың 14-бөліміне сәйкес есепке жатқызуға жататынын ескеру қажет.
      10.1-жолына 16 проценттік ставка бойынша қосылған құн салығымен шот-фактуралар жазылып берілетін Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер ғана енгізіледі.
      10.2.-жолында қосылған құн салығымен Ресей Федерациясында сатып алынған және олар бойынша аталған тауарлардың жеткізушісі қосылған құн салығын жеке жолмен бөле отырып шот-фактуралар қойылған тұрақты газ конденсатын қоса табиғи газ, мұнайдың жалпы құны көрсетіледі.
      10.3.-жолында қосылған құн салығысыз Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер көрсетіледі.
      10.4.-жолында осы Нұсқаулықтың 22-бөліміне сәйкес резидент емес үшін бюджетке төленген салық сомасы көрсетіледі.
      10.5. Осы Нұсқаулықтың 14-бөліміне сәйкес есепке алу рұқсат етілмеген Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер көрсетіледі.
      10.6.-жолында 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін төлем жүргізілген, бірақ 2001 жылдың 1 шілдесінен кейін алынған, 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда бар және Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар көрсетіледі. Осындай тауарлар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылып жүрген ставкаларды ескеріп есептелген мөлшерде есепке жатқызуға жатады.
      10.7.-жолында олар бойынша 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін төлем жүргізілген, бірақ 2001 жылдың 1 шілдесінен кейін алынған, 2001 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша жолда орналасқан және Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар көрсетіледі. Осындай тауарлар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылған ставканы ескеріп, бірақ 16 процент ставкадан астам емес мөлшерде есепке жатқызылуға жатады.
      10.8.-жолы 10.1.-ден 10.7. аралығындағы жолдардың жалпы сомасын енгізеді.
      34. Д-1 қосымшасы. (Декларацияның 10, 11 және 16-жолдарына түсініктеме). Осы қосымша қосылған құн салығын есепке жатқызудың бөлшек әдісін салық төлеуші пайдаланған кезде толтырылады. Салықты есепке жатқызу Нұсқаулықтың 14 және 22-Бөлімдерімен белгіленген шын құжаттардың барлығы кезінде ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте, қосылған құн салығы осы Нұсқаулықтың 14-бөліміне сәйкес есепке жатқызуға жататынын еске алу қажет.
      Осы қосымшаның жолдарын толтыру кезінде Д-қосымшасын толтыру кезіндегі ережелер пайдаланылады.
      Бұл ретте, 3 және 4-бағандарда салық салынатын айналым мақсатында ғана пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), 5 және 6-бағандарда - салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер), 7, 8-бағандарда - салық салынатын да және босатылған айналым ретінде де пайдаланылатын бойынша құн және салық сомасы көрсетіледі.
      "Рұқсат етілген есепке алу" 9-бағанын толтыру кезінде қосылған құн салығының сомасы Декларацияның 7а жолында көрсетілген үлеске "ҚҚС" 8-бағанының деректерін көбейту жолымен айқындалады.
      10-баған 3, 5 және 7-бағандарда көрсетілген шектер сомасынан құралады.
      11 және 16-жолдар бойынша бағандар деректері осындай тәртіпте толтырылады.
      11-бағанның шегі 4 және 9-бағандардың шек сомасы ретінде айқындалады.
      "10-жол бойынша жиынтық" жолы бойынша 10 және 11-бағандардың жиынтық шектері Декларацияның 10-жолына, 11 және 16-жолдар бойынша 10 және 11-бағандарға тиісінше Декларацияның 11 және 16-жолдарына көшіріледі.
      35. Е-қосымшасы (есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету). Бұл қосымшада бұрын берілген салық декларацияларындағы есепке жатқызылған ҚҚС сомасының мынадай өзгерістері көрсетіледі:
      1) бұрын есепке жатқызылған және күмәнді талаппен танылған қосылған құн салығының сомасы. Бұл айналым минус белгісімен көрсетіледі;
      2) бұрын есептен шығарылған күмәнді міндеттемелер бойынша төлем. Осы айналым бойынша қосылған құн салығы плюс белгісімен көрсетіледі және егер салық төлеуші осы күмәнді талап бойынша қосылған құн салығының сомасын кеміту жүргізілген бұрынғы есепті кезеңдердегі жағдайда ғана көрсетіледі;
      3) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған есепті кезеңдегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы және егер, шетел валютасында белгіленген, ал төлем теңгеде жүргізілген құннан бұрын берілген декларациядағы салық сомасын ескеріп есептелген жағдайда аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төлем бойынша салық сомасы арасындағы айырма. Аталған айырма минус немесе плюс белгісімен көрсетіледі.
      Сондай-ақ бұл қосымшада Нұсқаулықтың 83-тармағының және 3-тармақтың 3-тармақшасына сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Егер аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) салық салынатын айналым мақсатында одан кейін пайдаланылған жағдайда, онда қосылған құн салығының аталған сомасы есепте қалпына келтіруге жатады.
      36. З-қосымшасы (төлем көзінен резидент еместен ұсталған қосылған құн салығы). Бұл қосымшада тіркелмеген резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығының сомасы туралы мәліметтер, сондай-ақ резидент емес туралы басқа да мәліметтер көрсетіледі.
      37. И-қосымшасы (нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар негізінде бюджеттен қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасы және егер осы айналымдардың құны жалпы салық салынатын айналымда 70 проценттен кем емесін құрайды). Бұл қосымша егер салық төлеушіде есепті кезең ішінде нөлдік ставка бойынша айналымдар бар болған жағдайда ғана толтырылады. Е-бағанасында Сіз экспортқа оларды жіберу жүргізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетіледі. Ж-бағанасында нөлдік ставка бойынша тиеп-жөнелтілген тауарларды сату және (немесе) өндірісте пайдаланған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны көрсетіледі. З-бағанасында нөлдік ставка бойынша тиеп-жөнелтілген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату және (немесе) өндірісте пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер қойған шот-фактуралар бойынша төленген (төленуге жататын) қосылған құн салығының сомасын көрсетіңіз. 3 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына Ескерту: 3 қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842 бұйрығымен. V011591_ Қосылған құн салығын қайтару тәртібі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже
      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді және бюджеттен қосылған құн салығын қайтару тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ереженің күші меншік нысанына қарамастан заңды тұлға мәртебесі бар және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, Заңның 138-2, 183-3 және 138-4-баптарына сәйкес салық төлеудің оңайлатылған режимін қолданатын, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместерге таралады.
      Заңды тұлғалықты құрамай кәсіпкерлік қызметті жүргізуші жеке тұлғаларға қайтару, осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жасалады.
      3. Қосылған құн салығын қайтару мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын айналым бойынша салық төлеушілер;
      2) бюджетке артық енгізілген салық сомасы немесе қате есептелген қаражаттар болған кезде;
      3) дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер.
      Есептелген салық сомасынан есепке қатысты салық сомасын арттыру осы тармақта көзделмеген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша алда тұрған төлемдер шотының есебіне алынады.
      4. Қайтару мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін:
      1) салық төлеушінің есеп айырысу есебінен ақша аудару;
      2) импортталатын тауарларға төленетін салықты қосылған құн салығын төлеу есебінде есепке алу;
      3) осы Нұсқаулықтың 22-тарауына сәйкес басқа салықтар мен төлемдер бойынша бюджет алдындағы берешектерді өтеуде қосылған құн салығын есепке алу жолымен;
      4) салық төлеушілері бар кредиторлардың қосылған құн салығы бойынша бюджет алдында берешегін өтеу есебінде есепке алу.
      5. Салық төлеушінің есеп айырысу шотына қайтару басқа да салықтар бойынша берешектер болмаған кезде жүргізіледі. Егер салық төлеушінің басқа да салықтар және міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі болса, онда осы берешекті өтеуде қосылған құн салығының орнын толтыратын сома есептеледі.
      6. Қосылған құн салығын қайтару салық төлеушінің жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларация және осы Ереженің 2-5 тарауларында көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.
      7. Қосылған құн салығын қайтару рәсімін бақылау және реттеуді жүзеге асыру үшін салық органы осы Нұсқаулықтың 8 қосымшасында келтірілген нысан бойынша жүргізілетін бөлек журналда салық төлеушілердің өтінішін тіркеуді жүргізеді. Журналдың беттері нөмірленуі, тігілуі және салық органының мөрітабаны басылуы қажет. Журналда өтініш берілген күні, салық төлеушінің атауы және шешім қабылдау туралы белгі көрсетіледі. Оң шешім болған жағдайда, қайтарылған сома көрсетіледі. Егер салық төлеушіге қайтарудан бас тартса, онда бас тарту себебі көрсетіледі.
      8. Салықты қайтару аудан, қала бойынша тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша жылдың басында түскен нақты түскендер сомасы шегінде салық төлеушілерді тіркеу орны бойынша салық органы жүргізеді.
      Егер аудан, қала бойынша түсімдер көлемі қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыруға жол бермесе, онда мұндай жағдайда қайтару облыс бойынша толықтай тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша нақты түскен сома шегінде облыстық салық органының рұқсатымен жүргізіледі.
      Қайтаруға ұсынылған салық сомасы артқан жағдайда, салықты қайтаруға рұқсат беру саласында қосылған құн салығы бойынша түсімдер көлемінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне ұсынылады.
 
              2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым
                    бойынша салық төлеушілерге ҚҚС қайтару
      9. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымға мыналар жатады:
      1) мынадай экспорттан басқа экспорт бойынша айналымдар:
      - түсті және қара металл сынықтарын;
      - Ресей Федерациясына табиғи газды, мұнайды (тұрақты газ конденсатын қоса алғанда);
      - тауарларды Қазақстан Республикасына экспорттау кезінде қосылған құн салығы ескерілген баға қолданылатын мемлекеттерге экспорттауды есептемегенде тауарларды экспорттау бойынша айналымдар;
      2) Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншік өндірісі алтын және платина - тазартылған асыл тастарды өткізу жөніндегі айналымдар;
      3) Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының резиденттерінің тоқыма, тігін, тері аяқ-киім өнеркәсібі саласындағы меншік өндірісінің өнімдерін өткізу жөніндегі айналымдар;
      4) халықаралық тасымалды жүзеге асыру;
      5) Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарға сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын жұмыстарды, қызмет көрсетулерді іске асыру жөніндегі айналымдар.
      Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
      10. Осы Ереженің 9-тармағында көзделген тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулерді) өндіру және (немесе) өткізуде нақты пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізуші төлеуге тиісті қосылған құн салығы сомасы, қосылған құн салығы бойынша жеткізушілердің салық органдарға тапсырған декларациясында есепке алынған салық сомасын қоса алғанда, бюджеттен қайтаруға жатады.
      11. Салық төлеушінің өтініші, қосылған құн салығы жөніндегі декларация және декларацияға сәйкес қосылған құн салығы сомасының орнын толтыруға ұсынылғандардың растығын құжатты тексерудің актісі қайтару негізі болып табылады.
      12. Қайтаруға осы сома және оның тіркелген орны бойынша салық органында ашылған салық төлеушінің дербес есебі бойынша есептелетін қосылған құн салығы бойынша теріс сальдо сомасы шегінде растығын тексергеннен кейін қосылған құн салығы бойынша декларацияға (Д(01.2001)нысаны) И қосымшада немесе қосылған құн салығы бойынша декларацияға көрсетілген қосылған құн салығының сомасы жатады.
      Жалпы салық салынатын айналымда соңғы үш ай ішінде 70 және одан жоғары процент құраған нөлдік ставка бойынша ҚҚС салық салынатын айналымдардағы салық төлеушілер ҚҚС бойынша декларацияға И қосымшаны толтырмайды. Мұндай жағдайда осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес толтырылған, қосылған құн салығы декларациясының 25 жолында көрсетілген салық сомасы қайтаруға жатады.
      13. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының растығын тексеру осы салық бойынша бұрынғы тексеру аяқталғаннан кейінгі және өтініш берген сәтке дейінгі кезеңді қамтитын кезең үшін жүргізіледі.
      Жоғарыда көрсетілген соманы растауды тексеру жүргізілген кезде салық органы қосылған құн салығымен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алуды растайтын шот-фактуралар, осы Нұсқаулықтың 57, 58, 59-тармақтарында көзделген құжаттар; импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының төленгендігін растайтын жүк кеден декларациясы; резидент еместер үшін төленгендігін растайтын төлем құжаттары; қосылған құн салығының тиелген экспортталатын тауарлар үшін валюталық түсімдердің түсуін растайтын құжаттардың бар-жоғын өткізу (соның ішінде осы Нұсқаулықтың 66-тармағында көзделген ставкалар бойынша салынатын салық) бойынша нақты айналымдарды белгілейді.
      Салық органы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушілердің салық органдарында олардың тіркеу затына және қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын жеткізушілер ұсынған шот-фактуралар бойынша есепке енгізілген қосылған құн салығының сомасын анықтау мақсатымен жеткізушілерге қарсы тексеру жүргізуге құқылы. Қосылған құн салығы сомасын қайтаруға қойылғанының растығын нақтылау кезінде жеткізуші тағайындау туралы шешімді мынадай ережелерді ескеріп салық органының басшысы қабылдайды:
      қосылған құн салығын қайтаруға өтінішті осындай салық төлеушінің бұрынғы беру сәтіне он екі айлық кезең ішіндегі айда бір реттен кем емес аталған салық төлеушіге тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатуды жүзеге асыратын ыңғайласпа жеткізушілер жүзеге асырмайды. Міндетті тексеріске 1 миллион теңгеден астам сомаға қосылған құн салығын көрсете отырып шот-фактура жазып берген жеткізушілер (жоғарыда аталғандардан басқа) жатады.
      Патенттің құнында көрсетілген қосылған құн салығының сомасынан асатын сомаға қосылған құн салығына шот-фактуралардың көшірмесін мұндай жеткізушілер жүзеге асырылған жағдайларды анықтау патент, зат негізінде өз қызметін жүзеге асыратындар бойынша жеткізушілерді қарсы тексеру де жүргізіледі. Қайтаруға ұсынылған тұлғада есепке енгізілген қосылған құн салығы сомасын жеткізушілер заңды бұзған жағдайлар белгіленген кезде аталған жеткізушілер бюджетке төлеуге жатады.
      Қосылған құн салығының төлеуші болып табылмайтын тұлғалар шот-фактуралары көшірмелерін анықталған жағдайларда, салық сомасы есептен алынып тасталады және қайтаруға жатпайды. Мұндай факторлар белгіленген кезде, тексеру материалдарын қаржы полициясы органына беру қажет.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
      14. Егер растығын тексеру кезінде жеткізушілердің нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым мақсаттарында, оларды одан әрі пайдалану үшін салық төлеушілер тиеп жіберген тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібін жеткізушілер бұзу тәртібі анықталған жағдайда, көрсетілген көтермелеу жеткізушілердің анықталған бұзушылықтарын жойғаннан кейін орнына келтіріледі.
      15. Салық төлеушінің өтінішін қарау және орындау өтініш берілген сәттен бастап 90 күннен аспауы қажет. Көрсетілген мерзім ішінде қайтарылуға ұсынылған салық сомасының растығына тексеру жүргізілуі және салық төлеушіге оның өтінішін қарау қорытындысы туралы мәлімдеуі, сондай-ақ сауал оң шешімін тапқан кезде салықты қайтару жүргізілуі қажет.
      Егер, аталған мерзім ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушілердің жеткізушілері салық органдарының оларды қарсы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушілерге қосылған құн салығын қайтару олардың бұзушылығы анықталмаған жеткізушілері бойынша сомалар шектерінде жүргізіледі.
      Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
      16. Егер салық төлеуші өткен есепті кезең үшін қосылған құн салығын сомасын қайтаруға өтініш берген жағдайда, онда салық органдары қосылған құн салығын қайтару туралы шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ бұл соманың растығына тексеру жүргізу кезінде өтініш берген сәтке қосылған құн салығы бойынша бюджетпен салық төлеушілердің есеп айырысуы жағдайын ескереді, яғни, егер келесі кезеңдерде (немесе жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша) салық төлеушінің бюджет алдындағы қосылған құн салығы бойынша міндеттілігі туындаса және олар өтелмесе, онда өткен кезең үшін бюджеттен қайтаруға тиісті салық сомасы аталған берешекті өтеуге есептеледі, ал қалған сома салық төлеушіге қайтарылады.
 
      3. Бюджетке артық аударылған қосылған құн салығы сомасын қайтару
      17. Егер бюджетке салық төлеуші нақты енгізген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөнінде декларация бойынша төлеуге мәлімделген салық сомасынан асып кетсе, онда мұндай асқан сома, сондай-ақ аударылған ақшалай қаражаттар салық төлеушінің жазбаша өтініші бойынша 20 күн ішінде оның салық есеп айырысу шотына қайтаруға жатады.
      18. Бюджетке төлеуге тиісті және қосылған құн салығы бойынша декларацияда мәлімделген салық сомасын және бюджетке артық енгізілген (қате аударылған) соманы растайтын салық төлеушінің салыстырмалы актісі бұл соманы қайтару үшін негіз болып табылады. Салыстырмалы актіні салық төлеуші осы Нұсқаулыққа 5 қосымшада келтірілген нысан бойынша жасайды және салық органында расталады.
 
      4. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу есебінде
                     қосылған құн салығын есептеу
      19. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу есебіне қосылған құн салығын есептеу импорттаушы салық төлеушінің өтініші, сондай-ақ бюджеттен қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомасының растығын куәландыру үшін осы Ережеде көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.
      20. Осы есеп 105101 кодынан 105102 кодына ақша аудару жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органы арқылы жүргізіледі.
      21. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу есебіне қосылған құн салығы есебін жүзеге асыратын салық органы импорттаушы салық төлеушіге импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу туралы кеден органы үшін растау болып та табылатын, чек нөмірі және есеп сомасы көрсетілген жүргізілген есеп туралы растау береді.
      22. Есеп сомасы кедендік ресімдеу кезінде төленген нақты сома ретінде қаралады және жалпы белгіленген тәртіпте есепке енгізуге жатады.
 
      5. Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаны тарату кезінде қосылған
                             құн салығын қайтару
      23. Заңды тұлғаны тарату кезінде есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған салық сомасының асуы мына жағдайларда:
      1) егер таратылатын ұйымда нөлдік ставка бойынша салық салынатын сату бойынша айналымдар бар болатын болса және егер оған салықты қайтару (есепке алу) жүргізілмесе;
      2) егер бюджетке салықты артық төлеу фактісі белгіленсе қайтарылады.
      Бұл орайда, қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға таратылған жағдайда оның тауарларының (мүлкінің) қалдығы бюджетпен өзара есеп айырысуларды жүргізу мақсатымен салық салынатын айналым ретінде қаралатынын ескеру қажет. Осымен байланысты есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын салық сомасының асуы тауарлардың қалдықтары, оның ішінде негізгі қаражаттарды (бұрын сатып алынған ғимараттар мен жеңіл автомобильдерден басқа) есептеуге жататын қосылған құн салығын төлеу есебінен есептеледі және жоғарыда аталған жағдайлардан басқа қайтаруға (есепке алуға) жатпайды. Мәселен, "Достық" ЖШС 1996 жылдың қазанында құрылған. 1996 жылдың қазаны мен 1998 жылдың сәуірі аралығында ұйым мыналарды сатып алды: Сома ҚҚС негізгі қаражаттар (ғимараттар мен жеңіл автомобильдерден басқа) 200000 теңге 40000 теңге тауарлар 1200000 теңге 200000 теңге ҚҚС-қа есепке алуға жатқызылды 240000 теңге
      Аталған кезеңде ұйым 600000 теңгеге тауар жіберді. Осы тауарларды сатудан түсім 900000 теңгені, оның ішінде ҚҚС - 150000 теңгені құрады.
      Декларацияда 1998 жылдың сәуірі үшін есептелген салық сомасынан есепке алуға жатқызылған салық сомасынан асуы 90000 теңгені құрады.
      1998 жылдың мамырында кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылданды. Тарату сәтінде ЖШС-те қалдықта мыналар болды:
      негізгі қаражаттар
      (қалдық құны) 120000 теңге
      тауарлар 400000 теңге
      Мүлік қалдығына есептеуге жататын салық сомасы 104000 теңгені құрады. яғни, бюджетпен түпкілікті есеп айырысу кезінде ұйым бюджетке 14000 теңге (104000 - 90000) төлеуге тиіс.
 
      6. Дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн
                                салығын қайтару
      24. Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануына, сондай-ақ осы өкілдіктердің мүшелерімен бірге тұратын олардың жанұяларын қоса дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналдың жеке пайдалануына арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жеткізушілерге дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге төленген қосылған құн салығы дипломатиялық және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтаруға жатады.
      25. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығы сомасын қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) және қосылған құн салығын төлеу фактісін растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердің және т.б.) көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.
      26. Жиынтық ведомостар (тізілімдер) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша орындалады және Жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер бойынша) бойынша жеңілдіктерді беру кезінде өзара келісу қағидатын сақтау негізінде ноталармен алмасуды растау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер ұсынады. Расталғаннан кейін жиынтық ведомостар (тізілімдер) Алматы қаласы бойынша салық комитетіне беруге жатады.
      27. Бюджеттен қайтарылуға жататын салық сомасы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің тиісті шотына аударылады.
      Егер жиынтық ведомостарға (тізілімдерге) қоса берілген құжаттарда қосылған құн салығының сомасы жеке жолмен көрсетілмесе салық бойынша қайтарып алуға құқық шот-фактураға қосылған құн салығын оларға енгізу туралы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушіден растау алған кезде ғана мүмкін болады.
      28. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) алғаннан кейін 20 күн ішінде жүзеге асырады.
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына
 
 
                      Салық төлеушілердің қосылған құн салығын қайтаруға берген өтініштерін тіркеу Журналы ___________________________________________________________________________ Р/№Салық Өтініш Қайта. Қайтаруға Расты. ҚҚС Нөлдік Артық ҚҚС Ес. с төлеу. берген руға ұсынылған ғын қай. ставка төлен. қай. кер. N шінің күні ұсыныл. ҚҚС сома. тексе. тару. бойын. ген тарыл. ту атауы ған сының ру ак. ды ша са. сома маған ҚҚС растығын тісі. жүр. лық тө. қайта. сома. сомасы тексеруді мен гіз. леушіге рылған сының өткізу бекі. ген қайта. қал. ұйғарым. тілген күні рылған дығы ның нөмі. рі мен күні ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына
Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуды салыстыру Актісі _______________________ _______________________ салық төлеушінің атауы салық органының атауы ______________________________________________________________________ Декларация бойынша төленуге Бюджетке нақты төленеді есептеледі ______________________________________________________________________ Есепті кезең Бюджетке жарнаға Төлем Бюджетке нақты жататын салық тапсырмасының төленуге жататын сомасы күні мен нөмірі салық сомасы ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Барлығы Барлығы ______________________________________________________________________ ______жылғы жағдай негізіндегі ҚҚС бойынша асыра төлеу __________ теңгені құрады. _____________ теңгедегі ҚҚС бойынша өсімдер мен айыппұлдар есептеледі. (өтелмесе көрсетіледі) _________ теңгеде қайтаруға жатады.
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына
 
 
               10 проценттік ставка бойынша қосылған құн салығы
                  салынатын сату бойынша тауарлар, айналымдар
                                 ТІЗБЕСІ
      Ескерту: 6 қосымша алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
7-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 Нұсқаулығына
 
      Ескерту: 7 қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
               министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 842
               бұйрығымен. V011591_
 
               Өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын
              шикізат пен материалдарға, сондай-ақ суға, газға
                және электроэнергиясына қосылған құн салығын
                  төлеу бойынша пұрсат беру тәртібі туралы
                                   Ереже
 
      1. Осы Ереже өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын шикізат пен материалдарға, сондай-ақ суға, газға және электроэнергиясына қосылған құн салығын төлеу бойынша пұрсат беру тәртібін айқындайды.
      2. Шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік ұқсату деп өнеркәсіптік ұқсатудан кейін алынған өнім (тауар) кез-келген алғашқы төрт белгінің дәрежесінде ТН СЭҚ коды бойынша пайдаланылған шикізат пен материалдардан айырмашылығы бар өндіріс процесінде немесе шикізат пен материалдар қосымша еңбекті пайдаланудан химиялық немесе физикалық әсерлерге ұшыраған өндіріс процесінде оларды одан кейін пайдалану ұғынылады.
      Бұл орайда, өнеркәсіптік ұқсатуға мыналар жатпайды:
      Жай құрамалы операциялар;
      қоғамдық тамақтандыру саласындағы ұқсату:
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша операциялар (партияларды ұсақтау, жіберілімдерді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайтадан буып-түю);
      3. Қосылған құн салығын төлеу бойынша пұрсат Заңының 71-1-бабындағы 1-тармағына сәйкес беріледі.
      Пұрсатты салық төлеушінің жазбаша өтініші кезінде облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша салық комитеттері береді.
      4. Пұрсатты алу үшін салық төлеуші салық органына мынадай құжаттары береді:
      - импортталатын тауарларды жеткізуге келісім-шарт;
      - шикізат пен материалдардың импорты жағдайында - салық төлеуші ұқсатушы кәсіпорын екендігін растайтын тіркеу статистикалық карточкасы немесе импортталатын шикізат пен материалдарды өнеркәсіптік ұқсату үшін тиісті өндірістік алаңдар мен техникалық жағдайлардың барлығы туралы анықтама.
      5. Салық төлеушінің пұрсатты беруге өтінішін салық органдары 10 күндік мерзімде қарайды.
      6. Пұрсат берілген қосылған құн салығының сомасын өтеуді салық органдары сатылған өнім негізіндегі қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есеп айырысулар әдісімен үш айлық кезең ішінде жүргізеді. Өтелмеген берешек сомасына пұрсат мерзімі аяқталғаннан кейінгі алғашқы күннен бастап өсім есептеледі.
      Мысалы: "Жанар" ЖШС 2000 жылдың 30 наурызында ыдыс шығару мақсатында ұқсатуға арналған шикізат пен материалдардың импортын жүзеге асырды. Серіктестікке 500000 теңге сомасында ҚҚС төлеу бойынша пұрсат берілді. Үш айлық кезең ішіндегі пұрсат берілген салық сомасын өтеу 9-жолда көрсетілген ҚҚС сомасының шегерімімен декларацияның 10-жолында ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілетін сатылған өнім негізіндегі ҚҚС бойынша бюджетпен өзара есеп айырысу әдісімен жүргізіледі және декларацияға Б-қосымшасында көрсетіледі. Наурыз айы үшін декларацияда 100000 теңге, сәуір - 150000 теңге, мамыр - 100000 теңгедегі сатылған өнім бойынша ҚҚС есептелген. Пұрсат бойынша берешек қалдығы 150000 теңге құрайды (500000 - 100000 - 150000 - 100000) және 2000 жылдың 30 мамырынан кешіктірмей бюджетке төлеуге жатады. Пұрсат бойынша төленген қалдық төлем тапсырысы негізінде есепке алуға жатады.
      Оның мерзімі аяқталғаннан кейін пұрсат бойынша берешек салық төлеушіге осындай асу қайтарылуға жататыннан басқа жағдайлардан тыс есептелген салық сомасынан есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан асуы пұрсат мерзімінің аяқталуы сәтінде салық төлеушіде бар есебінен өтелуі мүмкін.
      7. Пұрсат бойынша берешек сомаларын бюджетке импортерлер төлейтін есепке жатқызу 105102 бюджет жіктемесінің кодына, оның ішінде егер осы берешекті өтеу импортерге қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасы есебінен жүргізілетін жағдайда жүргізіледі.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі өнеркәсіптік ұқсату үшін импорт бойынша тауарларды тұрақты алатын салық төлеушілерге күнтізбелік жыл ішінде қосылған құн салығын төлеу бойынша пұрсат алуға құқық береді.
      9. Пұрсат алуға құқықты алу үшін салық төлеуші осы Ереженің 4-тармағында қосымша көрсетілген құжаттарға мынадай көрсеткіштерді міндетті көрсете отырып өз өндірістік қызметіне қысқаша сипаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне береді:
      - өндірістік циклдың тоқтаусыздығын растау;
      - өнімді шығару үшін импорттық шикізат пен материалдарға қажеттілік.
      Пұрсат алуға құқықты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі жергілікті жерлердегі кеден және салық органдарын бір уақытта хабарландыра отырып импортерге береді.
      Кеден органдары ай сайын әрбір жеткізу (партия) бойынша пұрсат берілген салық сомасын және кеден ресімдеуінің күнін көрсете отырып пұрсат алуға құқық берілгенге сәйкес пұрсат төлемімен бірге кеденнен өткен шикізаттар мен материалдардың жүргізілген жеткізудің саны туралы ақпаратты салық төлеуші салық органына жібереді. Бұл орайда, шикізат пен материалдардың әрбір париясына пұрсаттың қызмет мерзімі үш айлық кезеңнен аспауы тиіс және Құқықтың қызмет мерзімі аяқталуынан кешіктірілмеуі тиіс.
      10. Салық органдары әкелінген шикізат пен материалдардың барлығы туралы импортерлерді тексеруге, сондай-ақ есепке алу және оларды ұқсату бойынша құжаттарды лауазымды тұлғалардан талап етуге құқылы. 11. Өнеркәсіптік ұқсатусыз импорттық шикізатты және материалдарды сату фактісі белгіленген, оларды жоғалтқаны, ұрланғаны, бүлінгені жағдайында қосылған құн салығы осы Нұсқаулықтың 5-тарауына сәйкес есептеледі және өсімді есептеумен бюджет кірісіне өндіріп алынады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады