-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 548 (тіркелген N 1737) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 61 өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Z010247_
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қазандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамада:
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығыстар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстар" сыныбында:
110 "Жалақы" сыныпшасында 114-ерекшелiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары".
2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр