"Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641
қаулысын
iске асыру үшiн және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
30-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Түзеу колонияларында және түрмеде бiлiм беретiн мектептердiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.
2. Облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары Түзеу колониялары мен түрмеде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсетсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi iстер вице-Министрi Н.Власовқа, Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-Министрi Б.Т.Жұмағұловқа, Әдiлет бiрiншi вице-Министрi Т.С.Донаковқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен бастап күшiне енедi.
Iшкi iстер Министрi
Бiлiм және ғылым Министрi
Әдiлет министрi
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 875
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 953
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 144
бiрлескен бұйрығымен бекiтiлдi
Түзеу мекемелерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң
қызметiн ұйымдастыру туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Түзеу мекемелерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң қызметiн ұйымдастыру туралы ереже тиiстi үлгiдегi барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн үлгi болып табылады.
2. Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексiне
, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзірлендi.
3. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуi тиiс.
4. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептер заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоты болады.
5. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң негiзгi мiндетi жасы 30-ға жетпеген сотталғандарға мiндеттi орта бiлiм беру болып табылады.
6. 30 жастан асқан сотталғандар мен I-II топтағы мүгедектерге орта бiлiм олардың тiлегi бойынша берiледi.
7. Өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге сотталғандар орта бiлiм алуға тартылмайды. Оларға өз бетiнше бiлiм алуға жазасын өтеу тәртiбi мен шартына қайшы келмейтiндей жағдай жасалынады.
2. Жалпы бiлiм беру мектебiн ұйымдастыру тәртiбi
8. Түзеу мекемелерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептер құруды мекеме әкiмшiлiгiнiң өтiнiшi бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң келiсiмiмен аумақтық бiлiм беру органдары жүргiзедi.
9. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептер Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылыми министрлiгiнiң жүйесiне кiредi. Оларға әдiстемелiк басшылықты облыстық, қалалық (аудандық) бiлiм беру органдары жүзеге асырады.
10. Түзеу мекемелерiндегi мектептердiң жалпы бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.
11. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, бiлiм беру саласында бiлiм беру басқармасының тиiстi органдарының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839
қаулысымен
бекiтiлген Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi, осы Ереженi және түзеу мекемелерiнiң қызметiн регламенттейтiн тиiстi кесiмдердi басшылыққа алады.
12. Түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн мектептер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкiн.
13. Түзеу мекемесiнiң жанындағы мектеп әрбiр сыныптың толықтырылуы 20 адам болатын 80-нен кем емес оқушы - сотталғандар болған жағдайда ашылады (ерекше жағдайларда сыныптарды 15 оқушы болғанда ашуға болады).
14. Мектептерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде (қазақша), орысша оқытатын сыныптар құрылады және басқа тiлдерде сыныптар құрылуы мүмкiн.
3. Түзеу мекемелерi мен жалпы бiлiм беретiн мектептiң
өзара қарым-қатынасы
15. Мекеме әкiмшiлiгi:
1) оқыту-тәрбиелiк жұмыстарын жүргiзуге; мекеме әкiмшiлiгiнiң, жалпы бiлiм беретiн мектептiң педагогикалық қызметкерлерi мен қосалқы - оқыту қызметшiлерiнiң сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелерi бойынша мекеменiң бөлiмшелерi мен қызметтерi қызметкерлерiмен өзара iс-қимылдарын қамтамасыз етуге жағдай жасайды;
2) мектептiң педагогикалық ұжымына мекеменiң сотталғандарды оқыту, түзеу мәселелерi бойынша қызметiн реттейтiн құқықтық және әдiстемелiк құжаттарды оқып-үйренуiне көмек көрсетедi;
3) жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерлерi түзеу мекемесiнiң аумағында болған кезде олардың қауiпсiздiгi мен еңбек күзетiн қамтамасыз етеді;
4) химиялық реактивтердiң, оптикалық құралдардың, радио және фотоаппаратура мен басқа да аспаптардың мекемеден тыс сақталуын қамтамасыз етедi және олардың пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
5) сабақтарға, әртүрлi оқуларға, сынып пен мектептен тыс шараларға қатысады, жалпы бiлiм беретiн мектептiң мұғалiмдерiне кеңестер бередi және тәрбиелiк жұмыстарды жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; жалпы бiлiм беру мектептерiнiң қызметкерлерiн бас бостандығынан айырылған адамдарды түзеу жөнiндегi жұмыстарға қатысуға тартады;
6) жалпы бiлiм беретiн мектептерде ұйымдастырылатын педагогикалық кеңестердiң, конференциялардың, жиналыстардың, сондай-ақ мұғалiмдердi аттестациялау жөнiндегі комиссияның жұмыстарына қатысады;
7) жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерiнiң белгiленген тәртiптi бұзған жағдайларда оған мекеме аумағына кiруiне жол бермейдi, сонымен қатар бiлiм беру органдарының алдына оны ауыстыру туралы мәселе қояды.
16. Егер жедел-режимдiк талаптарға немесе басқа ерекше жағдайларға байланысты болмаса, оқу жылы кезеңiнде оқушыларды бiр мекемеден екiншi мекемеге ауыстыруға жол берiлмейдi. Әрбiр ауыстыру туралы мекеменiң арнаулы бөлiмi дер уақытында мектеп басшыларын хабардар етедi. Сабақ оқитын күндерi оқушылар сабақтан қол үзуге байланысты мерзiмiнен тыс жұмыстарға тартылмайды.
17. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп басшылары мен мұғалiмдерi:
1) мiндеттi бiлiм алуға жататын сотталғандарды оқытуға толығынан тартуды қамтамасыз ету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң сапасын арттыру жөнiндегi қажеттi жұмыстарды жүргiзедi;
2) сотталғандардың тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Олардың алған бiлiмдерiн қоғамға пайдалы еңбек пен жүрiс-тұрысында пайдалануына қол жеткiзедi;
3) Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен белгiленген сотталғандармен қарым-қатынасты қатаң сақтайды.
Сотталғандар арасындағы тәртiптi нығайтуда мекеме әкiмшiлiгiне көмек көрсетедi;
4) оқу-көрнекi құралдарының, жабдықтарының және басқа да мүлiктердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) мекеме қызметкерлерiмен педагогика және психология негiздерi, тәрбиелеу жұмыстарының әдiстемесi бойынша оқу сабақтарын өткiзедi.
18. Түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi кiретiн жалпы бiлiм беретiн мектептiң педагогикалық кеңесi педагогикалық кеңестiң мiндеттерiмен қатар сотталғандарды оқыту және түзеу жөнiндегi бiрлесiп атқаратын қызмет мәселелерiн талқылайды.
4. Сотталған-оқушылар
19. Сотталған-оқушыларды (бұдан әрi - оқушылар) жалпы бiлiм беру мектебiне қабылдау бiлiмi туралы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Олар болмаған жағдайда жалпы бiлiм беретiн мектеп директоры сотталғандар оқитын мектеп қарауына жататын аудандық (қалалық) бiлiм беру бөлiмiне сұрау салады. Оқушылар жалпы бiлiм беретiн мектепке ерекшелiк тәртiбiнде жеке iстерiнде бар бiлiмi туралы деректер негiзiнде қабылданады. Қабылдау мекеме бастығының келiсiмiмен жалпы бiлiм беретiн мектеп директорының бұйрығымен ресiмделедi. Сыныптарды толықтыру оқу жылы басталғанға дейiн аяқталуға тиiс. Мекемеге қыркүйек, қазан айларында келушi сотталғандарды қабылдау жеке iстерiнде бар деректердiң негiзiнде үкiмде көрсетiлгеннен бiр сынып жоғары, ал кешiрек келушiлердi үкiмде көрсетiлген сыныпқа қабылдау жүргiзiледi. Сонымен қатар белгiленген тәртiпте бiлiмi туралы құжаттарды алу үшін сұраулар салынады.
20. Емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жұмыстан босатылады.
21. Соңғы емтихан тапсыру кезеңiнде оқушылар: он бiрiншi, он екiншi сыныптарда 20 жұмыс күнiне дейiн; тоғызыншы, оныншы сыныптарда 10 жұмыс күнiне дейiн жұмыстан босатылады. Көшiру емтихандарын тапсыру үшiн оқушылар 8 күнге жұмыстан босатылады.
Емтихан тапсыру уақытында оқушыларға еңбекақы есептелмейдi, тамақ тегiн берiледi. Бұл кезеңде шығын жасауға рұқсат етiлген сома шегiнде оқушылар азық-түлiк пен алғашқы қажеттi заттар сатып алу құқын пайдаланады.
5. Оқу процесi
22. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектептегi оқу процесiнiң мазмұны мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi жасап бекiткен оқу жоспарларымен, бағдарламалармен және басқа да оқу-әдiстемелiк құжаттармен белгiленедi.
23. Мекемелер жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.
24. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, 2-3 ауысымда жұмыс iстейтiн мекеменiң өндiрiстiк кәсiпорнында оқу сабақтары екi ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткiзiледi. Сабақтардың басталу және аяқталу уақыттары және сабақтардың арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы мекеме бастығымен келiсу бойынша жалпы бiлiм беретiн мектеп директорының бұйрығымен бекiтiледi.
25. Айып изоляторына қамалған оқушы сабақтарға жiберiлмейдi. Жалпы бiлiм беретiн мектеп журналында оның дәлелсiз себеппен қатыспағандығы туралы белгi соғылады.
26. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектептiң тоғызыншы (оныншы), он бiрiншi немесе он екiншi сыныптарын бiтiрген сотталғандарға белгiленген үлгiдегi құжат берiледi. Бұл құжат, сондай-ақ кезектi сыныпты бiтiргендiгi туралы табель сотталғандардың жеке iстерiнде сақталады және мекемеден босатылғанда олардың қолына берiледi.
Сотталғанды басқа түзету мекемесiне ауыстырғанда үлгерiмдiк және қатысу табелi оның жеке iсiне тiркеледi. Сотталғандардың орта бiлiм алуға ұмтылысы көтермеленедi және олардың түзелу дәрежесiн анықтау кезiнде ескерiледi.
6. Тәрбиелеу процесi
27. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң педагогикалық ұжымдары түзеу колонияларымен түрме әкiмшiлiгiне тәрбиелеу жұмыстарына көмек көрсетедi. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң педагогикалық ұжымының тәрбиелеу жұмысына жалпы бiлiм беретiн мектептiң мекеме бастығымен келiсiлген кешендi жұмыс жоспары негiзiнде жүргiзiледi және мекеме алдында тұрған басты мiндет сотталғандарды түзетуге бағытталады.
28. Мұғалiмдер мекеменiң қызметкерлерiмен өзара тығыз қарым-қатынаста сынып пен жалпы бiлiм беретiн мектептен тыс жұмыстар жүргiзедi, пәндiк үйiрмелер, мүдделi клубтар, тақырыптық кештер, оқушы конференцияларын, пiкiрсайыстарын, әңгiме, лекциялар өткiзедi, сотталғандармен жеке тәрбиелiк жұмыстарды жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептен тыс жұмыстың басқа түрлерiн пайдаланады.
29. Сынып жетекшiсi әрбiр оқушыға бақылау күнделiгiн жүргiзедi, соның негiзiнде жыл аяғында жеке iске тiгiлетiн мiнездеме жазады, сондай-ақ отряд бастығына дербес-тәрбие жұмыстарын жетiлдiру жөнiнде нақты ұсыныстар мен кеңестер ұсынады.
7. Мектептiң басшы, педагог және басқа да қызметкерлерi
30. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшы, педагог қызметкерлерiнiң және оқыту-тәрбиешi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгiленедi.
31. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшы, педагог қызметкерлерiн, оқыту - тәрбиешi қызметкерлерiн тағайындауды (босатуды) мекеме бастығымен келiсiп, аумақтық бiлiм беру органы жүргiзедi.
32. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң шаруашылық қажеттiлiктерi үшiн қызмет көрсетушi қызметкерлердi түзету мекемесi шаруашылық жұмыстарды орындайтын сотталушылар қатарынан бөледi.
33. Жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметiн басқаруды директор жүзеге асырады. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң директоры мен оның оқу-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары түзеу мекемесiнiң әдiстемелiк кеңесiнiң құрамына кiредi. Оқытушылар отрядтың тәрбие кеңесiнiң құрамына кiредi.
8. Қаржыландыру
34. Түзеу мекемесiнiң жанындағы жалпы бiлiм беру мектебiн ұстауды, сондай-ақ басшылардың, педагог қызметкерлердiң, оқытушы-тәрбиешi жәрдемшi қызметшiлердiң еңбек ақысын төлеудi жергiлiктi аумақтық бiлiм беру органы жүргiзедi.
35. Мекеме жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектепте iс жүргiзу, мектеп құжаттары (оқушылардың жеке iстерiнен басқасы) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес жүргiзiледi.