Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға, стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрiнің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1755. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 177, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 108 Бірлескен бұйрығымен

----------Бірлескен бұйрықтан үзінді-----------      

      Тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруге байланысты, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры

      2005 ж. 8 сәуір

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      2005 ж. 24 наурыз

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрінің  
2005 жылғы 13 сәуірдегі     
N 177 және            
Қазақстан Республикасы     
Әділет министрінің       
2005 жылғы 8 сәуірдегі     
N 108 бірлескен бұйрығына   
қосымша            

Күші жойылды деп саналатын кейбiр бұйрықтардың
тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын тұлғаларға стационарлық медициналық көмек көрсетудi бiр жүйеге келтiру туралы", (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 1755 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 892 бұйрығымен өзгерiс енгiзiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 2084 болып тiркелген), Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67 бiрлескен бұйрығы...
---------------------------------

      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын , "Кепiлдiктенген тегiн көлемдi медициналық көмек туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы мен Қылмыстық-атқару  кодексiнiң  97 бабына сәйкес орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерi туралы Ереже;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiнде сотталғандарға, туберкулезбен және соматикалық аурулармен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету Тәртiбi бекiтiлсiн.

      2. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-Министрi А.Т. Айдарханов пен Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
         Әдiлет министрі              Денсаулық сақтау Министрi

Қазақстан Республикасы    
Әдiлет министрімен      
2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау Министрiмен   
2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67  
Қоса біріккен бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару
жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемелерi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң ауруханалары (соматикалық, арнайы психиатриялық және туберкулездiк ауруханалар), (бұдан әрi-ауруханалар), өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша емдеу, әдiстемелiк және кеңес беру орталығы болып табылады. 
      Ауруханалар түзеу мекемесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. 
      2. Аурухананың жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiнiң кесiмдерiне сәйкес ұйымдастырылады. 
      3. Ауруханалар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнде (бұдан әрi - ТМ) жазасын өтейтiн туберкулезбен және соматикалық аурулармен ауыратын науқастарға, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға және емдеуге арналған. Аурухананы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi ҚАЖ комитетi ұйымдастырады, қайта ұйымдастырады және таратады. 
      4. Ауруханалар сотталғандарға жоғары бiлiктi стационарлы медициналық көмек көрсетудi жүзеге асырады, керуерттер қорын тиiмдi пайдалануға, өлiм және өлiммен аяқталатын оқиғаларды төмендетуге, науқастарды кешендi емдеуге, оның iшiнде физиотерапияны, дене шынықтыру арқылы емдеудi, еңбекпен емдеудi кең пайдалануға бағытталған iс-шараларды әзiрлейдi. 
      5. Ауруханалар аурудың алдын алу және оны емдеуде қазiргi заман әдiстерiн енгiзедi, зерттейдi, қорытындылайды және денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелерi жұмысының алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн таратады. 
      6. Ауруханалар жалпы және ауруханаға жатқызылған, оның iшiнде еңбекке қабiлеттiлiгiн уақытша жоғалтумен, ауруды зерттеуде, түзеу мекемесiндегi өлiм себептерiне, диагностиканың қателерiне, ауруханаға кеш жатқызуға талдау жасауға қатысады, адамдардағы аурудың бастапқы кезеңiн анықтау мақсатында сотталғандарды жоспарлы профилактикалық тексеруден өткiзулерге қатысады. 
      7. Аурухананың құрылымын, штаты және керуерттер саны Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiмен анықталады. 
      8. Ауруханалар (соматикалық емханалар ТМ-нiң оқшауланған аумағында орналасады) және оның құрамында: санитарлық қабылдау бөлмесi, емдеу бөлiмшелерi, емдеу-диагностикалық кабинеттер, ұйымдастыру-әдiстемелiк кабинеттер, клиникалық зертхана, мұрағат, әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi және басқа да қосалқы үй-жайлары болады. 
      Тиiстi медициналық құрал-жабдықтар және аппаратурамен, шаруашылық инвентарьмен, көлiкпен, басқа да мүлiкпен емхана ТМ қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi. 
      9. Аурухананың бөлiмшелерiнде жедел жәрдем көрсету бойынша кестелер, нұсқаулықтар және анықтамалықтар, қажеттi дәрi-дәрмектер: ерiтiндiлер, қанның сары суы, сандыраққа қарсы препараттар және қан ауыстыратын сұйықтықтар, хирургиялық аспаптар, таңу материалдары, оттегi және шұғыл жәрдемнiң басқа да құралдары бар. 
      10. Аурухана мен оның қызметкерлерi емхананың әкiмшiлiгi әзiрлеген емдеу мекемесiнiң iшкi тәртiбi, лауазымдық нұсқаулықтары және ТМ-нiң iшкi тәртiп  Ережелерi  негiзiнде жұмыс iстейдi. 
      11. Дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру үшiн оларды орталық атқару органдарының оқу мекемелерiне бiлiктiлiк жетiлдiру курстарына жiберiледi, қажет болған жағдайларда денсаулық сақтау жөнiндегi аумақтық органдардан бiлiктi мамандарды шақыру арқылы дәрiгерлiк конференциялар, кеңестер өткiзiледi. 
      12. Ауруханада ұйымдастырылады және жұмыс iстейдi: дәрiгерлiк-кеңес беру комиссиясы (бұдан әрi - ДКК), дәрiгерлiк-еңбек комиссиясы (бұдан әрi - ДЕК), Комиссиялардың құрамын облыстық қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының (бұдан әрi - ҚАЖКБ) бастығы бекiтедi. 
      Аурухананың комиссиялары жүргiзедi: 
      еңбекке қабiлеттiлiгiн уақытша немесе тұрақты жоғалту дәрежесiн анықтауды; 
      сотталғандарды Арнайы медициналық комиссияға тексеруге және куәландыруға медициналық құжаттарды дайындауды; 
      әрi қарай жазасын өтеу орнын ауыстыру бойынша қолдаухаттар берудi. 
      13. Ауруханалар статистикалық есеп жүргiзедi және оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде ҚАЖКБ-ға ұсынады. 
      14. Аурухана орналасқан жердегi, ТМ-нiң бастығы, мемлекеттiк органдарына аурулардың ауру тарихынан көшiрмелер мен анықтамаларды тек жазбаша сұрау салулары бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерi белгiлеген жағдайларда ғана бередi. Стационарда емделiп жатқан сотталғандар жөнiндегi әкiмшiлiктiң мүдделi мекемелермен хат алмасулары жеке iсте сақталады. 
      Науқастардың шағымдары мен арыздары, мекеме басшыларымен қарастырылады немесе заңда белгiленген тәртiппен мекен-жайларға жолданады. 
      15. Режим (тәртiп) және қадағалауды, арнайы есепке алу, тәрбие жұмысын ТМ-iнiң әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi. 
      16. Ауруханада жұмыс iстемейтiн адамдарға аурухана бөлiмшесiнiң аумағына кiруге ТМ бастығының рұқсатымен ғана кiредi. 
      17. Ауруханаларда айрықша қауiптi рецидивистер, өлiм жазасын кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан өмiр бойы айыруға алмастырылған адамдар, сондай-ақ ұстау режимiнiң айрықша және түрмелiк түрiндегi сотталғандар бiр-бiрiнен және басқа санаттағы сотталғандардан оқшау арнайы бөлектенген және жабдықталған орындарда ұсталады. 
      18. Аурулардың заттай қанағаттануы мен тамақтануы Қазақстан Республикасы заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген нормалар бойынша жүзеге асырылады.
      19. Аурулармен кездесулер, олардың посылка (жолданған зат) мен сәлемдемелер алуы, сондай-ақ олардың азық-түлiк және бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуы тәртiптiң тиiстi түрi үшiн қылмыстық-атқару заңнамасымен белгiленген нормалар бойынша рұқсат етiледi. ТМ әкiмшiлiгi аурулардың белгiленген норма мен өнiмнiң түр-түрi шеңберiнде азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуы үшiн жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы    
Әдiлет министрімен      
2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 149

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау Министрiмен   
2002 жылғы 23 қаңтардағы N 67  
Қоса біріккен бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
қылмыстық-атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiндегi
сотталғандарға, соматикалық аурулар және туберкулезбен
ауыратындарға стационарлық медициналық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕСІ

      1. Соматикалық ауытқулары бар сотталғандарды ауруханаға стационарлық емдеуге жолдау кезiнде, сотталған отырған ТМ бастығы аурухананың бастығынан ауруханаға жатқызу үшiн алдын ала рұқсат сұрайды. Диспансерлiк есеп жүргiзу бiрiншi тобы туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын сотталғандарды стационарлық емдеуге жолдау алдын ала рұқсат алусыз, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi (бұдан әрi - ҚАЖК) бекiткен түрде жүргiзiледi. 

      2. Соматикалық аурулар және туберкулезбен ауыратын сотталғандарды соматикалық ауруханаға немесе туберкулезге қарсы мекемесiне жолдауды таңдау, олардың негiзгi ауру түрiнiң қаншалықты ауырлығына байланысты анықталады. 
      Белсендi туберкулез сотталғандар соматикалық ауруханаға жатқызар алдында инфекциялық изоляторда емделу курсын өтедi. 
       Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 892  бірлескен бұйрығымен .

      3. Қажеттi жағдайларда сотталғандар ауруханаға ҚАЖК рұқсатымен жiберiледi. 

      4. Сұрау салумен бiрге сотталғанның медициналық амбулаторлық картасынан жазылып алынған көшiрмеде бүкiл iлеспелi аурулары көрсетiлген толық шығару эпикризi және мекеме бастығының стационарлық емдеу қажеттiлiгi туралы қорытындысы жiберiледi. Қорытындыда аурудың барлығын дәлелдейтiн анамнестикалық және клиникалық деректер көрсетiледi. Белсендi туберкулез түрiмен ауыратын аурулардың көрсетiлген құжаттары сотталғанның жеке iсiмен бiрге жiберiледi. 
      Ауруханаға жатқызу үшiн аурудың мiндеттi түрде келiсiмi керек (Қазақстан Республикасы  Заңының  "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" 46 бабында жүйеленгеннен басқа жағдайларда). Егер ауру ауруханаға жатудан бас тартса, аурудан мекеме басшысы атына жазылған арыз алынады, ол сотталғанның сырқат парағына немесе амбулаторлық картасына тiркелiп сақталады. Егер ауру өзiнiң сырқатына байланысты өз жағдайын бағалай алмағанда, ауруханаға жатқызу медициналық, дәйектемелер негiзiнде жүргiзiледi. 

      5. Сотталған ауруларды стационарлық емдеуге жатқызу үшiн тасымалдау жiберушi - органның медицина қызметкерiнiң керектiгiнде қолданылады, алты айдан астам аяғы ауыр әйелдердi тасымалдауда мiндеттi түрде медициналық қызметкерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады. Жiберушi-органның медициналық бастығы ерiп жүрудiң керектiгiн айқындайды. 

      6. Ауруханаға аурулар мынадай жағдайларда орналастырылады: 
      1) органның дәрiгерлiк бөлiм бастығы және жiберушiнiң стационарлық емдеу қажеттiгi туралы қорытындысы бойынша; 
      2) соматикалық аурухана бастығы немесе ҚАЖК бастығының рұқсатымен; 
      3) сотталғанның медициналық құжаттарымен және жеке ақшасы жөнiндегi қаржылық анықтамаларымен бiрге жеке iсi жiберiледi, солардың негiзiнде бухгалтерия алғашқы қажеттi заттарды сатып алуы үшiн жеке шот ашады. 

      7. Ауруханаға орналастырылған аурулар дәрiгерлiк-кеңестiк комиссиясымен (бұдан әрi - ДКК) куәландырылулары тиiс. 

      8. Ауруды қабылдау кезiндегi кезекшi дәрiгердiң мiндеттерi: 
      1) қажеттi құжаттардың барлығын және жолдама негiздiлiгiн тексеру; 
      2) қажеттi медициналық құжаттарды толтыру және ауруларды қабылдауды тiркеу журналына қажеттi мәлiметтердi жазу; 
      3) аурудың алдын ала диагнозын анықтау, қажеттi емдеудi тағайындау және бөлiмшеге жiберу. 

      9. Ауруханаға түскенде ауру түбегейлi жеке тексеруге ұшырайды, оның заттары, киiмдерi, аяқ-киiмi мұқият тексерiледi, дезинфекцияланады, тәртiпке келтiрiледi және кезекшi медициналық бике, дәрiгер және оған iлесе келген тұлға жасаған тiзiмдеме бойынша ауруханадан шығуына дейiн сақтау камерасына тапсырылады. Бөлiмшеге түскенге дейiн ауру iш-киiмiн ауыстырумен бiрге мiндеттi санитарлық өңдеуден өтедi. 

      10. Ауруханаға түскен ауруларды түскен сәтiнен бастап емдеушi дәрiгер қарайды, жалпы жағдайының толық суреттемесi, алдын ала қойылған диагнозы мен тексеру жоспары, дәрiгерлiк талқылау нәтижелерi ауру тарихына енгiзiледi. 

      11. Ауруханадағы ауруларды емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң кесiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. Ауру қажеттi тексеруден, оның iшiнде клиникалық-зертханалық, рентгенологиялық толық тексерулерден өтедi. 

      12. Жағдайы нашарлаған жағдайда ауру емдеушi дәрiгердiң қорытындысы бойынша және бөлiмше бастығының рұқсатымен күшейтiлген бақылау палатасына ауыстырылады. 

      13. Ауруды бақылау нәтижелерi, диагностикалық және емдеу манипуляциялары медициналық картасына енгiзiледi. Ауру тарихы мен ол туралы материалдар темiр сейфтерде сақталады. 

      14. Жедел көмек көрсетуге дәрiгерлердi шақыру жағдайында ем беру кабинетiнде алдын ала жүргiзетiн арнайы дәрiгерлiк кешен сақталады, оны қалыптастыру мен бақылауды медициналық бике уақытылы жүргiзiп отырады. 

      15. Стационарлық аурудың медициналық құжаттары мұрағатқа тапсырар алдында толық ресiмделедi, шығару эпикризiнде мiндеттi тәртiпте: анамнез туралы қысқаша ақпарат, жүргiзiлген тексеру мен емдеу, оның тиiмдiлiгi, диагнозды дәлелдеу, аурудың аяқталуы туралы мәлiметтер, әрi қарай бақылау мен емдеу жөнiндегi ұсыныстар көрсетiледi. 
      Эпикриздiң көшiрмесi амбулаторлық аурудың медициналық картасына қоса тiркеледi. 

      16. Ауруханада емделу курсы аяқталған соң сотталғандар бұрын ұсталған орны бойынша түзеу колонияларына қайтарылады. Олармен бiрге олардың жеке iстерi, дәрiгерлiк карталары және әрi қарай диспансерлiк есепке алу мен динамикалық бақылау үшiн стационарлық науқастың тарихынан толық көшiрмелер қайтарылады. Науқас ауруханада жатқан кезде жазалау мерзiмi аяқталса және әрi қарай емдеу қажеттiлiгi болса, науқас денсаулық сақтау органдарының емдеу профилактикалық ауруханаларына Қазақстан Республикасы заңы белгiленген тәртiпке сәйкес жiберiледi. 

      17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару  кодексiнiң  168 бабына сәйкес ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға жататын сотталғандар, босату туралы сот шешiм қабылдаған соң денсаулық сақтау органдарының территориалды емдеу-профилактикалық мекемелерiне заң бойынша белгiленген тәртiпте ауыстырылады. 

      18. Аурухана аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынады. 

      19. Аурулардың аурухана бөлiмшелерiнде ұсталуын, басқа палаталардағы аурулармен байланысын, серуендеуi мен ауруханалық тәртiптi орындауымен байланысты басқа да iс-шараларды медициналық қызметкерлер реттейдi және бақылайды. 
      Серуендеулер iшкi тәртiп ережелерiне сәйкес дәрiгерлiк және бақылаушы құрамның бақылауымен аурулар үшiн арнайы бөлiнген жерлерде өткiзiледi. 
      Серуендеуге бөлiнген жерде жазылып келе жатқан аурулар үшiн жалпы емдеу үрдiсiне әсер ететiн әр түрлi жаттығу сабақтары ұйымдастырылады. 

      20. Аурулар үшiн түнгi ұйқының ұзақтығы сегiз сағаттан, түстен кейiнгi ұйқы бiр сағаттан кем болмауы керек. 

      21. Науқастың ауруханада өлу фактiсiн емдеушi дәрiгер, ал ол жоқ болса - кезекшi дәрiгер куәландырады. Ауруханада қайтыс болғандардың мәйiтiн сою мiндеттi түрде жүргiзiледi. 

      22. Туысқандары бас тартқан немесе жоқ болған жағдайда ауру сотталғанның өлiмiн АХАЖ органдарында тiркеу және оны жерлеудi аурухананың әкiмшiлiгi жүргiзедi. 

      23. Сәтсiз оқиғалар, аурулардың өлiмi, аурухана iшiндегi инфекциялар, және басқа да төтенше жағдайлар кезiнде аурухананың бастығы немесе оны алмастыратын тұлға облыстағы ҚАЖКБ басшылығына хабарлайды. 

      24. Қылмыстық атқару жүйесi ауруханалары мен дәрiгерлiк бөлiмшелерiнде арнайы, бiлiктi дәрiгерлiк көмек көрсету мүмкiн болмаған, ерекше жағдайларда, сотталғанның өмiрiне қауiп төнген, сондай-ақ ауруды басқа жерге ауыстыру оның денсаулығының ауырлығына байланысты мүмкiн болмағанда, сотталғандар түзеу мекемесiне қоныс аудару орны бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдарына жiберiледi. Бұнда оларға келесi кепiлденген ақысыз медициналық көмек көрсетiледi: 
      1) кепiлденген ақысыз медициналық көмек көрсету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi; 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiне жiберiлген сотталған ерлер, әйелдер, кәмелеттiк жасқа толмағандарға: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, дерматолого-венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлiк-гинекологиялық, зиянды және қатерлi өндiрiстiк факторлар, туберкулез бен лепрой тағы басқа ауруларда арнайы дәрiгерлiк, оңалту көмегiн көрсету; 
      ВИЧ-инфекциялы ауруларға медициналық көмек көрсету; 
      шұғыл және төтенше жағдайларда пайда болған ауруларға медициналық көмек көрсету; 
      2) жергiлiктi бюджет есебiнен азаматтарға кепiлденген ақысыз медициналық көмек көрсету; 
      алғашқы медициналық-санитарлық көмек; 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесi алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарын жiбере отырып, арнайы амбулаторлық-поликлиникалық ұйымдар мамандары жүргiзетiн кеңестiк-диагностикалық көмек көрсету; 
      кәмелеттiк жасқа толмаған сотталғандарға, аяғы ауыр әйелдерге және қатты тiсi ауырғандарға ортодонтикалық көмектен басқа, стоматологиялық көмек көрсету; 
      кәмелеттiк жасқа толмаған сотталғандарға физиотерапиялық көмек көрсету; 
      сотталған кәмелеттiк жасқа толмағандарға, аяғы ауыр әйелдерге, еркектерге стационарлық медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оңалту жергiлiктi деңгейде; 
      шұғыл көмек көрсету; 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесi алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарын жiбере отырып, аурудың барлық түрiне жоспарлы көмек көрсету, сонымен бiрге: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапиялық, травматологиялық, дерматовенерологиялық, гинекологиялық аурулармен ауыратындар мен аяғы ауруларға, алкоголизм мен нашақорлықпен, туберкулезбен, қант диабетiмен, өкпе-бауыр ауруымен ауыратындарға; 
      шұғыл және төтенше жағдайларда пайда болған ауруларға медициналық көмек көрсету; 
      ВИЧ-инфекциялы ауруларға медициналық көмек көрсету. 

      25. Денсаулық сақтау жүйесiнiң емдеу-профилактикалық ұйымдары сотталғанды шұғыл түрде ауруханаға жатқызудан бас тартқан жағдайында ауруды жетектеушi, бөлiм немесе жазаны орындаушы орган бастығын, аймақтық денсаулық сақтау атқару органын және оны тексеретiн прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi. 

      26. Денсаулық сақтау емдеу-профилактикалық мекемелерiне жатқызылған сотталғандарды күзету Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi кесiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. (РҚАО-ның сілтемесі: 1 тараудың  1 тармағын  қараңыз.) 

      27. Қазақстан Республикасы IIМ изоляторларынан (бұдан әрi - ТИ) сотталғандарды Әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiне кезең-кезеңмен көшiру Қылмыстық атқару жүйесi комитетi бекiтуi бойынша жүргiзiледi. 

      28. Венерологиялық, паразиттiк және инфекциялық аурумен ауыратын (туберкулез) сотталғандар, ұсталатын орны бойынша емдеумен қамтамасыз етiледi. 
       Ескерту: 28-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 892  бірлескен бұйрығымен .

      29. Сотталған ауру әйелдердiң, еркектердiң, кәмелетке толмағандардың (ВИЧ/ЖҚТБ-мен ауыратын әйелдер және кәмелетке толмаған әйел жыныстылардан басқа) барлық категориясы ұсталатын орны бойынша емдеумен қамтамасыз етiледi. Аяғы ауыр немесе үш жасқа дейiн баласы бар сотталған әйелдер бала үйi бар түзеу мекемелерiне жолданып, сонда ұсталады. 
      Сотталған ауру әйелдердiң, еркек және әйел жынысты кәмелетке толмағандарды арнайы комиссиямен куәландыру және ауруына байланысты жазасын өтеуден босату материалдарын сотқа ұсыну ұсталатын орны бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту: 29-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 892  бірлескен бұйрығымен

      30. Психикалық аурулармен зардап шегетiн сотталғандарды соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеу, негiзгi ұсталатын орнында емдеумен қамтамасыз етiледi. 

      31. Үкiм заң күшiне енгеннен кейiн ауырған-сотталғандар ТИ-дан стационарлық емдеу қажет кезінде Қылмыстық атқару жүйесі емдеу-профилактикалық мекемелерiне алдын ала сұраным жасамай-ақ ҚАЖК бекiтуi бойынша жолданады. 

      32. Туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын, диспансерлiк бiрiншi топ бақылауында тұратын сотталғандар, сондай-ақ сот шешiмi бойынша туберкулезден мәжбүрлеп емдеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесi туберкулезге қарсы мекемелерiнде емдеумен қамтамасыз етiледi. Бұдан әрi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кесiмдерiне сәйкес, диспансерлiк бiрiншi топ бақылауынан екiншi топқа ауыстырғаннан кейiн олар негiзгi ұсталатын орны бойынша оқшауланған учаскелерге бақылануға жiберiледi. 
      Айрықша түрме тәртiбiнде ұстауға сотталғандар, туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратындар сотталғандардың жалпы массасынан бөлектенiп негiзгi ұсталатын орны бойынша емдеумен қамтамасыз етiледi. 

      33. Туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын және психикалық ауытқулары бар сотталғандарды емдеу туберкулезге қарсы мекемелерiнде, ал психикалық ауытқулардан стационарлық емдеу қажеттiлiгi туған жағдайда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық атқару жүйесi психиатриялық ауруханасында емдеумен қамтамасыз етiледi, онда бiр уақытта туберкулезге қарсы ем берiледi. 

      34. Түрмелiк және айрықша тәртiп түрiне ұсталуға сотталғандар, сотталған әйелдер мен әйел және еркек жынысты жасөспiрiмдер алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу туралы сот шешiмi бойынша ұсталатын орнында бақыланып, емделедi. 

      35. Сотталғандарды алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу, ауыр асқынған аурулары болғанда, олар асқынған аурулар бойынша қылмыстық атқару жүйесi емдеу-профилактикалық мекемелерiнде қаралумен және емделумен қамтамасыз етiледi. 

      36. Түзеу колониясында ұсталатын, сотталғанды алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу туралы сот шешiм қабылдағанда ауру қоныс аудару орны бойынша ТИ-ға, сосын ТИ-ға бекiтiлген арнайы жабдықталған түзеу мекемелерiне жiберiледi.

      37.  Тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 168, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 892  бірлескен бұйрығымен ..      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады