әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 8.11-баптарына сәйкес және Аршалы, Ақкөл, Бұланды, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың,Қорғалжын аудандарының әкімдері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдады: - тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, төмендегі елді-мекендер жабылсын және есептеу көрсеткіштерінен шығарылсын: Аршалы ауданы бойынша: Нововладимировское селолық округінің Ақжар селосы; Ақкөл ауданы бойынша Минское селолық округінің Көмей селосы; Искра селолық округінің Подстанция селосы; Трудовое селолық округінің Еңбек және N 32 разъезд селолары; Қырыққұдық селолық округінің Басқұдық селосы; Бұланды ауданы бойынша Капитоновское селолық округінің Қарағаш селосы; Еңбекшілдер ауданы бойынша Еңбекшілдер селолық округінің Абай селосы; Краснофлот селолық округінің Бұлақтышілік және Дальний селолары; Ерейментау ауданы бойынша Бестоғай селолық округінің Нецветаевка селосы; Изобильненское селолық округінің Восточное селосы; Новомарковское селолық округінің Кеңөткел селосы; Селеті селолық округінің Тасқора және Киікбай селолары; Новодолинское селолық округінің Тоқберлі селосы; Павловское селолық округінің Шақшабай селосы; Улентинское селолық округінің Ордабай және Бөгенбай селолары Есіл ауданы бойынша Курское селолық округінің N 19 разъезі; Жақсы ауданы бойынша Терісақан селолық округінің Жұрымсай және Артықбай селолары; Жарқайың ауданы бойынша Нахимовское селолық округінің Обалсай селосы; Баранкөл селолық округінің Бапалақ селосы; Қорғалжын ауданы бойынша Кеңбидайық селолық округінің Қарақоға және Зорман селолары; Қызылсай селолық округінің Қарасор селосы. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың хатшысы
Кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді жабу туралы
ЖаңаАқмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 12 cәуірдегі N С-7-11 Ақмола облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 08 мамырда N 589 тіркелді
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз