Жаңа ауылдық (селолық) және кенттік округтер құру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы әкімінің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 9-6 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2001 жылғы 28 тамызда N 408 тіркелді.

      Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов және Шу аудандық мәслихаттары мен аудан әкімдерінің бірлескен шешімдерін қарай келе, осы аудандар аумағында тұратын тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат және облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
 
      1. Төмендегі аудандар бойынша бұрынғы ауылдық (селолық) округтер аумағында жаңа ауылдық (селолық) және кенттік округтер құрылсын:
 
                      Байзақ ауданы бойынша
 
      Түймекент ауылдық (селолық) округінен орталығы - Жақаш ауылы болатын Қарасу, Көкөзек ауылдары елді мекендерімен бірге Сухамбаев ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Жалғызтөбе ауылдық округінен орталығы - Мырзатай ауылы болатын Абай, Ақтөбе, Дихан ауылдары елді мекендерімен бірге Мырзатай ауылдық (селолық) округі және орталығы - Ынтымақ ауылы болатын Ынтымақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Қостөбе ауылдық (селолық) округінен орталығы - Красная звезда селосы болатын Қызылжұлдыз (селолық) ауылдық округі бөлінсін.
 
                        Жамбыл ауданы бойынша
 
      Аса ауылдық (селолық) округінен орталығы - Қаракемер селосы болатын Құмтиын ауылы, Сеңгірбай селосы елді мекендерімен бірге Қаракемер ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Гродеково ауылдық (селолық) округінен орталығы - Қызылқайнар селосы болатын Жасөркен селосы, елді мекендерімен бірге Қызылқайнар ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Қарой ауылдық (селолық) округінен орталығы - Құмшағал ауылы болатын, Шөлдала, Қызылабат, Көлтоған селолары елді мекендерімен бірге Құмшағал ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Айша-бибі ауылдық округінен орталығы - Бектөбе селосы болатын Бәйтерек ауылы, Қызылшарық селосы елді мекендерімен бірге Қаратөбе ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
 
                           Жуалы ауданы бойынша
 
      Боралдай ауылдық (селолық) округінен орталығы Қошқарата ауылы болатын Ақтасты ауылы, Қызтоған селосы елді мекендерімен бірге Қошқарата ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
 
                           Қордай ауданы бойынша
 
      Ноғайбай ауылдық (селолық) округінен орталығы - Алға ауылы болатын Алға ауылдық (селолық) округі бөлінсін, Бетқайнар ауылдық (селолық) округінің құрамындағы Көкадыр ауылы және Кенен ауылдық (селолық) округінің құрамындағы Мұзбел ауылы осы округке берілсін.
      Степное ауылдық (селолық) округінен Бетқайнар ауылдық округінің құрамындағы Жаңатұрмыс ауылы беріліп елді мекендерімен орталығы - Жамбыл селосы болатын Жамбыл ауылдық (селолық) округі және орталығы - Қасық ауылы болатын Қасық ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Сарыбұлақ ауылдық округінен орталығы - Қақпатас ауылы болатын Қақпатас ауылдық округі бөлініп, оған Бетқайнар ауылдық округінің құрамынан Беріктас ауылы берілсін.
 
                          Меркі ауданы бойынша
 
      Кеңес ауылдық (селолық) округінен орталығы - Ақермен ауылы болатын Аспара, Ақкөз-Қайнар, Алтынарық ауылдары елді мекендерімен бірге Ақермен ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Жаңатоған ауылдық (селолық) округінен орталығы - Сұрат ауылы болатын Аққайнар, Тескентоған ауылдары елді мекендерімен бірге Сұрат ауылдық округі бөлінсін.
      Жамбыл ауылдық (селолық) округінен орталығы - Ақтоған ауылы болатын Қазақ дихан, "Красная заря" селолары елді мекендерімен бірге Ақтоған ауылдық (селолық) округі бөлінсін. Мойынқұм ауданы бойынша Мирный кенттік округінен орталығы - Ақбақай кенті болатын Ақбақай кенттік округі бөлінсін. Бірлік ауылдық округінен орталығы - Кеңес ауылы болатын Кеңес ауылдық округі және орталығы - Биназар ауылы болатын Биназар ауылдық (селолық) округі бөлінсін. Мойынқұм ауылдық округінен орталығы - Қылышбай ауылы болатын Қылышбай ауылдық округі және орталығы - Жамбыл ауылы болатын Жамбыл ауылдық (селолық) округі бөлінсін. Сарысу ауданы бойынша Байқадам ауылдық округінен орталығы - Өндіріс ауылы болатын Игілік, Талас ауылдары елді мекендерімен бірге Игілік ауылдық (селолық) округі бөлінсін. Талас ауданы бойынша
      Бостандық ауылдық округінен орталығы - Шәкіров ауылы болатын Амангелді ауылы елді мекендерімен бірге Шәкіров ауылдық (селолық) округі, орталығы - Аққұм ауылы болатын Аққұм ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Қаратау қаласының құрамынан орталығы - Көктал ауылы болатын Көктал кенттік округі бөлінсін.
 
                      Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша
 
      Ақыртөбе ауылдық округінен орталығы - Өрнек ауылы болатын Әбжапар, Сәлімбай, Жарлысу, Сұңқайты ауылдары елді мекендерімен бірге Өрнек ауылдық (селолық) округі және орталығы - Тереңөзек ауылы болатын Көкарық, Мамай, Қайыңды, Шолақ Қайыңды, Сөгеті ауылдары елді мекендерімен бірге Тереңөзек ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Қарақыстақ ауылдық округінің құрамынан орталығы - Жаңатұрмыс ауылы болатын, Мөңке ауылы елді мекендерімен бірге Жаңатұрмыс ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Құмарық ауылдық (селолық) округі орталығы - Құмарық ауылы болатын Қаракемер, Алғабас ауылдары елді мекендерімен бірге Құмарық ауылдық (селолық) округіне және орталығы - Көкдөнен ауылы болатын Көгершін, Қосапан, Жақсылық, Әбілхайыр ауылдары, Құмарық разъезі елді мекендерімен бірге Көкдөнен ауылдық (селолық) округіне бөлінсін.
      Қорағаты ауылдық округі орталығы - Қорағаты ауылы болатын Аққайнар, Тойқұдық, Мамыртөбе ауылдары елді мекендерімен бірге Қорағаты ауылдық округіне және орталығы - Ленин ауылы болатын Қызылшаруа, Байтелі ауылдары, 98 разъезі елді мекендерімен бірге Ленин ауылдық округіне бөлінсін.
 
                           Шу ауданы бойынша
 
      Көкқайнар ауылдық округі орталығы - Көкқайнар селосы болатын Көкқайнар ауылдық округіне және орталығы - Ақсу ауылы болатын Оразалы батыр ауылы елді мекендерімен бірге Ақсу ауылдық (селолық) округіне бөлінсін.
      Ескішу ауылдық округінің құрамынан орталығы - Бірлікүстем селосы болатын Бірлікүстем ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      Дулат ауылдық округі орталығы - Бәйдібек ауылы болатын Дулат ауылдық (селолық) округіне және орталығы - Балуан Шолақ ауылы болатын Балуан Шолақ уылдық (селолық) округіне бөлінсін. Орталығы - Алға селосы болатын Сауытбек ауылы және Жайсан селосы елді мекендерімен бірге Алға ауылдық (селолық) округі құрылсын. 2. Облыстық қаржы басқармасы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу және Т.Рысқұлов аудандарының бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.

       Облыстық мәслихат                   Облыс Әкімі
      сессиясының төрағасы             Облыстық мәслихат хатшысы
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады