Мүлiкке салынатын салықты толығынан өндiрiп алуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 21 cәуірдегі N 88 Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 28 мамырда N 735 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ "Бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңының 173-бабының негiзiнде, мүлiкке салынатын салықты толығынан өндiрiп алуды қамтамасыз ету, оған салынатын салық құнын объективтi анықтау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Мүлiкке салынатын (жылжымайтын мүлiк) салықты төлеуден бас тартушыларды, сондай-ақ кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды тұлғаларды анықтау үшiн облыс бойынша салық комитетiне (келiсiм бойынша), облыс бойынша статистика басқармасына (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi тiркеу қызметi Комитетiнiң Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi Орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (келiсiм бойынша) аталған субъектiлер жөнiндегi ақпараттарды үнемi өзара салыстырып отыруды жүзеге асыру ұсынылсын.
      2. Облыс бойынша салық комитетi Қазақстан Республикасы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" K010155_ Кодексiнiң 16-шы тарауының 207-бабына сәйкес салық төлеушiлердiң объектiлердi жасырып қалқандары үшiн әкiмшiлiк жазаға тарту жөнiндегi жұмысты күшейтсiн.
      3. Мүлiкке салынатын салықты (жылжымайтын мүлiк) уақытында салу және өндiрiп алу мақсатында облыс бойынша салық комитетi (келiсiм бойынша):
      кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды қайтадан есепке қою кезiнде олардың жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттары мен салық салу мақсатындағы бағалау кесiмдерiн тапсыруларын ұсынсын;
      кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға мүлiк салығы декларацияларымен бiрге Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы "Бағалау қызметi туралы" Z000109_ Заңы 6-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлiк пен салық салу үшiн бағалау құқықтары бар мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi құжаттарды қоса тапсыруды ұсынсын. 4. Осы шешiмнiң орындалуын бағалау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсiн. Облыс әкімі Оқығандар: А.Татарков В.Подолян
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады