Алматы қаласының мемлекеттiк демографиялық саясат бағдарламасын бекiту туралы

Күшін жойған

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IX сессиясының 2001 жылғы 4 cәуірдегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2001 жылғы 25 сәуірде N 328 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағына және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қаласының мемлекеттiк демографиялық саясат бағдарламасы және оны iске асыру жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн (N 1, 2 қосымша).
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қоғамдық келiсiм және рухани дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.Ж.Байсарина) және Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Х.Бижановқа жүктелсiн.

      II-сайланған
      Алматы қалалық Мәслихатының
      IХ-сессиясының төрағасы                       В. Булекбаев

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                          Ж. Турегельдинов

      
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 4 сәуiрдегi
IХ сессиясының шешiмiне
N 1 қосымша

Алматы қаласы мемлекеттiк демографиялық
саясатының бағдарламасы
 
Алматы 2001
ПАСПОРТЫ

      Алматы қаласы демографиялық саясатының бағдарламасы "Қазақстан-2030" стратегияның демография саясаты саласында көрсетiлген негiзгi басымдықтарды iске асыруға бағытталған. Алматы қаласы демографиялық саясаты бағдарламасының негiзгi мақсаты Алматы қаласы халқының тұрақты өсуiн оның сапалық өсуiмен орайластыру болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшiн қала органдары мына мiндеттердi шешетiн болады: - "оңтайлы демографиялық өсу" жағдайында ұрпақтардың табиғи алмасуын қамсыздандыру үшiн байқалып отырған туу процесiнiң өсуiн сақтау; - халықтың денсаулық жағдайын жақсарту; - қала халқының өлiм-жiтiлсiн барынша төмендету, өмiр сүру жасын ұзарту; - көшi-қон процессiн реттеу; - отбасы неке қатынастарын нығайту мен дамыту және оны жалпы әлемдiк үрдiске сәйкес үйлесiмдi дамыту; - қала тұрғындарының өмiрiн сапалы деңгейге көтеру. Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Алматы қаласында адам саны 1893,0 мың адамға жетуi мүмкiн. Қала тұрғындарының осы құрамы қала өмiрiне бейiмделуi мен тартылуы үшiн барлық қажеттi жағдайды, қалайтын болса, алатын болады. Олардың күнделiктi өмiрiндегi негiзгi өлшем Қазақстан Республикасы Конституциясы, этно-мәдени дәстүрлер шегiнде материалдық дәулетiн, рухани iзгiлiктiгiн көтеру болып табылады. Бағдарламаны екi кезеңде iске асыру көзделедi: 1 кезең - 2001-2005 жж.; 2 кезең - 2005-2030 жж. Осы бағдарлама мен шаралар жоспары негiзiнен 1-шi кезеңде ашық нақтылайды. 2-шi кезең тұжырымдамалық сипатта берiлген. КIРIСПЕ
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына, "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк демографиялық саясаттың тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 17 тамыздағы N 1272 Қаулысына, "Алматы қаласы халқы арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi кешендi iс-әрекет бағдарламасына". Бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының "Баршаның денсаулығы үшiн" стратегиясына, "Алматы-салауатты қала" Халықаралық жобасына сәйкес әзiрлендi (Алматы қаласы Әкiмiнiң 20.03.2000 ж. N 282 шешiмi.)
      Алматы қаласы демографиялық саясатының бағдарламасы "Қазақстан-2030" стратегиясының демография мен көшi-қон саясаты саласында көрсетiлмеген ел дамуының негiзгi бағыттарын iске асыруға бағытталған.
      Бағдарламаны әзiрлеу кезекте мыналар негiзгi арна болып табылады:
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк демографиялық саясаты мемлекеттiк бағдарламасында көрсетiлген мақсаттар мен мiндеттер; - 2001 жылдың басында Алматыда қалыптасқан демографиялық және көшi-қон процестерi; - Алматы қаласы экономикасы әртүрлi секторын жәй-күйi мен дамуы; - Орта мерзiмдi болашаққа арналған Алматы қаласындағы өзге де мемлекеттiк мекемелердiң бағдарламалары мен жоспарлары. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы демография және көшi-қон саясаты мемлекеттiк саясатының құрамындағы бөлiгi болып табылады.
      1. Алматы қаласында демография процестерiнiң қазiргi жағдайын талдау Қазiргi кезеңде республиканың басқа аймағымен салыстырғанда Алматы қаласындағы демографиялық ахуал оң қалыптасуда 1995-1999 жылдары қала халқының 3840 адамға көбейдi. Алдын ала баға бойынша 2000 жылы ол 1136,1 мың адамды құрады. Оң қозғалыстар ахуалын механикалық және табиғи қозғалыстар тудыруда. Алматыдағы демографиялық процестердiң ретроспектикалық талдамы халықтың механикалық қозғалыс бойынша бұрын байқалған жағымсыз бағдар 1996, 1998 жылдары қысқарды (1 таблица).

1 таблица.

Алматы қаласы халқының механикалық қозғалысы


1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000
(баға
лау)

Көшi-қон - барлығы

Сальдо

-11131

-13534

-13642

-759

3942

-957

4644

4937

4838

Iшкi көшi-қон

Сальдо

879

4097

8879

14284

12958

9905

13989

10051


Сыртқы көшi-қон

Сальдо

12010

17631

22338

15043

9016

10862

7345

5114


Оның iшiнде: жақын шетел

Сальдо

-9620

-14390

-18651

-11405

-5889

-8148

-6567

-2828


Алыс шетел

Сальдо

-2390

-3241

-3687

-3638

-3127

-2714

-2778

-2286


      Таблицадан көшiрiп тұрғанындай, егер 1998 жылы қала бойынша көшi-қонның жағымсыз сальдосы байқалса 1998 жылдан бастап оң. Сонымен қатар Алматы қаласы халқының өсуi негiзiнен iшкi көшi-қон есебiнен жүрдi. Сыртқы көшi-қон таяу, сондай-ақ алыс шетел бойынша әлi де терiс болып қалып отыр (2 таблица).

2 таблица.

Алматы қаласы халқының табиғи қозғалысы


1995

1996

1997

1998

1999

2000
(баға
лау)

Туғандар саны

12169

11581

11228

11524

12395

12570

өлiмдер саны

13173

12626

12208

11751

11423

11324


табиғи өсiм

-1004

-1045

-980

-227

+972

+1246

      2 таблицадан көрiнiп тұрғандай, Алматы қаласы халқының оң сальдосы туудың артып, өлiмнiң төмендеуiнен болып отыр. Сонымен қатар қала аудандары бойынша табиғи қозғалыстарды талдай келе, табиғи азаю Түрксiб ауданында (-219 адам) және Алмалы ауданында (-123 адам) байқалды. Қала бойынша өлiм жиiлiгiнiң басты себебi қан айналымы жүйесiнiң ауруы (өлгендердiң жалпы санының 54 %). Бақытсыз оқиғалары (16,0 %) болып отыр.

2. Алматы қаласындағы демографияның
саясатының мақсаты мен негiзгi мiндетi

      Жоғарыда мазмұндалған Алматыдағы демография процесiн талдауды ескере отырып, сондай-ақ Тұжырымдамада көрсетiлген негiзгi мақсат пен мiндетке сәйкес Алматы қаласы демография саясаты Бағдарламасының негiзгi мақсаты қаланың әлеуметтiк және экономикалық қауiпсiз дамуын және халықтың санының және сапалық өсуiне барлық қажеттi жағдайды жасау болып табылады. Қала билiк органдарының алдында тұрған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттер тұр: - халықтың тiршiлiк ауаның тұрақты негiзде зерттеу; - бала көтеретiн жастағы әйелдердi дер кезiнде сауықтыру мақсатында аумақтық поликлиникаларда диспансерлеу жүйесiн жандандыру; - денсаулығы жағдайын жақсарту мақсатында жүктi әйелдерге медициналық препараттарды жеңiлдiкпен беру бойынша шаралар әзiрлеу; - қозба сырқатты және әртүрлi акушерлiк асқынуды өткерген бала көтеретiн жастағы әйелдер үшiн оңалту.

3. Алматыда көшi-қон саясатына негiзгi
бағыттары мен iске асыру механизмi

      3.1. Туу Алматыда тууды реттеу құралдары мыналар: - халықтың тiршiлiк ауаның тұрақты негiзде зерттеу;
      - бала көтеретiн жастарға әйелдердi дер кезiнде сауықтыру мақсатында аумақтық поликлиникаларында диспансерлеу жүйесiн жандандыру;
      - денсаулығы жағдайын жақсарту мақсатында жүктi әйелдерге медициналық препараттарды жеңiлдiкпен беру бойынша шаралар әзiрлеу;
      - қозба сырқатты және әртүрлi акушерлiк асқынуды өткерген бала көтеретiн жастағы әйелдер үшiн оңалту орталығын ашу (қан ағу, бала туғаннан кейiнгi сырқаттар және т.б.);
      - қосалқы перзентханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мен өрiстету (эндоскопиялық қондырғы, ұрықтың жәй-күйiн мониторингтiк бақылау);
      - абортты азайту және әйелдiң өзiне тән мiндетiн сақтау мақсатында;
      - жыныстық тәрбие және отбасылық өмiрге даярлау, мәселесi бойынша ақпарат жүйесiн құру;
      - балалардың емдеу сақтандыру ұйымдарын осы заманға медициналық қондырғы-аспаптармен жабдықтау;
      - балалар тағамын шығаратын арнайы кәсiпорындар келiсiп ұйымдастыру;
      - бiр жасқа дейiнгi балалар үшiн (тегiн тамақтандыру) сүт бөлмелерiн ашу.
      3.2. Өлiмдi төмендету
      Алматыдағы өлiм-жетiмдi төмендету саласындағы негiзгi құралдар:
      - балалар өлiмiн қысқарту мақсатында жастайынан жұқпалы, кездейсоқ және әлсiздiк тудыратын ауруларман күрес жөнiндегi 687 бағдарламасын енгiзу; - дифтерияға, көкжөтелге, полиемелитке, туберкулезге, В гепатитiне, эпидпаротитке қарсы балаларды қамсыздандыру; - Г.К. Ивановтың "сәби" әдiстемесi бойынша балаларды шынықтандыру әдiсiн енгiзу; - Салауатты өмiр салты, заңды әдiстермен күрес дәстүрлерi мен бағдарламасын қалыптастыру; - Туберкулез, қант диабетi, жүйкенiң тозуы емдеу мен сауықтыру бойынша шаралар қабылдау; - Балалар мен оқушылар арасындағы жол-көлiк оқиғасы жарақатын төмендету бойынша шаралар әзiрлеу; - Халықты, әсiресе жастарды спортқа насихаттау және тарту; - қарт адамдарға медициналық көмектi дамыту мен жетiлдiру (тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн кеңейту); - ауыз суының, азық-түлiктiң және дәрi-дәрмектiң сапасына бақылауды күшейту; - экологиялық ахуалды сауықтыру.
      Жалпы, орта мерзiмдi болашақта халықтың денсаулығын нығайту, өмiрдi төмендету жөнiндегi негiзгi бағдарламаның шаралары мыналар: - 2001 жылы рентген, хирургия, анестезиология, акушерлiк және өзге де қондырғыларын 360,0 млн. теңге алу; - 32 iрi емдеу мекемесiн күрделi жөндеу (ЖЖА, ОҚКА, N 1, 4, 5 қалалық аурухана мен бiрқатар балалар және өзге де); - Автокөлiктiң, жылуэнергия көзiнiң, өнеркәсiп және тұрмыс қалдықтарының Алматы қаласы қоршаған ортасын мен халықтың денсаулығына жағымсыз ықпалын төмендету жөнiндегi шаралар қабылдау; - Орманның табиғи қалпын зерттей отыра жасыл желектi түгендеу; - Алматы қаласы қоршаған ортасының аумақтық кешенiн әзiрлеу; Алдағы болашақта жеке медициналық қызметтi, медициналық сақтандыру жүйесiн дамыту жоспарлануда. Қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау саласын оңтайландыру, өнеркәсiп өндiрiсiн экологияландыру қарастырылуда.
      3.3. Отбасы неке қатынастары Отбасы неке қатынасын дамытушы негiзгi бағыты дәстүрлi отбасына нығайту болмақ. Орта мерзiмдi 2001-2005 жылдары, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi болашақта отбасы-неке қатынастарын дамыту саласындағы үстем бағыттар мыналар: - Қазақстан Республикасы Конституциясының шегiнде отбасылық, этно-мәдениетi дәстүрлер мен нормаларын дамыту; - Жас отбасы клубының жемiсiн дамыту; - Жалпы әлемдiк бағыттарға сәйкес отбасы-неке қатынастарында әйел мәртебесiн дамыту мен көтеру; - Бала тәрбиелеуде ерлердiң рөлiн көтеру.
      3.4. Көшi-қон Алматыдағы көшi-қон саясатының бағыттары мыналар: - қала азаматтарының елден тысқары кетуiн қысқарту; - көшi-қон балансын стратегиялық жоспарын сақтау; - этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтуына, жерсiнуiне жағдай жасау. 2001-2005 жылдары кетудi төмендету мақсатындағы негiзгi шаралар: - жыл сайын "Алматы қаласының эмиграциялық ауаның индикаторын" анықтау (социологиялық зерттеулер жүргiзу және ұлты, жасы мен қала аудандары бойынша кетудiң негiзгi себептерiн анықтау); - "Бiздiң шетелдегi отандастарымыз", "Бiз Алматыда тудық" және т.б. айдарымен теле-радио хабарларын өткiзу. Ұзақ мерзiмдi көшi-қон саясатына негiзгi шаралары мыналар: - Алматыдағы халық қоныстануының экономикалық нормативтерiн әзiрлеу; - "Демографиялық өрлеудi қамсыздандыру мақсатында Алматыдағы көшi-қон саясатын әзiрлеу".
      3.5. Алматы қаласы халқының сапалық өсуi, оның экономикалық дәулетiнiң көтерiлуi
      Алматы қаласы дамуының басым бағыты қала халқының сапалық өсуi, оның экономикалық дәулетiнiң көтерiлуi болып табылады.
      Бұл бағыттағы 2001-2005 жж. орта мерзiмдi болашақтағы негiзгi шаралар:
      - мектепке дейiнгi мекемелер желiсiн дамыту (екi бiрлiкке) және жеке секторды дамыту есебiнен 5-6 жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен толық қамту;
      - жалпы бiлiм, кәсiби мектептердi, лицейлердi, колледждердi дамыту.
      Жалпы 2005 жылға дейiн орта бiлiм мекемелерiндегi оқушылар санын 6,3 пайызға, ал бастауыш және кәсiби бiлiм ұйымдарын 2 есеге, балалар бақшасындағы балалар санын 19,4 пайызға көбейту жоспарлануда.
      Осы кезеңде мәдениет саласында мемлекеттiк мұражайлардың, театрлардың, филармониялардың және концерт ұйымдарының материалдық- техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.
      Дене шынықтыру мен спорт саласында оның Тұжырымдамасын iске асыру ескерiлетiн болады.
      Алматы қаласы демография саясатының негiзгi бағыты оны экономикалық дәулетi көтерумен, жұмыс орнын құрумен, кедейшiлiкпен күреспен ұштастыру болып табылады. Осы мақсатта жергiлiктi бюджеттен әлеуметтiк көмекке 1452,5 - 2159,8 млн. теңге немесе 48,7 пайыз қаражат жұмсалмақ. Бұл жағдайда әлеуметтiк көмектiң орташа көлемi 2000 жылғы 29,7 пайызға көтерiлетiн болады. Қалалық 2001-2002 жж. кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасына сәйкес жұмыс iстейтiн кәсiп орындардағы жұмыс орны 942 бiрлiкке артады қосымша 32036 жұмыс орны құрылып, қоғамдық жұмысқа 11,4 мың адам кәсiби оқыту курсына 4,8 мың адам жiберiлетiн болады. Болашақта жеке секторды дамыту есебiнен қызмет саласына маман даярлайтын мекемелер желiсiн (халықаралық туризм, денсаулық сақтау) көбейту, ұлттық мәдени, ғылыми орталықтарды әр түрлi парк және сквер жүйесiн, "Қиял әлемiн", қаржы секторын (сақтандыру, кредиттеу) дамыту көзделiп отыр.

4. Бағдарламаны iске асыру бойынша қажеттi
ресурстар мен қаржыландыру көздерi

      Алматыдағы демография саясатының Бағдарламасын iске асырудың негiзгi қаржы көздерi: - жергiлiктi бюджет қаражаты; - қала жұмыс берушiлерi мен азаматтарының қайырымдылық аударымдары; - жеке қаражат; - әр түрлi арнайы қорлар қаражаты; - кәсiпкерлiк құрылымдар қаражаты; - өзге де көздер.
      Қаржы көздерiмен қатар Бағдарламаны iске асыру кезiнде БАҚ-тағы идеологиялық жұмыс пайдаланылатын болады. Сондай-ақ қала көшелерi мен алаңдарындағы салауатты өмiр салты жарнамасы да өз мiндетiн атқарады.

5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      2030 жылы бағдарлама шараларының iске асыру нәтижесiнде Алматыдағы халық санының 1893,0 адамға жететiндiгi күтiледi.
      Қала тұрғындарының осы интернационалдық құрамы қала өмiрiне бейімделу мен күндiгу үшiн барлық қажеттi жағдайларды алатын болады. Халықтың күнделiктi өмiрiндегi негiзгi өлшемдер этно-мәдени дәстүрлер, Қазақстан Конституциясы шегiнде салауатты өмiр салты және материалдық игiлiктi, рухани iзгiлiктi көтеру болып табылады.
 
                             Глоссарий
 
      1. Демографиялық оптимум - жастық топ пен жыныс бойынша топтастырылған ел, аймақ халқының жыныстық-жастық құрамы.
      2. Оптималды демографиялық өсу - демографиялық өрлеудiң сақталуын қамтамасыз ететiн халық санының өсуi.
      3. Механикалық қозғалыс - халықтың кетуiне, келуiне және ел iшiнде ауысуына негiзделген халық санының өзгерiсi.
      4. Табиғи қозғалыс - халықтың тууы мен өлуiнен туындаған халық санының өзгерiсi.
      5. Жүктiлiк жасы - бала көтеру жасындағы әйел.
      6. Көшi қонның жағымсыз сальдосы - кету келуден асады.
      7. Iшкi көшi-қон - халықтың ел iшiндегi ауысуы.
      8. Сыртқы көшi-қон - халықтың елден тысқары жерлерге кетуi.
      9. Күшi-қон қозғалысының индикаторы - көшi-қонға әсер ететiн, әлеуметтiк-экономикалық, этникалық, саяси факторларды көрсететiн кешендi көрсеткiш. 

      II-сайланған
      Алматы қалалық Мәслихатының
      IХ-сессиясының төрағасы                       В. Булекбаев

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                          Ж. Турегельдинов

      
II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 4 сәуiрдегi
IХ сессиясының шешiмiне
N 2 қосымша

      
Бағдарламаның iске асыру шараларының жоспары

Шаралар

Орындауға жауаптылар

Мерзімі

Қаржы
ландыру көзі

Болжамдық
бағасы

Туу

1.

Халықтың тiршiлiктiк мiнез-құлқын зерттеу,    бала құндылығы мен отбасы  институтын насихаттау   (әлеуметтiк зерттеудiң  үлгiлiк әдiстемесiн,  жарнама проспектiсiнiң   буклетiн және т.б.  жобаларын әзiрлеу. БАҚ-та  мүдделi ведомстволардың  бiрлескен мәжiлiсiн ұйымдастыру)

Көшi-қон және демография басқармасы, қалалық отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комитет, Денсаулық сақтау департаментi

Тұрақ
ты, 2001 жылдың екiншi жарты-
жылдығы
нан бастап

Жергiлiктi бюджет


2.

Қосымша перзентхана   мекемелерiнiң   материалдық-техникалық  базасын жақсарту мен жандандыру (эндоскопиялық қондырғы, ұрық жағдайын мониторингтiк бақылау)

Денсаулық сақтау департаментi

2001

Жергiлiктi бюджет


3.

Бiр жылға дейiн балаларды тегiн тамақтандыру үшiн сүт бөлмесi желiсiн ашу   (талқыға енгiзу және  экономикалық, қаржылық,  техникалық қамсыздандыру) 

Қалалық және аудандық әкiмшiлiктер,Алматының iскер топтары - кәсiпкерлер одақтары, қауымдастықтары және т.б.

2002

Жергiлiктi бюджет, кәсiпкерлiк құрылымдар



4.

Балалар тағамын шығаратын арнайы кәсiпорындар желiсiн ұйымдастыру (талқыға енгiзу және экономикалық, қаржылық, техникалық қамсыздандыру)

Қалалық және аудандық әкiмшiлiктер, Алматының iскер топтары-
кәсiпкерлер одақтары, қауымдас
тықтары және т.б.

2002

Жергiлiктi бюджет, кәсiпкерлiк құрылымдар



5.

Қозба ауруларына  шалдыққан және әртүрлi    акушерлiк асқынуды  өткерген бала көтеретiн әйелдер үшiн оңалту орталығын ашу (гестоз, қан ағу, бала туғаннан кейiнгi сырқат және т.б.)

Денсаулық сақтау департаментi

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет



6.

Жүктiлiк кезiнде бала көтеретiн жастағы әйелдiң жүйкелiк-тәндiк жағдайын   жақсарту бағдарламасын   енгiзу және "Баланың  болашақ денсаулығы кабинетiн" ашу  

Денсаулық сақтау департаментi, қалалық отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комитетi, қалалық әйелдер орталығы

1999 бастал
ды және тұрақты

Жергiлiктi бюджет


Өлімді төмендету

1.

Салауатты өмiр салты, зиянды әдеттермен күрес дәстүрлер мен бағдарламасының тегершiктерi мен құралдарын және iске асыру механизімiн әзiрлеу, оқушылар мен жасөспiрiмдер арасында жол-көлiк оқиғасының болған жарақаттарды төмендету бойынша  шаралар әзiрлеу, халықты әсiресе, жастарды спортқа  тарту және насихаттау

Денсаулық сақтау департаментi, қалалық отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комитетi, қалалық әйелдер орталығы, Алматы қаласының IIББ қалалық дене шынықтыру және спорт комитетi

2001



2.

Балалар өлiмiн азайту мақсатында жас сәбилердiң жұқпалы, қозба және жас ерекшелiгiне байланысты аурулармен күрес жөнiндегi БДҰ бағдарламасын енгiзу

Денсаулық сақтау департаментi

2002

БДҰ желiсi бойынша


3.

Шығынды төмендетпей бекiтiлген беташар тiзiмге сәйкес денсаулық сақтау объектiлерiн жыл сайын күрделi жөндеу

Денсаулық сақтау департаментi

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет


4.

Медициналық көмектiң  басым түрлерiн жетiлдiру (сәбидi дүниеге келтiру жедел көмек және т.б.)

Денсаулық сақтау департаментi

2001- 2005

Бөлiнген қаражат есебiнен


5.

Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешендi схемасын әзiрлеу     

АҚҚОҚАБ, сәулет және қала құрылысы департаментi

2001- 2002

Жергi
лiктi бюджет
(АҚҚОҚҚ)

20,0 млн.
теңге оның iшiнде 2001 жылға 4,0 млн. теңге

6.

"Алматы қаласының әуе бассейнiн сауықтыру" жобасын әзiрлеу           

АҚҚОҚАБ, қала әкiмшiлiгi, кәсiпорындар

2001- 2002

ТАСИС желiсi бойынша инвес
тиция

1,0 млн. ЕВРО

7.

Алматы қаласының аумағын экологиялық және санитарлық-гигиеналық аудандастыру нәтижесi бойынша жергiлiктi экологиялық бағдарлама әзiрлеу

АҚҚОҚАБ, аудандар әкiмшiлiгi

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет (АҚҚОҚҚ)


8.

Автокөлiктi кезеңмен улы газ бен заттарды шығаруын ауыздықтайтын қондырғылармен жабдықтау: - Коммуналдық көлiктi жабдықтау, техникалық жобасын әзiрлеу, бензин қозғалтқыштарын улы газ бейтараптандырғыштардың кезектi легiмен қамсыздандыру

АҚҚОҚАБ, IIББ ЖТП, көлiк және байланыс департаментi,автокөлiк кәсiпорын
дары, басқа табиғат пайдалану
шылары




2001


Жергiлiк
тi бюджет
(АҚҚОҚҚ)

7,8 млн.
теңге

9.

Қала көшелерiнде     автокөлiктен шығатын    газдың улылық нормасына   тұрақты бақылау жасау

АҚҚОҚАБ, IIББ ЖТП

Тұрақты

Жергiлiк
тi бюджет

Жыл сайын  4,0 млн. теңге

10.

Энергия көзiн үнемдеудi ескере отырып Алматыны - жылу және электрмен жабдықтауды дамытудың салалық схемасын әзiрлеу

"ҚазНИПИ- энергопром институты" ЖАҚ,"Энергия" ЖАҚ, "Қазсель- энергпроект", ААҚ, энергия үнемдеу департаментi, сәулет және қала құрылысы департаментi, жылу және энергия берушiлер

2001- 2002

Жергiлiктi бюджет

31,0 млн. теңге

11.

ТЭЦ-1-ден шығатын қалдықты тазалау жүйесiн жаңалау

ТЭЦ-1

2001- 2002

Жергiлiктi бюджет (АҚҚОҚҚ)

30,0 млн. теңге

12.

Алматыны қатты қалдықтарды басқару жүйесiн жетiлдiру

Қалалық және аудандық әкiмшiлiктер "ТӘРТIП" ММК, АҚҚОҚАБ

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет, инвести
циялар


13.

Жасыл желектердi түгендеу (орманның табиғи жағдайына зерттеу жүргiзу)

"Көрiктендiру" ААҚ, АҚҚОҚАБ, ҚазАҚРБ, "Қала құрылысын жобалау орталығы" ЖАҚ, ғарыштық зерттеулер институты

2001- 2002

Жергiлiктi бюджет (АҚҚОҚҚ)

18,0 млн. теңге

14.

"Астананың жасыл желегi" жобасын әзiрлеу    

Жасылқұрылыс, орман шаруашылығы ҒЗИ, қалалық абаттандыру орталығы

2001

Жергiлiктi бюджет


Отбасы-неке қатынастары

1.

Қазақстан Республикасы Конституциясы шегiнде, этно-мәдени дәстүрлер шегiнде материалдық дәулеттi, рухани iзгiлiктi көтеру, болып табылады әлеуметтiк зерттеудiң үлгiлiк әдiстемесiн, жарнама проспектiсiнiң буклетiн және т.б. жобаларын әзiрлеу. БАҚ-та мүдделi ведомстволардың бiрлескен мәжiлiсiн ұйымдастыру

Көшi-қон және демография басқармасы, қалалық отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комитет, Денсаулық сақтау департаментi

Тұрақты, 2001 жылдың екiншi жарты
жылды
ғынан бастап

Жергiлiктi бюджет


2.

"Жас отбасы" клубы желiсiн дамыту    

қалалық отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi комитет, қалалық әйелдер орталығы, Неке сарайы, аудандық АХАТ-тар

2001

Жергiлiктi бюджет


Көші-қон

1.

"Алматы қаласының келу-кету ауданының индикаторын" әзiрлеу 

Көшi-қон және демография басқармасы

2002



2.

Қала аудандарында әлеуметтiк зерттеулер жүргiзу және ұлт пен жас  бойынша кетудiң негiзгi  себептерiн анықтау

Көшi-қон және демография басқармасы

2002- 2005



3.

"Бiздiң шетелдегi отандастарымыз", "Бiз Алматыда тудық" және т.б. айдарымен теле-радио хабарларын өткiзу

Көшi-қон және демографиябасқармасы

2002- 2005



4.

Алматыдағы халық қоныстануының экономикалық нормативтерiн әзiрлеу;

Көшi-қон және демография басқармасы

2005



5.

"Демографиялық өрлеудi қамсыздандыру мақсатында Алматыдағы көшi-қон саясатын әзiрлеу"

Көшi-қон және демография басқармасы

2005



6.

Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтуының және 2001-2005 жылдарғы квотасын жасау, жерсiнуiне жағдай жасау

Көшi-қон және демография басқармасы

2001



Алматы қаласы халқының сапалық өсуi, оның экономикалық дәулетiнiң көтерiлуi

1.

Балалардың мектепке дейiнгi мекемелерiнде олардың санын 26,09 мыңға жеткiзу

Бiлiм департаментi

2001- 2005

Жеке кәсiпкерлiк топтар


2.

Бұрын балабақшасына  бармаған 6-ға дейiнгi  4594 баланы мектеп   алдындағы даярлығын   қосымша көбейту, оның  iшiнде 1418-мектеп базасында

Бiлiм департаментi

2001- 2005

Жеке кәсiпкерлiк топтар, жергiлiктi бюджет

жылына 80,0 млн.теңге

3.

"Шаңырақ-2" ықшам ауданындағы 1 мектептi қосымша пайдалануға беру есебiнен оқушы орнының санын 800 орынға арттыру

Бiлiм департаментi

2001

Жергiлiктi бюджет

257,7 млн. теңге

4.

2005 жылға дейiн жалпы бiлiм беретiн мектептi 7 бiрлiкке және оңалту мектеп интернатын-1 бiрлiкке көбейту

Бiлiм департаментi

2001- 2005

Жеке қаражат есебiнен

1409,8 млн.теңге 127,3 млн. теңге

5.

Кәсiби мектеппен, лицейге оқушы қабылдауды 2000 жылдан бастап 2 есе көбейту (1520-дан 3040-қа дейiн)

Бiлiм департаментi

2001- 2005

Жеке қаражат есебiнен

26,0 млн.теңге
33,0 млн. теңге

6.

Орта кәсiби бiлiмi бар мамандарға қала кәсiпорындары мен ұйымдарының мұқтажын барынша қамсыздандыру мақсатында колледжге оқушы қабылдауды екi есеге көбейту (1475-тен 2950-ге дейiн)

Бiлiм департаментi

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет, шаруашылық субъектiлер


7.

Спорт ғимараттарының желiсiн 5,2%-ке (оның iшiнде мемлекеттiк еместердiң 52,6%-ке), дене шынықтыру спорт бiрлестiктерiн 22,4%-ке, кәсiби одақтар мен федерациялардiкін 86,6%-ке, балалар 63,6%-ке кеңейту

Дене шынықтыру және спорт комитетi, қалалық және аудандық әкiмшiлiктер

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет, шаруашылық субъектiлер, кәсiпкерлiк топтар


8.

90 мың отбасын тұрғын үй көмегiмен қамту

қалалық және аудандық әкiмшiлiктер

2001- 2002

Жергiлiктi бюджет

720,6 млн. теңге

9.

Жұмыс iстейтiн кәсiпорындардағы жұмыс орнын 942 бiрлiкке көбейту, қосымша 32036 жұмыс орнын ашу

Кәсiпорындар

2001- 2002

Шаруашылық субъектiлерi, кәсiпкерлiк топтар


10.

Қоғамдық жұмысқа 11,49  адамды, кәсiби оқыту    курстарына 4,8 мың   жұмыссызды жiберу 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi

2001- 2002

Жергiлiктi бюджет

86,08 мың
млн.теңге 90,7 млн. теңге

11.

Халықаралық туризмдi, денсаулық сақтау көбейту, ұлттық мәдени, ғылыми орталықтарды әр түрлi парк және сквер жүйесiн, "Қиял әлемiн", қаржы секторын (сақтандыру, кредиттеу) дамыту

Барлық қалалық ведомстволар

2001- 2005

Жергiлiктi бюджет, шаруашы
лық субъек
тiлерi, кәсiпкерлiк топтар


      II-сайланған
      Алматы қалалық Мәслихатының
      IХ-сессиясының төрағасы                       В. Булекбаев

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы                          Ж. Турегельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады