2020 жылға дейiнгi мерзiмге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған XІІІ сессиясының 2001 жылғы 31 қазандағы Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 14 қарашада N 402 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасы заңының 6 бабына және Алматы қаласы әкімінің ұсынымына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
      1. 2020 жылға дейiнгi мерзiмге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасы келiсiлсiн (NN 1, 2, 3) және 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының жобасы бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылсын.
      2. Алматы қаласының әкiмiне ұсынылсын:
      - жыл сайын қала аумағын дамытудың Бас жоспарын жүзеге асыру бойынша жобалау-жоспарлау жұмыстары үшін қала бюджетiнен қаражат қарастырылсын;
      - Алматы қаласын аумағын дамытудың Бас жоспарын жүзеге асыруға шетел және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар өрістетілсін.
      Қала аумағындағы жобалау жұмыстарының және құрылыс салудың сапасын арттыру мақсатында бұл жұмыстар тендер арқылы конкурстық негiзде жүргізiлсiн.
      3. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаментi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Z010242_ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Алматы қаласының аумағында құрылыс салу тәртібін әзірлесін және оны Алматы қалалық

Мәслихатының кезекті сессиясының бекітуіне ұсынсын.
     4. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау мәселелері экономика және 
өндiрiстi дамыту мәселелерi жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. 
Шелипанов) және Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа 
жүктелсiн.
     II-шi сайланған 
     Алматы қалалық Мәслихаты 
     ХIII сессиясының төрағасы
     II-шi сайланған 
     Алматы қалалық Мәслихатының 
     хатшысы


                                            ІІ-шақырылған Алматы

қалалық Мәслихатының ХІІІ сессиясының 2001 ж. 31 қазандағы шешіміне N 1 қосымша


              Алматы. Бас жоспар. Негізгі жоспар. (сурет)
                                            II-шақырылған Алматы 

қалалық Мәслихатының ХIII сессиясының 2001 ж. 31 қазандағы шешiмiне N 2 қосымша


       Алматы қаласының 2020 жылға дейiнгi мерзiмдi қамтитын
                бас жоспарының негiзгi ережелерi

                           Жалпы ережелер

      Бас жоспардың негiзгi мақсаты - экологиялық қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтiк ыңғайлы тiршiлiк ортасын құруға бағытталған қалақұрылыстық шаралар кешенiн жүргiзу. Басты архитектуралық-қалақұрылыстық идея: Алматы қаласының "бақ-қала" ретiнде келбетiн сақтау және қалыптастыру.
      Астана қызметiнiң Астана қаласына берiлуiне қарамастан, Алматы қаласы ғылым және бiлiм, халықаралық туризм орталығы, жоғары технологиялар өндiрiсi, қаржы-кәсiпкерлiк қызметiн атқаратын республиканың iрi қаласы болып саналады.
      2001 жылы 27 шiлдеде Үкiмет Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту Тұжырымдамасын қабылдады.
      Алматының төңiрегiнiң тамаша табиғаты, асқар таулары мен өзен-көлдерi демалыс және туризмдi қалыптастырып, Алматыны халықаралық туризм орталығы ретiнде дамытуға зор мүмкiндiк бередi.

            Әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикаторлары

      Бас жоспар бойынша қала халқының болжамды саны 2020 жылға дейiн 1500 мың адам құрайды, соның iшiнде тұрақты халық - 1300 мың адам.
      Алматының негiзгi қалақұрылыстық даму бағыттарының тиiмдi экономикалық индикаторлары 1999 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейiн ұлғаюы:
      жалпы аймақтық өнiм өндiрiсiнiң көлемi 3 есе;
      салыстырмалы бағада капитал жұмсау көлемi 2,5 есе;
      кiрiстiң кiсi басына өсуi 2 есе болып табылады.

      Тұрғын ортаны кешендi қалыптастырудың негiзгi бағыттары орташа тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға 22 м2 жеткiзу, ал қаланың барлық тұрғын қорын 27,5 млн. м2 көбейту қарастырылып отыр. Құрылыс салу бос аумақтарда, сонымен қатар ескi үйлердi бұзу есебiнен жүргiзiледi. Талаптардың барған сайын өсуi ескерiлiп, жеке тұрғын үй құрылысының үлесi айтарлықтай кең етек алып отыр. Көпшiлiк iрi панельдi құрылыс салудың алғашқы жылдарындағы тұрғын аудандарында қайта жаңғырту жұмыстары белгiленiп отыр.
      Қызмет көрсету объектiлерiнiң қорын 2-ден 5 млн. ш.м. - дейiн көбейту қарастырылып отыр, соның iшiнде, әрбiр қызмет түрiнiң нормативтi деңгейiне дейiн әлеуметтiк кепiлдегi объектiлер.
      Туристiк мекемелердiң сыйымдылығын 24,6 мың орынға дейiн, соның iшiнде, мейманхана жүйелерiн 5,8-ден 7,8 мың орынға дейiн ұлғайту белгiленiп отыр.

                 Архитектуралық-жоспарлау шешiмi

      Қалақұрылыстық даму басты жоспарлау өзектерiнiң бойымен қала шекарасында жаңа аумақтар игеру есебiнен iске асырылады: батыс бағытта - Райымбек д. - Алматы - Бiшкек автожолы, шығыста - Талғар жолы, солтүстiкте - Қапшағай тас жолы, шығыста - Талғар жолы, сондай-ақ, құрылыс салынған аумақтарды қайта жаңғырту есебiнен.
      Қаланың болашақтағы жоспарлау құрылымын қалыптастырудың негiзгi табиғи-экологиялық және көлiктiк каркас болып табылады.
      Қала функционалдық аймақтарға бөлiнген: қоғамдық, тұрғын, өндiрiстiк, табиғаттық, мамандандырылған және аралас мақсаттағы.
      Қоғамдық орталықтар жүйесi қалалық және жергiлiктi қызмет көрсету деңгейлерiнде көрсетiлген: жалпықалалық орталық түйiнi, 1-шi деңгейдегi жалпықалалық орталықтың көпфункционалды тораптары (Абай даңғылы және Қарғалы өзенi, Алматы I темiр жол стансасының маңы, шығыста Құлжа жолының бойымен), басты магистральдардың бойымен магистраль маңы аумақтары (Абай, Райымбек, Сейфуллин, Төле би, Жансүгiров, Шемякин, Жандосов, Фурманов, Достық), 2-шi деңгейдегi СОЦ тораптары, мамандандырылған орталықтар және қоғамдық қызмет көрсетудiң жергiлiктi орталықтары.
      Жалпықалалық орталықтың өзегi құрылыс салудың қалыптасқан архитектуралық келбетiн барынша сақтай отырып, тарихи аймақ ретiнде құрылады. Бас жоспарда тарихи және археологиялық ескерткiштер базасында мәдени-тану орталықтарын құрып, тарихи-мәдени қорды ары қарай сақтау бойынша шараларды өткiзу ұсынылады: "Ұлттық-этнографиялық" (боралдай сақ қорғандары аймағында) және "Ежелгi Алматы" (қалаға кiре берiс шығыс жақта).
      Қаланың басты магистральдарын бойлай қоғамдық-iскерлiк құрылыс салу жұмыстары жалғасып жатыр - Абай, Райымбек даңғылдары, Жансүгiров, Төле би, Жандосов, Сейфуллин көшелерi. Қаланың оңтүстiк бөлiгiнде, Есентай (Весновка) өзенiнiң батысында Олимпиада ауылын ашу белгiленiп отыр.
      Табиғи ландшафт аумақтарының үлес алаңын - бiр тұрғынға 35-тен 40 ш.м. дейiн, соның iшiнде, жалпы пайдаланудың көгалдандырылған аумағы - бiр адамға 9,7-ден 16 ш.м. дейiн көтеру бас жоспарда қарастырылып отыр.
      Экологиялық жағдайды жақсарту және аумақтарды тиiмдi пайдалану мақсатында бас жоспар жобасында өндiрiстiк аумақтарды қайта құру, олардың жалпы аумағын 2,4-тен 1,9 мың га дейiн қысқарту ұсынылып отыр. Жаңа өнеркәсiптiк аймақтарды ұйымдастыру қарастырылмайды, бұрыннан бар өнеркәсiп кәсiпорындары экологиялық қолайлы технологиялық процестерге бағытталады.

                     Көлiктiк инфрақұрылымды дамыту

      Қала ауасын ластауды негiзгi көзi көлiк болып табылады (барлық зиянды қалдықтардың 80%). Сондықтан, бас жоспарда көше-жол желiлерiн жетiлдiру, метрополитендi iске қосу, электрокөлiк үлесiн көбейту, қозғалыс құрамын жетiлдiру, автомайқұю стансалары мен техникалық қызмет көрсету жүйелерiн дамыту көрсетiледi. Аумақты ұйымдастырудың құрылымдық-жоспарлау шешiмi үш негiзгi көлiк айналма жолдарын құруды қарастырады:
      үлкен Алматы айналмалы жолы (ҮААЖ), ұзындығы 103 ш.м.;
      орташа көлiк айналма жолы (Талғар жолынан Майлин көшесiне дейiн,

Бекмаханов к., Боралдай тас жолы, Тереңқара өз.,  Боралдай өз., Саин д., 
Әл-Фараби д., Оңтүстiк-Шығыс жартылай айналма жобаланатын жолдары)- 55 км; 
     шағын көлiк айналма жолы (Райымбек д., Мұқанов к., Байзақов к., 
ҚазМҰУ батыс аумағындағы эстакадада жаңа учаске жолы, Оңтүстiк-Шығыс 
жартылай айналма жолы) - 32 км.
     Қала шекарасында жаңа аумақтарды игеру есебiнен, магистральды және 
тұрғын көшелердiң ұзындығын ұлғайту әр түрлi деңгейдегi қала 
магистральдары мен көшелерiнiң қиылыстарын салу белгiленiп отыр. 
    
     
                   Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту
     Сумен жабдықтау 
     Бас жоспарда қаланы сумен жабдықтау жүйесiн дамытудың келесi 
бағыттары қарастырылады:
     шаруашылық-ауыз су, өндiрiстiк және өртке қарсы су құбырларының 
аймақтық жүйесiн сақтау және дамыту;


      су ғимараттарының жаңа құрылысы және қайта жаңғыртуы есебiнен су жабдығы жүйесiнiң сенiмдi деңгейiн арттыру, жаңа су құбырларын салу және бұрыннан бар құбырларды қайта жаңғырту;
      шағын қабатты құрылыс аудандарында тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету (Шаңырақ 1+6, Әйгерiм, Ұлжан, Школьник 1, 2, Дубок, Таугүл 3, Дархан, Қалқаман 2, 3, Думан 1, 2 т.б), сондай-ақ, қала шекарасына кiретiн поселкелер (Кирово, Трудовик, Өжет, Ақбұлақ, Дружба, Қарасу және т.б.) жаңа қалақұрылыстық игеру аудандары (Алғабас п. шығыс, Первомайка п. батыс, Мамыр тұрғын ауданы);
      қаланың бұрыннан бар су жабдығының көздерiн сақтау және дамыту (Үлкен Алматы және Кiшi Алматы өзендерiнiң үстiңгi науалары, Алматы және Талғар жерасты суларының шыққан орны);
      қоршаған ортаны жақсарту есебiнен судың сапасын арттыру және жер бетiндегi су көздерiнiң аймағында су пайдалану жағдайларын жақсарту, сондай-ақ, бiртiндеп қайта жаңғырту арқылы барлық су құбырлары стансаларын жаңашаландыру және су тазалаудың жаңа технологияларына көшу.

                          Iркiндi су құбыры

      Канализация жүйесiн дамыту жағынан бас жоспарда қарастырылды:
      канализация жүйелерiнiң қызметiнiң сенiмдiлiгiн жоғарылату, жалпы қуаты 626 тәу/мың. м3;
      канализация жүйесiн дамыту, жаңа магистральдық коллекторлар салу, жарамсыз болып табылатын "ескi" желiлердi қайта төсеу, жаңа насостық стансалар салу (2), қысымды су құбырларын салу (37 км), Ү.Алматы өз. арқылы дюкер салу (4км), балық тоғандары арқылы өту (1 км);
      қала канализациясына зиянды заттардың қалдықтарының тасталуына жол бермеу, аэрация стансаларында жаңа биологиялық тазалау технологияларын енгiзу мақсатында кәсiпорындардың технологиялық процесстерiн жетiлдiру есебiнен ағынды суларды тазалаудың сапасы мен технологиясын жетiлдiру.

                          Жылумен жабдықтау

      Алматы қаласының бас жоспарында жылумен жабдықтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары болып табылады:
      қазiргi заманғы технологиялар мен жабдықтар базасында қалыптасқан жылу жабдығы жүйесiн жетiлдiру, техникалық қайта жарақтау, дамыту;
      жеке тұтынушылардың мұқтаждығына орталықтандырылған жылу жабдығы аймақтарында қазiргi заманғы, жоғары сапалы және дәстүрлi емес жылу көздерi мен электр энергияларын енгiзу;
      Жылумен қамтамасыз ету жүйесiнде:
      негiзгi отын табиғи газды пайдаланатын АТЭЦ-1 жабдықтарын жаңа, экологиялық таза, қуаттылық 1300 гкал/са№жабдықтарына бiртiндеп ауыстыру;
      АТЭЦ-2 екi энергетикалық қазандықтары мен бiр турбоагрегаттарын ұлғайту. АТЭЦ-2 негiзгi отыны ретiнде жоғары сапалы көмiр қолдану ұсынылады. Табиғи газ буферлiк ретiнде пайдаланылады, белгiленген қуаттылығы 1700 Гкал/са;
      Батыс жылу ауданында АТЭЦ-2 жаңа жылу магистарльдарын салу, жалпы

ұзындығы 30 км, насостық-қоспа стансасы бар ұзындығы 13 км АТЭЦ-2 және 
АТЭЦ-1 жылу магистральдарын салу; 
     электр энергиясын пайдалану немесе газбен жанатын қазандық салу 
есебiнен Батыс аудандағы көпқабатты жаңа құрылыс салу аймағын жылумен 
жабдықтау; 
     Солтүстiк жылу ауданында (Первомайка пос. батыс) газбен жанатын жаңа 
солтүстiк қазандығын салу; 
     қазiргi жабдықтарды қолданып оңтүстiк аудандық қазандықтарды қайта 
жаңғырту, жаңашаландыру, дамыту;
     жаңа жылу жүйелерiн салу және бұрынғыларды қайта жаңғырту. 
                          Электрмен жабдықтау
     Бас жоспарда электр жабдығын дамытудың екi варианты көрсетiлген 


      Минимальді варианты - бұрыннан бар АТЭЦ-1, 2, 3 негiзгi жабдықтарының жұмыс iстеуiн есепке алып қала электр станцияларының генерациялық қуатын алу.
      Максимальді варианты - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген "2030 жылға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы" және 2005 жылға дейiн Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша шаралар Жоспарына сәйкес.
      Қуаттың анықталған тапшылығының орнын жабу үшiн келесi көздердi кезең бойынша жүзеге асыру ұсынылады: болашақтағы 10-15 жылға Екiбастұз ГРЭС-нен 500 Мвт дейiн алуға болады, ал ары қарай жүйелердi 500кВ-800 МВт дейiн дамыту.
      Қазақстанның үш оңтүстiк облыстарының қуат тапшылығының орнын толтыру үшiн Шығанақ алаңында базалық электр стансасын салу варианты ұсынылады.
      Қаланың электр энергиясы жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары болып табылады:
      бұрыннан тұрған құрылыс аймағында электр жүйелерi мен ғимараттарын қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтау, әуе ЛЭП кабельдi жүйеге ауыстыру;
      қала жүйелерi арқылы 35-110 кв транзиттi қуаттылығын азайту есебiнен желiлердегi шығынды кемiту;
      жаңа құрылысты электрмен жабдықтау үшiн жабық үлгiдегi жаңа ПС 110/10 кв. салу;
      кернеуi 220 кВ және одан жоғары сыртқы жүйелердi құрайтын желiлердi дамыту, екi ПС 220/110 кв салу және қала айналасында 220 кВ электр берiлiсi жоғары вольттi желiлерiнiң айналмасын қалыптастыруды аяқтау;
      электр энергиясын пайдаланудың дифференциалдық тарифiн енгiзiп барлық тұтыну саласында электр сақтау шараларын енгiзу.

                              Газбен жабдықтау

      Бас жоспарда тұтынушылардың барлық категорияларын толық көлемде есептi мерзiмге табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлуде. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi мен құрылыстарын орналастыру бойынша нормативтi құжаттардың талаптарын сақтай отырып газ пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жобада қарастырылады:
      iстеп шығару қабiлетi 690 мың м3/сағ және 550 мың м3/сағ "ГРС-3" және "ГРС-2А" екi газ тарату стансаларын салу;
      ГРС-1 және ГРС-2 жоғары қысымдағы газреттегiш жұмыс тәртiбiне ауыстырып қайта жаңғырту;
      "ГРП котельных ЗТК" және "ГРП котельной Орбита" басты екi газреттегiш пункттерiн салу;
      жаңа құрылыс аудандарында ГРП және ШРП салу және құрастыру;
      жобаланатын және қайта жаңғыртылатын аудандарда жоғары, орташа және төмен қысымдағы газ құбырларын төсеу.
      Бас жоспарда газ шығынының есебi 2 вариантта жасалған: энергия көздерiн толық көлемде тұтынуды есепке алып газдың максимальді шығының 1085,0 мың.куб.м/сағ, АТЭЦ-2 тұтынуын есепке алмай (1 вариант) және солтүстiк қазандықта (2 вариант) шығын есебi 785,8 мың.куб.м/сағ. құрайды.

                           Қоршаған ортаны қорғау

      Бас жоспарда экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық мұқтаждықтарды теңгеру есебiнен қала және қала маңы аймағын дамытуға бағытталған Алматының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша қалақұрылыстық шаралар кешенi көрсетiледi. Қаланың әуе алабының жағдайын жақсарту үшiн автомобиль көлiктерiнiң қалдықтарын шектеу, нормативтен тыс қалдықтарды жою,

аэрациялық тәртiптiң үйлесiмiне аумақ ұйымдастыру бойынша шаралар кешенiн 
өткiзу қажет. Қоршаған ортаны қорғау бойынша қалақұрылыстық шаралар 
кешенiне кiредi: шудан қорғау, жерасты және үстiңгi суларды қорғау, қар 
көшкiнiне қарсы шаралар, селге қарсы шаралар, өнеркәсiптiк және тұрмыстық 
қалдықтарды қала аумағынан шығару, өсiмдiктердi қорғау.
     
     II-шi шақырылған Алматы 
     қалалық Мәслихатының 
     ХIII сессиясының 
     төрағасы                                 К. Әбдрахманов            
 
     II-шi шақырылған Алматы
     қалалық Мәслихатының 
     хатшысы                                  Ж. Төрегелдинов  
                                               IІ-шi шақырылған 
                                               Алматы қалалық 
                                               Мәслихатының 
                                               ХIIІ сессиясының  
                                               2001 ж. 31  қазан
                                               шешiмiне N 3 қосымша
                   Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының негiзгi         
                       техникалық-экономикалық көрсеткiштерi
                                                               1 кесте 
---------------------------------------------------------------------------
 N !                                    !Өлшеу  !Негізгі !2005 ж.!2020 ж. 
р/б!             Көрсеткiштер           !бiрлiгi! жыл    !       !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !                  2                 !   3   !    4   !   5   !   6
---------------------------------------------------------------------------
 1    Аумақ 
1.1   Қала сызығы шекарасындағы қала  
      жерлерi                            мың.га    29,4    29,4     29,4
      олардың iшiнен функционалдық 
      аймақтар
1.1.1 Тұрғын аймақ                       мың.га    11,9    13,0     14,1
      1 адамға есептегенде                 м2       106     110      108
1.1.2 Қоғамдық-iскерлiк аймақ            мың.га     1,1     1,7      2,6
      1 адамға есептегенде                 м2         9      15       20
1.1.3 Өндiрiстiк аймақ                   мың.га     3,6     3,5      3,0
      1 адамға есептегенде                 м2        32      29       23
1.1.4 Арнайы мақсаттағы аймақ            мың.га     0,2     0,2      0,2
      1 адамға есептегенде                 м2         2       2        2
1.1.5 Ландшафттық-рекреациялық аймақ     мың.га     1,0     1,2      2,7
      1 адамға есептегенде                 м2         9      10       21
1.1.6 Ауылшаруашылық пайдалану аймағы    мың.га     0,8     0,8      0,8
      1 адамға есептегенде                 м2         7       7        6
1.1.7 Тәртiптiк объектiлер аймағы        мың.га     0,7     0,7      0,7
      1 адамға есептегенде                 м2         6       6        5
1.1.8 Қалған жерлер                      мың.га    10,2     8,3      5,4
      1 адамға есептегенде                 м2        90      70       41
 2    Халық 
2.1   Халық саны                         мың.ад. 1129,3  1180,0   1300,0
2.2   Халықтың жас құрылымы                %      100,0            100,0
      0-15 жыл                             %       22,5    18,8     19,3
      еңбекке жарамды жасы 
      (әйелдер 16-57 жас, 
      еркектер  16-62 жас)                 %       64,2    68,2     66,7
      еңбекке жарамсыз жас                 %       13,3      13     14,0
2.3   Еңбек ресурстары, барлығы          мың.ад.  773,6   857,9    945,1
2.3.1 Экономикалық белсендi халық, 
      барлығы                            мың.ад.  631,8   698,5    756,6
      *Экономика саласында 
      iстейтiндер                        мың.ад.  543,6   615,9    717,6
      - қала құру тобында                мың.ад.  189,5   234,8    327,6
      - қызмет көрсету тобында           мың.ад.  354,1   381,1    390,0
      олардың iшiнен: дербес жұмыс 
      iстейтiн халық                     мың.ад.  191,1   199,4    130,0
      * Жұмыссыздар                      мың.ад.   88,2    82,6     39,0
2.3.2 Экономикалық белсендi емес халық   мың.ад.  141,8   159,3    188,5
      соның iшiнде:
      *Өндiрiстен қол үзiп оқитын 
       еңбекке жарамды жастағы оқушылар  мың.ад.   98,7   106,2    123,5
      *Экономикалық қыз. және оқумен 
      айналыспайтын еңбекке жарамды 
      жастағы еңбекке жарамды халық      мың.ад.   43,1    53,1     65,0
 3    Тұрғын үй қоры
3.1   Тұрғын үй қоры, барлық жалпы алаңы млн.ш.м  21,12   22,71    27,46
                                           %      100,0   100,0    100,0
      соның iшiнде:
      *көпқабатты                        млн.ш.м  14,73   15,19    18,45
                                           %         70      67       67
      олардың iшiнен биiк қабатты        млн.ш.м   3,01    3,26     6,15
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады