Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға төлем мөлшерін бекіту туралы

Қатені түзеу

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХV сессиясының 2001 жылғы 27 желтоқсандағы №175-II шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 8 ақпанда N 774 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы негізінде, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 462-бабын ескеріп, екінші сайланған облыстық Мәслихаттың ХV сессиясы шешім етті:

      1. Облыс әкімінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем мөлшерлемесін облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізу туралы" N№344 шешімімен ұсынылған төмендегідей төлем мөлшерлері бекітілсін:

      1) тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша N№1);

      2) жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша N№2);

      3) ластағыш заттарды тастаған үшін су объектілеріне, фильтрден өткізу алаңдарына және жер бедеріне, жинақтаушыларға сарқынды суларды ағызғаны үшін, жер қойнауына (қосымша N№3);

      4) өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін (қосымша N№4);

      5) атмосфераны жылулықпен ластағаны үшін (қосымша N№5).

      2. Қоршаған ортаны белгіленген лимиттен тыс ластағаны үшін төлем мөлшері он есе өсіріледі.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет тұрақты комиссиясының төрағасы М.Т.Шырдабаевқа жүктелсін.

      Облыстық Мәслихаттың кезектен тыс

      ХV сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

      Атырау облысы әкімінің шешімі

      2001 жылғы 11 желтоқсан N 344

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған
төлем мөлшерлемесін облыстық Мәслихаттың кезекті
сессиясына бекітуге енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 462-бабын ескеріп, облыс әкімі шешім етті:

      1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем мөлшерлемесі облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін:

      1) тұрақты көздерден ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылғаны үшін (қосымша N№1);

      2) жылжымалы көздерден ластағыш заттарды атмосфералық ауаға шығарғаны үшін (қосымша N№2);

      3) ластағыш заттарды тастаған үшін су объектілеріне, фильтрден өткізу алаңдарына және жер бедеріне, жинақтағыштарға сарқынды суларды ағызғаны үшін (қосымша N№3);

      4) өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық сыныптары бойынша орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін (қосымша N№4);

      5) атмосфераны жылулықпен ластағаны үшін (қосымша N№5).

      2. Қоршаған ортаны белгіленген лимиттен тыс ластағаны үшін төлем мөлшері он есе өсіріледі.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Г.Ерғалиевке жүктелсін.

Облыс әкімі



  Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 175-ІІ шешіміне
N№1 қосымша

      Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден шығарып тастағаны үшін

      төлемнің аймақтық нормативтері (мөлшерлеменің) (шартты тонна)

      -------------------------------------------------------------------

      Аймақ Теңге (шартты тонна)

      -------------------------------------------------------------------

      Атырау облысы 250

      -------------------------------------------------------------------

      Ескерту: Шартты тонна үшін мөлшерлемені 1/ ШЖБШ (шектеулі жол берілетін шоғырландыру) мг/м 3 (1/ПДК мг/м 3) формуласы бойынша белгіленетін әрбір заттың қауіптілік коэффициентіне көбейте отырып, табиғатты пайдаланушылар - кәсіпорындар заттың әр түрі бойынша шығарудың шартты тоннасы үшін, сондай-ақ физикалық тоннасы үшін төлем есептерін бере алады (Елді мекендердің атмосфералық ауасына ластағыш заттардың шамамен қауіпсіздік деңгейде әсер етуінің жинағы ГН 2.1.6. 696-98, РК 3.02.037.99).

  Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 175-ІІ шешіміне
N№2 қосымша

      Жылжымалы көздерден: автокөліктерден, тепловоздардан,

      тракторлардан, өзен және теңіз кемелерінен, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да іштен жанатын двигательдермен

      жабдықталған техникадан шығарылатын ластағыш заттар үшін нормативтік төлемдер (мөлшерлемелер) (физ.т.).

      -----------------------------------------------------------------

      Отын түрлері Теңге физ/т.

      -----------------------------------------------------------------

      1. Этилденбеген бензин 330

      2. Этилденген бензин 410

      3. Дизель отыны 520

      4. Сұйытылған мұнай газы 296

      5. Табиғи газ 200

      -----------------------------------------------------------------

  Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 175-ІІ шешіміне
N№3 қосымша

      Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны үшін

      төлем (мөлшерлеме) нормативтері (шартты тонна)

      ------------------------------------------------------------------

      Аймақ Теңге (шартты тонна)

      ------------------------------------------------------------------

      Атырау облысы:

      - су объектілеріне

      - сүзгіден өткізу алаңдарына, 16600

      жер бедеріне,

      жинақтаушы тоғандарға 9000

      ------------------------------------------------------------------

      Ескерту: Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар ластаған заттардың шартты, сондай-ақ физикалық тоннасы үшін төлемдер есептерін ұсынуы мүмкін.

      Сарқынды сулармен су объектілеріне түсетін ластағыш заттарды тастағаны үшін төлемдерді есептегенде балық шаруашылығы маңызындағы сулар үшін ЖБШШ мг/л (жол берілетін шекті шоғырлану) (ПДК мг/л) алынады.

      Сарқынды сулармен су объектілеріне, сүзу алаңдарына, жер бедеріне және жинақтаушыларға түсетін ластағыш заттарды ластағаны үшін төлемдерді есептегенде мәдени-тұрмыстық сулар үшін ЖБШШ мг/л (жол берілетін шекті шоғырлану) (ПДК мг/л) алынады.

      Сарқынды сулармен су объектілеріне, сүзу алаңдарына, жер бедеріне және жинақтаушыларға түсетін тірексіз заттарды ластағаны үшін төлемдерді есептегенде әр кәсіпорынға ЖБШЛ (жол берілетін шекті ластауға (ПДС г/ч) бекітілген нормативтер бойынша ЖБШШ (жол берілетін шекті шоғырлану (ПДК мг/л) алынады.

  Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 175-ІІ шешіміне
N№4 қосымша

      Улылық сыныптарына қарай өндіріс және тұтыну қалдықтарын

      орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін төлем

      нормативтері (мөлшерлемелері) (физ. тонна)

      -----------------------------------------------------------------

      N Қалдықтардың улылық Балл Қауіптілік Төлем нормативі

      сыныбы саны дәрежесі (мөлшерлемесі)

      теңге/физ.т.

      -----------------------------------------------------------------

      1 1 32 Төтенше қауіпті 3200

      2 2 16 Жоғары дәрежеде қауіпті 1600

      3 3 4 Бірқалыпты дәрежеде қауіпті 400

      4 4 2 Жеткіліксіз дәрежеде қауіпті 200

      5 5 1 улылықсыз 100

      -----------------------------------------------------------------

  Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
ХV сессиясының N 175-ІІ шешіміне
N№5 қосымша

      Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін

      аймақтық төлем нормативі (мөлшерлемесі) (Гкал)

      -----------------------------------------------------------------

      Аймақ Өлшем бірлігі

      Атырау облысы Теңге/Гкал

      Алауларда газ жағудан

      атмосфераның жылулықпен ластануы 450

      -----------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады