Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары поселкесін аудандық маңыздағы қалалар санатына жатқызу туралы

Жаңа

II сайланған Атырау облыстық мәслихаттың Х сессиясының және облыс әкімінің шешімі 2001 жылғы 16 наурыз N 110-II Атырау облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 16 мамырда N 469 тіркелді

      Жылыой ауданының өкілетті және атқарушы органдарының өтініштерін ескере отырып және Z934200_ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес облыстық Мәслихаттың Х сессиясы және облыс әкімі шешім етті:
      1. 2001 жылғы 11 наурыздағы Жылыой аудандық Мәслихатының ІХ сессиясы және Жылыой ауданы әкімінің "Құлсары поселкесін аудандық маңыздағы қаласы деп қайта құру туралы" N 9/1 бірлескен шешімімен келісілсін.
      2. Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары поселкесін аудандық

маңыздағы қалалар санатына жатқызу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы 
Үкіметіне енгізілсін.
    
     Атырау облыстық Мәслихаты
     Х сессиясының төрағасы
     
     Атырау облыстық Мәслихаты хатшысы
     
     Атырау облысының әкімі
     
     (Мамандар: Ержанова К.С., Хасанов М.Х.)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады