Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19.03.№ 12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 20 P940020_ "Жүзу құралдарының, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдардың орналасқан жерлерiнен сапарға шығуына (жiберiлуiне) құжаттар ресiмдеу туралы нұсқаулықты бекiту, және айлақтарды, кемежайларды және жүзу құралдары орналасқан пункттерде, мұз үстiмен қозғалатын құралдарды жабдықтау тәртiбi және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық режим ережелерi туралы" қаулысын орындау үшiн шешім етемін:
1. Ұсынылып отырған Ережелер бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасы Атырау облысы аумағында жүзу құралдарының, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдардың орналасқан жерлерiнен сапарға шығуына (жiберiлуiне) құжаттар ресiмдеу және айлақтарды, кемежайларды, жүзу құралдарын, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарды жабдықтау тәртiбi жөнiндегi ережелер (тiркеледi).
2. Атырау шекара отряды (Қожағалиев Р.Х.), кеден басқармасы (Дүйсебаев С.Д.) облыс аумағында орналасқан өткiзу пункттерiндегi режимдi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар алсын.
3. Көлiк бақылау басқармасы (Құрманғалиев Е.Г.):
1) жүзу құралдарын, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарды есепке алсын және тiркеуден өткiзсiн;
2) олардың иелiк түрiн ажырату үшiн белгiленген тәртiппен берiлген тiркелу нөмірлерiн жазып қойсын.
4. Қала және аудандар әкiмдерi, меншiк нысанына қарамастан, өз балансында жүзу құралдары, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдары бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн мерзiмге айлақтарды, кемежайларды, кемелердiң орналасу пункттерiн белгiленген тәртiппен жабдықтасын, олардың күзетiн, шекара әскерлерi бөлiмшелерiмен телефондық немесе радиобайланысын қамтамасыз етсiн.
5. Облыстық әкiмшiлiк басшысының 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 103 "Жүзу құралдарын, мұз үстiнен қозғалыс жасайтын құралдардың орналасқан жерлерiнен сапарға шығуына (жiберiлуiне) құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi және айлақтарда, кемежайларды, кеме орналасу орындарын және жүзу құралдарын орналастыру пункттерiн мұз үстiнде қозғалыс жасайтын құралдармен жабдықтау тәртiбi туралы нұсқауларды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiкшекарасынан өту пункттерiнде шекара тәртiбiнiң ережелерiн бекiту туралы" қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы М. Өтешовке жүктелсiн.
Облыс әкімі
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 26 қыркүйектегi
N 310 шешiмiмен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Атырау облысы аумағында жүзу құралдарының, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдардың орналасқан жерлерiнен сапарға шығуына (жiберiлуiне) құжаттар ресiмдеу және айлақтарды, кемежайларды, жүзу құралдарын, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарды жабдықтау тәртiбi жөнiндегi ЕРЕЖЕЛЕР
1. Аудандар, қала, поселкелер, селолар (ауылдар) аумағында, шекаралық аймақ белгiленбеген шекаралық әскерлер күзететiн Каспий теңiзiнiң жағалауында меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және азаматтар иелiгiндегi балық аулау, аңшылық, ғылыми-зерттеу, спорттық және басқа өзi жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер, сонымен бiрге мұз үстiмен қозғалыс жасайтын (аэрошаналар, желкендi кемелер, моторлы шаналар), құралдар белгiленген тәртiппен кемежай қадағалауы органдарында және шағын сыйымдылықтағы кемелер, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдар бойынша инспекцияларда тiркелуден өтуден басқа жақын орналасқан шекара әскерi бөлiмшелерiнде тiркелген болуы керек. Ол туралы кеме иелерiнiң тiркелу құжаттарында айрықша мөртаңба қойылады.
Көрсетiлген кемелер, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдар белгiленген кемежайларға, аймақтарға және өзi орналасқан пункттерге тiркелуi және олар үшiн тұрақты аялдайтын орны болуы керек.
Ол кемелердiң иелiк түрiн тану үшiн иелерi шағын қайықтың тұмсық жағына және артына берiлген тiркелу нөмiрiнiң және жазбаларды жазады. Бұл кемелердiң иелiгiн әуеден тану үшiн кеменi басқару орнының (рубканың) жоғарғы бөлiгiнде, кеме жақтауларында, ал желкендi және ескектi қайықтарда, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарда-тұмсық жағында арнайы жабдықталған алаңшаларда нөмiрлерi жазылып қойылуы керек. Құтқару құралдарында (шлюпкалар, дөңгелектер, белдiктер және т.б.), желкендерде, осы кемелерде, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарда индекстерi мен нөмiрлерi болуы керек.
2. Өз бетiмен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелермен, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдармен шекара әскерi күзететiн теңiз жағалауына азаматтардың уақытша келiп-кетуiн ең жақын шекара әскерi бөлiмшелерiнде кеме иелерi уақытша есепке қоюы керек және белгiленген айлақтарда, кемежайларда, тұрақты орналасқан орындарда болуы керек.
3. Кемежайлар, айлақтар (орналасу орындары) мүдделi кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдардың шекара әскерiмен келiсiлген ұсыныстар бойынша қаланың, аудандардың, поселкелердiң (ауылдардың) тиiстi әкiмияттары белгiленген жерлерде орнатылады.
Кеме жайларда, айлақтарда (орналасу орындары) аумағына бөгде адамдардың кiрiп кетпеуi үшiн олардың қоршайтын дуал, жүзу құралдары үшiн бекеттер, суда және жағада сақталатын мұздан өту құралдары, ескектер, желкендер, аспалы моторлар сақтауға арналған үй-жайы, аймақ сақшысының немесе күзетшiнiң үйшiгi, жанар-жағар материалдар қоймасы, застава немесе шекара әскерлерiнiң басқа құрылымдарымен байланыс, пайдаланылатын жүзу құралдарын сақтау орны, айлақ нөмiрiмен көрсеткiш болуы қажет.
Барлық жүзу құралдарына, мұз үстiнде жүру құралдарына құлып салынады, оны кiлттерi, күзетшiде арнаулы жәшiкте сақталады. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар белгiленген тәртiпте орналасу пункттерi мен айлақтарды, кемежайларды жабдықтауға, олардың қорғауын және шекара әскерлерiнiң құрылымдарымен байланысын қамтамасыз етуге мiндеттi. Осы объектiлердi күзетуге байланысты жұмысқа азаматтардың қабылдау iсi шекара әскерлерiмен келiсiледi.
4. Белгiленген кемежайлардан, айлақтардан (орналасу орындарынан) тыс жерлерде және сол үшiн бөлiнген орындарда өздiгiмен жүретiн және өздiгiмен жүрмейтiн кемелердi және жүзбелi құралдарды, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдарды сақтауға және тоқтатуға, адамдарды мiнгiзуге мен түсiруге, жүктердi тиеу мен түсiруге апатты жағдайлардан басқа кезде тыйым салынады.
5. Өздiгiмен жүретiн және өздiгiмен жүрмейтiн кемелердiң мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдардың теңiзге және шекара өзендерiнiң, көлдердiң және басқа су тоғандарының қазақстандық бөлiгiне шығарылуы шекара заставасымен (шекара әскерлерiнiң құрылымымен) барлық жағдайда шекара отряды бастығының немесе оның орынбасарының белгiленген жерлерге белгiлi уақытқа берiлген жазбаша рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Шекаралық кеме жүзетiн өзендерде, көлдерде және басқа су тоғандарда балық аулау Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүргiзiледi. Шекаралық кеме жүзбейтiн өзендерде, көлдер мен су тоғандарында балық аулауға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етiлуi мүмкiн. Барлық жағдайда балық аулауға шекаралық отряд бастығының жазбаша рұқсатнамасы берiледi.
7. Әуесқой балықшылардың туристердiң, спортшылардың сондай-ақ жергiлiктi тұрғындардың теңiзге шығуына шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және өзге де су тоғандарының қазақстандық су бөлiмiне оның iшiнде су астынан балық аулауға шығуына тәулiктiң жарық мезгiлiнде шекара отряды бастығының немесе оның орынбасарының жазбаша рұқсаты негiзiнде және тiркелген өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн құралдарға мұз үстiнде жүруге арналған құралдарға ғана қараңғы түскенге дейiн белгiленген айлықтарға кемежайларға (орналасқан орындарына) оралатындай етiп барлық жағдайда берiлетiн рұқсаттамалар бойынша рұқсат етiледi.
8. Меншiк түрiне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен, кәсiпорындармен дайындалған, басшылары қол қойған және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi және iшкi iстер аудандық органдарда келiсiлген тiзiмдер жазбаша рұқсат болып табылады.
9. Тiзiмдер 4 данада мынадай нысана бойынша рәсiмделедi:
1) рет саны бойынша нөмiрi;
2) аты-жөнi, тегі;
3) төлқұжат нөмiрi, сериясы;
4) туған жылы мен жерi;
5) тiркелген жерi;
6) келген пунктi (жұмыс үстемеге, кәсiпшiлiкпен айналысуға, балық аулауға).
Тiзiмдердi - шекара отрядының бастығы бекiткен сәтiнен бастап 6 ай мерзiмiнде күшiнде болады.
10. Бекiтiлген тiзiмдер негiзiнде шекаралық заставаның бастығы рұқсатнаманы толтырып, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларына қол қойғызып бередi. Жұмыс бiткен соң немесе рұқсатнамалар қолданылатын мерзiмi аяқталған соң олар алынған жерiне тапсырылады.
11. Айлақтардан, кемежайлардан (орналасу орнынан) жүзу құралдарын, мұз үстiмен қозғалыс жасайтын құралдардың тiкелей сапарға шығарылуын шекара нарядтарымен мынадай құжаттары:
1) тiркелу туралы шекара әскерлерiнiң бұрыштамасы қойылған осы құралды басқару құқына куәлiк;
2) экипаждың әр мүшесiнiң тұлғасын куәландыратын құжаттары;
3) кәсiпорын басшысының қолы қойылғаны, мөрi соғылған кеме экипажының (балықшылардың) тiзiмi немесе шекаралық застава бастығымен берiлген рұқсатнама;
4) таным белгiлер, тiркеме нөмiрi немесе жазылымдары болған жағдайда жүзеге асырады.
Бұдан басқа, балықты аулауға шығатын тұлғаларда балық аулауға лицензиясы болуы қажет.
12. Жүзу құралдардың, мұз үстiнен қозғалыс жасайтын құралдардың есебiн шекара нарядтары, заставалар және кеден қызметтерiмен арнайы журналдарда жүргiзедi.
13. Шекара әскерi қорғайтын шекара өзендер, көлдер мен басқа су тоғандар жағаларындағы теңiз жағалауындағы демалуға, шомылуға арналған, суға түсу орындары, оларды жабдықтау және пайдалану тәртiбi шекара әскерлерiмен келiсiп аудандар, қала әкiмдерi айқындайды.
Маман: Ержанова К.С.